жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты "ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС"
МЕРЕЙ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Тәрбие сағаты:

Өткізген: 4 сынып жетекшісі
Рамазанова Р.М.
МЕРЕЙ- 2018 ж
20.09.2018 ж
Тақырыбы: « ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС »
Мақсаты: Ұстаздар күніне сәйкес барлық ұстаздар қауымын құттықтап, оларға құрмет көрсету.
Көрнекілігі: Ұстаздар мерекесіне арналған үнқағаз, дәйексөздер жазылған плакаттар.
Барысы:
1 - жүргізуші: Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2 – жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаздарға мың алғыс» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
1 – жүргізуші: Ойы – дария, жүзі – нұр, жақын, биік басқадан,
Аяулы ұстаз, алдыңда, білем деуден жасқанам.
Өмір сырын ұғындырған парасатты сөздерің
Қиналғанда қуат боп мені алысқа бастаған.
2 – жүргізуші: Ақ жаныңнан көремін, арайлаған таң нұрын,
Өзің бердің ізгілік, өнер - білім, тарлығын
Өсті сенің алдыңнан тәлім алып сан адам,
Алғыс айтып ұстазға шәкірт жаны салады ән.
Ұстаздарымызға арналған алғашқы мерекелік ән – шашуымызды ”Ұстазым” әнімен Аружан мен Аяна орындауында қабыл алыңыздар
1 - жүргізуші: Ұстаздарға қандай құрмет көрсетседе артық емес. «Себебі кім - кімнің де ата - анасынан кейінгі қамқоршысы ұстазы екені шындық» - деп М. Әуезов айтқандай, кейбір ғұламалар ұстаз алдынан өткен және ұстаздарыа мәңгі борыштар екенің болашақ ұрпаққа өсиет ретінде қалдырған. Ұстаз тәрбиесінің қаншалықты биік, әрі қасиетті екенін осыдан - ақ көруге болады.
2 - жүргізуші: Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз ұстаз болу - сезімнің ақылдығы.
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы
Азбайтұғын адамның алтындығы - деп ақын жырлағандай, өшпейтін өмірдің өзегі іспетте ұрпақ тәрбиешісі ұстаз жаққан от ешқашан сөнбейді.
1 – жүргізуші: Мың рахмет айттым ұстаз сізге
Оқытып білім берген шәкірт бізге
Ұстаздар өмір бойы қарыздармыз
Құттықтап келіп тұрмыз мерекеңе
2 – жүргізуші:
Тұрғанмен көзге бүгін шат көріне
Қиналған болды талай сәттерде
Айтамыз шексіз алғыс ұстздарға
Ұқсаған бәйге сыйының бапкеріне
1 – жүргізуші: Жылылық пен ұлылық ұшқындаған көзіңде,
Тұрушы еді сенім де, ізгілік те, төзім де.
Бір басыма берген сенің сый–сыбағаң қаншама,
Кешір мені тентек болсам сонау балғым кезімде.
2 – жүргізуші: Бұлағымен білімнің жан сусынын қандырып,
Ұшырдың сен алысқа, дедік–дағы: «алда үміт».
Мен үшін сен өмірде ең қымбатты сый адам,
Балапанын баулыған қырандайсың ұядан.
Ортаға “Қазақ биі” бишілер тобын шақырамыз.
1 – жүргізуші: Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,
Ұстаздық алып жүрген атың еркін.
Біз сізге алуан гүл ғып ұсынамыз,
Жүректің алғысы мен рахметін! – дей отырып, құрметті ұстаздар, сіздерді тағы да шын жүрегімізден құттықтап, гүл шоқтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер.
-
- жүргізуші: Күллі өмірің жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтамас барма жан
Ол мектептен шықпайды қыс - жазы.
Жемісі оның жер - шарын аралаған.
Қорытынды: Міне біздің бүгінгі ұстаздар күніне арналған «Ұстаздарға мың алғыс» атты ашық тәрбие сағатымызды қорытындылай келе ұстаздарғаеңбекте табысты болуын, шәкірттерінің алдыңғы қатардан көріне беруіне тілектеспіз.Әрқашанда осындай еліміздің мақтанышы болар шәкірт тәрбиелей беріңіздер демекпіз.Келген қонақтардың бәрінеде көп- көп рахмет.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген