400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты"Отбасы- шағын мемлекет"

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы тұралы тәрбиеленушілерге түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Отбасы-шағын мемлекет»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға отбасы туралы мәліметтер бере отырып,

отбасыныңқоғамдағы ролімен таныстыру.Ата-ана мен мектеп

арасындағы байланысты күшейту.

2. Дамытушылық:Отбасы туралы түсініктерін қалыптастырып, шығармашылық

қабілеттерін дамыту

3. Тәрбиелілік: Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа

және отбасының мүшелеріне деген махаббат және құрметке

тәрбиелеу.


Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Н.Ә.Назарбаев


Кіріспе

Отбасы – адам баласының діңгегі. Өйткені, адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.

Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін – шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі. Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген. Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тілалғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.


Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан, ұядан –

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер-білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан.

Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,

Жақсы-жаман болса, бала – солардан.

1.Отбасы дегеніміз не? Оқушылар оз ойларын жазады?




Овал 1 Прямая со стрелкой 2 Прямая со стрелкой 3 Прямая со стрелкой 4 Прямая со стрелкой 5 Прямая со стрелкой 6 Прямая со стрелкой 7 Прямая со стрелкой 8 Прямая со стрелкой 9






2.Бала дегеніміз кім?


Овал 11 Прямая со стрелкой 16 Прямая со стрелкой 15 Прямая со стрелкой 17 Прямая со стрелкой 18 Прямая со стрелкой 10 Прямая со стрелкой 14 Прямая со стрелкой 13 Прямая со стрелкой 12
















3.Тілек шамы:

Сонау ерте замандардан от халқымыз үшін қастерлі ұғым. От-жылулықтың, жарықтың мәнін білдіреді. Ал жылылық пен ыстық алақан аналарға тән. Ендеше, тілек шамын бір-біріне ұсыну арқылы жылы лебіздерін білдірсін.


Тәлім-тәрбие туралы мақал-мәтелдер

Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер.

Жақсы келін - қызыңдай,

Жақсы күйеу - ұлыңдай.

Қызым, саған айтам,

Келінім, сен тыңда.

Айтушы ақылды болса,

Тыңдаушы дана болады.

Өзіңді- өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.

Әкесі қой баға білмегеннің,

Баласы қозы баға білмейді.

Бабасы еккенді, баласы орады.

Жақсылық еккен алғыс орады.

Ұлы жол үйіңнің табалдырығынан басталады.

Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал жақсы.

Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,

Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.

Ел болам десең бесігіңді түзе.

Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.

Бесік көрмеген ессіз болып, есікке енеді.

Баланың өскен бесігі – кең дүниенің есігі.

Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.


Қорытындылау: «Әдемі үй» ойыны

Оқушылар плакатқа үйдің суретін салады

сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы бейнелейді.

Мысалы: Үйдің іргетасы-бірлік,қабырғасы-махаббат т.б






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
03.02.2023
885
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі