Тәрбие сағатының атауы
- Теңге – Тәуелсіздік
келбеті!
-
Жүргізуші 2.
Жүргізуші
Қайырлы күн, құрметті
мұғалімдер, әділқазы мүшелері, ......!
-
Жүргізуші
Халқымызға ғасырлар бойы арман болған
тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн –
біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Бұл мереке
күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі»
туралы Конституциялық заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдауына
байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.
Тәуелсіздік – біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың
мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге
Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік – біздің ең
басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.
-
Жүргізуші
1991жыл Кеңес одағы ыдырағаннан кейін әрбір ел
тәуелсіздігін жариялап, өзінің мемлекеттік рәміздерін қабылдады.
Қазақстан өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын заңмен бекітті. Саяси
егемендігін алған ел экономикалық тәуелсіздікке де ие болуы қажет.
Осы орайда барлық мемлекет бұрынғы Кеңес одағының рубльдік
аймағынан шығып, өзінің ұлттық валютасын шығарды.
1993ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.
Назарбаев”Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу
туралы”жарлық шығарды.
Ұлттық валютаны «теңге», ал оның жүзден бір бөлігін «тиын» деп
атауды сол кездегі ҚР Жоғары кеңесі комитетінің төрағасы Сауық
Тәкежанов ұсынған еді.
-
Жүргізуші
Теңгенің де өз шығу тарихы бар. Ұлттық теңгені
жасауға екі жыл уақыт қажет болды. Қазақстан өз төл ақшасын шығару
үшін 1990жыл теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын
құрды. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасын жасап шығарған Тимур
Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла
Ғабжәлеловтер еді. Олар жұмыстарын Қазақстан мәдениетінің тарихи
даму аспектілерін зерттеуден бастаған.
Келесі кезекте, Ұлттық
валютамыз – Теңге атты видеороликты
тамашаласаңыздар....
Видеоролик
көрсетіледі...
-
Жүргізуші
Ендеше, 15 қараша – Ұлттық
валюта күніне орай өткізгелі отырған
Теңге – Тәуелсіздік
келбеті атты тәрбие сағатымызды
бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі тәрбие сағатымыз сайыс түрінде
өткізіледі. Алдарыңызда .... тобы және
.....тобы.
Жалпы
сайыс 4
кезеңнен түрады.
1
кезең – Таныстыру (топ лидеры өз
тобын таныстырады, тобының атауын қою керек, эмблемасы болу керек.
Әділқазы мүшелері алдындағы берілген теңгемен бағалайды. Жоғары
балл 1000 тг, төмен балл 500 тг)
2
кезең – Сәйкестендіру (әр елдің
валюталарында бейнеленген суретті сәйкестендіру керек. Дұрыс тапқан
топты 1000 теңгемен бағалаймыз)
3
кезең – Сиқырлы сандық (алдарында
сандықша беріледі нөмерленген, әр топ қатысушылары бір-бірден шығып
таңдап, ішіндегі сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауап берген топқа
1000 теңгеден бағалаймыз)
4
кезең – Мақалдар сайысы (мақалдардың
түсіп қалған сөздерін жалғастыру. Дұрыс тапқан топты 1000 теңгемен
бағалаймыз)
-
Жүргізуші
Құрметті әділқазы мүшелері,
мұғалімдер, студенттер - 1 кезеңімізді бастауға рұқсат
берсеңіздер.
1 кезең –
Таныстыру.
Әділқазы
мүшелері 1 кезең бойынша
бағалау алдарыңызда берілген
теңгелермен жүзеге асады.
-
Жүргізуші
Топ лидері алға шықсаңыздар.
Кім бірінші бастайтынын білу үшін, жеребе
суырыңыздар.
Жеребе
суырылады. (топ лидері ақ қағаздың
біреуін таңдайды, кім 1 санын алса, сол топ бірінші
бастайды)
Таныстыру
өтеді...
Әділқазы алқалары
бағалайды...
-
Жүргізуші
Келесі сайымызды бастауға
рұқсат етсеңіздер. Келесі кезең – Сәйкестендіру.
Тақтада көрсетілген
фотосуреттердің, қай валютада бейнеленгенің студенттер табу
керек. (Дұрыс тапқан жағдайда 1000
теңгелік валютамен бағаланады)
Сайыс
аяқталды.
-
Жүргізуші
2 кезеңімізді аяқтадық. Келесі
кезекте 3 кезең – Сиқырлы
сандық.
Студенттер алдарыңызда тұрған
санды сандықтардың біреуін кезек-кезек таңдап, ішінде берілген
сұраққа топ болып ақылдасып 1 минуттан кейін нақты жауап айту
керек. (Нақты жауап берілген
жағдайда ішіндегі бағаланған валютаны
алады)
Сайыс
аяқталды.
-
Жүргізуші
Ал, студенттер соңғы кезеңге
де келіп жеттік. 4 кезең – Мақалдар
сайысы.
Бұл сайыста алдарыңызда
берілген мақалдардың түсіп қалған сөздерін табу керек.
(Дұрыс тапқан жағдайда 1000
теңгелік валюта беріледі)
Сайыс
аяқталды.
-
Жүргізуші
Құрметті әділқазы мүшелері,
мұғалімдер, студенттер осымен 15 қараша - Ұлттық валюта күніне орай
өткізілген тәрбиелік сайысымыз аяқталды. Қатысқан ..... алғыс
білдіреміз.
Сайыс барысында жинаған
валюталарыңызды есептей келе, әділқазы мүшелерінің бағалауын қоса
отырып жеңімпазды анықтайтын боламыз. Келесі кезекте сөзді әділқазы
мүшелеріне берсек...
Мараппаттау...
Тәрбиелік іс-шара
аяқталды.