400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты Ұстаздар ұлы тұлға

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты Ұстаздар ұлы тұлға
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұстаздардың кәсіби мерекесіне арналған «Алғашқы ұстазбен кездесу» сыр сұхбат сценарийі.

Тақырыбы: «Алғашқы ұстазбен кездесу»


Мақсаты:

Кездесуге шақырған адамның жаңа қырларын білу, оқушыларға үлкенді силауға, тапсырманы орындауға, басқалардың балалық шағымен өз өмірін салыстырып, өмірге, адамдар арасында болатын түрлі жағдайларға баса назар аударып, олар игерген мамандық түрлерін біліп, түсініп, өз бетінше ой қалыптастырып, жаңа өмірге, мамандыққа, бейімділікке тәрбиелеуге үйрету.
Кештің алғашқы сөзі.
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!
Біздің бүгінгі кешіміз ұстаздар мерекесіне орай ұйымдастырылған. Мерекенің барлығы жақсы, бірақ бұл ұстаздар мерекесінің орны басқалардан ерекше. Ортамызға ұстаздардың ұстазы, біздің балаларымыздың азамат болып, өз орындарын табуға үлесін қосқан Бибигүл апайымызды , қонақ еткелі отырмыз. Қонақ арнайы дайындалған орынға отырады.
Ұстаздың оттай ыстық алақаны,
Әрқашан ойлайтыны бала қамы.
Баладан ұстазына мың - сан алғыс,
Орындалсын ұстазының ақ арманы.
Сыныптағы оқушылардың орындауында «Ұстазым» әні орындалады.
Ұстазды алып десе, сияды шың,
Басқаға қалай ғана қияды ішің.
Шәкірті бәйгелерден озып келсе,
Жар салар жасыра алмай қуанышын.

Сөк мейлі, сен оларды, сөкпе мейлі,
Лайық менің балам ерге дейді.
Ұстаздар: «бір сабақтан мұның не» деп,
Баладай бір - біріне өкпелейді.

Ол «менің ұлым, менің қызым»-, дейді,
Естісе олар жайлы елеңдейді.
Отырар тілекшің боп, есейсең де,
Қайырылып қалмасыншы «кемең» дейді.

Оқушылар апайларына мынандай сұрақтар қойды.
Сұрақтар:
1. Балалық шақтан есіңізде не бар?
2. Туған жер сізге несімен ыстық?
3. Жас кезіңізде бұзық болдыңыз ба?
4.
Ұстаздық жолды таңдауыңыздың себебі жөнінде әңгімелеп берсеңіз;
5. Мектеп бітірген кезінде қандай сезімде болдыңыз;
6. Адамның арманы таусылмайды дейді. Алдағы армандарыңыз жайында айтыңызшы?
7. Бастауыш сынып мұғалімі болдыңыз Осы мамандықты өзіңіз таңдадыңыз ба?
8. Сыйласатын достарыңыз кімдер?
9. Алғашқы ұстазыңыз кім еді?
10. Біз білмейтін тағы қандай қырыңыз бар?

17.Өмірден нені түйдіңіз?
Кеш қонағы осы сұрақтардың барлығына балалық шақтан бері қарай өмірі жайлы, басынан өткен оқиғалар жайлы, өмірден түйгендері жайлы әңгімелейді.
Қосымша тапсырмалар :
«Ұстазым» әнін оқушылармен қосыла айту.
- Ұстазымен оқушылар болып ескерткішке суретке түсу.
Соңында мұғалімнің қорытынды сөзі.
Сонымен бүгінгі кештің қонақтары, ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Біздің ортамызда отырған апайымыздың көп қырын, өнерін үлкендер білгенмен оқушыларымыз біле бермейтін еді. Бүгін апамыздың да есіне көп нәрселер түсіп, бізге жақсы - жақсы әңгімелерін айтты. Жақсы бір сұхбаттың куәсі болдық, апай сізге рахмет.































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 наурыз
205
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі