Материалдар / Тәрбие сағаты:Адамды тұрар адам қып,Парасаттылық пен адалдық.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты:Адамды тұрар адам қып,Парасаттылық пен адалдық.

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып мұғалімдеріне керек.Парасаттылыққа тәрбиелеуге бағытталған жұмыс түрлері бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2020
6792
26 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Адамды тұрар адам қып,

Парасаттылық, адалдық .

(парасаттылық сабағы)

Мақсаты: Адамгершілік қасиеттерге баулу, оны күнделікті өмірде қолдана білуге, әдетке айналдыруға тәрбиелеу.Парасатты болуға шақыру.

Міндеттері: Мұғалім мен оқушылар арасында жылы қатынас тудыру;

Оқушыларды түрлі адамгершілік қасиеттермен таныстыру;

Оқушыларға жағымды және жағымсыз іс-әрекеттерді бір-бірінен айыра білуге, жақсы қылықтарды үйренуге, жаман қылықтардан аулақ болуға үйрету.

Қолданылатын стратегиялар: пікір-талас,топпен жұмыс, әңгіме, ойын «Мен және айна», «Құпия сурет».

Сабақ жоспары:

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Кіріспе бөлім

Психологиялық ахуал:

Оқушылар орындарында отырады.

  1. Көздерін бір нүктеге қадайды.Іштей 1ден 10 ға дейін асықпай санайды.Терең демалады.

  2. Көздерін жұмып іштей 10нан 1ге дейін кері санайды.Терең тыныс алады.

Топқа бөліну: «Жыл мезгілдері»

Суреттерді таңдап алу арқылы 4 топқа бөлініп отырады.

баяу музыка















жыл мезгілдерінің суреттері.

Негізгі бөлім

Ұжыммен жұмыс: «Аяқталмаған сөйлем»

Әр топтан 1 оқушы тақта алдына шығады.Қорапшадағы аяқталмаған сөйлемді алып,ойды аяқтайды.Әр топ кезектесіп өз ойларын айтады.

1.Жақсы қасиет деп.....................................

2.Жаман қасиет деп......................................

3.Адамдардың бойындағы қасиеттер....................

4.Жақсылық жасауды.............................................

Түйін. Оқушылар өз ойын айтуға дағдыланады, ой-пікірі қалыптасады. Тез ойлап, шешім шығара білуге, шын көңілден жауап беруге үйренеді.

Парасатты адам

Топпен жұмыс: «Парасатты адам» кластер құру.






Парасатты адам деп қандай қасиеттерге лайық адамды айтады? Күн сәулесінің шуағына жазып шығу.(ауызша айтуға да болады) (мейірімді,адал,сыпайы,ақылды,саналы,еңбекқор,досшыл,білімді ақкөңіл,т.б.)

Түйін. Жақсы адам Күндей- айналасына жылу береді.

Ұжымдық ойын: «Мен және айна»

Әл-Фараби бабамыздың «Ақыл дегеніміз- адамның екі жақсы нәрсенің жақсырағын таңдап алу қасиеті» демекші, ақылдың атқаратын жұмысы- ол салыстыру. Осыған байланысты қасиеттерді салыстыру тапсырылады.

Мұғалім айтқан адам бойындағы жағымсыз қасиеттерге қарсы мағыналы жағымды қасиеттер айту.

Жалқау - еңбекқор

Ұялшақ - батыл

өтірікші - шыншыл

сараң - кеңпейілді

дөрекі -сыпайы

қатыгез - мейірімді

мақтаншақ - қарапайым

өзімшіл – ақкөңіл

арам – адал

жау - дос

Түйін. Адам бойында жақсы қасиеттермен бірге жаман қасиеттер де болатынымен танысады,жаманнан жиренуді, жақсыдан үйренуді үйренеді.

Топтық жұмыс: «Құпия сурет»

Әр топ қорапшадан бір сурет алады.Сол суреттегі адамның бойындағы қасиетті келесі топтарға керісінше айтады,олар қандай қасиеті бейнеленген сурет екенін табу керек.

Түйін. Адам бойында жақсы және жаман қасиеттерді салыстыра білуді үйренеді.

қорапша,

тапсырмалар
















Күн суреті













айна

























қорапша,

суреттер


Қорытынды

Слайдпен жұмыс: Адам бойындағы 4 негізгі құндылық: адалдық,парасаттылық,әділдік,сенім.Осы қасиеттерге әр адам ие болса,өміріміз жарқын болмақ.Өтірік айту,жемқорлық,пара алу сияқты жаман әдеттерден жиренейік.

Психологиялық жаттығу: «Сілкіну»

Біздің бойымызда бүгінге дейін кішкентай болса да жаман қасиеттер болған шығар.Бүгінгі сабақтан кейін бойымыздағы жаман қылықтарымызды сілкіп тастайық.Алдымен екі иығымызды,кеудемізді,аяқтарымызды сілкиік.Қолымызды жоғары көтеріп,шапалақтайық!













Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!