400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Тәрбие сағаты Туған өлке – тұнған шежіре

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

23.10.2018 жыл.

Тәрбие сағатының тақырыбы: Туған өлке – тұнған шежіре
Мақсаты:

Сәтбаевқаласы туралы мағлұмат беру,қаламыз Сәтбаевтің көрікті орындарымен таныстыру,туған өлкеге деген қадір – қасиетті оята отырып, сол арқылы туып - өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, ұлттық патриотизмрухында тәрбиелеу, ұлтжандылыққа, инабаттылыққа,адамгершілікке баулу.Халқымыздың салт- дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға жол нұсқау, оның байлығын қорғауға тәрбиелеу.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

Музыка ойнап тұрады. «Сәтбаев вальсі»

II. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

О, туған жер, топырағыңнан жаралдым,

Алыбыңнан арманыма нәр алдым.

Тұнығыңнан жүзіп іштім сендегі,

Алтын арай таңғы жұпар самалдың.

деген ақын жолдарымен бүгінгі «Туған өлке- тұнған шежіре» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

III. Психологиялық ахуал.

Ширату жаттығуы. (Түрлі- түсті қағазбен жазу)

Оқушылар шеңберге тұрады, « Ұлытау» атты музыка ойнағанда, балалар айналып билеп жүреді, музыка тоқтағанда үстел үстіндегі қағазды алады, сол кезде мұғалім сұрақ қояды.

-Бұл кім?

-Қаныш

Тағы музыка ойнайды, балалар билеп айналып жүреді, музыка тоқтағанда үстел үстіндегі қағазды алады, сол кезде мұғалім сұрақ қояды.

-Бұл не?

-Мыс.

Тағы музыка ойнайды, балалар билеп айналып жүреді, музыка тоқтағанда үстел үстіндегі қағазды алады, сол кезде мұғалім сұрақ қояды.

-Бұл қай қала?

-Сәтбаев қаласы.

IY. Топқа бөлу. ( Өз өлкеміздің суреттеріне байланысты топқа бөліну)

  1. топ: «Кенді өлке»

  2. топ: «Пайдалы қазына»

  3. топ: «Достықтың қаласы»

Мұғалім сөзі:

Кенші қала айналдым келбетіңнен,

Бар мекенім есігім тербетілген.

Шыға келсем ертемен көше бойлап,

Күлімсіреп сипайды күн бетімнен.

Y. 1-тапсырма: «Бинго» ойыны .

(Сұрақ-жауап)

1-топ:

1.Қаламыздың алғашқы атауы?

(Никольский қаласы)

2. Қай жылы, қай айда Никольск деп атанды?

(1973 жылы, 24 желтоқсанда)

3. Өз жерімізде қандай кендер өндіріледі?

(Мыс, қорғасын, жез)

2-топ:

1.Қаныш Имантайұлы Сәтбаев есімі қай жылы берілді?

(1990 жылы, қыркүйекте)

2.Қала туралы қандай ән білесіңдер?

(Сәтбаев вальсі, Сәтбаев –достықтың қаласы)

3.Әннің авторы кім?

(Жақсыгелді Сейілов)

3-топ:

1.Арқаның арғымақ төс «Ұлытау» өлеңіндегі ақынды ата?

(Жүрсін Ерманов)

2.Кеншілер сарайы кімнің атынан аталады?

(Шынболат Ділдебаев)

3.Шынболат Ділдебаевтің қандай өлеңін білесіңдер?

(Шындық туралы толғау)

Мұғалімнің мадақтауы: Жарайсыңдар!

Керемет!

Өте тамаша!


YI. «Қаламызға саяхат» видеоролик көрсету.

-Қаламыздың әкімі кім?

-(Асқар Ыдырысов)

Мұғалім сөзі:

Ырыс боп ағылған кеніміз,

Шахтада щыңдалған еріміз.

Қарсы алар құшағын кең жайып,

Сәтбаев –жас қала келіңіз.


2-тапсырма: «Класстер құрастыру»


Shape11

Shape13 Shape12

45 жылдағы

өзгеріс







Shape14

Shape15



(Shape18 Shape16 Shape17

Қаламыздың көрнекті жерлері

Сок салынды, Мешіт, Орыстың шіркеуі, Кеншілер алаңы, Бала-бақшалар, Жасыл ел, мектептер)



Shape20 Shape19

(Shape21 Ашық бассейн, Субұрқақ, Тайқазан, Жаға аудан,Сок, Сулпак)

Shape22 Shape23

Менің қалама қосар үлесім





Shape24

Shape25



(Карусель, цирк салынса, театр салынса, т.б)

Мұғалімнің мадақтауы: Өте жақсы !

Өте кермет,!

Өте тамаша!


Сергіту сәті: «Қыдырып қайтайық» (Музыкамен билейді)


3-тапсырма:Эссе жазу (1 минут)

Тақырыбы:«Туған өлкем- Сәтбаев»

Мұғалімнің сөзі:

Көз нұры, Сәтбаев той ғұламаның,

Шежіре, сырлары көп бұл қаланың.

Жас ұрпақ, ұл-қыздары,

Кен қазған бабалардың мұраларын.


4-тапсырма: «Ребус» шешкізу

1-топ:«Ұлытау» (Ұлы сөзі және тау суреті)

2-топ: «Жезқазған» (Мыс суреті , қазған сөзі)

3-топ: «Қарағанды» (Қараған суреті, ды сөзі)

Мұғалімнің сөзі:

Ару күн сәуле құйып келбетіне,

Ән мен кұй шалқып жатыр тербетіле.

Кеншілер ғимараты тым асқақтап тұр,

Жыр төгіп Шынболат боп жер бетіне

5-тапсырма: «Иә, жоқ» әдісі

Мұғалім сұрақ қояды, оқушылар оған иә немесе жоқ деп жауап береді)

1.Сәтбаев қаласы көп ұлтты ма? (Иә)

2. Сәтбаев қаласында сауықтыру орталығы бар ма? (Жоқ)

3.Мыс балқи ма? (Иә)

4.Сәтбаевта Экспо көрмесі бар ма? (Жоқ)

5.Қаламызда су қоймвсы бар ма? (Жоқ)

Неге? Кеңгір, Есқұла)

6.Сәтбаев қаласы кеншілер қаласы деп аталама? (Иә)

Мадақтау: «Жарайсың!»

Қорытынды:

Сапырған сары алтын тастардан,

Бәрің де асқақ ән, жақсы арман.

Бақытты байтақ ел достығы,

Қаныштың қосынан басталған.

Сары алтын, Сарыарқа даласы,

Халқымның кемеңгер данасы.

Әр таңын, ән-күймен қарсы алған,

Сәтбаев- достықтың қаласы

деп бүгінгі тәрбие сағатымды аяқтағалы тұрмын.

-Балалар соңында Рефлексиямен аяқтайды.

Сәтбаев қаласына 45 жыл! (Бір әріппен шығып, мына сөзді шығарады.)





























































ІІ Бәйге (Сұрақ – жауап)
ІІІ Кім шапшаң? (Қораптың ішінен бір әріп суырып, сол әріптен келетін Маңғыстаудың жер-су аттарын айтады)
ІV Сурет көрмесі (Оқушылар болашақ Маңғыстаудың суретін салып сол туралы әңгімелейді)

V Жыр шашу (Оқушылар өздерінің дайындаған ән билерін көрсетеді)
VІ Қорытынды


Мұғалім: Кіріспе (мұғалім сөзі)
«Қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз,
Жерімізді жау баспасын деп,
Елімізден құт – береке қашпасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз,- деген екен рухы мәңгі өлмейтін Қазыбек би.
Біздің Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан! Қазақстан дегенде көз алдымызға кең байтақ дала, шексіз жазира дала елестейді. Яғни дала бейнесі көз алдыңа келеді. Бұл кең дала - қазаққа қымбат дала.
Жүрегім, жырым сенікі,
Кеңісті далам, кең далам.
Тудым, өстім есейдім...
Ен далам – анам, мен балаң!- демекші, бұл өлең шумақтары не туралы айтылған?
- Туған жер
- Әрине, олай болса, «Отан» деген ұғым, біздер үшін айқын ақиқат, Отан -
өзің туған қала, өзің өскен ауыл, өзің оқыған мектеп, қысқасы өзіңді өмір азаматы етіп қалыптастыруға әсер жасаған орта. Ендеше, солар жайлы білу ауа мен судай қажет нәрсе – деп ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов айтқандай менің бүгінгі өткізгелі отырған тәрбие сағатым осы аталы сөздердің желісімен өрбиді. Туған жеріміз, туған Отанымыз Қазақстан болса, кіндік қаны тамған туған өлкеміз киелі Маңғыстау өлкесі.
Ендеше, құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар «Туған өлке – тұнған шежіре» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын балалар сендермен бірге бейнебаянға назар аударайық.

Мінеки, балалар, бұл сендердің тамашалағандарыңыз біздің туған Маңғыстау өлкеміз. Ендеше, осы Маңғыстау өлкесінің аудандарына, қалаларына арнайы барып келген тілшілеріміз бар еді, соларға құлақ түріп қарайық.

І Таныстыру (Тілшілер Маңғыстау облысы туралы жинаған мәліметтерін айтады) көшейік.

Маңғыстау - Қазақстан Республикасының қиыр солтүстік батысындағы ірі аймақтардың бірі. «Ұйқыдағы ару» атанған бұл өлке еліміздің мұнайы мен газын беріп отырған қазына түбегі.Бұл өлкеде әр шаңырақ, қуанған кезінде де, құлазыған кезінде де, алдымен Бекеттің атын ауызға алған. Өйткені, ол тірісінде елінің жел жақтағы Панасы, ық жақтағы Саясы бола білген Азамат. Жаудан елді арашалаған Батыр. Дауда әділетті арашалаған Қазы. Әлсізге медет, Күштіге Айбат, Зарыққанға Жебеу, Тарыққанға Демеу, Асқанға Тосқан, Сасқанға сая, Ұрпаққа Ұстаз, Ұлысқа Ұран, Ел иесі Жер киесі Пір ата Бекеттің отаны.
ә) Слайд көмегімен мұнайдан өндірілетін заттар туралы айту.
б) Жаңаөзен 1961 жылы қыркүйекте тұңғыш газ фонтаны атқылаған жер.



ІІ Бәйге (Сұрақ – жауап)
1. Маңғыстау облысының қалалары (Ақтау, Жаңаөзен, Форт – Шевченко).
2. Маңғыстау облысының құрамына кіретін аудандарды ата (Қарақия, Маңғыстау, Бейнеу, Түпқараған, Мұнайлы).

3. «Ұйқыдағы арудың оянуы» еңбегінің авторы кім? (Әбіш Кекілбаев).
4. Маңғыстау облысы қай жылы құрылды? 1973 жылы 20 наурыз).

5. Маңғыстау облысында орналасқан қорық қай қорық? Нешінші жылы құрылды?

(Үстірт қорығы, 1984ж.)

6. Дүние жүзіндегі ең үлкен ағынсыз көл (Каспий теңізі).

7. Маңғыстаудың байтақ даласында кездесетін емдік шөптерді ата? (адыраспан, бәйшешек, бозжиде, жантақ, изен, сүттіген).
8. Түпқараған ауданының орталығы (Форт – Шевченко)
9. Маңғыстаудан шыққан батырлар Иса, Шотан, Құлбарақ, Досан батырлар.
10. Маңғыстаудағы қандай тауларды білесің? (Айрақты, Шерқала, Ақмыштау, Ақтаулар, Отпан, Бесшоқы, Қаратау, Оғыланды, Маната, т. б)


ІІІ Кім шапшаң? (Қораптың ішінен бір әріп суырып, сол әріптен келетін Маңғыстаудың жер-су аттарын айтады

ІV Сурет көрмесі (Оқушылар болашақ Маңғыстаудың суретін салып сол туралы әңгімелейді)

V Жыр шашу (Оқушылар өздерінің дайындаған ән билерін көрсетеді)

Хор: «Қасиетті домбыра!»

Әсет:

Маңғыстау бұл келе жатқан ежелден.
Маңғыстау бұл шөлдеп ерні кезерген,
Төбе - төбе бастарыңда обадан,
Көне тарих қырғындарын сезем мен.
Айна:

Маңғыстаудың ойында,

Үш жүз алпыс екі әулие,

Бес намаздың жайы үшін

Қадамын санап басқан жер

Бөлтірік:

Маңғыстау үш қиянның өрген жері.
Жерленбей жеті жұрттың кеткен жері.
Атамыз Адай мекен еткен жері,
Той қылып «Адай» туын тіккен жері.


Нұрболат:

Маңғыстау – ер Бекеттің туған жері,
Кетіріп кіндік қанын жуған жері.
Кіндігін Қожа молда қолымен кесіп,
Тамырын тарамыспен буған жері7


Ақниет: Би «Қаражорға керім – ай»

Қымбат:

Маңғыстау – қой тастарың жүрегімдей,
Мұнараң жолы жалын күреңімдей.
Аспаның - Адайлардың көкірегі.
Құс жолы - Көкмойнақтың шілдеріндей.

М. Қарақат:

Туғаннан соң адам боп,

 Білімсізден жаман жоқ.

 Ел дәстүрін білмесең,

 Жұрт айтады надан деп.

 Ата-бабаң ардақты,

 Жамандыққа бармапты.

 Ардақ тұтып үлкенді,

 Ата жолын жалғапты.

Бауырласқан тәніміз,

Бұзылмаған салтымыз,

Кең даланың ежелгі

Қазақ деген халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз

Гүлдана:

Маңғыстауым туған өлкем сен едің,

Өз елімде еркін өсіп келемін

Ата – баба аманатын арқалап

Өз елімді көркейтсем мен деп едім!



Хор: «Мен ауылға барамын!»

VІ Қорытынды

Маңғыстауым туған өлкем сен едің,

Өз елімде еркін өсіп келемін

Ата – баба аманатын арқалап

Өз елімді көркейтсем мен деп едім! – деп Гүлдана айтып өткендей осы біздің ата бабамыз мекен еткен қасиетті әулиелі Маңғыстау өлкемізде туып өскенімізді мақтан тұтайық! Осы өзіміздің туған өлкемізді одан әрі көркейтуге, табиғатын қорғауға баршамыз атсалысайық. Туған өлкеміздің тұнып тұрған шежірелері өте көп соны одан көріп, біліп зерттеуге ұмтылайық.

Сөз кезегі мектеп тәрбие жөніндегі орынбасарға береміз:

Осыменен біздің туған өлке тұнған шежіре атты тәрбие сағатымыз аяқталды.







































































































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
3679
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі