Материалдар / Тәрбие сағаты«Ана–өмірдің шуағы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты«Ана–өмірдің шуағы»

Материал туралы қысқаша түсінік
: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2020
694
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Ана–өмірдің шуағы»

Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.



Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ұстаздар, аяулы аналар, көктем күніндей құлпырған қыздар! Сіздерді 8 - Наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Адам бойындағы барлық жақсы қасиет, күннің нұрынан, ананың сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын!

(Музыка ойнап тұрады)

Ана

Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…

 

1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар! Хормен

Үлкенге де сіз,кішіге де сіз

Құрметпенен сіздерге бас иеміз біз! Хормен

Хор: «Ана туралы жыр»

 

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаз-апайлары, гүлдей құлпырған қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда күннің нұрындай шуақ шашып жүре беріңіздер!

1 - жүргізуші: Бүгінгі 8 - наурыз – аналар мерекесіне арналған «Ана - өмірдің шуағы»
атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер! Барлық өнеріміз аналар сіздер үшін.



Ана десем шешек атып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры    ------------------------------------- береміз.

2- жүргізуші:Аналар! Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер!

М.Мақатаевтың «Ана туралы толғауы» қабыл алыңыздар.

1 - жүргізуші: Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананың шапағат мейіріміне жетпейді.

2- жүргізуші: Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың.

1 - жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың. Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең әзиз жан ол – анамыз.

2 - жүргізуші: Бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл сыйлайтын оқушыларымыздың аналарға арнаған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.
1 - оқушы:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап.
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.

2 - оқушы:
Ана деген асыл жандар болаттай,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.

3 - оқушы:
Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар жанары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

4 - оқушы:
Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың.
5 - оқушы:
Ақыл құйған санама,
Күннен артық, расында.
Күн алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.

6 - оқушы:
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.

7-оқушы: Жарты жанын бөліп беріп балаға, 
Ақ сүтімен әлдилеген бар ана. 
Қиын күндер кешсе дағы басынан, 
Міндет етпей жүрген адам сол ғана. 

8-оқушы: Қасиетті жұмақ кілті табылар, 
Алыс кетсең алаңдар да сағынар. 
Аналарын сыйламаған адамдар, 
Қашан болсын өз ісінен жаңылар. 

9-оқушы: Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар -
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.

10-оқушы: Аналық алтын борышың,

Жүр әлі менің арқамда.
Көтеріп сізді сол үшін,
Меккеге күнде барсам ба?!

Ақ маңдайыңның әжімі,
Жылдардың ізі шуақты.
Омырауыңның ақ сүті –
Өтелмес қарыз сияқты.

2 - жүргізуші:
Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл күйлер.
Алдарыңда мың бұралған бишідей
Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезектІ биге береміз «.флешмоб»
.1- жүргізуші:
Ана ол біздің елде ардақты адам,
Кішісі де, үлкені де ардақтаған.
Өзінің аяулысы да Отанын да,
«Ана» деп біздің халық текке айтпаған, – деп кезекті көрініске береміз.

Көрініс «Әжесі мен немересі» «Дүниеде не қымбат?»

Немересі:- Әже деймін, әже,
Сұрақ қойғым келеді сізге.
Мен түсінбейтін бір жәйт бар.
Түсіндірші соны бізге.
Бірінші сұрағым сізге:
Дүниеде не қымбат?
Әжесі: - Адам қымбат, қалқам.
Немересі: - Адамға не қымбат?
Әжесі: - Бала қымбат, қалқам.
Немересі:- Балаға не қымбат?
Әжесі: - Ана қымбат, қалқам.
Немересі: - Иә, десеңші әже!
Түсінбеппін осы жайды.
Тағы бір сұрағым бар сізге,
Қатты мен жұмсақ жайлы.
Әжесі: - Сұрай ғой, қалқам. Не сұрасаң да жауап берейін.
Немересі: - Әже дүниеде не тәтті?
Әжесі: Ананың сүті тәтті.
Немересі: - Дүниеде не қатты?
Әжесі: - Атаның жүрегі қатты.
Қарағым, сауал қойдың көп маған.
Бір ақыл айтайын саған
Тату болса – ағайын жақын,
Ақылшы болса - апайың жақын.
Бауырмал болса - інің жақын,
Алдыңа тартқан адал асың,
Қимас жақын қарындасың.
Немересі:- Түсіндім, әже. «Дүниеде не қымбат екенін?» енді мен айтайын:
Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт берекең - атаң қымбат.
Аймалайтын - анаң қымбат.
Мейірімді - әжең қымбат.
Асқар тауың - әкең қымбат.
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат!
2 - жүргізуші:
Дүние ойдан шығалы,
Өзімді өзім ұмытып.
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып, – дей отырып, ендігі кезекті әнге берейік.
«Асыл әже» әні

1-жүргізуші: 

Әлемнің жарығын, Сыйладың сен маған. Даланың әр гүлін,  Жинадың сен маған. Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі « Ана» деген сөзбен астасып жатыр.

2 - жүргізуші:
Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер! «Такси»
1-жүргізуші: 
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын апалардың баласы бар деп «Сегіз сері» КВН командасын ортаға шақырамыз. (Жігіттерден құралған топ аналар, ұздаздар, қыз-келіншектер жайында қызықты әзілдер айтады).

1 – бөлім. Көрініс "Ата мен бала"
Автор:
Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, көденің көгерген жасыл кезінде, жерден қар кетіп, жердің түрі түрленіп тұрған уақытта, күннің сәулесі көктен қыздырып, жер – ананың денесі бусанған шақта, көңілді «Көктем» атты патшалық болыпты.
Бұл патшалыққа да жадырап «Наурыз» айы келді. Дүние жаңарды. Көк жетіліп, әлем құлпырды.
Осы құлпырған, көңілді патшалықты еліне сыйлы, ақылды хан басқарыпты. Ол ханның қайсар да қайратты 7 ұлы, ай десе аузы, күн десе көзі бар 7 қызы болыпты.
«Көктем» патшалығы қандай үлкен болса, сол зәулім ғимараттың іші мейірім мен шапағатқа толы үлкен махаббаттан тұрады екен.
Сол патшалықты басқарған хан өз ұлдарының ішінен мұрагерін іздейді. Сөйтіп оларды сынамаққа бел буды.
Хан: Ұлдарым мен қыздарым! Мен қартайдым, сендерге қояр талабым бар. Соны орындағандарың менің мұрагерім боласыңдар. Кімнің өнері мен ақылы көркіне сай болса, сол менің мұрагерім болып, осы патшалықты басқарады.

Автор: Хан ұлдарын қасына жинады.
Хан: Балам, үйдегі алтын қазық кім?
Баласы: Үйдегі алтын қазық – бала. Ол – мен.
Хан: Жоқ балам, үйдегі алтын қазық сен емес, ол – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі. Ана сыйламағанның ақылы кем. Ананың мейірімі – көзінде, ақылы – сөзінде.
Патшаға абыз қария келеді.
Қария: Дат, тақсыр!
Хан: Датың болса, айт!
Қария:Хан ием ! менің айтпағым балаларыңда. Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
Бала: Ата! ашты тоқ, жоқты бар ететін мейірімді әке.
Қария: Жоқ, балам! Әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін – ол ана. Анасыз бала ұйықтамайды. Қатықсыз айран ұйымайды.
Хан: Жоқ, сендердің жауаптарыңа менің көңілім толмады. Ханзаданы шақырыңдар!
Бала: Алдияр әке, не бұйырасыз?
Хан: Өнеріңді көрсет.
Бала: Ана! Ана! Не деген қастерлі, қасиетті сөз едің. Осынау үш әріптен тұратын ұлы сөздің түбірінде қаншама ұлы сезім, ұлы құдірет жатыр десеңізші. Ананың ыстық алақаны жүрекке жылы тиіп, әр сөзі адамзат баласына өшпес нәр береді. Дүниеде ана қадірлі.

Хан:Жарайсың балам!
Автор: Осы патшалықтағы аяулы ана алыста тұратын бауырының үйінде болатын. Үйге бір аптадан кейін оралды. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі аналарын қалай сағынғандарын айта бастады.
1 - қыз: Анашым, мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым.
2 - қыз: Анашым, мен сені бір тамшы суды аңсаған шөл даладай күттім.
3 - қыз: Мен енесін сағынып шырылдаған кішкентай балапандай болып жыладым.
4 - қыз: Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын.
5 - қыз: Сен менің түсімде раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көріндің.
6 - қыз: Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қараумен болдым.
Автор: Жетінші қызы үндеген жоқ. Ол анасының қолын жуу үшін су әкеліп берді. Анасының асын даярлап, алдына ас қойып, шәй құйып берді.
Ана: Қыз – қызғалдақтарым
,жандарым менің!Мені әрқайсыларың өздеріңше сағыныпсыңдар,барлықтарыңа рахмет! Бәрінен де мені ең кіші қызым қатты сағыныпты.

Оңалбай:Балалар! бізге осы жарық дүниені сыйлаған кім?
Бәрі:- Ана.
Оңалбай: Түн ұйқысын төрт бөліп, бөбегін бөлеген кім?
Бәрі: – Ол – мейірімді ана.
Оңалбай: Құрметті де ардақты, аналар! адамға өмір нәрін себуші құдірет иесі сіздер! Біз мәңгілік сіздердің алдарыңызда борыштармыз. Бүгінгідей мерекеде балапандарыңыздың қызметін, құрметін қабыл алыңыздар! Бүгінгі ән, би, бәрі де сіздер үшін.

1-жүргізуші: 
Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары,-деп алдарыңызда ------------------ орындауында «Ана туралы жыр»

2 - жүргізуші:
Ойын «Жылы сөздер». Аналар өз балаларына берілген әріптерден басталатын жылы сөздер айтады.
2-жүргізуші: 

Көрініс: «Ананың жұмбағы».
Автор
: Бірде «Көктем» патшалығында анасы ұлдарын шақырып алып былай депті
Ана: Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтамын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді 9 ай абақтыға жапса, одан шыққан соң ауызыңа өкпе тықса, арқанды ағашқа таңса, сол адамға не істер едіңіздер?
Тұңғыш ұл:Ана мен оның басын балтамен шабар едім.
Екінші ұл: Ал мен мылтықпен атып тастар едім.
Үшінші ұл: Мен болсам оның мұрнын бұзар едім.
Кенже ұл: Жоқ, ана, мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі. Ал мен болсам, ол адамды аялап, өлгенше алақаныма салып бағар едім. Ол мені жарық дүние әкелуші адам. ол – асыл ана. Сіз бізді 9 ай көтердіңіз, бізге жарық дүние сыйладыңыз. Қырқынан шығардыңыз, ағаш бесікке бөледіңіз. Міне жұмбағыңыздың шешуі осы.
Ана:Ақылыңнан айналдым. Жарайсың, кенжетайым!
Хан:

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!