Тәрбие тал бесіктен

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие тал бесіктен

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие мен бадабақша егіз ұғым
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Тәрбие тал бесіктен басталады »

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: "Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларға жақсы білім беріп, тәрбие беруге ұмтылуымыз керек", – деген еді.

Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының есігіне қара құлып салынып, балабақшалар жұмысын тоқтатса да, көп ұзамай бұл саладағы түйінді мәселелер ретімен өз шешімін таба бастады. Тәуелсіздіктің таңы атып, еліміз өз еркіндігін алған соң мектепке дейінгі тәрбие беру жұмыстары оң бағытқа бет бұрды. Қай елдің өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның білім беру жүйесінің даму бағытына тікелей байланысты екені белгілі. Жеке тұлғаны дамытуға қызмет ететін білім мен тәрбие негізі, өзегі – балабақшадан бастау алатыны бүгінгі күні білім беру әлемінде дәлелденіп отырғаны ақиқат.

Тәрбиенің тал бесігі – балабақша табалдырығынан бастау алып, ізгілік пен парасаттылыққа жол көрсетер іргелі орынның бала тәрбиесінде маңызды рөл атқаратынын есімізден шығармағанымыз жөн.

Ұлы ғұлама Әл Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»- деген, олай болса білім мен тәрбие егіз екенін естен шығармай барынша бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелей отырып сапалы білім, саналы тәрбие беруді естен шығармайық.

Қазіргі кезеңдегі білім берудің өзекті мәселелерінің бірі - жас ұрпаққа рухани - адамгершілік тәрбие беру болып тұр.

Елбасының тікелей бастамасымен балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-14 жылдарға жоспарланған «Балапан» бағдарламасы бүлдіршіндер үшін бұрын-соңды болмаған игіліктің өзіне айналды. Мектепке дейінгі мекемелердің жаңа сипатта дамуына сара жол салған «Балапан» бағдарламасы тұтас елде түлей бастады Білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа ұлттық патриотизмді қалыптастырып, адамгершілік - рухани тәрбие беру. Бала тәрбиесінің алғашқы қазығы - туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиенің маңызы зор. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, бойында ұнамды әдеттер, өзара сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай - ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар т. б. қалыптасады.

Қазақтың белгілі ақыны Мағжан Жұмабаев: Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер дейді. Расында да балабақша табалдырығынан аттаған балаға тәрбие беру үшін тәрбиеші маманның өзі тәрбиелі, білімді, өнерлі болғаны жөн.
Ұлы Мағжанша айтар болсақ, балаға тәрбиені беруде адам ең бірінші өз тәжірибесіне сүйенеді. Адамның өз тәжірибесі – оның жүріп өткен жолы, көрген-білгені. Бірақ әр адамның жолы тура жол, бала тәрбиесінде қатып қалған осы жолмен жүру керек деуге де болмайды. Ол жолдың тек дұрысын ғана таңдап алу керек. Балаға міндетті түрде өзіңді қайталату мақсат емес, өзіңнен асырып түсіру мақсат. Бала кейде сенің ойлағаныңнан да артық затты немесе қиялына ерік берсе ешкімнің ойы түгіл түсіне де кіре бермейтін идеяларды дүниеге әкелетіні рас. Сондықтан педагогтың өз тәжірибесіне сүйенуі аздық етеді.
Екінші жағынан, ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып тәрбиелеу. Халқымыздың баға жетпес құнды қасиеттерін жастайынан санасына сіңіріп өскен бала өскенде ұлтжанды, халқының намысын қорғайтын азамат болмасына кім кепіл?
Балабақша... Осы сөзді қайталап айтып көріңізші. Құлаққа қандай жағымды, анық, қарапайым естілетін сөз. Жасы үшке толар толмастан тілі былдырлап, томпаңдап келген баланы бауырына қысып, еркелету, ойнату қандай қызық. Әрбір сәбидің жүзін көргенде бақыттың базарында жүргендей күй кешесің.
Балабақшада балалар бірі тілалғыш, бірі айтқанды істемейтін, бірі көңілшек, бірі ашық жайдарлы болады. Яғни, аралас орта құралады. Міне, осылардың әртүрлілігіне мән беріп, жалпы ортақ тәрбие – адамгершілік тәрбиесі беріледі. Әр түрлі ойындар, шүйіркелесу, достасу, бірге отыру, бірге тамақтану, бір-бірін құрметтеу, ұрмау, жылатпау, көмектесу сияқты жан-жақты тәрбие беру тәрбиешінің қатысуымен іске асады. Баланың ойын кезіндегі белсенділігі, өзара қатынастар жасауы оның дамуына ықпал етеді.
                                 
Отбасы - болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты сіңіретін тәрбие ошағы. Жеке адамның бойындағы ар - ұяты, ой - өрісі, әдептілігі мен мәдениеттілігі отбасынан бастау алады.
Тәрбие - отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата - ананың ықпалымен қалыптасады. Отбасының екі тірегі - әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата - анаға, үлкен қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу - біздің борышымыз. Атаны сыйлау, ата - бабаны, елді сыйлау, әжені құрметтеу. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» дегендей, білім бесігі мектептен отбасынан бастау алатындығын ата - анаға ұғындыру - ұстаздардың, яғни біздің парызымыз.
Жөргегінен бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген халқымыз адамды аздырып - тоздыратын: өтірік, өсек, еріншек, қыңыр, есер, жәдігөй т. б. сияқты мінездерден сақтанып келген. «Өтірік өрге баспас», «Өтіріктің құйрығы бір - ақ тұтам» деу арқылы өтірік - өсек айтудан, мақтаншақ болудан жас ұрпақты аулақ болуға шақырады.
«Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Көпті жамандаған көмусіз қалар», «Көппен көрген ұлы той» т. б. мақал - мәтелдер адамгершілікті, білікті, ел тілегін ойлауды дәріптейді. Көпшіл болу - атадан балаға ғасырлар бойы өсиет етіліп келе жатқан нұсқа. Ол халықтың ұғымында азаматтықтың, адамдықтың басты белгісі.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2025
139
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі