Тәрбие сағатының сабақ жоспары

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағатының сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
«Нашақорлыққа жол жоқ» Қауіпсіздік сабағы «Жедел жәрдем нөмірлері және сенім телефондары»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:

09.02.2026

Сынып: 7 сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

««Нашақорлыққа жол жоқ»»

Мақсаты

Оқушыларға нашақорлықтың зияны туралы түсінік беру.

Қауіпсіздік сабағы

«Жедел жәрдем нөмірлері және сенім телефондары»

Мақсаты

Оқушыларға қауіп төнген жағдайда хабарласу керек негізгі нөмірлерді үйрету және оларды дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Құндылықтарды дарыту

Жасампаздық пен жаңашылдық айы

Апта дәйексөзі



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен  амандасу,бүгінгі  сабақтың  мақсатымен таныстыру. Мұғалім : Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біз 10-сынып оқушыларының арасында өткізгелі отырған тәрбие сағатымызды бастаймыз. Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз не? Ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Қазіргі кезде етек алған Нашақорлық - бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, айналасын торып, ғасыр індеті жүр. Есірткі - химиялық тұрғыдан алғанда улы заттар мен олардың қосындылары болып табылады
ІІ Мағынаны тану:

Shape3

«Ғасыр дерті »

Shape1 Shape2 СПИД Есірткі



Shape4 Shape5

Шылым Арақ



1.Жалпы  есірткі  заттар  адамзатқа өте ертеден белгілі және оны емдік және еліктіргіш құрал ретінде өткен ғасырлардың өзінде-ақ қолданған. 60-жылдары капиталистік елдерде кең тарады. Кейбір Орта Азия, Кавказ елдері негізгі ошаққа айналды. Көптеген жастар есірткі бойды балқытып,ләззат алғандайалдамшы күйге түсетін күшін қызық көріп әуестенемін депкүндердің күнінде онсыз омір сүре алмайтын жағдайға жеткенін сезбей қалады. Рас наша немесе марухуаннаның дәмін бір-екі рет татқан адам, одан қайтып құтыла алмай, дәрменсіз күйге түседі. Онымен айналысқаннан кейін бұзақылық жасау,қорлық көрсету т.б жасауға итермелейді. Адам денесі қалжырап, көзі бұлдырап, өмірге не үшін келгені не үшін жүргені беймәлім болады.


Жағдаят сұрақтар:

  1. Адам темекіні бір рет тартқанда қандай күйде болады? Осыдан кейін тағыда тартқысы келедіме, жаман әдетті неге тастап кетпейді?

  2. Барлық адам темекінің зиян екенін біледі, бірақ оны неге тоқтатпайды?

  3. Біздің ағзамызға темекі шегу қаншалықты қауіпті?

  4. Қазіргі қыздар шылым шегуге неге құмар?

  5. Әйел адам ағзасына темекі қалай әсер етеді?



презентация

Сабақтың ортасы

балалар нашақорлықтың шын мәнінде қоғам үшін, отбасы үшін зардабы зор екенін білдік. Енді мынандай жұптық жұмыс істеп көрейік. Алдарыңыздағы үлестірмені таңдап, тапсырмаға жауап дайындайық. 
1.    Нашақор адам мен дені сау адамды салыстыру.
2.    Нашақорлықпен күресу жолдарын іздеу.
3.    Плакаттағы суретті таныстырып, қорғау.



Үндеу!
    Жас жеткіншек! Сіз өзіңізді – өзіңіз құрметтеуге тиіссіз. Бойыңыздағы бар қабілетіңізді тек жақсылыққа бағыттай біліңіз. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ болыңыз. Бойыңызды ластамай, жан – дүниеңізді таза ұстаңыз. Өзіңіздің бос уақытыңызды пайдалы іске арнаңыз. Ар-намыстарыңызды биік ұстаңыздар. Өз тағдырыңыз – өз қолыңызда. Адам өмірге бір-ақ рет келеді, оны жақсы етіп сүру сіздің қолыңыздан келеді. 


Интербелсенді тақта/ компьютер

Қауіпсіздік сабағы

1. Шұғыл көмек нөмірлері

Жетінші сынып оқушысы шұғыл жағдайларда диспетчермен кәсіби деңгейде сөйлесе білуі тиіс.

101 — Өрт сөндіру қызметі.

102 — Полиция (Құқық бұзушылық, сталкинг немесе қоқан-лоққы кезінде).

103 — Жедел медициналық жәрдем.

112 — Құтқару қызметі (Төтенше жағдайлардың барлық түрі).

104 — Газ апаты қызметі.

2. Сенім телефондары: Құқықтық және психологиялық көмек

Жасөспірімдер үшін физикалық қауіптен бөлек, эмоционалдық және әлеуметтік қауіпсіздік маңызды. Төмендегі нөмірлерді әр оқушы жадында сақтауы тиіс:

111 — «Аманат» ұлттық сенім телефоны: Балалардың құқықтары бұзылғанда, отбасындағы зорлық-зомбылық немесе мектептегі буллинг (қорқыту) кезінде көмек береді.

150 — Балалар мен жастарға арналған ұлттық сенім телефоны: Психологиялық қиындықтар, күйзеліс немесе тығырыққа тірелген жағдайда кәсіби психологтармен сөйлесуге мүмкіндік береді.

1406 — Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры: Медициналық көмек алу барысында қиындықтар туындаса хабарласуға болады.

Маңызды: Сенім телефондарына қоңырау шалу тегін және анонимді түрде жүзеге асырылады.

3. Сталкинг және қауіпсіздік (ҚР ҚК 115-1 бабы)

Қазіргі заңнама бойынша, егер сізді біреу әлеуметтік желіде немесе көшеде үнемі аңдып, мазаңызды алса (сталкинг), бұл қылмыс болып саналады.

Мұндай жағдайда дереу 102 немесе 111 нөміріне хабарласу қажет.

Дәлел ретінде хаттардың скриншоттарын сақтау маңызды.

4. Практикалық бөлім: «Қауіпсіз байланыс» алгоритмі

Диспетчерге немесе операторға ақпарат беру тәртібі:

Нақты дерек: Оқиғаның мәні (Зорлық-зомбылық, буллинг, сталкинг немесе апат).

Геолокация: Мекенжай немесе бағдар ретіндегі нысандар.

Дербес дерек: Өз есіміңіз бен байланыс нөміріңіз (сенім телефондарында анонимді қалуға құқығыңыз бар).

5. Қорытынды

Шұғыл нөмірлерге ойнап хабарласу ата-анаңыз үшін ірі көлемдегі айыппұлға, ал сіз үшін құқықтық жауапкершілікке әкеп соғады. Бұл нөмірлер — ойыншық емес, біреудің өмірін сақтап қалудың соңғы мүмкіндігі.

Мұғлімнің айтақ ақпараттарын мүмкіндігінше жазып алу


таныстырылым

Сабақтың соңы

денсаулығы мықты азамат халықтың болашағы, Отанымыздың сенімді тірегі болмақ». Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет


презентация





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі