Тәрбие сағаты:«Толеранттық-үйлесімді өзара қарым- қатынас негізі»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты:«Толеранттық-үйлесімді өзара қарым- қатынас негізі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының жоспары


Бекітемін: Тәрбие ісінің орынбасары Муханбетжанова С.О.

Пәні: Тәрбие сағаты

Мерзімі: 16.10.2020 жыл

Сынып: 5 «ә»

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сынып жетекшісі:Ізмағанбетова Ә.Ш.

Тәрбие сғатының тақырыбы: «Толеранттық-үйлесімді өзара қарым- қатынас негізі»

Тәрбие сағатының мақсаты:Толеранттылық туралы түсінік беру. Көпұлтты Қазақстан Республикасындағы ішкі саяси тұрақтылықтың кепілі этникалық
және діни татулықтың қажеттілігін ұғындыра отырып, төзімділікке,
ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Ситуациялық тапсырмалар бере
отырып, ой-өрісін дамыту, белсенділігін арттырып, дүниетанымын
кеңейту.
Міндеті:

Білімділік: «Толеранттық» сөзінің мағынасын ашу, Тәуелсіз Қазақстанымыздағы дінаралық қатынастардағы толеранттық, ұлтаралық және халықаралық бірлік туралы тусінік беру. 

Дамытушылық: оқушылардың бойында адамдарға, әлемге деген мейірімділік, төзімділік дағдыларын қалыптастыру, өз ойларын айта білу 

Тәрбиелік: Ұлтаралық достық қарым қатынасты сақтауға, қоғамда тұрактылықты, шыдамдылықты сақтауға, бір – біріне мейірімді болуға тәрбиелеу 

Күтілетін нәтижелер:

-Әр түрлі оқушы болса да, ештеңеге қарамастан , сынып оқушылары бір – біріне мейірімділікпен, төзімділікпен қарай білу  Сабақ әдісі: топтық тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі:  түрлі қарындаштар, фломастерлер 
Сабақтың әдісі: миға шабуыл, түрлі ойындар, «екі жұлдыз, бір тілек» , түсіндіру, әңгімелесу, топтастыру 

Тәрбие сағатының барысы:


І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу,түгендеу.

Екі жұппен жұмыс. «Сіздер бір-біріңізді жақсы танисыңдар.  Енді сіздерге 2 минут уақыт беріледі, осы уақытта басқаларға қарағанда өздеріңіздегі ерекше қасиеттеріңізді айтуларыңыз керек» Мысалы, хоббиіңіз, істей алатын нәрселеріңіз. Жұптарыңыздан ол туралы естіген соң, орындарыңнан тұрып, не білдіңіздер сол туралы айтасыздар.

Тезистер:

  1. Толеранттылық-жеке қасиет.

  2. Толерантты адам өзіне ұқсамайтын адамға өзі сияқты қарайтын адам.

  3. Толерантты адам басқа біреудің қуанышы мен қайғысын бірге бөлісуге, оны түсіне білетін адам.

  4. Абсолютті толерантты әлде толерантсыз адам болмайды.

ІІ. Миға шабуыл (5 мин) 
1.«Мейірімділік» деген не? 

2.Өздерің мейірімді іс атқардыңдар ма? 

3.«Төзімділік» деген не? Ол қандай істерде байқалады? 

4.«Достық» деген не? 

5.Адамдардың барлығы бір – біріне ұқсайтын болса, әлем қалай болар еді? 


ІІІ.Ситуациялық тапсырмалар.
1-ситуациялық жағдай.
Мен қалада тұрамын.Демалыс күні үйде сабаққа дайындалып отыр едім, есіктің қоңырауы соғылды.
Есікті ашсам бір топ бала (ұлты орыс ) Пасха мейрамымен құттықтай келгендіктерін айтты.
Бұл мейрамдағы басты салттың бірі құттықтай келген адамдарға дәм ауыз тигізу еді.
Мысалы әр түске боялған жұмыртқа, тәтті тоқаш т.б.
Бұдан кейінгі менің әрекетім:
• Бұл мейрамды қазақтар арасында тойламайтындығын сыпайы түрде айтып шығарып салар едім.
• Ашуланып, үйден қуып шығар едім.
• Тәтті тағамдар ұсынып, мейрамдарымен құттықтар едім.
Сендер менің орнымда болсаңдар тағы басқа қандай іс-әрекетке барар едіңдер?
2-ситуациялық жағдай.
«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» дегендей, әлем елдерінде сәлемдесу рәсімдері әр түрлі. Кейбір елдер әдеттегі қол алысумен қатар, үлкен сәлемдесу салтанатын өткізеді. Қазақ халқында тіл шығару әдепсіздік болып танылса, кейбір жерде тілін шығарған жан жазаға тартылады. Тіл шығару тибет халқына жат емес, себебі, олар бір-бірін көргенде, тілдерін шығарады. Бұл рәсім 9-ғасырда бастау алған. Сол замандағы Тибет елінің көсемі Ландарманың тілі қара болған деседі. Тибет халқы өзгелерге өздерінің жауыз емес екендерін көрсету мақсатында, бір-бірін көрген кезде тілдерін шығара бастайды. Бұл дәстүр өз жалғасын әлі күнге дейін табуда.
Сен Тибет еліне саяхатқа бардың. Мұндай сәлемдесу рәсіміне қандай жауап қайтарар едің?

ІҮ. «Айтты, айтады, айтқым келеді...» (5 мин) 
Оқушылар орындарында отырып, жүргізушіден бастап, кезекпен :

«Мен кішкентай кезімде мені еркелетіп Мони деп атады, қазір мектепте Мөлдір деп атайды, ал үлкейгенде мені барлығы Мөлдір Әлімбекқызы деп айтады»


Ү. Рефлекция.
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы қорытындылау

(оқушылар өздерінің ойларын стикерлерге жазып, тақтаға іледі)












































Тәрбие сағатының жоспары


Бекітемін: Тәрбие ісінің орынбасары Амандыкова Г.Г.

Пәні: Тәрбие сағаты

Мерзімі: 01.03.2018 жыл

Сынып: 7«а»

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сынып жетекшісі:Жолдыбай.А.Ө

Тәрбие сғатының тақырыбы: «Алғыс айту парызым!»

Мақсаты:

«Алғыс айту», «сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

 а) ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру;
ә) үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту;
б) әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу

Көрнекі құралдар: мақал- мәтелдер


Тәрбие сағатының барысы:

Әңгімелесу

  • Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?

  • Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?

  • Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?


2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні


1наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойды. Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті.


Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл күн – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.


Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.


Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін..

Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.

«Автограф» ойыны: (Әр оқушыға артына қағаз бекітіледі. Осы қағазға басқа оқушылар тілектерін жазуы қажет)
Алғыстың да түпкі мәні – ризашылық білдіру арқылы жамандықтан ада болуды тілеу.

Оқушылар А4 қағазына рахмет және алғыс айта отырып хат жолдау және баланың аты-жөні айтылмай бірнешеуін оқып шығу.


Қортындылау: – Балалар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңдар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар


Үйге тапсырма: Эссе жазу: «Рахмет, Анашым!




Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Шаған жалпы орта білім беретін мектебі









ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Тақырыбы: «Алғыс айту парызым!»img0.jpg



Сынып жетекшісі: Жолдыбай.А.Ө











2017-2018 оқу жылы

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Шаған жалпы орта білім беретін мектебі









ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Тақырыбы: : «Толеранттық-үйлесімді өзара қарым-қатынас негізі»

Сынып: 5 «ә»


















Сынып жетекшісі: Ізмағанбетова Ә.Ш.











2020-2021 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.05.2021
2989
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі