Материалдар / Тәрбие сағаты: «Ұмытылмас ерлік» 8-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты: «Ұмытылмас ерлік» 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: 1.Ұлы Отан соғысы , оның зардаптары, Ұлы жеңістің мән-маңызы туралы мағлұмат беру. 2. Оқушылардың тіл байлықтарын, ойын, мәнерлеп оқу дағдыларын ұштау. 3. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып , оларды құрметтеуге тәрбиелеу; отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа шыншыл- дыққа баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Мамыр 2021
789
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныбы 8 «В» Уақыты: 06.05.2021жыл

Сынып жетекшісі: Курманова Ханслу Жексенбетовна


Тәрбие сағаты: «Ұмытылмас ерлік»


Мақсаты: 1.Ұлы Отан соғысы , оның зардаптары, Ұлы жеңістің

мән-маңызы туралы мағлұмат беру.

2. Оқушылардың тіл байлықтарын, ойын, мәнерлеп оқу

дағдыларын ұштау.

3. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі

таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін

үлгі ете отырып , оларды құрметтеуге тәрбиелеу;

отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа шыншыл-

дыққа баулу.

1 Бөлім. Кіріспе сөз.

Құрметті оқушылар , мұғалімдер !

Әрқайсысымыз үшін жақын да қымбат мереке 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күніне санаулы да күндер қалды.

Жеңіске жету жолында қазақстан дық тар дың асқан ерлігі мен әскери жан қияр лығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан Жеңіс күні әр қайсы сымыз дың жүрегімізге жақын.

Өкінішке орай , уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарларымыздан алып кетіп жатыр. Соның бірі марқұм менің өз әкем Құрманов Жексенбет болатын. Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкім де, ештеңе ұмытпауы тиіс! Себебі , бұл – біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!Солай болғандықтан да өскелең жас ұрпақты , сіздерді аға буынның майдан мен тылда көрсеткен ерліктері үлгісінде тәрбиелеу – міндетіміз.

1-оқушы: Түгелбай Ардақ

Бүгінгі сынып сағаты соғыс ардагерлеріне, қайтып оралмаған қаһармандарды еске алуға , бізге бақытты бейбіт өмір әкелген Ұлы Жеңіске арналады.

«Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады, осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткіштері мен обелискілеріне де қашалып жазылған.


Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.





2-оқушы: Арал Ақерке

Жеңіс күні – адамзат аңсап күткен күн.Жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні.

9 мамыр – Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.

Оқ борады күні-түн

Жатты жерді от қарып.

Алға қарай ұмтылды,

Батыр қазақ оқты алып.


3-оқушы: Нұрлыбек Санжан

Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қару мен минометті шабуылға шығарды.Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті.


Осы сұрапыл соғыста жауды талқандап Ұлы Жеңіске жетуге қазақстандықтар да сүбелі үлес қосты. Жүздеген мың қазақстандықтар қолына қару алып , өз Отанының бостандығы үшін күресті.


Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде өлімге бас тікті, Сталинград , Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинді шабуылдады, Рейхстагқа Жеңіс туын тікті.


Ән. «Бейбітшілік сақталады»


4- оқушы: Сақтапберген Айгерім

Туын жықпай қолдағы,

Опат болды елі үшін.

Кеудесімен қорғады,

Азаттықтың жемісін.


Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды.

Даламыздың даңқысың,

Балауса гүл балғын қыз.

Жанын қиып халқы үшін,

Жанып түскен ақ жұлдыз.


Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,

Оқ борап снарядтар қаққан да ызың.

Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,

Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.


5-оқушы: Жолдас Перизат

Халқымыз Мәскеуді қайсарлықпен қорғаған 28 Панфиловшы батырларды ғұмыр бойы құрметпен есте сақтайды.


Қасарысты жиырма сегіз,

Тынбай атты гранатты.

«Отан» деген отты лебіз-

Жандарынан жалын атты.

Кетпес олар естен мәңгі,

Кектері тұр кеудемізде,-

Ерлік даңқы - жеңіс таңы

Жарқыратып келді бізге.


Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 28 Панфиловшының 23-і қаза тапты, 28-дің 22-сі қазақстандықтар еді.

Орыс , қазақ , қырғыздан,

Құрылған бұл шағын топ.

Жауға үрей туғызған

Жайпап түсер жалын боп.

Даңқ қосып даңқына,

Сұрапылға төтеді.

Борыштарын халқына,

Ерлігімен өтеді.


Жиырма сегіз, жиырма сегіз – бір ғалам,

Анау жаудың танктері лаулаған.

Ресей кең, Отан кең , артымызда Москва.

Шегінуге хақымыз жоқ , хақымыз жоқ бір қадам.


6-оқушы: Қонарбай Айдана

1945 жылдың 9 мамыры. Герман фашизмінің күйрей жеңілген күні. Жеңіс! Ұлы Жеңіс!


Сүйінші , халқым сүйінші,

Сүйіншіге - сүйінші!

Шаттан ата-анамыз!

Шаттан ата-бабамыз!


Кек қайтарып фашистен ,

Соғыс бітті жеңіспен.

Жеңдік жауды күресте,

Жасалсын той мереке!


Жеңістің туы жалтылдап,

Жығылмай мәңгі тұрады.

Сол тумен өскен аршындап,

Ерлердің бізбіз ұланы!



Мұғалім. Ия, бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысып , ерлік көрсеткен Әди Шәріпов, Қасым Қайсенов, Нұркен Әбдіров, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сияқты есімдері аңызға айналған аталарымыз бен апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті.


1945 жылдың сәуірі. Рейхстаг үстінде Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Болатов тіккен жеңіс туы желбіреді.


Хор. «Ақ көгершін»




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!