Материалдар / Тәрбие сағаты: Заңды білу заман талабы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты: Заңды білу заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты: Заңды білу заман талабы 10 сынып. оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2021
2212
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Н.Есеболатов атындағы орта мектебі МДШО КММ

























Заңды білу заман талабы

(Пікірталас жарыс сабақ)





Пән мұғалімі: Зейноллаев А















2020-2021

Оқу жылы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру;


Дамытушылық: оқушылардың саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге, ойлау қабілетін дамыту;


Тәрбиелік: адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру.

Сабақтың әдісі:  Пікірталас жарыс сабақ


Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Бала құқығы» конвенциясы, заңдар жинағы, слайд.


Қанатты сөздер:

«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз». Н. Назарбаев.


«Бала бол, басқа бол – бәріне заң біреу-ақ»


«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ». Ж. Баласағұн.






Сабақтың кезеңдері:

  1. Таныстыру.

  2. «Кім көп біледі?»

III. Тәртіп орнат.

  1. «Сыр сандық» ойыны.

  2. Заң сөздігі.

VІ. Сөз жұмбақ.

VІІ. «Менің құқығым және міндетім».

  1. Қорытынды.

  2. Мұғалімнің қорытынды сөзі:

















Заң дегеніміз, құқықта – кең мағынада: мемлекет белгілеген құқықтық актілер, жалпыға бірдей міндетті ережелер. Заңдар Конституциялық және Қарапайым заңдар болып бөлінеді.

Әлемде 1979 жылы Халықаралық балалар жиынын өткізу кезінде «Балалар құқығы туралы халықаралық конвенцияны» дайындау жөнінде топ құрылды. 1989 жылы 20 қарашада конвенцияны БҰҰ бірауыздан қабылдады. Конвенция – әлем балаларының құқығын қорғау туралы және оларға тәрбие беру жөніндегі 2 бөлім 54 баптан тұратын маңызды құжат. Онда: «Қатысушы мемлекеттер әрбір баланың өсіп – жетілуі қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді және оның құқығын мойындайды» делінген.

Біз тәуелсіз, егеменді елміз. Өзімізге тән елтаңба, әнұран, туымыз бар. Соның маңыздыларының бірі – 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданған. Конституция 98 бапты біріктіріп 9 бөлімнен тұрады. Адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттері осы бөлімдерде жазылған. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет құру идеясы жүзеге асырылып, ондағы әрбір азаматтар өз қёұқықтарын жете біліп, соған сай сана-сезімдерін қалыптастыруда.

Азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз – өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы – атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

   Кішкене тарихи шегініс жасайық. XV ғасырдың орта шенінде қазақ мемлекетінің негізі қаланды. Қасым ханның тұсында қазақ хандығы күшті мемлекетке айналды. Тарихта тұңғыш рет құқықтық ғұрыптар мен нормалар жүйеге келтірілді. Халық оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атады. Ол бес бөлімнен құралды. Қасым ханнан кейін қазақ қоғамының құқықтық жүйесін дамытуға айтарлықтай үлес қосқан Есім хан болды. Ол әскери міндетті атқару ережелерін күшейтті, әскери тәртібін бұзушыларға қолданылатын жазаны күшейтті. Сондықтан оларға халық «Есім ханның ескі жолы» деген ат берді. Қазақтың құқық жүйесіне үшінші және соңғы рет елеулі өзгерістер енгізген Тәуке хан болды. Бұл құқық нормалары жазба түрде сақталып, жүздеген жылдардан кейін де мінсіз күйде қағазға түсіру мүмкін болған. Бұл кодексті «Тәуке ханның жеті жарғысы» деп атаған.

Сондай – ақ, қазақ даласында Сот қызметін билер атқарған. Қазақ билері арасында бір заманда өмір сүрген және өздерінің ерекше қасиеттері мен көзге түсіп, тарих беттерінде қалған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. Міне, балалар, өздерің байқап отырғандай, құқық дегеніміз – заң рұқсат ететін адам табиғатына, жаратылысына сай әрекеттер жасау мүмкіндігі екен.

Мемлекетіміздің Ата заңының 1-бабының 1-тармағында «ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөздерді кіргізген. Әрине, біз құқықтық мемлекет болған соң, әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы. Ал, құрметті қонақтар және оқушылар! Бүгінгі «Заңды білу – заман талабы» тақырыбындағы құқықтық жарыс сабағымызды бастаймыз.



Жарыс сабақтың барысы:

Бүгінгі сабағымызды оқушылардың құқықтық білімдерін бақылау мақсатында пән мұғалімі жүргізеді.

Жарыс сабаққа екі топ қатысады.

Бірінші топ «Құқық», екінші топ «Азамат» деп аталады.

 

  1. Таныстыру. (Әр топ 5 оқушыдан өз топтарын құрады. Әр топ өз атымен, өз ұранымен таныстырады, жоғарғы 5 ұпай)

«Құқық» тобының ұраны: «Құқықтық тәрбие – өзекті мәселе».

«Азамат» тобының ұраны: «Азамат атанған адам – өзі туған мемлекетінің міндеті мен құқығына ие».



ІІ. «Кім көп біледі?» тікелей сұрақтар. (Әр топқа 10 сұрақтан беріледі, әр жауап 1 ұпаймен бағаланады).

 

Құқық тобының сұрақтары.

  1. Қоғам деген не? (Саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орындау үшін саналы түрде бірігуі)

  2. Құқық деген не? (Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)

  3. Қазақстан азаматы болуды қалай түсінесіз? (Мемлекетте тұрақты түрде тұратын азамат заң бойынша Қазақстан мемлекетінің азаматы бола алады)

  4. Құқықтық мәдениет деген не? (Қоғамдағы әрекет етуші заң негіздерін білу оған құрметпен қарау, содан үлгі алу, бұл құқықтық сана және құқықтық мінез-құлық)

  5. Декларация деген не? (Декларация – хабарлау. Мемлекеттік саясаттың, правоның, халықаралық қарым-қатынастың принциптерін саналы түрде салтанатты түрде жариялайтын документ)

  6. Құқықтық норма дегеніміз не? (Қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданатын әлеуметтік ережелердің бірі. Құқықтық нормаларға неғұрлым әдептік нормалар арқау болса, соғұрлым заңдардың әділеттік, адамгершілік мәні жоғары болады)

  7. Адам құқықтарының жалпыға ортақ «Декларациясы» қашан қабылданды және қабылдану себебі? (Адам құқықтарын заң күшімен қорғау қажеттілігінен туған «Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын» 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ – ның Бас Ассамблеясы қабылдады. Ол 30 баптан тұрады. Бұл Декларация барлық халықтар үшін орындалуға тиісті міндет ретінде жарияланды)

  8. Қандай құқықтық жүйені білесіңдер?

1) Конституциялық

2) Әкімшілік

3) Азаматтық

4) Еңбек

  1. Тәртіп деген не? (Әртүрлі әлеуметтік әдет – ғұрып, дәстүр және әдептік нормаларының әсерінен орнатылады)

  1. Құқықтық мәдениеттің екінші түрі – құқықтық мінез – құлық деген не? (Ол қоғамдағы әлеуметтік қатынастарың құқықтық тәртіпке сәйкес болуын қамтамасыз ету, құқық нормаларын сақтау)





Азамат тобының сұрақтары:

  1. ҚР Конституциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады? (9 бөлім, 98 бап)

  2. ҚР-да билікті иемденіп кетуге кімнің құқығы бар? (Ешкімнің құқығы жоқ)

  3. ҚР-да ресми түрде қолданатын тіл (Орыс тілі)

  4. ҚР «Баланың құқықтары туралы» заң қай жылы күшіне енді? (2002 ж. 8 тамыз)

  5. «Сот тәуелсіздігі» дегенді қалай түсінесің? Ол кімге бағынады? (Ол тек заңға бағынады)

  6. ҚР әкімшілік құрылымы жағынан қандай мемлекет? (Унитарлы мемлекет)

  7. ҚР қазіргі Конституциясы қай елдің Конституциясына ұқсас? (Францияның)

  8. Азаматтық туралы шешімді кім қабылдайды? (ҚР Президенті)

  9. Дүниежүзіндегі тұңғыш Конституция қай елде пайда болды? (АҚШ – та 1787 жылы)

10.Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғанан кейін.)



ІІІ. Тәртіп орнат (топтар кезектесіп жауап береді, әр жауап 1 ұпаймен бағаланады).

1. Құқық

А- Еліміздің негізгі заңы

2. Конституция

Б- Мемлекет басшысы

3. Мемлекет

В- Негізгі саяси қоғамдық ұйым

4. Азамат

Г- Тәуелсіздік

5. Құқық бұзушылық

Д- Азаматтық куәландыратын құжат

6. Президент

Е- Заң шығарушы орган

7. Парламент

Ж- Заң жүйесін бұзу

8. Егемендік

З- Құқығы бар ел тұрғыны

9. Төлқұжат

К- Қоғамға қауіпті іс – әрекет

10. Қылмыс

Л- Заңдар жүйесі




1.«Сыр сандық» ойыны. (әр топ сыр сандықтағы сұрақтарға жауап береді)

 

30

40

50

30

40

50

30

40

50















1 – қатар: 30

  1. Азаматтық куәландыратын құжат (Куәлік, төлқұжат)

1 – қатар: 40

  1. Жасөспірім қылмыстық жауапқа қанша жастан бастап тартылады? (16 жастан, өте ауыр қылмыс істеген жағдайда 14 жастан)

3 – қатар: 50

  1. Әрбір азаматтың Отан алдындағы қасиетті парызы және міндеті не? (Отан қорғау, әскери борышты өтеу)

2 – қатар: 30

  1. Республикада заң қай кезден бастап күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)

2 – қатар: 40

  1. Соттар үкім шығарғанда кімге бағынады? (Заңға)

2 – қатар: 50

  1. Қазақ халқының сот жүйесін кімдер басқарған? (Билер)

3 – қатар: 30

  1. Әрбір адамның құқықтары мен бостандықтары қай орган арқылы қорғалады? (Сот)

3 – қатар: 40

  1. Ата заң не үшін қызмет етеді? (Әр адам құқығын қорғауға)

3 – қатар: 50

  1. ҚР қабылдаған қандай заңдарды білесің? (Еңбек заңы, нормативтік – құқықтық акт, бала құқығы туралы заң т.б)





2.Заң сөздігі. (Термин сөздерге жауап беру, әр сұрақ 5 ұпаймен бағаланады .)

Құқық тобының сұрақтары.

  1. Демократия –                   (халық билігі)

  2. Кодекс –                          (талдап түсіндірілген заңдар жинағы)

  3. Референдум –                   (жалпыхалықтық дауыс беру)

  4. Азаматтық –           (адам мен мемлекет арасындағы өзара құқықтар мен міндеттерді білдіретін құқықтық байланыс)

  5. Әкімшілік жаза –               (әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылатын жауапкершілік шарасы)



Азамат тобының сұрақтары:

  1. Заңнама –                 (мемлекетте нақты түрде қолданылып отырған нормативтік- құқықтық актілердің жиынтығы)

  2. Жаза –                        (қылмыстық құқықта қылмыс жасауда кінәлі деп танылған адамға, сот үкімі арқылы тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы)

  3. Декларация –             (тараптар мақұлдаған жалпы ұстанымдар мен мақсаттарды қалыптастыратын салтанатты акт)

  4. Міндет – (адамдар бұлжытпай орындауға тиісті тәртіп пен қарым-қатынасқа қойылатын талап)

  5. Мораль –                         (адамның іс-әрекетін қайырымдылық пен зұлымдық, әділдік пен әділетсіздік және т.б. тұрғысынан реттеп отыратын нормалар мен ұстанымдар жүйесі)







VІ. Сөз жұмбақ. (Топтар «Құқық» және «Азамат» сөздеріне құрастырылған сөз жұмбақты шешеді, жоғарғы ұпай 5 ұпай)

 

«Құқық» тобы: «Құқық» сөзін шешу.

  1. Басқа бір адамның ожданы мен қадіріне тіл тигізу, масқаралау не деп аталады? (Қорлау)

  2. Біреудің меншігіндегі мүлкін жасырын жолмен алу не деп аталады? (Ұрлық)

  3. Заң жүзінде танылған, қоғамға қауіпті іс-әрекет не деп аталады? (Қылмыс)

  4. Адам құқығы қай кезден пайда болады? (Туылғаннан)

  5. Конституция сөзінің аудармасы (Құрылым)

«Азамат» тобы: «Азамат» сөзін шешу.

  1. Адам құқығын қорғайтын заңдарды кімдер шығарады? (Парламент)

  2. Ең жоғарғы құқықтық күші бар нормативтік құжат (Заң)

  3. Әрбір адам басқа адамдармен тең және еркін. Адамдарға өмірдегі ең қымбат нәрсе не? (Бостандық)

  4. 770 ₸ - Сатып алу

    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!