Тәрбие сағатының тақырыбы: Еңбекқорлық – ең басты құндылық

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағатының тақырыбы: Еңбекқорлық – ең басты құндылық

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру; еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту; еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Материалдың қысқаша нұсқасы



Күні: ______________________

Үйірме:______________________


Тәрбие сағатының тақырыбы: Еңбекқорлық – ең басты құндылық
Мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру; еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту; еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Көрнекіліктері: слайдтар, суреттер.
Тәрбие сағатының өту барысы:

Балалар,жаттығу орындап,бір сергіп алайық. « Сені көргеніме қуаныштымын» жаттығуы.

Жаттығу барысы: Әрбір қатысушы өз көршісіне «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі сенің мінезің маған ұнайды» деген секілді сөз тіркестерімен жеткізесіз.

Қандай сезімде болдыңыздар?

Барлығы:
Үлкенге де "Сіз",

Кішіге де "Сіз".
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз.
Шаттық шеңбері
Ән: Болайықшы осындай.
Сөзі мен әні –А. Меңжанованікі.

Жақсы бала еңбекшіл,

Ер азамат болады.

Қиындықты жеңіп кіл,

Құшағы гүл толады.

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы, досы-ай!

Таза бала мұнтаздай,

Сүйсінеді қараған,

Ұқыпты деп бұл қандай,

Әңгімелесу:

Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

Еңбекқор деп қандай адамды атаймыз?

Өздерің еңбектің қандай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар?

Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?

Ауа, су, тағам. Ауа, су – табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні – нан. Нан еңбекпен келеді. Осы тағамнан басқасы да адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, үй, оның ішін заттармен толтыру, денсаулығын сақтау бәрі, бәрі, бәрі де еңбекпен келеді. 

Сахналау:

«Қайдан келдің, бауырсақ?» Ө. Тұрманжанов

Автор:

Дастарханда шашылып

Жатты аппақ бауырсақ

Бауырсаққа қызығып

Қарап тұрып көзін сап.

Қуыршақ:

-Қайдан келдін бауырсақ?

Бауырсақ:

-Дүкеннен келдім нан сатқан.

Қуыршақ:

Дүкенге келдің қай жақтан?

Бауырсақ:

-Наубайдан келдім нан жапқан

Қуыршақ:

-Наубайға келдің қай жақтан?

Бауырсақ:

Диірменнен келдім ұн тартқан.

Қуыршақ:

-Диірменге келдің қай жақтан?

Бауырсақ:

Даладан келдім жан-жақтан.

Жер-анам менің көсілген

Дихандар мені өсірген

Жүректен жүрекке

Бір – біріне жүрекжарды тілектерін айту

Үйге тапсырма:«Еңбек – бақыт бастауы» тақырыбында әңгіме жазу.

 

 

 







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.04.2025
322
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі