Материалдар / «Тәрбие тал бесіктен» интелектуалдық ойын ( ата-ана мен бала)

«Тәрбие тал бесіктен» интелектуалдық ойын ( ата-ана мен бала)

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасындағы тәрбиенің маңыздылығын, ата- ана мен тәрбиеші арасындағы ортақ мәселе бала тәрбиесі жайлы түсінікті тереңдете түсу. Балардың ойлау қабілетін, білімділігін тіл байлығын мақал- мәтел арқылы дамыту. Ойында өздерін еркін ұстауға, өз ойларын ашық айта білуге. Ұлттық ойындарға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Шілде 2024
171
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Тәрбие тал бесіктен»


Мақсаты: Отбасындағы тәрбиенің маңыздылығын, ата- ана мен тәрбиеші арасындағы ортақ мәселе бала тәрбиесі жайлы түсінікті тереңдете түсу.

Балардың ойлау қабілетін, білімділігін тіл байлығын мақал- мәтел арқылы дамыту. Ойында өздерін еркін ұстауға, өз ойларын ашық айта білуге. Ұлттық ойындарға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Бөлме мерекелік ойынға сай шарлармен, отбасы жайлы нақыл сөздермен, түрлі отбасылық суреттермен безендірілген.

Тәрбиеші: Армысыздар, құрметті ата аналар және балабақша бүлдіршіндері!

«Балалы үй базар», бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Болашақ баланың жақсы азамат болып өсуі отбасындағы тәрбиеге тікелей байланысты.Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы оқу тәрбие жұмысының сабақтастығын, жобаны жандандыру мақсатында «Сұрақ жауап» атты интелектуалдық ойын ,ата аналар мен бүлдіршіндердің қатысуымен өтетін ойын сайысымызға қош келіңіздер!

Ойының бағдарламасы:


1.Жұмбақ шешу

(1.балалар жасырады, ата- ана шешуін табады. 2. ата-ана жасырады бала шешеді)

2. Жаңылтпаштар (балалар айтады, ата- ана жалғастырады)

3. Мақал – мәтелдер (балалар бастайды, ата -ана жалғастырады)

4. Бейне таспа арқылы «Сұрақ - жауап» (бала сұрақ қояды, ата- ана сұраққа жауап береді)

6. Кілемшені ұлттық ою өрнектермен безендіру.(Ата- ана ою өрнектерді атап, балалармен бірлесіп кілемшені өрнектейді).Бірінші тапсырма: Жұмбақ: (балалар жасырады)

  1. Қол ісі жайында.

1Отыз омыртқа,

Қырық қабырға,

Бәрін ұстап тұрған,

Ауыз омыртқа. (шаңырақ)

2Шаршамас кемпір көрдім жалғыз аяқ,

Ауызына тістеп алған шиден таяқ,

Жүрген сайын белбеуін қабаттайды

Беріпті әсемдікті алмайт-ақ (ұршық)

3Тиіп кетсе жылаған,

Даусы көпке ұнаған (домбыра)

  1. Біздің көмекші құралдарымыз.

Кесе-кесе мұқалды, жони-жони жұқарды. (пышақ)

Өзі жеке қалғанда, ас татуға ерінер.

Адам қолға алғанда, көк темірді кемірер. (егеу)

Жібергенде бір ұрып, кетсе шиге бүгіліп.

Темір ауыз тісімен, тастайды оны суырып. (қышқаш)

2 . Ата ана жасырады

Төрт түлік жануарлар.

Кезекті бір жануар, үстінде екі тауы бар. (түйе)

Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,

Мінсең қанат, түсі дәрі, еті томақ. (жылқы)

Өзі күшті, мүйізі мықты, қызылды көрсе, құтыра шықты.

Төрт бұлағы-сүт, бағи білсен-құт.

Шайнайды сағыз, сүттің иесі нағыз. (сиыр)

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

Төлі-егіз, өзі-семіз, айтшы, қане, қай түлік дейміз? (қой)

Жарға шығып ойнайды, ойынға бір тоймайды.

Болса-дағы сақалы, секеңдеуді қоймайды. (ешкі)


Екінші тапсырма . Балалар айтады, ата ана қайталайды.

Жаңылтпаштар:

1 Ақ кептер, көк кептер, көп кептер.

Тоғыз балатоғыз

Қалада да тоғыз

Тоғыз қалатоғыз

2Бала толысады.

Ағабай ағасын,

Ағатай деп атасын,

Аға деп бағалар

Ағаның бағасын.

3Есет атасы ет асатар,

Ет асатса бес асатар.

4Шеше, неше кесе сынды кеше?

Үшінші тапсырма.

4. Мақал - мәтелдер: (бала бастайды, ата- ана жалғастырады).

1Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.

2Ердің атын еңбек шығарар.

3Еріншектің ісі - екі.

4Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады.

5Тәрбие - отбасынан басталады.

6Әдепті бала -арлы бала,

Әдепсіз бала - сорлы бала.

7Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені.

8Ана көрген - тон пішер, ата - көрген оқ жанар.

9Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар.

10ыз - өрісің, ұл - қонысың.

11Ұл- аспандағы жұлдыз, қыз - жоғардағы құндыз.

12Кітап - білім бұлағы.

Төртінші тапсырма.

5. Бейне таспа арқылы «сұрақ - жауап». (балалар ата- аналарына сұрақ қойады)

  1. Ұлттық ойын. «бұл қандай ойын?»



  1. Ойынның ережесін айтып бер.

  1. Ойынның суретін атап бер.

5.Сергіту сәті.

Бесінше тапсырма.

6. Кілемшені ұлттық ою өрнектермен безендіру.

Қортындылау.

Суретке назар аударайық ! Суретте үй бейнеленген. Онда түсіністік, шыншылдық, сыпайлық, шыдамдылық, жауапкершілік, сыйластық, мейрімділік, кеңпейділік, қамқорлық, махаббат деген сөздер жазылған. Осы сөздерді оқи отырып, отбасындағы әрбір адамда осындай сезімдер болса, нағыз «бақытты отбасы» осындай болмақ деген ой түйеміз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ