Тәрбие тал бесіктен...

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие тал бесіктен...

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл әдістемелік жинақ мектепке дейінгі тәрбие саласының педагог қызметкерлеріне арналған таптырмас құрал.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кусаиынова Гульмира Қойшыбайқызы














ТӘРБИЕ - ТАЛ БЕСІКТЕН...


әдістемелік құрал
























Shape1

БShape2 БК 25.01

Б 08

Алматы облысы Талдықорған қаласындағы «Көшбасшы» оқу-әдістемелік орталығы ҒӘ Кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылды

(Хаттама №3 27.03.2018)


Құрастырған: Алматы қаласы Жетісу ауданы «№97 бөбекжай балабақшасы» МКҚК тәрбиешісі Кусаиынова Гульмира Қойшыбайқызы



Пікір білдіргендер:

PhD доктор С.Садуакасова

Педагогика магистрі Б.Панзабек

ISBN 956-658-6566-26-02


Әдістемелік құралда автордың іс-тәжірибесінен, балалардың жас ерекшелігіне сай тіл ұстарту мақсатында әр-түрлі тақырыптағы өлең шумақтары мен әдістемелік мақалалары топтастырылған. Балалардың тыныс-тіршілігімен етене, заман талабына сай ашық оқу қызметтері мен тәрбие сағаттарының өнегелік, тәлім-тәрбиелік мәні зор. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отыра, баланың тұлға болып қалыптасуына рухани өріс ашады.

Бұл әдістемелік жинақ мектепке дейінгі тәрбие саласының педагог қызметкерлеріне арналған таптырмас құрал.



Кусаиынова Гульмира Қойшыбайқызы

«Тәрбие - тал бесіктен...»: әдістемелік құрал/ Алматы қаласы Жетісу ауданы «№97 бөбекжай балабақшасы» МКҚК

Талдықорған қаласы, «МАК print» баспасы, 2018 жыл



ISBN 956-658-6566-26-02





©Shape3 Shape5 Shape4 Г.Кусаиынова, 2018

Shape6

Алғыс сөз


БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ - БАЛАБАҚШАДАН

БАСТАУ АЛМАҚ!


Бүгінгі таңда Тәуелсіз елімізде әлемдік талаптар кеңістігіне енуге бағытталған білім берудің жаңа жүйесі жалғасуда. Білім берудің мазмұны толықтырылып ,жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше діл қалыптастыру үстіндеміз. Осыған орай бүлдіршіндерімізді ескере отырып, қоғам талабына сай жаңаша ұйымдастыру, педагогтардың біліктілігін арттыру міндеттері туындады. Біз көп жағдай да педагогтарымыздың шығармашылық ізденістеріне, әдістемелік жетістіктерге қол жеткізуіне баса назар аударамыз. Осыған орай мамандарымыздың ізденімпаздықпен балалардың жан дүниесін, көңіл күйін терең түсіне білуді талап етеміз.

Ендеше осы талаптарға сай еңбек етіп,өзінің ізденімпаздығы мен еңбекқорлығының арқасында жетістіктерге жетіп жүрген тәрбиешілеріміздің бірі - Кусаиынова Гульмира Қойшыбайқызы. Балалардың тілінің дамуына,ой өрісінің кеңейуіне аса назар аудара отырып, олардың тұлға болып қалыптасуына өзіндік үлесін қосып жүрген тәрбиеші. Бүлдіршіндерін түрлі сайыстарға қатыстыртып, балалардың шығармашылыққа деген сүйіспеншіліктерін арттыру жолында жасап жүрген жұмыстары ауыз толтырып айтарлық!

«Тәрбие – тал бесіктен» атты әдістемелік құралы жоғарыда айтылып өткен еңбегінің – жемісі!

МКҚК«№97б/бақшасының» меңгерушісі К.У.Шакирова













ӨРЕЛІ ІСКЕ - ӨРІС КЕҢ!


Қазіргі таңда білім беру мен тәрбиелеу жүйесін болып жатқан түбегейлі өзгерістер баланы тұлға ретінде дамытуды, оны ізгілікке баулып, көркемдік шығармашылығын қалыптасытыруды, бәсекелестік қабілеттерін арттыруды талап етеді. Сондай-ақ, тәрбие жұмысын ұйымдастырудың және оқыту әдістерінің тәжірибеден өткен озық үлгілерін меңгерумен бірге, жұмыста жаңа технологияларды игеру, оны ғылыми негізде жүргізу талаптары туындауда.

Балабақша дегеніміз - буырқанған өмір емес пе?! Сәбидің жұпар демінен бастап, балақандардың бал қылығы, былдырлаған тілі-өмірдің мәні, тіршіліктің сәні. Осы тұрғыдан келгенде балабақша мен тәрбиеші қызметі - ең жауапты қызмет, оларға ата-ана алдында ғана емес, қоғам алдында да жүктелер міндет ұшан теңіз.

Ендеше, Алматы қаласы, Жетісу ауданына қарасты «№97 бөбекжай бала бақшасында» 7 жылдан аса тәрбиеші қызметін атқарып келе жатқан Кусаиынова Гульмира Қойшыбайқызы қызметте шығармашылықпен жақсы табыстарға қол жеткізумен қатар, сол атқарылып жатқан игілікті істің нәтижелерін көпшілікке көрсете білуде. Өрелі іске - өріс кең! Қызметіңе сәттілік, шығармашылық табыстар тілеймін!


.

МКҚК «№97б/бақшасының»

әдіскері Ж.Ә.Қожабек















МРисунок 12 ЕН - ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГПЫН

(эссе)


Кусаиынова Гульмира Қойшыбайқызы

Табандылықты талап ететін менің мамандығымның қиындығынан қызығы көп. Неге десеңіз, техника дамыған заманда тұспа-тұс өмір сүріп келеміз. Балаларды мектеп жасына дейін тәрбиелеу мекемесінде жұмыс істеп келе жатқаныма бірнеше уақыт болды. Тәлім алып жүрген бүлдіршіндердің айтқаныңды қағып алатын қағылездігіне қайран қаламын.

К.Д Ушинскийдің бір сөзі бар: «Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім» - деген. Мен осы сөзді өз ұстанымым ретінде қолданамын. Жұмысқа келе жатып, мен бүгін балалардың бойына жақсы бір дүние дарытуым керек деген мақсатпен келемін. Біз бүгінгі білім беру жүйесінің жүзеге асып жатқандығын өз жұмысымызбен көрсете алуымыз керек. Жаңа технологияны жаттап алу ауыр болғанмен, бізді яғни педагогтарды алдыға ұмтылдыратын өскелең ұрпақтың кез-келген нәрсені үйренуге деген қызығушылығы, қашанда күш-жігер беріп отырады. Ал, заманауи педагог ретінде менің міндетім - өзіндік идеясы басым бүлдіршін тәрбиелеу, оларға тәлім беріп, ары-қарай қанат қағуы үшін қолғанат болу.

Педагог қандай болуы керек? Менің түсінімдегі педагог - ең үлкен парасат иесі. Аузын ашқанда-ақ мәдениет ошағының мүшесі екені білініп тұруы керек. Педагог алдындағы әрбір балаға екінші ана. Себебі, кейбір балақайлар тәлім берушісінен үйіндегі анасының бойындағы қасиеттерді іздейді. Ал, талап қою, қаталдық көрсету қазіргі күні қарым-қатынасқа кері әсер етеді. Сондықтан, мейлінше, бұл нәрседен аулақ болатын болсаң, соғұрлым тәлім алушы үшін сүйікті тәлім берушіге айналуың ғажап емес. Баламен сөйлесу үшін оның жасымен, түсінігінде болуың керек. Яғни тіл табысу бізбен сіз ойлағандай өте жеңіл емес. Онымен дос болу, көңілін аулау сияқты амалдарды қолдану арқылы ғана баламен ара-қатынасты нығайтуға болады. Сонымен қатар, кеңшілдік пен мейірім мінездің ең көркемі болып есептеледі. Осы мінезді алдыға тарта отырып, оқушының ойын, көз-қарасын біліп алуға болады. Мен педагогика жолында өзімді қалыптастырғым келеді. Тәжірибеммен бөлісіп, пікір алмасуды парызым деп білемін. Маман ретінде өзіндік идеяларымызды ұсынып, соны жұмысқа жарататын болсақ жоспардың жүзеге асқаны деп ойлаймын.

Педагогика - екінің бірі таңдайтын мамандық болғанымен екінің бірі істеп кете алмайды. Себебі, білім берушінің бойында ақылмен тапқырлық ғана емес, онымен қоса төзіммен шыдам болуы керек. Тек осы қасиеттерді қанжығаға байлай отырып, үздік білімгерлерді дайындайтын боламыз. Мынандай керемет халық даналығы бар: «ұстаз түлегіне алға бастырар талап сыйлайды» - деген. Расында, біз, тәлім алушыларға түнде ай, күндіз күн сияқты жарықпен жылу берушіміз. Олардың тарыдай болып кірген жеріне таудай етіп шығаратын да осы педагогтар қауымы.

Менің ойымша, кез-келген педагог білімгеріне бар ынтасымен білім беруі керек. «Болашақ жастардың қолында», ал оларды сол жарқын болашақ үшін тәрбиелейтін тағы да біз!




























КІРІКТІРІЛГЕН ОҚУ ҚЫЗМЕТІ


Білім саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Мен өз елімнің болашақ патриотымын»

Мақсаты: Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Слайд,видео, фото суреттер көрсету.

Полингвальды компонент:

Мемлекет - Государство-state.

Елтаңба – герб - coot of arms.

Ту –флаг - flag.

Ұран – гимн - humn .

Сөздік жұмыс: Отан, туған жер


Әрекеттердің кезеңдері








Тәрбиешісінің әрекеті:

Айзере:

Әнұраным, жанұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім-сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республикам әнұраны!

Қазақстан республикасының гимны орындалсын.

балалар, бүгін бізде біле-білсеңдер ерекше бір күн болмақ! Біз сендермен балалар міне Тәуелсіздік меркесіне орай ұйымдастырылған «Мен өз елімнің болашақ патриотымын» атты мерекелік оқу қызметіне жиналып отырмыз .

Балардың іс- әрекеті:




Picture 4

1

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

-Балалар, қане айта қойыңдаршы біз сендермен қай елде тұрып жатырмыз, біздің Отанымыз қалай аталады?

-Қазақстан Республикасында тұрып жатырмыз.

-Жақсы, дұрыс айтасың.

Отан,сөзін қалай түсінесіңдер?

Сөздік жұмыс:Отан,туған жер


Құрбанай:

Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.

Роллан: Отан –біздің туған еліміз, Алтынай: Отан-туған жеріміз, туған -туысқандарымыз.

Енді балалар, осы Ұлы Отанымызға деген жылы лебізімізді білдірейікші, жылуды біз қайдан аламыз

- Жылуды күн мен оттан аламыз. Ондай болса осы алаулап тұрған оттан жылу алып сол жылуды жүрегімізге салып, шын жүрегімізден Отанға деген махааббат пен ақ тілектерімізді жеткізейік.

1 Елім аман болсын

2 Бейбіт заман болсын

3 керегесі кең болсын

4 Терезесі тең болсын

5 Тербетілсін тәуелсіздік бесігі

6 Кең ашылсын болашақтың есігі

7 абыройы асқақтасын елімнің

8 шоқтығы биік болсын жерімнің

9 Балалары елім дейтін

10 Туған –жер атамекен дейтін

11 Отаным асқар белім дейтін

12 өзен-көл ,заңғар тауым дейтін

13 Кең пейілді халқым дейтін

14 Ұландары көп болсын

15 туған жерім тұғырым

16 туған жерім қадірім

17 Туған жерім қуатым

18 Туған жерім шабытым,мақтанғанда туатын!

Бәрі хормен:

Біз отанымыздың патриотымыз

Мы патриоты наши страны


Picture 6

Енді балалар, орнымызға отырайық, біздің еліміздің, Қазақстан Республикасының 16- желтоқсан Тәуелсіздік алған күні екен. Сол Тәуелсіздігімізге балалар биыл 26 жыл толып отыр.

Осыдан 26 жыл бұрын Тәуелсіздік алған кезде елім, жерім деген Отандастарымыздың

Жүрек лүпілін, қуанышты сәттерін айтып жеткізу мүмкін емес.

Ендеше қазақ үшін ең бақытты шақтан сыр шертіп берейін ал сендер балалар мені мұқият тыңдай қойыңдар. Сол кездері бір аңыз ба, әлде әңгіме ме әйтеуір өмірде болған уақиғаны айтып берейін.

Әсия деген әжей болыпты, әжейдің Айбек деген бойында айрықша қасиеті бар немересі болған екен. Айбектің ұйқыда көрген түстері өңінде орындалып отырған екен. Сол күндердің бір күнінде Айбек түс көріпті. Негізі балалар бұл уақиғаны тыңдағаннан гөрі, көзбен көрген әсерлі болмақ.

Көрініс: әжей мен немересі шығып көрініс қояды.

Әже ,әже мен бір түс көрдім,

Ол не түс болды ботам-ау.

Түсімде тас қараңғы екен,менің жаныма қыран құс қонып, мені өзінің қанатына алаып, аспанға шарықтай ұша жөнелді.

- Әже

-Балам-ау, бұл жақсылықтың нышаны ғой, ақ түйенің қарны жарылатын күннің туатын кезі келді дегеннің белгісі, О жаратқан, мың да бір шүкір, балам ау бар жүгір, қазағыңнан сүйінші сұра жүгір.

- Алақай, сүйінші, сүйінші біз азат елміз, біз еркіндік алдық, сүйінші! /Осы кезде есіктен неміс халқының өкілі келеді.

Сүйінші сұраған Айбекке байғазысын береді.

Осыдан кейін бірден Айбек: мен өзімнің Отаныма, тіліме, еліме деген махаббатым мен мақтанышымды «Тәуелсіз елдің ұланы» атты әнмен паш еткім келеді.


Балалар, міне осылай Тәуелсіздікті алғаннан кейін біздің де басқа егеменді елдердегідей өз Рәміздеріміз пайда болған екен. Келген қонағымызға біздің рәміздер жайлы айтып, таныстырып өтейік.

Балалар, ендеше сендер рәміздерге тоқтала кетіңдер, Инара елтаңбаны сипаттап береді.

Бұл біздің елтаңбамыз, ортасында шаңырақ, екі шетінде қанатты тұлпар, астында Қазақстан деген жазуы бар.

Елтаңба-герб-нешнел эмблем


Елтанбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі!

-Жақсы ,тамаша

Көк ту жайлы Інжу айтып өтеді.

Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы

Көк емес ол тектен – тек

Елдің ашық қабағы.


  • Қонақ қыз: менің осы елге келуімнің басты себебі- ол осы елдің мемлекеттік тілін үйрену болатын.

  • Қандай керемет,балалар айтыңдаршы біздің еліміздің мемлекеттік тіліміз қай тіл?


  • Адия: біздің мемлекеттік тіліміз ол қазақ тілі

Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутімнен
Құлағыма сіңірген таныс үнім.


Айзере: менің де айтарым бар, «Үш бақытым» Мұқағали Мақатаев

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
...
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.


Қонағымыз: Осындай керемет құндылықтары бар елде өмір сүретін,сендер нағыз бақытты балдырғандарсыңдар

Іңкір: Иә, дұрыс айтасыз ,ендеше бәріміз «Біз бақытты балдырған» әнін орындасақ деймін.

Қонағымыз қоштасып кетіп қалады

Тәрбиеші:мінекей балалар сонау Алмания елінен бізге қонақ келіп, біздің елімізге деген өзінің қызығушылығын көрсетіп кетті.

Біздің еліміздің президенті Қазақстанды одан да әрмен өркендету мақсатында «Болашаққа бағдар-Рухани жаңғыру»атты өзінің мақаласын паш етті.

Рухани жаңғыру дегенді біз қалай түсінеміз балалар?

/Балалардың жауаптары./


Айзере: Рухани жаңғыру деген –дамыған 30 елдің қатарына ену

Амина: Рухани жаңғыру-табысты ел болудың кепілі деген сөз

Жақсы, тамаша!

Сол мақаланың 3-бағыты:Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

Ендеше біздің тарихымызға, мәдениетіміздің дамуына, жалпы қазақ елінің дамуына өзінің өлшеусіз еңбегін сіңірген зиялы қауымдарымызды біз сендермен қаншалықты танып білдік, соны тексеру мақсатында

мен сендермен интербелсенді тақтаның көмегімен интеллектуалдық ойын ойнағым келеді.

Ойын.«Кім көп біледі?»

Қанекей маған осы жерден кім Абай атамызды тауып, суретін туылған жеріне апарып қояды .

1-Бала: Бұл Абай Құнанбаев, ол шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген, ақын, данышпан

-Жарайсың, ал сенің атаңның қандай өлеңдерін жатқа білесің?

-Мен, Абай атамның «ғылым таппай мақтанба» шығармасын жатқа айтып берейін

Осылай ойын жалғаса береді


Мінекей балалар кең байтақ еліміздің түкпір-түкпірінде осындай керемет аталарамыз туылған екен. Енді осынау құшағы айқара ашылған еліміздің құрметіне арнап «Здраствуй столица» әнін орындайық


- Біздің Отан Қазақстан




Жылуды біз оттан аламыз



Ортада жанып тұрған оттан алақандарына жылу алып, оны кейін еліне, жеріне деген жылы лебіз, ақ тілек ретінде білдіреді.
































Picture 5













Picture 8


Picture 4







Picture 9









2

Рефлексивтік- түзетушілік

Бүгінгі кештен кейінгі елімізге, Отанымызға деген махаббатымызды тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бола білген мақал-мәтелмен аяқтасақ.

Бәрі бірге «Біз Отанымыздың патриотымыз»деп қонақтармен қоштасып шығып кетеді. Picture 10

Мақал-мәтелдер айтылады

Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас

Отан - оттан да ыстық

Отан үшін отқа түс күймейсің.

Нені игереді: Тәуелсіздік жайлы мәліметтерді

Нені білді: Еліміздің дербес мемлекет екенін

Нені үйренді: Өз елінің патриоты болуды



Picture 3






Picture 2 Picture 5









Picture 6












Білім беру саласы: Коммуникация /Таным, әлеумет/

Бөлімі: Көркем әдебиет /Жаратылыстану, қоршаған ортамен таныстыру/

Тақырыбы: «Ағаштар неге ашуланды»

Мақсаты: Жасыл желектің адам мен жануарлар өміріндегі маңызы туралы айта отырып, балалардың экологиялық түсініктерін нығайту. Көктем мезгілінде ағаш отырғызудың себебін түсіндіру. Тәжірибелік жұмысқа деген қызығушылықтарын күшейтіп, бақылау нәтижесін салыстыру дағдыларын дамыту. Табиғатпен саналы қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу. Зерттеушілік белсенділікке баулу.

Полингвальды компонент:ағаш-дерева- wood, көктем-весна –by

Сөздік жұмыс: төңірек,тамыры суалып.

Көрнекі құралдар:интербелсенді тақта,жылжымалы папка,жас тал.

«Тәй-тәй» технологиясы бойынша: көркем әдебиет орталығы мен ғылыми орталығында жұмыс жасау .

1

Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті:

Әдемі гүл шоқтарын алып, балалар бір-бірімізге игі ниеттерімізді білдірейік.

Балардың іс- әрекеті:

Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді










2










Көктем келді жеріме,

Құстар келді көліне

Жылғалардан су ағып

Табиғат енді сәніне

Ағаштар бүршік жарады

Табиғат әнге салады

/Авторы өзім/

Балалар өлең жолдары қай жыл мезгілі жайлы?

Сұрақ-жауап :

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем айлары?

-Көктем ерешеліктері?

Осы тұста балалардың назарын интер белсенді тақтаға аудартамын.

Видеороликтен ағаштардың пайдасы, оның бүршік жару кезеңін тамашалату

Көктемде ағаш отырғызу табиғат үшін өте пайдалы істердің бірі.

Таза болса, табиғат,

Аман болар адамзат дейді, ендеше табиғатымыз таза болуы үшін ағаштар, гүлдер өсірген өте дұрыс

Балалар, ағаштар туралы қандай мақал –мәтел білеміз?

1.бала: Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын.
2.бала:
Ағаш ексең аялап, басыңда болар сая бақ.
3.бала:
Бір ағаш кессең, он ағаш отырғыз.

Ал, енді сендерге Бердібек Соқпақбаев атамыздың «Ағаштар неге ашуланды?» атты ертегісін айтып бергім келеді

Жадырап көктем туды. Қар қауырт ерiдi де, аз күнде төңiрек қарайып, құрғап шыға келдi.
Мектепте көшелердi көгертiп, ағаш отырғызу апталығы басталды.
Оқушыларды түгел қызықтырған бұл бастама тек Алмабекке ұнамады. Орман болса тап iргеде тиiп тұр. Көшеге ағаш отырғызып әуреленудiң керегi қанша деп ойлады ол. Бiрақ жұрт бiр кiсiдей кiрiскен iстен Алмабек шет те қала алмады. Өз сыныптастарымен бiрге тоғайға ол да барады. Бiрнеше жас тал, терек, қайың әкелiп, басқалардың үлгiсiмен терезе тұсына тiзiп отырғызды.
Алмабек осымен iстi тындыға санады. Өзгелер отырғызған ағаштарын суарып, түбiн қопсытып, мәпелеп күтумен болса, бұл оның бiрiн де iстемедi.
Жаз шықты. Көктемде отырғызған ағаштар жапырақтары желкiлдеп, бойлап өсе бастады. Солардың арасында Алмабек отырғызған ағаштар ешбiр күтiм көрмеген соң, тамырланып кете алмай, шөжiп, шалажансар жұтап тұрды.
Орманнан өздерiмен бiрге әкелiп отырғызған басқа ағаштардың айнала жамырап, жайнап өсiп келе жатқанын көргенде, қуқыл тартқан ағаштар қапаланып, қайғыға батты. Ертелi-кеш самал желмен тербелген ормандағы кешегi еркiн өмiрлерiн аңсап, бiр-бiрiне мұңын шағып жылады. «Бұл халде тұра берсек, бiраз күнде тамырымыз суалып, құритын шығармыз»,– деп уайым шектi.
Бұл қайғылы халдi самал жел өзен бойындағы орманға жеткiздi. «Осындай да осындай. Алмабек дейтiн бала алып барып отырғызған сiздердiң туысқан шыбықтарыңыздың халi мүшкiл екен», – деп ол сыбдырлап бұталарға айтты. Ауыздарына сөз тұрмайтын бұталар оны сыбдыр қағып талдарға, талдар қайыңдарға, қайыңдар дереу теректерге жеткiздi. Сөйтiп, кең алқапты алып жатқан ну орман Алмабектiң қылығын түгел естiдi.
Бiр күнi Алмабек жолдастарымен бiрге өзенге шомылуға келдi. Олар шешiнiп те үлгермеп едi. Ауа райы күрт бұзылып, аспанды сiрескен қара бұлт басып кеттi. Азынап жел тұрды. Балалар сасқалақтап, үйлерiне қарай жүгіре жөнелiстi.
Алмабек те жүгiрiп келе жатыр едi. Ағаштың жыландай ысылдап майысқан бұтақтарының бiрi кенет оның басынан кепкасын қағып ұшырып түсiрдi. Ол жалт бұрылып, кепкасын ұстап алмақ болып едi, жолдастарынан адасып қалды. Ал кепка тоқтар емес. Ағаштың қалың iшiне қарай домалап барады. Алмабек әне жетем, мiне жетем деп қуа бердi. Балалар бұл кезде ұзап кеттi.
Дәл сол уақытта адам айтса нанғысыз ғажап оқиға болды. Орман iшi азан-қазан жаңғырып кеттi. Түйе белiндей жуан бәйтерек майысып келiп, Алмабектi баса жаздап, жолына көлденеңдеп тосқауыл бола қалды. Алмабек қорыққаннан шыңғырып жiберiп, кейiн қарай жалт бердi. Сол кезде тұс-тұстан:
– Ә, бәлем, Алмабек, қолымызға түстiң ба?– деген ашулы дауыстар жамырап естiлдi.
Алмабекте ес қалмады. Ағашы аздау бiр жермен жүгiрiп өтпекшi болып едi. Ұзын бiр ақ қайың жапырақтары жалпылдап алдын тағы бөгей қалды. Алмабек кейiн қарай жалт бердi. Маңайдағы ағаштар су-су етiп төнiп келiп қалғанын көрдi. Бiрнеше солқылдақ көк шыбық жотадан шып-шып еткiзiп, шарпып өттi.
– Сендерге мен не жаздым?!– деп Алмабек жылап жiбердi. Сол кезде төбесi көк тiреген, көптi көрiп, көп жасаған орман атасы кәрi еменнiң гүжiлдеген жуан дауысы естiлдi:
– Сенiң жазығың сол: бiздiң бiрнеше жас шыбығымызды үйiңнiң қасына отырғызбақ болып қазып әкетiп едiң, нағыз азап халге салып қойыпсың. Түбi босатылмай, қатып қалыпты. Тамыры суалып, құрып бара жатқан көрiнедi. Осы қылығың адамшылыққа жата ма? Ағаштан көрген не жамандығың бар? Жайқалып өсiп тұрсақ, ауылдың көркi емеспiз бе? Жаздыгүнi ми қайнатқан ыстықта саямызға паналайсың. Қыстыгүнi азынаған бораннан қорғаймыз. Астыңдағы орындығың мен алдыңдағы үстелің, қалам-қағазыңа дейiн ағаштан iстеледi. Үйiңе қабырға болып та қаланамыз. Сен осыны неге түсiнбейсiң, неге бағаламайсың?– дедi қарт емен.
Iстiң мән-жайы Алмабекке әбден түсiнiктi болды.
– Кешiрiңiздер. Кешiре көрiңiздер!– дедi Алмабек.
– Кешiруге болмайды,– деп солқылдақ көк шыбық тағы да төнiп қалып едi, қарт емен оны бұтағымен қағып тоқтатты.
– Жә, шошаңдамай, тұра тұр. Бала сөзiн айтып болсын,– дедi.
– Кешiрiңiздер. Мен отырғызған ағаштарымды бүгiннен бастап мәпелеп күтуге уәде беремiн,– дедi Алмабек.
– Жарайды,– дедi қарт емен,– олай болса, бар үйiңе!
Ағаштар түзелiп, бойларын жазып, Алмабекке жол ашты.
Алмабек үйiне келдi. Дереу күрек алып, ағаштардың түбiн қопсытты. Арықтан су әкелiп құйды. Құрт түспес үшiн ағаш дiңгегiнің түп жағын әкпен ақтап қойды. Аз күнде ағаштар қайтадан жанданды. Күзге салым кәдiмгiдей жапырақтары жайқалып, жетiлiп қалды.
Бұл үшiн өзен бойындағы ну орман Алмабекке ризашылық бiлдiрiп, ол келгенде саясын тосып, шаттана сыбдырласып тұратын болды.
Сұрақ –жауап:

Ертегі желісі бойынша сұрақтар қойылады.

Сергіту сәті:

Жел улейді у-у

Құйын келіп билейді зу-зу

Қатты, қатты жел соқты гу-гу

Жапырақтар қол соқты ду-ду

Дидактикалық ойын «Жақсы деген немене,жаман деген немене»интербелсенді тақтада ойналады .

Бәрі бірге:

Тентек бала болмаймыз
Табиғатты қорғаймыз.



Балалардың жауабы








Балалар бойларын сергітіп алады?

Рефлексивтік- түзетушілік

Эксперименттік жұмыс:

балалармен бірлескен ұжымдық жұмыс. Ағашты қалай отырғызып, баптап күту туралы түсінік беру. Сұрақ жауап арқылы оқу қызметін қорытындылау.


Нені білуі керек: Жасыл желектің жанауралармен адам өміріндегі маңызын

Нені меңгерді: Көктемде ағаш отырғызуды

Нені білді: Табиғатпен саналы қарым-қатынас жасауды







Білім саласы: Коммуникация

Бөлімі : Драма

Тақырыбы: Татар халық ертегісі: «Үш қыз»

Мақсаты: Балаларды ертегімен таныстыра отырып, балаларды ертегіні сомдай білуге үйрету, тіл байлықтарын дамытып, өз ойларын нақты дұрыс жеткізуге баулу, адамгершілікке, аналарын сыйлап, оларға өмірлік қамқор бола білуге тәрбиелеу.

Полингвальды компонент: ана-мама- maze, қыздары-дочери-dauhter

Көрнекі құралдар: Интерактивты тақтадан ертегінің желісі бойынша суреттер. Кейіпкер киімдері.

Сөздік жұмыс: Перзенттік борыш


1

Әрекеттердің кезеңдері

Т әрбиешінің әрекеті:

Шаттық шеңбері:

Біздер жақсы баламыз,

Өсті ақыл, санамыз,

Қонақтармен ең алғаш

Амандасып аламыз

Жарқырасын күніміз,

Жайнай берсін гүліміз.

Жақсы, ниет тілекпен,

Бастайық істі бүгін біз!!!

Балалардың іс- әрекеті:


Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Балалар, қанекей есімізге түсірейікші біз сендермен қандай, қандай ертегілер білеміз?

Жақсы балалар, ендеше біз сендермен жаңа бір ертегімен танысамыз, ондай болса балалар назарларың тақттада болсын.

Ертегі айтылады, балалар мұқият тыңдайды.

ЕPicture 15 Picture 7 Picture 6 Picture 7 нді балалар біз сендермен қанекей осы ертегіні сомдап көрейік.

Ана жайлы қалам алып жырдан өрнек салып,тілге тиек етпеген ақын жоқ шығар бәлкім. Ендеше біз Мұқағали атамыздың «Анашым» өлеңін айтып берсек нұр үстіне нұр болар еді

Мади: Анашым! Асыл анам, есіл анам,

Елжіреп есіркеймін, есіме алам.

Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді

Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам. Дамелия :

Алыс жолда жүрсем де арып-ашып

Ағат ойлап түсірмей жаныңа шық,

Оқытып кешеу барған хаттарымды

Отырмысың үрпиіп, жаның ашып

Қайсар:

Өткізіп талай жылды, ай, аптаны,

Оқуын ұлың жақсы аяқтады.

Анашым, білем сені, қарсы емессің

Кеттім мен тың даланы оятқалы.

Анашым! Қайда жүрсем сен - күш, арым, Әмина:

Сүйемін дидарыңды, мен құшамын.

Қайда барсам, өзіндей қарсы алады Кең байтақ

Отанымның кең құшағы.

Анашым! Жаратылдың бағыма шын

Білемін көңілсізсің, сағынасың.

Қайда жүрсем, қамқоршым Отаным бар.

Қапа болма мен үшін, неғыласың...

Балалар , ана деген сөздің орысша аудармасын айтып көрейікші,

Ана-мама- мазер

Кто вас, детки, крепко любит... Shape7
Кто вас, детки, крепко любит, Софа
:
Кто вас нежно так голубит?
Не смыкая ночи глаз,
Всё заботится о вас?
Мама дорогая!
Колыбель кто вам качает, Маша
:
Кто вас песней забавляет
Или сказку говорит,
Кто игрушки вам дарИт?
Мама золотая!
Артур :

Мамачка моя

Б алалар ендеше барлық аналардың құрметіне орай «Анашым , анажаным»әнімен ортаға әнші қызымыз Нәзікті шақырайық



-Маша мен аю



-Арыстан мен тышқан



-Түлкі мен қоян.


-Шалқан ертегісі


-Бауырсақ ертегісі.


-мақта қыз бен мысық



Балалар кейіпкерлерге бөлініп,ертегіні сахналады.




Балалар ертегіні нақышына келтіре ойнай алды.


















Балалар тақпақтарын мәнерлеп айтып береді.





2

Рефлексивтік- түзетушілік

-Балалар осы ертегіден кейін не түсіндіңдер?

-Өмірдегі балаға ең жақын, ең ыстық адам кім екен балалар?

Сұрақ- жауап арқылы білімдерін пысықтау. Белсенділерді мадақтау.

Балалар сұрақтарға жауп берді.

Нені біледі: Ертегіні тыңдай отыра оны түсініп, кейіпкерлерімен бірге қуана да қайғыра білу.

Нені игерді: жамандық пен жақсылықты .

Нені менгерді: аналарын құрметтеп, өмірлік қамқор бола білуді.

ВАРИАТИВТІК БӨЛІК

Жолда жүру ережелері

Тақырыбы: «Жол ережесін білесің бе?»

Мақсаты: Балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету. Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту. Жолда жүру ережелерін меңгерту.

Полингвальды компонент: бағдаршам-светофор-traffik, көлік-машина-car, такси-taxi

Көрнекілік:бағдаршамның суреті, слайд, жол белгілері

Сөздік жұмыс:

1

Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешісінің әрекеті:

Балалардың іс- әрекеті:


Мотивациялық оятушылық



-------------------


Ұйымдастыру кезеңі

Ұл - қыз сәлем береміз,

Өнегелі өренбіз.

Біздер - қазақ баласы,

Сәлем - сөздің анасы.

----------------------------------------------------------

«Жол ережесін білейік, аман - есен жүрейік» Жол ережесін білу өмірімізді жазымнан сақтандырады. Оның сырын біліп, жол ережесін орындау баршамызға керек.

- Балалар тақтадан не көріп тұрмыз?

- Жолдар қандай болады?

Алматының көшелері кең, үлкен қаламызда көліктер көп.

- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Төбесінде шырағы,

Жолаушының пырағы.

Барасың деп қай жаққа,

Алдын күтіп тұрады.

Шахматтың тақтасы,

Секілді онда таңба бар.

Бұл қай көлік?

- Бәрекелді! Біздің қалада көліктердің түрлері көп екен.

Бүгінгі оқу қызметінде жолда жүру ережелерін есімізге түсіріп, жаяу жүргіншілерге арналған белгілердің таңбаларымен танысып, аялдама таңбалардың белгісімен танысамыз.

Тақапақтар

Алана:

- Менің үш көзім бар,

Бір көзім «кідір» дейді.

Бір көзім «абайла» дейді,

Бір көзім «қарап қалма» дейді.

Нәзік:

Менің атым «бағдаршам»,

Жақсы білем міндетімді,

Мекен - жайым тұрақты.

Мүдірмеймін ешқашан.

«Бағдаршам» ойынын ойнату.

Шарты: Балалар дөңгеленіп тұрады, бағдаршам қызыл түсті көтергенде - балалар бір адым артқа жылжиды. Сары түсті көтергенде сол орында тапжылмай тұрады. Жасыл түсті көтергенде бір адым алдыға жылжиды. (ойын 3 рет қайталанады)





----------------------------

1. Санап кетсек сіз бен біз,

Сан көлікке мінеміз.

Троллейбус, трамвай,

Автобуспен жүреміз.


2. Көлік, көлік,

Көліктерге мінеміз.

Көшелермен, көшелермен,

Күнде тынбай жүреміз.


3. Жол жүрудің тәртібін,

Ережесін білеміз.

Сақтағанда қатерден,

Сау - саламат жүреміз.


4. Көшеде ортаға жеткенше,

Әуелі көзің сал сол жаққа.

Балақай, ортадан өткен соң,

Мойның сал сол жақтан оң жаққа.



такси

2

Рефлексивтік-

түзетушілік

Сұрақ- жауап арқылы білімдерін пысықтау. Белсенділерді мадақтау.

Балалар риза болады.


Нені игереді: Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.

Нені білді: : Балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру.

нені үйренді: Іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету.







Білім беру саласы: Коммуникация. Шығармашылық

Бөлімі: Драма. Мүсіндеу

Тақырыбы: «Бауырсақ» (орыс халық ертегісі)

Мақсаты: Ертегіні тыңдауға деген қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын дамыту, ертегі арқылы балаларды адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Полингвальды компонент: бауырсақ-колобок-ginderbreab man

Көрнекілік құралдар: алдын ала жасалған ормандағы үй, ертегі кейіпкерлеріне арналған киімдер.

Сөздік жұмыс: бауырсақ, домалақ, пішін


Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешісінің әрекеті:

Балардың іс- әрекеті:

1

Ұйымдастырушылық - қозғаушылық



Шаттық шеңбері:

Ертегілер еліне

Саяхатқа баралық

Ертегілер елінде

Көп қызыққа баталық!



Шеңбер жасап тұрады

2

Ұйымдастырушылық - ізденістік


Ертеден келе жатқан «Бауырсақ» ертегісі. Бұл ертегіні бәрімізде білеміз. 
Ертегіні есімізге түсірейікші. Ол үшін интер белсенді тақтаға назар аударамыз. Ертегіні слайд арқылы оқып беремін

Балаларымыз рольдерге бөліп ойнап көрейік. 
«Бауырсақ» ертегісін тамашалаңыздар.

Жарайсыңдар балалар, өте тамаша өнер көрсеттіңдер, балалар қанекей есімізге түсірейікші орманда бауырсақтың алдынан 2-болып кездесетін қай аң еді, және ол нені жақсы көретін еді?

-Дұрыс, ендеше сол аюға байланысты артикуляциялық жаттығу түрін жасап өтсек деймін
Артикуляциялық жаттығулар

Тіл бұлшық етіне арналған жаттығулар

Тәтті тосап. Біз анамыз дайындаған тәтті тосапты жақсы көреміз. Тосап тіл үйіреді. Тосап ерінімізге жұғып қалыпты.

Тілді ерінге қойып, ерінге жұққан тосапты жалап алғандай айналдыра қимылдатады. Бұл жаттығу 2-3 рет орындалады. Тосаптың орнына балды алуға болады.

Шығармашылық:

Енді балалар біз қамырдан бауырсақ жасап көрейік



Балалар аса үлкен қызығушылықпен ертегіні тыңдайды


Балалар рөлдерге бөлініп ертегіні сомдап шығады


Балалар артикуляциялық жаттығу жасайды


2-аю кездесті

3

Рефлексивтік-

түзетушілік

Рефлексиялық түзетушілік -Жарайсыңдар, балалар. 
Бауырсақ кандай аңдарға кездеседі? 
-Түлкі қандай? 
-Қоян 
-Қасқыр 
-Аю 
-Айлакер, қу.

Балалардың жауабы

Білeді: ертегінің мазмұнын

Игереді: сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту барысында жаңа сөздерді

Меңгереді: қамырдан бауырсақ жасауды, оның қандай екенін.





Білім саласы: Денсаулық

Ертеңгілік жаттығу

Мақсаты: Бір тізбекте аяқ пен қол қимылын біріктіріп кең адымдап жүруге жаттықтыру. Жаттығу жасата отырып, дене бітімі сымбатты болып өсуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтына қызығушылығын арттыру.

Полингвальды компонент: доп-мяч- Ball, қақпа- варота-cover

Құрал: Доп


Мотивациялық-қозғаушылық


Тәрбиешісінің әрекеті:

Бой жазу жаттығулары:

Балардың іс- әрекеті:

Балалар залға музыка ырғағымен кіреді.

1

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Бой жазу жаттығулары: Балалар залға музыка ырғағымен кіреді.

1.Қолдарын сермеп шағын қадаммен жүру.

2.Шеңбердің бойымен, қолдарын жоғары созып, аяқтың ұшымен жүру.

3.Қолды желкеге қойып, өкшемен жүру.

4.Аюға ұқсап қорбаңдап, аяқтың қырымен жүру.

5.Құс болып қанатымызды жайып ұшу.

Жалпы дамыту жаттығулары:

Балалар қатармен жүріп, себеттен допты алып, белгіленген таяқшаның қасына барып екі топқа бөлініп тұрады.

1.Доппен алдыға ,жоғары төмен иілу.

2.Допты аяқтың ұшына тигізу.

3.Гүлге су құямыз

4.Қолымызды алдыға созып, доппен отырып тұру.

5.Балалар доп қалай секіреді?

доппен секіру.

Бәріміз бірге қайталайық.

Добым менің, добым менің

Өзің неткен көңілді едің

Қутыңдайсың, кутыңдайсың

Бірақ менен құтылмайсың

Қайталады.

Балалар жаттығуды жасайды, тәрбешінің артынан қайталайды.

Picture 2

2

Рефлексивтік-

түзетушілік

Жарайсыңдар балалар, қане бәріміз шарды үрлейік, балалар терең тыныс алады.

Жарайсыңдар балалар таңғы жаттығуға рахмет айтамыз.

Денсаулығым керемет, жаттығуға көп рахмет.

Сұраққа жауап береді

Нені білу керек: Қимыл-қозғалыстардың негізгі түрлерін жылдам орындауды, допты лақтыруды,

Нені игереді: Денені дұрыс ұстай білуді, тепе-теңдікті сақтауды,

Нені білді: Доппен жаттығуды дұрыс жасауды





Білім беру саласы: Әлеумет

Бөлімі :Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Электроника әлемі

Мақсаты: Қарапайым ақпарат көздерін қолдану дағдыларын жетілдіру. Ересектермен әңгімелесу, телехабар, компьютерлік ақпараттар және олардың мазмұнына қызығушылығын қалыптастыру, арттыру. Балалардың ойлау қабілеттерін ойын арқылы туындату және тұлға дамыту. Қызықты ойындар арқылы елестету және қиял болжамдарын дамытып, тіл байлығын, таным өнерін, сөздік қарым-қатынастарын дамыту.

Алдын ала жүргізілген жұмыс: балалармен технодом дүкеніне саяхат

Сөздік жұмыс: Бұқаралық - халықтың басым көпшілігі дегенді білдіретін ұғым.

Жаңалық- жаңа болған жайт, хабар

Көрнекілік: слайд, картиналар, видео

Әрекеттердің кезеңдері





Тәрбиешісінің әрекеті:

Шаттық шеңбері:

Сәлем-күн!

Сәлем жер,

Сәлем жел

Сәлем саған туған ел!

Балардың іс- әрекеті:


Бір- біріне жылу лебіздер білдіреді.

















































Сұрақ жауап сәті.

Балалар, қанекей бәріміз мына сиқырлы кілемшеге отырып, өткен ғасырға саяхат жасап келейік

Ой, мінекей сендермен келіп те қалдық, бұл қандай үй, бұл қазақ үй екен иә. Бұрында ата-апаларымыздың тұрмыс тіршілігіне бір тоқтала кетейік.

Қазақ үйдің ішінде атасы газет оқып отырады, әжесі қолмен кір жуып отырады ал

емерелері асық ойнап отырады.


Балалар, енді келіңдер бәріміз сиқырлы кілемшеге отырып, өзіміздің ортамызға оралайық, өткен ғасыр адамдарын бірге ала кетейік.

Сөйтіп бақшаға ораламыз, сол сәтте

Есік тарсылдап, ішке пошташы апай кіреді

бір конвертты тастап кетеді

-балалар қызық екен, бұл конверттің ішінде не бар деп ойлайсыңдар?

Қанекей кім конвертті ашады?

Балалар, бұл флешканың ішінде не бар екенін қайдан білсек болады?

Ендеше балалар қанекей бұл флешканы біз қарап көрейік ішінде не бар екен?

Ішінде балалардың «Технодом» дүкеніне барған саяхаттан үзінді .

Балалар сендер осы аталмыш дүкеннен қандай заттарды көрдіңдер?

Енді осы телефонның шығу тарихымен зияны жайлы айта кетсек.


Замануй жаңалықтарды білу жолдары

Тақырыбында көрініс қоямыз:

  1. теледидардан «Кешкі жаңалықтар»


2 кір жуғыш машинкамен кір жуу


3 телефонмен хабар алысу

Жарайсыңдар!!! Мінекей, балалар, сендердің ата-әжелерің кезінде бұқаралық ақпарат көздерінен жаңалықтарды біле алса, ал қазір телефон мен компьютермен бір-бірімен тілдесіп, хабар алысады.


Бұқаралық деген сөзге түсініктеме бере кетейін

Бұқара -халықтың басым көпшілігі дегенді білдіретін ұғым.демек халықтың көпшілігі осы ақпарат көздерін пайдаланады деп түсінсек беолады

Жаңалық - жаңа болған жайт, хабарды жаңалық деп білсек болады


Балалар біз айтып өттік қазіргі заманауй қолданыстағы ең ұтқыр нәрсе ол - ұялы телефон Сендер тап қазір ұялы телефонның иесі болғыларың келе ме?

Ендеше мына қорапшадан келіп бір-бірден ала қойыңдар.

Телефондар 3 түсте .

Кімге қандай түс келсе сол бала тура сондай столға барып отырсын.

/қызыл, сары, жасыл/

Жұмысты бастамас бұрын біз сендермен 1-10 дейін санау білеміз бе, қанекей санап көрелік

Тамаша балалар, енді қолымыздағы телефонды сәндеу мақсатында мына бір 3 д жапсырмаларды қолдансақ болады.

Жұмыс барысында өлең жолдарын жаттаймыз

Бұл панда, панда ол аюдың бір түрі. Ол Қытай өңірінде өмір сүреді иә, негізі балалар аю нені жақсы көреді. Балды, аю болып бал жеп, ауызға жұққан балды тілмен жалап тазалайық

Ал мына панда нені жақсы көріп жейді, иа бамбук ағашын екен. Ендеше бамбук бұтақтарымен мына пандаларды тамақтандырайық. Әр қайсымыз 1-1 бамбук бұтағынан саламыз аузына.




-Балалар өздерінше пайымдайды






-Флешканы интербелсенді тақтаға қоссақ болады








Кампьютер,теледидар

Планшет

Телефон

т/б заттар

2 Рефлексивтік-

түзетушілік

Сұрақ- жауап арқылы білімдерін пысықтау. Белсенділерді мадақтау.
















Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Қар қандай?»

Мақсаты: Сюжетті сурет бойынша ертегінің мазмұнын әңгімелеуге үйрету. Сөйлемді дұрыс құрастыруға, байланыстырып сөйлеу арқылы өз ойларын жеткізе білуге үйрету. Тіл байлықтарын дамыту. Табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Интерактивті тақта, слайдтар

Полингвальды компонент:Жануар-животное-animal


1

Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешісінің әрекеті:

Ойын. «Аққала»
Мақсаты: Балалардың алған білімдерін бекіту.
Шарты: Балалар үш топқа бөлініп, аққаланың дөңгелек бөлшектерін мақтадан жасайды, барлық бөлшектерді бірге құрастырады.

Балардың іс- әрекеті:











2










- Балалар, бәріміз терезеге қарайықшы, қазір жылдың қай мезгілі?
- Иә, қыс мезгілі. Дала аппақ қарға оранды. Күн суытып, жиі - жиі боран соғып, қар жауып тұр.
Бүгін біз «Ақ ұлпа қармен» танысамыз.
- Сендер далаға шыққанда қарды қолдарыңмен ұстап көрдіңдер ме?
- Қар қандай екен?
- Қардың түсі ақ, суық, қолымызбен ұстасақ, ол еріп кетеді, демек ол жылыдан еріп суға айналады.
- Жауып тұрған қарға алақанымызды тоссақ – ол алақанымызда ақ ұлпа болып көрінеді.
- Қыста біз далада қандай ойындар ойнаймыз?
- Балалар, қыста жылы киімдерімізді киіп жүру керек.
Қар қалың түскенде жолдарды қар басып қалады. Сондықтан адамдар жолды қардан тазартып отырады.

Енді балалар біз сендермен «Қар қандай »атты ертегісін тыңдайық.

Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Алға қадам басайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бойымызды жазайық.

Балалар ертегіні мазмұндап көрейікші

















Рефлексивтік-

түзетушілік

Сұрақ- жауап арқылы білімдерін пысықтау. Белсенділерді мадақтау.


Нені үйренді.Сюжетті сурет бойынша ертегінің мазмұнын әңгімелеуге

Нені білді: Сөйлемді дұрыс құрастыруды

Нені игерді: Табиғатты сүйе білуді







Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Қандай қызық қыс деген»

Мақсаты: Мақсаты: Балаларға қысқы қаланың бейнесін көрсетуді, өз ойларынан алған әсерлерін бейнелеуді үйрету. Табиғатқа қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу

Сөздік жұмыс: аязды, сықырлайды, боран, тайғақ, жылтыр.

Полингвальды  компонент: қыс–зима-winter

қар-снег-snow

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивац.

қозғаушы.

Шаттық шеңбері:

-Сәлем Күн!

-Сәлем Жел!

-Сәлем Жер!

-Сәлем саған туған ел!

- Балалар, бүгін біз не туралы әңгімелейтінімізді

жұмбақ шешу арқылы білетін боламыз.

Жұмбақ:

Шанамен зырлап желетін,

Шаңғы,коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

Бірге өлең сөздерін қайта

лайды.


 

-Қыс мезгілі.

Ұйымдаст.

ізденістік

-Дұрыс,қыс мезгілі.Қалай ойлайсыңдар ,неге «қыс

тың қамын жазда ойла», «мұрныңды аяздан сақта»

деп айтады?

-Балалар,айтыңдаршы қыста қандай өзгерістер

болады?


-Қыс қандай болады?

 -Сонымен қатар,қыс мезгілі балалардың сүйікті қыс

қы ойындарының мезгілі.Қандай қысқы ойын түрле

рін білесіңдер?

  Сөздік жұмыс: аязды,сықырлайды,боран,тайғақ,жылтыр.

-Қыста сендер әртүрлі ойындар ойнайсыңдар.Бүгін

мен сендерге «Қысқы қала » атты картина арқылы

әңгіме құруды ұсынамын.

-Суретте қандай жыл мезгілі бейнеленген?

-Оны қайдан білдіңдер?

-Тағы қайдан?

 -Ауа-райы қандай?

 Сергіту сәті: «Аққала»

Қар жауғанда  топ бала,

Соқтық келіп аққала.

Мұрны сәбіз,үп-үшкір,

Көзі көмір қап-қара.

Көне шелек басында,

Сыпырғышы қолында.

Мұзайдынды аршуға,

Келгендей-ақ ол мұнда.

Өз ойларын айтады.



-Қар жауады,суық жел со

ғады,күннің көзі аз қызды

рады т.б.


-Суретте қыс мезгілі бейнеленген,өйткені айнала аппақ қар,адамдар жылы киінген.

-Картинаның аты «Қыс қызығы» болғандықтан.

-Ауа-райы ашық,аязды,

суық т.с.






Балалар бойларын сергітіп алады





-


Рефлексия

лық-түзе

тушілік.

-Қандай суретті талдадық?

-Қыс несімен қызықты екен?


«Қысқы қала»

Өзіне тән бейнесімен

Нені үйренді. қысқы қаланың бейнесін көрсетуді,

Нені білді: өз ойларынан алған әсерлерін бейнелеуді

Нені игерді: Табиғатқа қамқорлық жасай білуді




Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Жанды, жансыз табиғат»

Мақсаты: Балаларды жанды, жансыз табиғат туралы, жан - жақты түсінік беру. Ойлау және сезіну қабілеттерін қалыптастыру. Ұқыптылық пен тиянақтылыққа, табиғатқа деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

Полингвальды компонет: күн-солнце-the sun, ауа-воздух-air, су- вода-water

Көрнекілік: табиғат көрінісінің суреттері.


Әрекеттердің кезеңдері

Мотивациялық-қозғаушылық

Тәрбиешісінің әрекеті:

Шаттық шеңбер:

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз,

Біз әдепті баламыз.

Балалардың іс- әрекеті:


Бір- біріне жылу лебіздер білдірді.

1

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

жұмбақ

1. Дәмі де жоқ, түсі жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ.

2. Ақ сандығым ашылды

Ішінен жібек шашылды.

3. Өмірде одан мол ештеңе болмайды,

Құшақтасаң құшағың тең болмайды.

Бұл үшеуі балалар табиғаттың ең маңызды бөліктерінің бірі.

Осы жерде интербелсенді тақтадан слайд көрсетемін.

Ал табиғат балалар екіге бөлінеді.

Бірі жанды табиғат,ал бірі керісінше жансыз табиғат

/осы кезде слайд көрсетемін/

Жанды табиғат мысалы гүл, ол өсімдік өседі, өнеді.

Гүлді алып су құйып көрсетемін.

Ал енді балалар мынау тас ол жансыз табиғат.тасқа қанша су құйсаңда ол өспейді, өнбейді.

Сергіту сәті:

«Табиғат түріне байланысты»

Жел боламыз қане біз,

Жаңбыр болып жауамыз,

Ағаш болып тербеліп

Тас та болып қатамыз,

Құс та болып ұшамыз,

Орнымызға қонамыз!

Ал біз бүгін балалар, жансыз табиғаттың бірі тасты жандандырамыз. Ендеше тыңдаңдар

Менің қолымдағы не балалар?

Бұл моншақ дұрыс айтасыңдар.

Моншақтың осы түрі тастан жасалған екен

Осы моншақтарды су бояқ пен қыл қаламның көмегі арқылы біз оларды қоңызға айналдырамыз.

Ал енді жұмысты бастаймыз,ұқыпты әрі тинақты жасауға тырысайық

Қауіпсіздік ережелерін сақтап отыруларын айтып отырамын әр дайым.


(Су)


(Күн)


(Ауа)










2

Рефлексивтік-

түзетушілік

Сұрақ- жауап арқылы білімдерін пысықтау. Белсенділерді мадақтау.

Жауап берді.

Нені білу керек : өлі және тірі табиғат туралы,

Нені игереді: : Ойлау және сезіну қабілеттерін қалыптастыруды,

Нені білді: Табиғатқа деген қамқорлық жасауды.


МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР ЖИЫНТЫҒЫ


«АЛМАТЫ АРУ ҚАЛА!»


Мақсаты: Балаларға Алматы қаласының тарихы жайында түсінік беру. Балалардың танымын, ойын, тілін дамыту. Өз пікірлерін ашық айтып, өзгелердің пікірімен санаса білуге дағдыландыру. Сөйлеу шеберлігін, мәдениетін, сөздік қорын байыту. Өз елін, жерін сүйетін, өз елінің қалаларының өркендеуіне үлес қосатын азамат етіп тәрбиелеу.

Полингвальды компонент: алма-яблока-appil, қала-город-city

Көрнекілік: Музыка залы шармен әрленіп, стол үстіне алма мен алмұрт жемістері көрнекілік ретінде қойылады. Интерактивті тақтадан Алматының суреттері мен видеосы көрсетіледі.


Іс - әрекет сатылары

Тәрбиешінің басқару әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-оятушылық

Балалар «Мұзарт» тобының «Сағындым Алматымды»әнімен музыка залына кіріп вальс билейді.

Зал әсем безендірілген.балалар кіріп вальс билейді

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Сендер Қазақстанның қандай әдемі қалаларын білесіңдер?

-Алматы қаласы несімен ұнайды?

-Қаланың қандай жерелерінде болып көрдіңдер?

Видео. Алматы қаласы. (3 минут)

-Алматы қандай қала?

-Алматыда қандай ірі мәдени орталықтар бар?

-Алматы Қазақстанның қай жерінде орналасқан?

-Сонымен, кім айтады, біздің бүгінгі тақырыбымыз не болмақ?

Биыл Алматы қаласына 1000жыл ендеше қазір сол жайлы сөз қозғайық.Ол үшін арнайы жасалған бейне роликке назар аударамыз.

      Алматы республикадағы негізгі туризм орталығы болып саналады.балалар ,осындай ару қалада тұратын сендер өте бақытты балдырғандарсыңдар .

 Ондай болса балалар біз сендермен

«Біз бақытты балдырған»әнін орындайықшы.

Тақпақ: Дамелия мен Нәзік

Айзере мен Мәди

Жаннұр мен Алана.

        -      Алматыны кердің бе сен?- Дамелия

-      Жоқ, тегі... Нәзік

-      Көрмесең ол - Алатаудың көктемі.

Аппақ-аппақ
қар жатады басында,-
Нәзік

Көк
шалғынға оранғанда бөктері.-
Дамелия

-      Алматыны кердің бе сен?- Айзере

-      Жо-ға, әлі...- Мәди

-      Кермесең ол – Алатаудың- Айзере
"қонағы".

Гүлге оранып етегінде жатса да

,- Мәди

Түнгі оттары тұрады
одан жоғары.-
Айзере

  Алматыда болдың ба сен?- Жаннұр

-      Болғам жоқ.- Алана.

-      Болмасаң ол - тұрады ну орман боп.- Жаннұр

Жасыл қала!

Көшеде ескен гүлдері - Алана.

Жазың тұрсын,
қыста аязға солған жоқ.-
Жаннұр

Би: «Алматының алмасы» әніне биленеді

Тағы да өлең шумақтарына кезек береміз.

Сафина:

Жақсы екен ғой Алматым,

Алтын үйек астанам.

Осы екен ғой жаннатың

Атам қазақ аңсаған.

Жұмагүл:

Жақсы екен ғой Алматым

Алтын тулы астанам.

Осы екен ғой жаннатың

Атам қазақ аңсаған


Саян: Ару
қала!

Кімдер
келіп керген жоқ,

Күн
қарайды төбесінен орден боп!

Алатауда
сырғанасаң айдын бар,

Салқындасаң
саясында келдер кеп.

Көргің келсе, кел ендеше, жолдасым,

Тамашамен
таныстыру ол да сын!

Жалықпай-ақ
аралатып шығайын,

Бақыт,

Шаттық,

Жақсылықтың ордасын...

Ән «Апорт деген тәәті алма»

Полингвальды компонент: алма-яблока- appil

.

Балалар қызығушылық танытып, видео тамашалап, сұрақтарға жауап айтып отырды.










Балалар тақпақ айтып берді.




































Балалар ән орындап,би беп кештің сәнін келтірді.


Рефлекстік - түзету

Сұрақтар қойылады

Шығармашылық жұмыс:

Ендеше балалар, бүгінгі оқу қызметінің қорытындысы есебінде біз сендермен «Апорт»атты тақырыпта сурет салайық


Нені біледі:Алматы қаласының тарихи шахар екенін

Нені игерді: Өз ойларын ашық айтып, пікір таластыра білді.

Нені менгерді: Өз елінің патриоты болуды.









ҚАРИЯСЫ БАР ҮЙДІҢ, ҚАЗЫНАСЫ БАР!


Picture 3












Меркелік іс-шара


Жүргізуші:

Мерекелеріңіз құтты болсын ата - апа!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма!
Зейнетіне жеттіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.

Қадірлі ата - әжелер бүгінгі күні біз сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.
Бүгінгі мерекелеріңізді біздің балалар шырайландыра түспекші.

Айбек:

Асыл әжем, мақтанышым менің де
Қонақ болып отыр міне төрімде.
Өзіңе арнап былай тәтті үніммен
Ән салатын кезім келді менің де.
балалардың орындауында «Ақ әжем» әнін қабыл алыңыздар.

Бала тілі бал демекші ,балалардың тақпақтарына кезек берелік

Димаш:

Әпкем - әже баласы,
Әкем - Әже баласы.
Апамыздың ағасы –
Ол да әжемнің баласы.
Анам дейді мамашым:
Әже деген шамасы –
Аналардың анасы


Іңкар:
Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман - есен жүр әжем.

АPicture 1 лим:
Әдептілік белгісі,
Иіліп сәлем бергені.
Алла берген ұл - қызың,
Маңдайдағы жұлдызың.
Қариясы бар адам,
Дариясы бар адам.
Дияр:
Ата үлкен кәріміз,
Қуат берген дәріміз.
Әуелете аялап,
Ардақтаймыз бәріміз.

Алтынай:
Шай ішетін қоюлап,
Жақсы көрем атамды.
Сырмақ сырған оюлап,
Жақсы көрем апамды.

жандос:
Ұл қызына ерген
Немерең біз әже
Немерелеріңнен өрген
Шөбереңбіз әже.

Жүргізуші: Күн нөсерін төгейік
Жырдан моншақ өрейік
Уа жамағат ал енді
Әнге кезек берейік-демекші ән: «Жақсы көрем атамды,жақсы көрем апамды»

Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің бишілер
Көрінген көштің басынан-демекші тобымыздың мың бұралған биші қыздарын ортаға шақырайық.
БPicture 2 и: «Алматының алмасы»


Жалғас:
Менің әжем, ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып береді тағы әжем.

Әділбек:
Менің әжем, гүл әжем,
Алтын әжем, нұр әжем.
Анам үшін, мен үшін,
Нағыз әжем, тіл әжем.

Дамир:
Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман - есен жүр әжем.

Айла:
Бесігіме бөлеп алып,
Сен тербетсең қалғимын.
Жүрегіме сіңіп жатыр,
Сенің айтқан әлдиің.

Ой, қандай керемет! Рахмет сендерге балалар.

Жүректен кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар

Әсем әнмен тәтті күй демекші кезекті тағы да бір әнге берсек

Ән «Біз бақытты баламыз»

Жүргізуші: Күлімдеген көзіңнен
Айналайын атажан
Не үлкен сый бар бізге
Өзің берген батадан деп «Ата мен әже»әні Айбектің орындауында
Тамирлан:
Әжем менің шешіре
Көп ертегі біледі
Сыртта жүрген кезінде
Бізді ойлап жүреді

Айбике:
Менің әжем ақ әжем
Ақ жаулықты жан әжем
Ақыл айтқан дан әжем
Ертегісі дар әжем
Роллан:
Күлімдеген көзіңнен
Айналайын атажан
Не үлкен сый бар бізге
өзің берген батадан
Айша:

АPicture 2 қыл құйған санама,
Күннен де артық расында.
Күн алыста, ал әжем,
Ылғи менің қасымда.
Ақерке:
Ақ жаулықты әжемді
Ай - нұрына теңедім
Әр ісінен үлгі алып
Еркін өсіп келемін

Абдурахим:
Мейірімді апалар
Балалар кеп бата алар
Қалтасына кәмпит сап
Немереге апарар
Айзере:

Қысылып еш саспаңдар
Кәнеки би бастаңдар
Ата - әжелердің көңілін.
Бір көтеріп тастаңдар.

Би «Қамажай»

Бүлдіршіндеріміздің сіздерге арнап өз қолдарынан жасаған сыйлықтары бар. Қабыл алыңыздар!

«АЛТЫН КҮЗ, ӘСЕМ АЙНАЛАМ, ЕЛІНЕ БЕРЕКЕ СЫЙЛАҒАН»

Меркелік іс-шара


 1 жүргізуші:         

Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша-«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Бұлттар төгіп жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады,
Шөп сарғайып,өңі тайып, 
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай, ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады,
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
2 жүргізуші: Ал, балалар,балалар,
                    Енді бері қараңдар
                   Бізге қонақ келмекші
                   Сендерді бір көрмекші
                    Әуелі жұмбақ жасырам
                    Қулығымды асырам.
                   Таба алсаңдар шешімін
                   Қонағымды  ортаға шақырамын.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
  Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін»-Бұл не ,балақайлар? (Күз)

                  (Музыка ойнап, ішке Алтын күз келіп кіреді). 
Күз ханшайымы:  Сәлеметсіздерме, балалар! 
Сәлеметсіздерме, қонақтар! 
Мен — Күз ханшайымымын!

Жайдары, жарқын жүзбін. 
Қонаққа келдім сендерге.

Сәбіз, картоп, тәтті алма! 
Оған достым таң қалма!

Жүргізуші: 
Өрік, шие, алма, алша, 
Жидек, жүзім піседі. 
Қауын, қарбыз, қияр, 
Сәбіз қоймаларға түседі. 
Айтындаршы балалар бұл қай кезде болады? 

Ортаға күз ханшайымы келеді ,

Ән«Алтын күз»

Тәрбиеші: Балалар біз күз ханшайымын төрге отырғызайық.
Күз ханшасы ең алдымен сендердің өнерлеріңді тамашалағысы келеді. Қане дайындаған көрінісімізді қойып берейік.
Көрініс: «Көкөністер айтысы»
Айзере мен Айбек бақшаларына барып, көкөністер теруге сыртқа шықты. Кенет күбірлеген дыбыстар естілді, бұл ненің дыбысы екен десе, көкөністер адамға мен пайдалымын деп айтысып жатыр екен. Ең алдымен сөзді қияр бастады:
Іңкәр

(қияр):
Дәмім тілді үйірген,
Мен тұздалған күймде.
Жаңа піскен кезімде,
Жейді бәрі сүйсіне.

Роллан (картоп):
Мен ұялшық картоппын,
Мен емесепін мақтанар,
Мені жақсы көреді,
Үлкендермен балалар.
Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатайық.

Муслима: (Ас бұршағы):
Кішкене түймедеймін мен,
Ұнаймын және бәріне,
Дәмді салаттарыммен ,
Сый жасаймын бәріңе.

Дарын (пияз):
Боламын мен демеуіш,
Барлық- барлық тағамға.
Көкөністер ішінен,
Мен пайдалы адамға.

Айша (сәбіз):
Кім бар сәбіз шырынын,
Жастайынынан ішпеген.
Мені жеген адамдар,
Кем болмайды күшке де.

Тамирлан: (шалқан)
Кім білмейді шалқанды,
Дәмімді татып таң қалды.
Бәріне сый боламын,
Тауып көр менен дарқанды.

Алтынай (қырыққабат):
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда.
Мені қосса самсаға.
Жейді бәрі тамсана.
Димаш (қызанақ):
Піскен кезде қызанақ,
Көз тартар қызыл түсімен.
Барма адам сүйсінбей,
Томат шырынын ішпеген.

Инара: (Қызылша)
Мен де бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге
Менсіз борщ болмайды,
Винегрет те үстелге.

Амир (Асқабақ)
Іші сары, сырты қатты,
Дәні-дәрі, дәмі-тәтті.
Пісіріп жесең ас тамақ,
Мұның аты асқабақ.


Айзере -жүргізуші
Көкөністер бәрі де ,
Денсаулыққа пайдалы.
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер.

Айбек-жүргізуші
Барлығың да дәмдісіңдер,
Шырқап айтар әнімсіңдер.
Көз тоймайтын кереметтер,
Дастарханның сәнісіңдер.

Жарайсыңдар балалар,енді біз сонау алыстан сендерден сағынып келген күзімізге мың бұрала би билеп қалай қарайсыңдар,күзге арнап би билейміз бе?


Жапырақтар биі Алтынай,Балнұр,Амангүл,Құрбанай.Амир,Юсуф,Дияр,

Ән «Күз тамаша»

Балалар енді мен сендермен ойын ойнағым келеді


 «Дәмін тат та, атын айт» ойыны.
Тәрбиеші: Балалар күз патшайымының әкелген екінші тапсырамасы ойын екен,
яғни ойын шарты: көздерің байланады, дәмін және иісін сезу арқылы қандай жеміс немесе көкөніс екенін табасыңдар.

Ән мен би «Кап -кап»Қыздар ғана шығады

Дамир:
Алма пісіп, алмұрт түсіп,
Күзде бақтар жайнайды.
Құстар қайтып, қош айтысып
Қимас үнмен сайрайды.

Юсуф:
Ой балалалар балалар,
Қоңырқай күз келіпті.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егінін орыпты.

Әділбек:

Күзім ау,күзім ау

мінезің бұзық ау

Жаңбырың сіркіреп

келгенің қызық ау

Жалғас:
Жапырқтар сылдырлай,
Алтын күз міне келіпті.
Туған жерін қия алмай,
Ұшып құстар кетіпті.
Амангүл:
Алтын сары қызыл көк,
Алуан- алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жалтырап.

Алим :
Күзде жайнап ашыла,
Күннің нұры көшкендей.
Алма ағаштың басына ,
Қызыл қарбыз өскендей.


Ән «Мен алманы жақсы көрем»

«Көңілді би» Инара, Муслима, Айзере, Іңкар

Айбек, Димаш, Дамир, Жалғас

Жандос:
Алтынға бояп өңірді,
Күзде келді көңілді.
Бау- бақшада , орманда,
Сары жапырақ төгілді.

Балнұр:
Қыркүйек қазан,қараша,
Күздің бұлар айлары.
Үлкендер қуанып балаша,
Егіндерін жинайды.

Ән:«Алтын күз»

Абдурахим:
Алтын, сары, қызыл, көк, 
Алуан – алуан жапырақ. 
Күзгі бақта күлімдеп, 
Көз тартады атырап, 
Альтаир: 
Күн шуақтап маужырап, 
Жатыр еді атырап. 
Ағаштармен жамырап, 
Ұшты кенет жапырақ, 

Әдия:Алтын,сары,қызыл,көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап
Дияр:
Ал балалар тұрмайық, 
Қол соғайық тұрмайық. 
Күзгі бақта бүгінгі, 
Шырқап әнге салайық. 

Данил :

Күн шуақтап маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштармен жамырап,
Ұшты кенет жапырақ,
Күз ханшайымы: «балалар,менің келесі бір тапсырмам,сендер бәрің қосылып әдемі әндер орындап жатырсыңдар,енді мен жеке ән тыңдағым келеді»
Айзере: Күз ханашайымы байқаймын сіз өте ерекше ханшайым сияқтысыз, ерекелегіңіз таусылмады ау,

Айбек: Иә, дұрыс айтасың Айзере.Бірақ біз ол тапсырманы да орындай аламыз.Ендеше дәл өзіңіз сияқты ерке қыздың бірі-Іңкәр.

Іңкәрдің орындауында «Ерке қыз»әні

Айзере : Рахмет Іңкәр

Айбек: Іңкәрға қарап менің де ән орындағым келіп кетті ғой.

Менің орындауымда «Ата-әжем»әні

Ән : «Күзгі әуен»




«БАЛАБАҚША ПАНАМЫЗ,МЕКТЕП БІЗДІҢ АНАМЫЗ»

Меркелік іс-шара


Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда

Жол табар қараңғыда адасқанда,

Мал озбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда, - деп

Міржақып ақын айтпақшы тарыдай болып кіріп, ақыл ойлартолысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген бүлдіршіндердің ұйымдастыра өткізілгелі отырған «Қош бол балабақшам!» атты мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер.

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

Кішкентай, бүлдіршін түлектерді,- деп«Балауса»тобының түлектерін шақыруға рұқсат етіңіздер.


Алана, Мади, Медина

Амина, Саян, Арина

Нәзік, Нұрдаулет, Жарқынай

Жаннұр, Ануар, Алуа

Аяла, Стас

Балаларға ортаға кіреді де бірден флешмоб билейді


Жақынай: Ботақандай бөбек деп,

Еркелеткен ұл - қызын,

Анамызды ерекше,

Қуантамыз біз бүгін.

Қолыма гүл аламын,

Дайын дәптер қаламым.

Таңғалдырып достарымды,

Мен мектепке барамын


Мади:Қуанамыз сыйлаймыз,

Қуаныштың мың гүлін

Бақшамызбен қимай біз

Қоштасатын күн бүгін.

Балабақша есігін

Сәби болып ашқанбыз

Балапандай мәпелеп

Өсіреді бақшамыз

Ануар: Бұл екінші үйіміз

Біз туғанбыз бәріміз

Біз осы үйдің гүліміз

Біз осы үйдің сәніміз

Амина:Қош бол ойыншықтарым

Жасырып кейде тыққаным

Кеткендей кеше қоштасып,

Келгенде алдан шыққаным

Жүргізуші: Балалар сендер ертегі еліндегі кейіпкермен бірге болғыларың келеді ме? Бір ерте заманда бір қыз болыпты. Ол гүлдердің арасында өмір сүрген соң оны Гүлқыз деп атаған екен. Ол кішкентай болғаны соншалық гүлдің ішінде өмір сүріпті.(сол кезде гүлдің күлтешелері ашылып ішінен Гүлқыз шығады.)


Жүргізуші: Балалар,қараңдар, міне Гүлқыздың өзі де келді.

Түймеқыз: Сәлеметсіңдер ме балалар! Менің атым – Гүлқыз. Мен гүлдердің ғана арасында өмір сүрген соң есімімді Гүлқыз деп қойды. Мен гүлдердің арасында отырып шаршадым. Мен және менің досым Ханзада да мектепке барғымыз келеді. Бірақ ол Ханзаданы таппай жүрмін. Көрмедіңдер ме?


Жарқынай мен Нәзік жүгіріп шығып: Гүлқыз, сен уайымдама. Сенің досың сені таппай жатқан болар табылады. Ормандағы гүлдер майысып тұрып билемекші. Мүмкін қазір бидің дауысын естіп, Ханзада келіп қалар.


Олай болса «Гүлдер»биін тамашалайық


Ануар: Біздің әсем әнімізде бар, Нәзіктің орындауында «Бақытты балалық» әні

Түймеқыз:Өнерлі өрге озар демекші, өнерлеріңе тәнті болып отырмын.

Нұрдаулет: Ондай болса, Гүлқыз, сен менің достарымның тақпақтарын да тыңдай отырғайсың

Н әзік: Бұл қуаныш себебін,

Бізге қарап ұғыңдар,

Ер жетті деп бөбегім,

Туған отан қуансын,

Туған дала қуансын.

Сүйген өз қызын өз ұлын

Бөбегім деп аянбай,

Балабақша өз үйім,

Апай болды анамдай.


А луа: Біз сабақты бастаймыз,

Қайталаудан аспаймыз,

Есептен де қашпаймыз,

Жазуды енді бастаймыз.

Бөлмеде кеңес бересіз

Болашағымызға сенесіз

Бізден кейін кетесіз,

Бізден кейін келесіз

Саян:Мектепке енді барамыз,

Оқимыз сауық құрамыз,

Қашық емес арамыз

Бақшаға келіп тұрамыз.

Әр нені білдік мәнісін,

Сыртын қойып және ішін,

Айтамыз сізге мың алғыс

Осылардың бәрі үшін.

Саян: Біз балабақшадан көп нәрсе үйрендік, тәртіпті болуды, жазуды, оқуды, ән айтып би билеуді, ең бастысы үлкендерді сыйлап, ата-ананы тыңдауды.

Мәди: Ия, досым, дұрыс айтасың, ондай болса бәріміз «Ата ананы тыңдаймыз» әніне тұрайықшы

Әні орындалады «Ата ананы тыңдаймыз»

Гүлқыз:

Балалар, сендермен өте қызықты.

Жаннұр: Енді, кезекті әдемі бір биге берсек

Мади- Амина,

Медина -Нұрдаулет,

Арина- Саян

Жаннұр-Ануар

Алуа- Стас

Гүлқыз: балалар,сендерге рахмет билеп те бердіңдер,ән де айтып жатырсыңдар,бірақ мен әлі досымды уайымдап көңілім тыншымай отырмын.

Жүргізуші:

Түймеқыз,байқаймын сен өте ерке қыз сияқтысың,қанша көңіліңді ауласақ та

көңіліңнен бір шықпай қойдық қой.

Біздің топта да сен сияқты тағы бір ерке қыз бар.Ол біздің сүйкімді Алана.

Ендеше ерке қызымыздың әнін тыңдайық

Ән «Ерке қыз»

Арина:

Ойыншықты жинаймыз

Бөбектерге сыйлаймыз

Үлкен болып өссекте

Бақшамызды қимаймыз

Біз мектепке барамыз

Қолға қалам аламыз

Кітапты да оқимыз

Суретті де саламыз


Жаннұр:

Мектепке енді барамыз

Біз оқушы боламыз

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік аламыз

Ә салайық бас қоса

Балабақшамен қоштаса

Қалам,дәптер аламыз

Кітаптармен достаса

Балалар, мен ерке емеспін мен жай ғана тәтті қызбын оған менің әнім дәлел.

Ән «Тәтті»

Ортаға шар ұстаған кемпір қосақ кіреді: Гүлқыз, біз сенің досыңды тауып алдық, досың қаладан, қала шарлап Астанада жүр екен. Сол кезде ханзаданы кіріп келеді.

Саян: мен барлық қалаларды аралап, балалардың мектепке дайындығын көрдім.


Гүлқыз: Ханзада сен сонда қандай,қандай қалаларда болдың?

Астана да, Көкшетау да Қарағандыға да бардым.

Әлі бармаған қалаларым қаншама,

Балалар айта қойыңдаршы, Ханзада қандай қалаларда болмаған

Тарз, Шымкент, Талдықорған, ия дұрыс, ал енді басқа қаларды сен біздің Ануардың «Здравствуй Столица» әнінен білерсің,


Ән: «Здравствуй Столица»

Ханзада: Ендеше Гүлқыз екеуміз Таразға, Шымкентке,Қызылордаға барып қайтайық


Гүлқыз: Қош сау болыңдар балалар, сендер өте өнерпаз,сондай сүйкімді, сондай ақылды балаласыңдар. Оқуда озат болыңдар, қош сау болыңдар балалар.

Нәзік: Ия, біз оқуда озат боламыз,күнде бестік аламыз,

Ән: «Оқуда озат боламын»


Би: «Кемпірқосақ»

Ән «Динь-динь детский сад»

Бүгін бір ерекше күн, балалардың өнерлеріне тәнті болатын күн, ендеше тағы да бір таңдай қағып,тух, міне би деп осыны айт деп бір таңырқап қалыңыздаршы дегім келеді, ғажайып биді билейтіндер, Алана мен Ануар.

Нұрдаулет: Біз үнемі Отан, балабақша, ана жайлы әндер айтатын едік, ал, мен өмірде балаға асқар таудай пана болған, аналарымызға ғашық болған әкелер жайлы шырқағым келеді.

Ән «Әкелер»

Мәди: мен мектепке жалғыз емес әжеммен барамын,

Саян: сонда қалай, күнде мектепке бірге ертіп жүресің бе?

Стас: да, я тоже толька с бабушкай буду ходить в школу, а то вообще не буду ходить!

Ән «Әже, жүрші мектепке»


Жадырасын жүзіміз,

Би билейік бәріміз,

Ең тамаша күн бүгін,

Ән салайық бәріміз.

Ән «Көңілді күн»

Үлкендердей тап-таза
Жазамыз бормен тақтаға.
Үлгілі бала боламыз,
Жүретіндей мақтана.

Тәрбие алған баламыз,

Тәртіпті бала боламыз

Қоштасып балабақшамен

Біріншіге барамыз

Өздеріңді ұмытпай

Есімізге аламыз

Ұмытпас деп ұясын тамаша әнге саламыз.

Ән «Тәрбиеші»



ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ!

Мерекелік іс-шара


Ертенгіліктің мақсаты: Балаларға «Жаңа жыл» мерекесін дәстүрлі емес жолмен мерекені өткізуге үйрету.

Білімділік: Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық: Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту. 

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу. 


1-Жүргізуші:

Амина: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді

Құтты болсын мына жылың арайлы!

Picture 1












2- жүргізуші:

Іңкар

Құтты болсын ағайын!

Жаңа жылың тағы да

Қол соғып қарсы алайық

Шақырайық ортаға

Ертеңгілік басталсын

«Балауса» тобына!

Абдурахим:

Жаңа жыл, жаңа жыл

Сені күтем елеңдеп

Өзіңменен ілесіп

Аяз ата келер деп

Инара:

Шыршамызда қаншама

Түрлі – түсті шырақтар

Күлгін түсті тоқаштар

Жарқыраған алтын бар

Данил:

Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса,

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

Айла:

Ақ қырауға малынған

Сақалы да, мұрты да,

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына.

Балнұр:

Шыршамыз да керемет

Ойыншықтар тағылған

Алыс жақтан келіп тұр

Аяз ата сағынған

Айбек:

Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны

Той – маскарад басталды

Аяз оны басқарды

Жүргізуші:

Іңкар:Достар , қалай ойлайсыңдар біздің кешіміз сәнді де мәнді болу үшін кімдер жетіспейді?

Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақша қар Ау-у-у-у! (3-рет)

(Аяз ата мен Ақша қар кіреді)

Ән «Келді міне жаңа жыл»

Picture 2














Димаш :

Арайлы бақшаны

Үзілмейді жақсы әні

Гүлденеді бақшалар

Жауса жаусын Ақшақар!

Эдуард:

Жаңа жылға сәніміз

Біздің айтар әніміз

Келдің бе аман алыстан

Сәлем, Аяз атамыз.

Дамир:

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле – төрле жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын

Амир:

Ақ қар жапта даланы

Ақ жамылды айнала

Жарқыратты шамдарын

Шырша келді ортаға.

Би «Чунга чанга»

Аяз-ата: Балалар мен сендерге құр қол келмедім, міне бір сандық сыйлығымда бар, ойпырмай менің кілтім қайда кетті екен, осы қазір осы жерге қойған ем.әрі бері іздейді.

Осы кезде аяз ата шыршаның ар жағында жасырынып отырған Цыған қызын көріп қояды.

-Аааа сен бе алған кілтімді?

-қане қайтып бер мен балаларға әкелген сыйлығымды көрсетейін.

- Жоқ, бере алмаймын кілтіңді

-Цыған қызы, жаңа жылдық мерекенің шырқын бұзба.

-ондай болса менің бір шартым бар,соны орындайтын болсаңдар кілтті де қайтып беремін дейді.

-ол қандай шарт, қане айта ғой цығаның сұлу қызы дейді жүргізуші.

-мен, ән айтып ,би билегенді ұнатамын

-ондай болса біздің қыздар сенің құрметіңе цыған биін билеп берсін.

Picture 1

Би: «Цыған биі»

  • Бұл жерде де цыған қыздары көп екен ғой,

  • Муслима: жоқ біз цыған қыздары емеспіз,біз қазақ қыздарымыз.

  • Оған менің әнім дәлел болмақ,

ән «Мен қазақтың қызымын»

Жарайсыңдар балалар, міне ата кілтіңіз, ал мен кеттім, барып бал ашайын, жаңа-жылға ақша табайын..

Тәрбиеші:

Аяз-ата, шыршаның шамын жағайық.

Көңілді әнді салайық,

Шыршаның шамы жарқырап,

Қуанып бір қалайық

Аяз-ата : «Қуант бізді , таңырқат.

Шамдарыңды жарқырат» - деп 3 рет айтады

Амина:

Кезектесіп балалар

Тақпақ айтып береміз

Сұрақ қойса Ақшақар

Ойланып жауап береміз

Ақшақардың сұрақтары:

Мен білемін бір ойын:

Үйретейін сендерге

Ал, сендер аяқтаңдар ойынды

Хормен жауап айтыңдар!

Қарға мүлгіп дала тұр,

Келе жатыр.......

Балалар: Жаңа жыл.

Хор: «Ақша қар»

Би: «Снежинки»

Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер.

Іңкар:Ия, ата, балаларымыздың бәрі шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады. Ал сізде бізге құр келмеген шығарсыз.

Аяз ата: Әрине менің сендермен ойнайтын ойыным бар. (Аяз ата ойын ойнатады)

Айша:

Жаңа жылда жаңаша

Тақпақ айтып береміз

Болсын риза балаша

Аппақ Аяз атамыз

Әділбек:

Арайлы бақшаны

Үзілмейді жақсы әні

Гүлденеді бақшалар

Жауса жаусын Ақшақар!

Джохангир:

Шырша дейміз елканы

Балалар билеп қоршады

Түрлі – түсті ойыншық

Шыршада көз тартады

Би «Пираттар»

Роллан:

Аспан жерге төгеді

Ақ күмістей уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап

Жалғас:

Той, мереке, салтанат

Думандатты шартарап

Келді, міне жаңа жыл

Тартуларын арқалап.

Інжу:

Аяз келді қаһарлы

Айналаны қар жапты

Ақ тон киіп орман тұр

Дәл атамдай салмақты

Юсуф:

Жаңа жыл,жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

Құрбанай :

Аяз ата аппақ

Кәмпиттері тәтті-ақ

Маған кәмпит көп берсең

Тағы айтамын тақпақ

Тамирлан:

Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады қатады

Жылтырап жатады

Ит жылы кіріп келеді:

Мен жаңа жылмын

Мен жаңа нұрмын

Нұрымды да себейін

Жырымды да себейін

Амангүл:

Оралдың өлкеме

Жаңа жыл армысың

Оранды ақ көрпеге

Асқар тау , қарлы шың

Муслима:

Қандай әсем шартарап

Шаттық күйге бөлеп тұр

Кәмпиттерін арқалап

Аяз ата келіп тұр

Хор: «Келді міне жаңа жыл»



БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ



1.Жау-жау жаңбыр

жау жаңбыр.

Тереземді жу жаңбыр,

Гүлдер жайнап көгерсін.

Табиғат бізге нәр берсін!




2.Жақсы бала жаманнан,

Алыс жүреді қашанда,

Жақсы бала жақсымен,

Дос болады әманда



3 .Біз ақылды баламыз

Айтқан тілді аламыз

Үлкендерді құрметтеп,

Кішіге қамқор боламыз!

Бәрін танып,білеміз

Бәрін ұстап көреміз

Жақсылықтан үйреніп,

Жамандықтан жиреніп,

Жақсы адам боламыз!




4.Қызыл гүлдер,ақ гүлдер

Сары гүлдер,көк гүлдер

Әсем кілем секілді

Бұл не деген көп гүлдер





5.Көктем келді жеріме,

Құстар келді көліне

Жылғалардан су ағып

Табиғат енді сәніне


6.Күн жылуын себеді,

Жерге нұрын төгеді

Жарқыраған күн көзі

Сәулелі нұрға бөледі





7.Жас қаласың Астана

Бас қаласың Астана

Шабыт берген жүрекке,

Жыр-шуақты Астана!




8.Туған жерім армысың

Ағайын туыс бармысың

Мен төріңде шалқиын

Хош иісіңе балқиын






9.Ару қалам –Алматы,

Әсем қала-Алматы

Жер бар ма екен әлемде

Алматыдай алмалы






10.Табиғат қандай әдемі

Көктем сондай кәделі

құстары келіп алыстан

орманда әсем күйге енді,

шұғылалы шуақты

керемет әсем таңы енді


1 1.күз келсе береке

астық толса қамбаға

ол да үлкен мереке

күзім қандай тамаша

жапырақтар жердегі

ұқсайды сары кілемге



12.Әкемді де сүйемінShape8 Shape9 Shape10 Shape11

Анамды да сүйемін

оларды ғана пір тұтып

өмірлік бас иемін



13.Қуыршағым менің әдемі-ақ

көзі қара,беті ақ

сүп сүйкімді қуыршағым

менің сүйікті ойыншығым



14.Менің аппақ көжегім

жүр десем ол жүрмейді

күл десем ол күлмейді

сәбіз берсем жемейді

сөйлеуді де білмейді


15.Жел боламыз қане біз,

Жаңбыр болып жауамыз,

Ағаш болып тербеліп

Тас та болып қатамыз,

Құс та болып ұшамыз,

Орнымызға қонамыз!


16.Ертегілер еліне

Саяхатқа баралық

Ертегілер елінде

Көп қызыққа баталық!


Мазмұны


Алғы сөз

3

Эссе

5

«Мен өз елімнің болашақ патриотымын»

7

«Ағаштар неге ашуланды»

19

Татар халық ертегісі:«Үш қыз»

28

«Жол ережесін білесің бе?»

32

«Бауырсақ» (орыс халық ертегісі)

35

«Ертеңгілік жаттығу»

37

«Электроника әлемі»

39

«Қар қандай»

44

«Қандай қызық қыс деген?»

46

«Жанды, жансыз табиғат»

47

«Алматы ару қала!»

50

«Қариясы бар үйдің,қазынасы бар»

54

«Алтын күз, әсем айналам, еліне береке сыйлаған»

58

«Балабақша панамыз, мектеп біздің анамыз!»

63

«Қош келдің жаңа –жыл!»

68

«Балаларға базарлық»

74




38


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.05.2018
1023
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі