Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Жылы сөз жан тебірентер, сіздерге мың алғыс!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. 2. Бейбітшілікте, татулықта өмір сүрге тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Успенова Жибекойм Аманбаевна.

Шымкент қаласы №69 жалпы орта білім беретін мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі.

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Жылы сөз жан тебірентер, сіздерге мың алғыс!»

Мұғалім: Қайырлы күн оқушылар!

«Жылы сөз жан тебірентер, сіздерге Мың алғыс !» атты тәрбие сағатын бастаймыз.

Мақсаты: 

1.Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

2. Бейбітшілікте, татулықта өмір сүрге тәрбиелеу.

Міндеттері: 

а) ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру;
ә) үлкенге — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту;
б) әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Нақыл сөздер,слайд, шарлар және т.б.

Шаттық шеңбері:
Оқушылар санитарлық талапқа сай, өз орнында тұрып жан тебірентер жылы сөздерін айтады.

Табиғат анаға мейірімді күні үшін.,

Көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін,

Жақсы адамдарға қайырымдылығы үшін,

Халқыма бірлік, ынтымағы үшін

Алғыс айтамыз! Алғыс айтамыз! Алғыс айтамыз!

Мұғалім:

2016 жылдан бастап, халқымыз 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні ретінде атап өтіп келе жатыр.

Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған, көпұлтты еліміздің ынтымағын нығайтуға , өмірдің әр сәтін бағалай білуге үйреттетін күн.

Бұл- сонау соғыс , қиын-қыстау жылдарда елімізге қоныс аударған өзге ұлт өкілдеріне халқымыздың қолда бармен бөліскен, көмек көрсеткен, мейірімділік танытқан рухани дәстүрлер күні!

Тәуелсіз Қазақстанды құруға аянбай еңбек еткен, қиындықты еңсерген , келешекке нық қадам басқан еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет көрсетіп, сыйластығын одан әрі жалғастыратын күн!

Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі.


1-Жүргізуші- Кәусар:

Алғыс — адамның көрсеткен көмегі үшін рахмет айтуы. Қолыңнан келгенше біреуге жақсылық жаса, алғысын аласың. Алғыс алған адам бақытты болады. Дана халқымыз “Алғыспен ел көгерер” деп бекер айтпаған.

2-Жүргізуші- Аяулым:

«Өмірге риза болып,алғыс айт » “Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді.Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз.”
Арайлап атқан таңды көргенің үшін, қолдағы барың үшін алғыс айтуың керек.

1-Кәусар: Ал, олай болса Алғыс айтып бастайық!

Мариям Алғыс күні аталыпты 1-наурыз,
Парыз екен бəріне айту алғыс.
Өмір берген, жан берген, қуат берген,
Жаратқанға айтамын мен шексіз алғыс!



Олжас: Туған жерім армысың!

Асқар тауым, қарлы шың.

Құлпырған далам, қалама

Саған мың алғысым!

Аружан: Халқым айтқан, жер көтерер ел даңқын,

Елім айтқан , ел көтерер жер даңқын.

Елбасым мен Президентім аман болғай

Мың алғыс, Мәңгі жаса, Өр халқым!

Жансамал: Елімнің алаңдаған тағдырына,

Бүгінгі батыр солар, кеуде тосқан

Індеттің дауылына, жаңбырына,

Мың алғыс дәрігердің барлығына!



Асылбек Айтып келмес апаттан,

Аты жаман індеттен,

Жапа шеккен жандарға

Көмектерін көрсеткен

Еріктілерге , Мың алғыс!





Көркем Балалардың қамын ойлап әрқашан,

Біліміне басты назар аударған.

Кең сарайдай , зәулім мектеп салдырған

Мектебіміз директоры Шымырбаев Гүлшат Алдиярқызына

Мың алғыс!


Алуа Талап пен тәртіпті ту еткен,

Әр балаға қарайтын тек құрметпен.

Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары

Құсайынова Алтынай Балтабайқызына Мың алғыс!

Нұрсұлтан Ұстазым - сөзің асыл баға жетпес,
Əр сөзің мың жыл жүрсе дəмі кетпес.
Шəкіртін баласындай қадірлеген,
Ұстазым, 1000 алғыс та саған жетпес!

Барша ұстаздарға Мың алғыс!!!



Айару: Мың алғыс, миллион алғыс аналарға!

Аты да, өзі де тұрар алда.

Отанмен, туған жермен теңесесің,

Нәр алған аналардан даналар да.



Дінхан Қашанда қарыздармын, əке, саған,
Əрқашан мейіріміңді төктің маған.
Жүректің арнап ыстық махаббатын,
Əкетай, шексіз алғыс айттым саған!



2-Жүргізуші- Аяулым: Үлкендерге көмектессең, олардың көңілінен шықсаң, саған ризашылығын білдіреді.Жастар әрқашан үлкеннің алғысын алуға әрекет еткен. Үлкендер өз ризашылықтарын әр түрлі сөздермен жеткізген.

1-жүргізуші- Кәусар: Қандай алғыс айту сөздерін білесіңдер? Бірге айтып өтейік.

Шыңғыс- Алла риза болсын! Айару-Көп жаса!  Толғанай-Өмір жасың ұзақ болсын! Көркем-Бақытты бол, Тең құрбыңның алды бол!

Нұрсұлтан-Алдыңнан жарылқасын! Дінхан-Жолың болсын!

Алуа- Көрісуге күн жақсы болсын! Аружан-Қадамың құтты болсын!

Асылбек- Қайырлы болсын! Олжас-Құсың құтты болсын!

Жансамал- Өмір жасың ұзақ болсын! Мариям- Өркенің өссін!

Мұғалім: «Жалғасын тап !» ойыны. Балалар, халқымыз сөзге шешен, дана халық. Әр тақырыпқа байланысты мақал- мәтелдер сөз арасында қолданылып, сөзімізге ажар береді.

Осы ойын арқылы кімнің көп кітап оқитыны, мақал білетінін анықтауға болады. Қазір сендерге адамгершілік, мейірімділік , әдептілік туралы мақал- мәтелдің алғашқы қатары оқылады, соңын жалғастыру керек. Жылдам жауап береміз.

1.Жақсы ниет- ------------------------------ (жарым ырыс).

2.Кең болмаң, ------------------------------ (кем болмайсың).

3.Өзіңді өзің сыйламасаң, ------------------------------ (өзгеден сый күтпе).

4,Ана алдында – құрмет, ------------------------------ (Ата алдында ізет.).

5.Қайырымдылық жасасң, , ------------------------------ (қайырын өзің көресің.).

6.Адамның ұяты бетінде, , ------------------------------ (адамгершілігі ниетінде.).

7. Кішіпейілділік- , ------------------------------ (кісінің көркі.).

Мұғалім:

Ал, балалар , қолдарыңдағы жүрекшелерге достарыңа, сыныптастарыңа , ұстаздарға, барша жандарыңа жақын адамдарға жақсы сөз, жылы лебіздеріңді, алғыстарыңды жазыңдар.

2-Жүргізуші- Аяулым: Қазақ халқы – тумысынан кез келген игі іске, жақсы нәрсеге алғыс айтуды әдетке айналдырған халық. Ол әдетіміз әдепке айналған. Алғыс айту сөзімен адамдар бір-біріне қуаныш сыйлайды. Кез келген мұңайып тұрған адам бұл сөзді ести сала, көңілі жібиді, жадырап шыға келеді.

«Алғыс» әні

Сөзі: Ж. Төлебай. Әні: Е. Әбілда.

Орындайтын: Егізбай Толғанай.

Мұғалім: Құрметті оқушылар , біз қандац бақыттымыз. Өйткені ,біздің қазақ деген халқымыз, ана тіліміз, Қазақстан атты тәуелсіз мемлекетіміз бар! Әлемде мемлекеті жоқ халықтар да бар. Өміріміздің әр сәтін бағалайық! Әрқашан жылы сөз, жақсы тілектерімізді бір-бірімізге жиі айтайық. Алғыс айтқан адамның да, алғыс алған адамның да көңілі көтеріңкі болады.

Ақсақалды аталарымыз жастарға алғысын білдіріп, : «Қолыңды жай балам , батамды берейін » деген. Батамен өскен халықтың ұрпағымыз. Салт-дәстүрді жалғастыра отырып, батаға қол жаяйық.

Шыңғысхан:

Күндерің шуағы мол нұрлы болсын,
Түндерің жарық, тыныш, сырлы болсын!
Жерімнің қойнауы – ырыс, құтты болсын,
Елімнің ынтымағы мықты болсын!

Қыздарың инабатты епті болсын,
Ұлдарың ер жүректі, текті болсын!

Иманың жүрегіңе берік болсын,
Адалдық, абыройың серік болсын!

Қолдаушың – Жаратушы Алла болсын! Әумин

Мұғалім: Шəкірттерім, болашағым, арманым,
Қанат қағып биіктерге самғағың.
Сендерсіңдер болашағы елімнің,
Шексіз алғыс айтамын мен, жандарым.

«Жылы сөз жан тебірентер, сіздерге мың алғыс!» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.05.2021
1314
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12