жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ТӘРБИЕ ТАҒЫЛЫМЫ ТЕРЕҢДЕ
ТӘРБИЕ ТАҒЫЛЫМЫ ТЕРЕҢДЕ
Жалпыұлттық идеямыз-Мәңгілік Елді басты бағдар еткен, тәуелсіздігіміздің дамуы даңғылына айналған Нұрлы жолда жастардан қажырлы еңбек қажет ететін, келешегі кемел нұрлы жолда бірлігімізді бекмдеп, аянбай тер төгіуіміз керек деген Елбасы сенімін жастар ақтайды деп сенеміз. Қазақстан халқының әл-ауқатын одан әрі жақсарту, экономикалық өсуіне үлес қосатын, патриоттық, ұлтжандылықты, рух-жігері шыңдалған әлеуметтік жағынан белсенді, басекеге қабілетті рухани құндылықты бойына сіңірген жұмысшы маман жастар тәрбиелеуде Бақанас аграрлы - индустриалдық колледжінде тәрбие тұжырымдамасындағы бағыттар бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. 1қыркүйек “Білім күніне” арналған мерекелік салтанатты жиын өткізіліп, барлық топтарда “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” тақырыбында ашық тәрбие сағаты және Болашаққа бағдар атты видеофильм көрсетілді.
Әдіскер Г.Демеукулова мен қазақ тілі пәнінің оқытушысы М. Нұртай ”Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” тақырыбында студенттер арасында шығарма байқауын өткізіп, 1орын иегерінің құжаттарын облыстық байқауға жіберді. Студенттерді колледж ережесі мен Бала құқығы туралы конвенциясымен таныстырып, өз құқықтарымен міндеттері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Топтар арасында ”Туған жерді аялайық” атты әр аптаның жұма күндері сенбіліктер ұйымдастырылды. Өздеріне бөлінген территорияларына тазалық жұмыстарын жүргізіп отырды.
Дене тәрбиесінің оқытушылары Қыдырбаев Ұлан,Сауықбаев Даулет,Құрманбеков Айбол “Салауатты өмір салты”атты футбол, баскетбол, волейбол, қол күресінен студенттер арасында жарыстар өткізіп, жеңімпаздарды марапаттады.
“1 қазан Қарттар” мерекесіне зейнеткерлікте отырған еңбек ардагерлеріміз шақырылып, мерекелік дастархан, сыйлықтар беріліп, студенттер арасынан жасақталған концерттік бағдарлама қойылып, құрмет көрсетілді. Ардагерлеріміз колледж ұжымына, студенттерімізге ризашылығын, алғыстарын білдірді. Ұстаздар мерекесіне арналған ”Ұстаз-ұлы есім” атты шараны 12 топтың шебері Шамыгулова Бақыт пен 13 топтың жетекшісі Иманбек Айда өткізді. Үлкенге құрмет көрсетуде “Ардагерлерді ардақтайық” жобасы аясында Алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекшісі Тастанбеков Мейрам студенттерден “Болашақ жастар” жасағын құрып, қарт Молдабаева Райхан апаға, Демеуқұлов Жеңіс атаға, Әділханова Балапан апаға, Нүркерім атамызға көмектесті. Егде тартқан қариялар мұндай көмекке қуанып, студенттерімізге баталарын беріп, рахметін айтты. “Қарттарын аялаған-ел ардақты” тақырыбында топтарда топ сағаттары өткізілді.
Студенттеріміз аудандық мұражайға саяхат жасап. Ондағы ауданымыздың тарихымен, салт –дәстүрімізді тәріптейтің көне қазынамен және Д.А.Қонаев атамыздың мұрасымен танысып қайтты.
Аудандық аурухананың дәрігері Құлтаева Гаухар Рахымжанқызымен Салауатты өмірді сақтау кабинетінің мейірбикесі Хасен Айғаным мен Балқаш аудандық жастар ресурстық орталғының кеңесшісі Махмет Гүлнұр шақырылып, ”Тұмау және жұқпалы аурулардан сақтану” жайында студенттерге түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, Айғаным Хасен баяндама оқып, видеофильм көрсетіп, жұқпалы аурулар туралы анықтама кітапшалар таратты.
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Аудандық сот төрағасы Ж.А.Байғожаев, аудандық соттың приставы Б.Дюсенбаев пен студенттер арасында “Жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында студенттерге жеке және өзге де заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзгеде құқық қатынастарынан туындайтын қылмыстар туралы өз құқықтары мен міндеттері туралы толық мағлұмат беріп, сұрақтарға жауап берді.
Аудандық ішкі істер бөлімінің ювенальды тобының инспекторы Садырбаева Ойлан шақырылып, студенттерге құқық бұзушылықтағы заң талаптарының баптарымен таныстырды. Заң талаптарындағы жастарға қатысты баптары бойынша сұрақтарға жауап берді. Аудан прокурорының орынбасары А. Ахметжан студенттерге Аудандық ішкі істер бөлімінің ғимаратына апарып, құқық бұзған адамдар отыратын камералармен және демалып жүретін жерлерін таныстырды. Ондағы мақсат жасөспірімдердің құқық бұзушылыққа бармаудың алдын алу.
Қараша айында көшеттер отырғызатын орын дайындауға 13, 23,31 топ студенттері ат салысты.
31 топ жетекшісі Жанар Карибаева “Әдепті бала –арлы бала” тақырыбында топ арасында пікірталас өткізді.
Аудандық мәдениет үйінде өткізілген СПИД-ке қарсы шараға 22 топ студенттері флешмоб биімен қатысып 1 орын иеленіп, 22 топ студенті Даулетқалиева Динармен 40 топ студенті Қасабек Абылай ән орындап, сыйлықпен марапатталды.
“Мұсылман қазақтың образы қандайы болуы керек” тақырыбында Аудан мешітінің бас имамы Амидолла Абдоллаұлымен студенттер арасында кездесу өткізілді. “Ауылдың үш артықшылығы” тақырыбында Қайпбек Азизамен Рахымберлі Жансұлу студенттер арасында дебат өткізі. Дебатқа студенттер белсене қатысып өз ойларын ортаға салды.
1желтоқсан Тұңғыш Президенті күніне “Елін сүйген Елбасы” тақырыбында тарих пәнінің оқытушысы Мусапирова Қамажайдың тақырыптық кеш өткізілді.
“16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні” мерекесіне орай Бақанас агралы-индустриалдық колледжінің “Білім “бастауыш партия ұйымында” Жастар-Отанға!” партия жобасы аясында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында тарих және география пәндерінің оқытушысы
11 топ жетекшісі Сланбекова Қарлығаның ұйымдастыруымен “Тәуелсіздік-Мәңгілік елдің Ұлы тарихы!” атты іс-шара өткізді. Шараға”Нұр Отан” партиясы Алматы облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Тойлыбаева Гулнар Қожағұлқызы мен “Нұр Отан” партиясы Балқаш аудандық партия филиалы төрағасының орынбасары Садықбаев Данияр Сұлтанұлы қатысып, Тәуелсіздік мерекесінде жастарға жалынды тілектерін білдірді. Шара барысында жастарға тәуелсіздік туралы слайдтар, бейнероликтер көрсетілді. Өткізген шара интернет желісіне салынды.
Психолог Ж.Самет студенттер арасында “Өмір маған қымбат тақырыбында” психологиялық тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты студенттерге өмірдің қымбат екенін түсіндіру. Бір- бірімен татулық қарым қатынаста араласа білуге тәрбиелеу.
Студенттерге жаңа жылдық мерекені 22 топ жетекшісі Қайпбек Азиза. мен 23 топ жетекшісі Рахымберлі Жансұлу ұйымдастырды. Шара өз деңгейінде өтті. Жақсы қатысқан студенттер мен топтарға колледж тарапынан сыйлықтар берілді. Студенттерге мерекелік дастархан жасалды. Барлық топтарға жаңа жыл мерекесіне орай безендіру жұмыстары берілді. Атқарылған барлық іс шараларға байланысты қабырға газеті, буклет, эсселер жазылып көрмелер ұйымдастырылды.
Жаңа жылдық безендіруге барлық ұжым қызметкерлері ат салысты. Соның ішінде өзінің шеберлігін көрсеткен оқытушылар М.Бутабаев, Е,Асхатұлы, М.Байдюсенов, Е.Мұсахановтарды атап айтуға болады.
Аудандық жаңа жыл мерекесіне зомби биімен колледж ұжымының жастары қатысты. Колледждің жан жағын безендірудегі нәтижеден колледжіміз ауданның жаңа жыл мерекесінде 2 орынмен марапатталды.
Дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары Қыдырбаев Ұлан, Сауықбаев Даулет, Құрманбеков Айбол футболдан, волейболдан, қол күресінен топтар арасында жарыстар өткізіп, жеңімпаздарды марапаттады.
1-2-3 курс студенттері арасында күзгі Президенттік сынамалар қабылданды.
“Жаны саудың, дені сау” атты колледжішілік волейболдан жарыс өткізді. Бұл жарыста 31 топ бірінші, 11 топ екінші, 21 топ үшінші орынды иеленді.
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналып конькиден мекемелер арасындағы аудан біріншілігіне қатысып, жалпы командалық есепте колледж студенттері 1- орынды жеңіп алды. Оқытушыларымыз Сембинов Бақытбек 1- орын, Сауықбаев Даулет 2 –орынды, студенттер арасынан 3-курс студенті Аблақын Аяулым 1-орын, Нұрханова Диана 2- орынмен марапатталды.
Аудан көлеміндегі өткізіліп жатқан басқада спорттық шараларға қатысып, біздің колледждің студенттері алдыңғы орын көрсеткішінде. Облыстық студенттер арасында өткізілген волейбол жарысында студенттеріміз 1 орынды иеленді.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” мақаласы аясында Алматы облысында “ПАТРИОТ КАЗАХСТАН” спорттық патриоттық реалити шоуы ұйымдастырылды. Осы жарысқа біздің
3 - курс студентіміз Сабитұлы Дамир бокстан қатысып 4- орынға ие болды. Қол күресінен Республикалық жарысқа 3- курс студенті Жанат Карима қатысып 1-орынды иеленді. Жаркент қаласында өткен облыстық бокс жарысына 1 студентіміз қатысып 1- орын иеленді.
Келешекте бүгінгіден де зор асуларды бағындыратын жастар тәрбиесі-бізідің басты назарда
«Бақанас аграрлы – индустриалдық колледжі» МКҚК
Оқу – тәрбие жөніндегі орынбасары
Усенова Айша Асылбековна

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген