жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты:Жол ережесін бәріне міндет - білу
Тәрбие сағаты: Жол ережесін бәріне міндет білу- Күні: 13.11.2018ж
Мақсаты: Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс-жүзінде асыра білуге үйрету. Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету. Тәртіптілікке,
сақ болуға,көшеде өздерін дұрыс ұсатап жүруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
2.Кіріспе сөз.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
-Балалар ,бүгінгі сабақта біздер жол жүру ережелер қаласына барамыз. Жол ережелер қаласындағы сендерге дайындап отырған тапсырмалары бар. Сендерді жол тәртібі бойынша білімдеріңді сынамақшы. Сыннан өтуге дайынбыз ба?
Ой қозғау.
-Ендеше ,балалар КЖТ дегенді қалай түсінесіңдер?
-Көшеде жүру тәртібі
-Көшеде жүру тәртібі деген түсінікті қалай түсінесіңдер?
жа
яу жүргінші тротуар
ж
ол белгілер
машиналар бағдаршам инспектор қиылыстар
-Жол ережелер қаласының тапсырмаларын 3-топқа бөлініп ,сайысқа түсеміз.
1-оқушы: (бағдаршам болып киінген оқушы)

Бағдаршам аты
Көп көзі бар батыр
Тоқ болғанмен заты
Өзінде көп ақыл
Тұрады ол дәйім
Бұрышында жолдың
Қиып өткен сайын
Қарайтұғын балғын
-Сонымен балалар, біздер бағдаршамды «көп көзі бар батыр» екен дедік. Кім айтады бағдаршамның неше көзі бар?
-Ендеше біздің топтарымыз осы бағдаршамның көздеріне байланысты атауларын алып отыр.
Арманға алда күткен асығармыз,
Біз талай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.-деп сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
1.Өз орынды тап!
2.Реттеуші инспектор қызметкерінің сауалы
3. Қала әліппесі
4. МАИ емтиханы
5. Шығармашылық жұмыс. (постер қорғау)
1-кезең бойынша «Өрнын тап» ойынын ойнаймыз. Әр топтан өздерінің шартты белгілерімен бағдаршамдағы орнын табады және топтарын қорғайды.
Қызыл топ
Сары топ
Жасыл топ
Мұғалім: -Бағдаршамнан басқа жолда кім тұрады? Реттеуші инспектор қызметкері ала таяғымен тұрады.
Келесі сайысымыздың бөлімі «Реттеуші инспектор
қызметкерінің сауалы» . 1
. Мына белгі нені білдіреді?
(Абайла,балалар!)
2.
Мына белгі нені
білдіреді? (қозғалысқа тиым салынады)
3.Сымға асылып,жүр асығып. ( троллейбус)
4.Мына көліктер қалай аталады,көлік оқиғасына тап болған адамдар қандай телефондарға қоңырау шалады? ( Өрт сөндіру-01,жедел жәрдем-03 МАИ-02 )
5.Автобусқа қай есіктен мініп,қай есіктен түседі?( алдан түсіп,арттан мінеді)
6. Жол белгілерін атқаратын қызметіне қарай неше топқа бөлінеді? (7 топқа)
-Балалар, жол ережелер қаласында да қала әлііппесі бар. «Жол белгілерді» қала әліппесі дейміз.
:
Ескерту белгісі: Қып-қызыл үшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам
Қауіптен сақ бол деп
Сәт сапар жолдаған.
Тыйым салу белгісі
Қызылмен боялған шеңберім аумақты,
Тыйымшыл белгімін,қаталмын,салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар бағдарла,көз салып жан-жақта.
Нұсқау белгісі :Баратын жерінің бағыты тұрағын
Үн-түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады
Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.
-Адамға машинаны жүргізуге қандай құжат керек? Жүргізуші куәлігі.
4-кезең МАИ емтиханы. Ойын: «Кім тапқыр?»
Ойынның шарты: Тақтада жапырақтары әртүрлі жеті түсті гүл, және сол жапырақтың артында жеті түрлі сұрақтармен ілініп тұрады. Әрбір оқушы өзіне ұнаған түсін таңдап алады да, жапырақтың артындағы сұраққа жауап беруі тиіс.
1.Жүргіншілер деген кім?
көшеде жаяу жүрген адамдар
2. Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма?
болмайды
3.Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп,міну керек?
аялдамалардан
4. Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс
тротуармен
5. Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл түспен белгіленген белгілер қандай ұғымды білдіреді?
тыйым белгілері
6. Бағдаршам не үшін қажет?
Жол ережесін сақтау үшін
7. Қай түс жанғанда машиналар жүреді?
қызыл
5-кезең «Шығармашылық тапсырма». (постер қорғау)Бұл кезеңде берілген тапсырмаларды сандар,белгілер арқылы жауаптарын көрсетесіздер..

Велосипед жолы деген белгісін көрсет

«Р» деген белгі нені білдіреді ? ![]()
Қызмет көрсететін белгілерді санмен көрсет.

Қорытынды
Қай көше,қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жол жүру ережесі Заңды тәртіп,
Ол ортақ! Үлкен-кіші баршамызға.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген