КАСПИЙ ӨҢІРІ «БОЛАШАҚ» КОЛЛЕДЖІ
ӘДІСТЕМЕЛІК ӨНІМ
Тақырыбы: Тәрбиедегі жаңа парадигма және цифрлық этика
Автор (әзірлеуші): Джакаева Гульзира Баженовна
Түсіндірме жазба
Қазіргі жаһандық трансформация кезеңінде білім беру жүйесінің негізгі мақсаттарының бірі – тұлғаны жан-жақты дамыту, оның мінез-құлық мәдениетін, ұлттық дүниетанымын, құндылықтық бағдарын және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» атты Тамыз конференциясында білім мен тәрбиенің өзара ажырамас бірлігін ерекше атап өтіп, жаңа ұрпақты рухани-адамгершілік тұрғысынан кемелдендіруді стратегиялық басымдық ретінде айқындады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Ұлттық құрылтайдың [1] «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзінде негізгі құндылықтарды атап өтті:
|
|
|
|
|
|
Цифрлық ғасырдың қарқынды дамуы тәрбие процесіне тың міндеттер жүктеді. Интернетке тәуелділік, буллинг, кибербуллинг, вейп, вандализм, агрессия, лудомания, діни радикализм, зорлық-зомбылық, ысырапшылдық сияқты қауіптер жасөспірімдер арасында жиі кездеседі. Осындай сын-қатерлерге қарсы тұру үшін білім алушылардың медиа және цифрлық сауаттылығын дамыту, эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру, ақпаратты сараптай білу және қауіпсіз цифрлық мінез-құлық машықтарын қалыптастыру — педагогтің негізгі міндеттерінің бірі. Ол үшін алдымен педагогтар баланың құндылықтарын дамыту компоненттерін меңгеру керек.
1.Танымдық компонент
«Адал
ұрпақ» біртұтас тәрбие бағдарламасында
компоненттер 3 түрге бөлініп қарастырылады:
2.
Практикалық компонент
3.Эмоционалды
компонент
.
Осы компоненттер әр балада жобаларды әзірлеу және қорғау барысында, тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру және шығармашылық және спорттық сайыстарға, интеллектуалды ойындарға қатысу арқылы қалыптасады. Аталған компоненттер кураторларға студенттердің әлеуметтік паспортын құруға, білім, тәрбие деңгейін бақылауға және мінез-құлқындағы өзгешіліктерді түзетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, топ және тәрбие сағаттарын, мерекелік кештерді т.б. іс-шараларды студенттердің даму деңгейіне сай тиімді әрі жүйелі түрде ұйымдастыруға бағыт-бағдар береді.
Әрбір құндылық оқу-тәрбие процесінде жүйелі түрде көрініс табады. Өйткені, әр айға құндылық атаулары берілген. Тәрбие бағдарламасын жүзеге асырудың жалпы схемасы төмендегідей кезеңдерді қамтиды:
Білім беру ұйымдары деңгейінде;
Педагогтер деңгейінде;
Отбасымен ынтымақтастық деңгейінде;
Қоғамдық серіктестермен өзара іс-қимыл деңгейінде.
Ұсынылып отырған тәрбие жұмысы бойынша әдістемелік өнім «Ұлттық бірегейлік», «Қоғамға қызмет», «Экологиялық мәдениет», «Құқықтық мәдениет және медиа сауаттылық», «Буллингсіз орта», «Тәрбие парагдигмасын жаңарту» сынды тәрбие үштағанының идеологемаларын сабақтастырып, студенттің дамуына жаңа серпін береді. Бағдарламада ай сайынғы құндылыққа бағытталған іс-шаралар, ұлттық мәдениетті дәріптейтін «Күй күмбірі», «Өнегелі 15 минут», «Ұлттық ойындар», «Үнемді тұтыну» бастамалары, сондай-ақ «Қамқор», «Ұшқыр ой алаңы», «Smart bala», «Еңбегі адал – жас өрен» сияқты әлеуметтік жобаларды қамтып, «Адал ұрпақ» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жасақталған. Бұл жұмыс формалары тәрбиені өмірмен ұштастырып, студенттің күнделікті тәжірибесінде тұрақты құндылықтық дағды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Цифрлық этика дәуірінде өткізілетін іс-шараларды жасанды интеллект пен жаңа технологиялармен сабақтастыра ұйымдастырып, оқу орнымызда тәжірибеде қолданылуда.. Тәрбие және білім беру жүйесінде инновациялық құралдар мен цифрлық шешімдерді тиімді пайдалану арқылы жаңа буынның көзқарасын ескеріп, шараларды ұйымдастыру креативтілікке, көшбасшылыққа, сыни ойлауға және қатесін түзету қабілетіне жетелейді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Адал ұрпақ» біртұтас тәрбие бағдарламасына сүйене отырып, құндылыққа бағдарланған білім беруді әр түрлі пән оқытушыларымен бірлесе ұйымдастыру тәрбиелік іс-шаралардың тиімділігін арттырады. Әр пән оқытушысы – өз топтарының кураторы ретінде белсенді қатысып, студенттердің дамуына бағытталған іс-шараларды қолдайды. Әсіресе, информатика пәні және «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» мамандығының арнайы пән оқытушыларымен жасанды интеллектті сабақтастыра өткізген семинарлар мен тәрбие сағаттары студенттердің қызығушылығын арттыратынын тәжірибе көрсетіп отыр.
«Тәрбиедегі жаңа парадигма және цифрлық этика» атты әдістемелік өнімнің мақсаты: Жас ұрпақты ұлттық құндылықтар мен рухани-адамгершілік негіздерге сүйене отырып жан-жақты дамыту, олардың сыни ойлау, мәдени және цифрлық этика саласындағы құзыреттерін қалыптастырып, қоғамға қызмет етуге, жауапкершілікпен әрекет етуге қабілетті заманауи азамат ретінде тәрбиелеу.
Ерекшелігі: Бағдарлама «Адал ұрпақ» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізінде колледжге бейімделіп, студенттердің жан-жақты дамуына бағытталған. Ерекшелігі – әрбір іс-шараны жасанды интеллект элементтері арқылы ұйымдастырып, студенттің өз бетінше тәжірибе жасауына мүмкіндік беруінде. Бағдарлама ұлттық құндылықтар мен адамгершілік принциптеріне сүйеніп, студенттердің мінез-құлық мәдениеті мен әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастырады, сонымен қатар танымдық, практикалық және эмоционалды компоненттерді дамытуға және жобалар, шығармашылық, спорттық және әлеуметтік іс-шараларда құндылықтық дағдыларды нақты өмірде қолдануға бағытталған.
Жаңалығы: Әр студенттің тәрбие тақырыптарын тереңірек меңгеруіне бағытталған жеке тәжірибе құру. Студент куратордың түсіндірген тақырыбына сәйкес видео, аудио, суреттер, кітапшалар, жарнамалар, анимациялар жасап, адамның ішкі әлеміне үңіледі. Бұл тәсіл Конфуцийдің «Естігенімді – ұмытамын, көргенімді – есте сақтаймын, өз естігенімді – меңгеремін» деген сөзін толық дәлелдейді: студент тек тыңдап қана қоймай, көріп, тәжірибе жасап, өз біліміне айналдырады. Дәстүрлі бірсарынды тәсілдің орнына студент өз іс-әрекеті арқылы тақырыпты меңгеріп, нақты тәжірибе алады. Жасанды интеллект арқылы әр студенттің шығармашылық жұмысы жеке бағытталған, нәтижелі және қызықты процесс қалыптастырады.
Тәрбие – үздіксіз және жүйелі түрде жүретін күрделі процесс. Оның нәтижелілігі педагог, ата-ана және қоғам ынтымақтастығына, тұлғаның ішкі әлемін түсіне білуге, ұлттық құндылықтар мен заманауи талаптарды үйлестіруге байланысты. Ұсынылып отырған «Тәрбиедегі жаңа парадигма және цифрлық этика» авторлық оқу бағдарламасы тәрбиенің тұтас, ғылыми, тәжірибелік және құндылықтық негіздерін біріктіре отырып, заманауи азамат бейнесін қалыптастыруға бағытталған. Бағдарлама жас ұрпақты рухани бай, мәдениетті, сыни ойлайтын, цифрлық ортада жауапкершілікпен әрекет ететін, Отанын сүйетін, қоғамға қызмет етуге дайын тұлға ретінде дамытуға арналған кешенді жүйе болып табылады.
Негізгі бөлім. 1.«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: колледжге бейімделген тәрбие
2.Біртұтас тәрбие бағдарламасының философиясы мен құндылықтары Колледжде білім беру мазмұны арқылы құндылықтарды дарыту процесі (Кесте №1)
Тәуелсіздік және отаншылдық |
• Жағдаяттарды сыни талдау, таңдау жасау, шешім қабылдау және өз шешімінің жауапкершілігін түсіну; • Өз елінің тарихы, мәдениеті, дәстүрлері мен жетістіктері білімін тарихи фактілерге сүйеніп ұдайы кеңейтуге ұмтылу; • Халықпен/ мемлекетпен бірлікті және мемлекетінің дамуы үшін жеке жауапкершілікті сезіну; • Елдегі және әлемдегі оқиғаларды объективті бағалау үшін ақпаратты сыни тұрғыдан талдай білу; • Ұлттық бірегейлікті нығайтуға ықпал ететін мемлекеттік тілді еркін меңгеру; • Еңбек нарығындағы жоғары кәсіби дағдылар мен бәсекеге қабілеттілік таныту; • Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін, оның ішінде халықаралық аренада қорғауға дайын болу. |
Бірлік пен ынтымақ |
• Қоғамның әл-ауқатына қамқорлық пен жауапкершілікті көрсете алу; • Басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасау, өзара көмек пен қолдау негізінде мақсаттарға жете алу; • *Басқа адамдардың эмоцияларын түсіну, бөлісу және сезіну; • Басқа адамдардың қажеттіліктеріне жауап беру және қолдау көрсету дағдыларының болуы; • Мәдени айырмашылықтарды түсіну; • Қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға ықпал ететін қақтығыстарды шешуге қатысты келіссөздер жүргізе алу; • Өзін-өзі дамыту және білім алу дағдыларының болуы. |
Әділдік пен жауапкершілік |
• Іс-әрекетке қатысушылардың барлығының құқықтары мен міндеттерінің теңдігін ескере отырып, өзінің және басқалардың іс-әрекеттерін бағалай білу; • Жалпы нәтижедегі әрбір тапсырманың маңыздылығын түсіне отырып, өз міндеттемелерін сапалы және мерзімінде орындай білу; • Командада жұмыс істей білу, басқалардың пікірлері мен ұстанымдарын құрметтеу және ортақ мақсаттарға жетуге ұмтылу; • Қателерді қабылдауға және түзетуге дайын болу, егер олар жасалса өзінің жұмысының нәтижелері үшін жауап беру; • Мемлекеттің сақталуы мен өркендеуі үшін жауапкершілікті сезіну. |
Заң және тәртіп |
• Күнделікті өмірде заң туралы білімді қолдана білу; • Қоғамдық қауіпсіздікті жақсарту және құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын қолдау жөніндегі бастамаларға қатысуға дайын болу; • Жалпы әл-ауқат пен қауіпсіздікке ықпал ету үшін жұмыс орнында тазалық пен тәртіпті сақтай білу; • Төтенше жағдайларда ұйымдасқан шараларға сабырлы әрекет ете алу. |
Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік |
• Өз мамандығы бойынша терең білім мен дағдылардың болуы; • Кәсіби және жеке қабілеттерін кеңейте отырып, үнемі білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу; • Жаңа әдістер мен технологияларды тез игере отырып, жұмыс жағдайларының өзгеруіне және нарықтың жаңа талаптарына бейімделу; • Максималды тиімділік пен сапаға ұмтыла отырып, өз жұмысының қорытындылары үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын болу; • Өз іс-әрекеттерінде адалдық пен ашықтықты қамтамасыз ете отырып, шеберлікпен жоғары этикалық стандарттарды ұстану; • Басқаларды тыңдау, үйлестіру және қолдау арқылы әріптестермен ынтымақтастық дағдыларын орнату; • Күрделі жағдайларды талдай білу, ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау және негізделген шешімдерді қабылдау. |
Жасампаздық және жаңашылдық |
• Қолданыстағы жүйелер мен процестерді дамытуға және жақсартуға ықпал ететін жаңа идеялар мен тәсілдерді құра білу; • Заманауи технологияларды меңгеру және оларды кәсіби мәселелерді шешу үшін тиімді пайдалану; • Инновациялық стратегиялар мен жұмыс әдістерін қолдана отырып, ауқымды жобаларды іске асыру; • Кәсіби ортада және жалпы әлемде тез өзгеретін жағдайларға икемді бейімделе алу; • Басқаларды инновациялар мен прогреске жетелейтін көшбасшылық қасиеттерін көрсете білу; • Өзгерістерді болжауға және оларды тиімді қолдануға бейімдеуге мүмкіндік беретін әлемдік трендтер мен инновациялар туралы білу |
3.Біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі компоненттерінің іске асырылуы (Кесте№2)
Компонент атаулары |
Компоненттерге түсінік беру |
Компоненттердің іске асырылуы |
Танымдық компонент |
Баланың әл-ауқатын анықтайтын құндылықтардың маңыздылығын білу, түсіну, сезіну |
Білімді қабылдау және талдау қабілеті |
Практикалық компонент |
Өмірлік жағдайларда құндылықтар қолдануды сипаттайтын дағдылар мен нақты әрекеттер |
Жобалары әзірлеу, іс-шараларға қатысу |
Эмоционалды компонент |
Баланың құндылықтарын, бағдарын және мінез-құлқын анықтайтын эмоционалдық тәжірибе |
Адамгершілік, эмоциялық тұрақтылық |
3.Тәрбиенің өмірмен байланысы: студенттердің күнделікті тәжірибесінде құндылықтық дағдыларды қалыптастыру (Кесте№3)
Күнделікті өткізілетін іс-шаралар |
||
Іс-шаралар атауы |
Түрлері |
Жауапты |
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» – үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру. |
|
Дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары, кураторлар (Тәрбие жоспарының уақыты бойынша) |
«Өнегелі 15 минут» – ата-аналардың баласымен мінез құлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке әңгімелесуі. |
|
|
«Үнемді тұтыну» – суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру: жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар әзірлеу |
|
|
«Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау |
|
|
Апта сайын өткізілетін іс-шара |
||
«Менің Қазақстаным» – оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды |
|
|
«Апта дәйексөздері» – бүкіл білім беру ұйымның оқу және оқудан тыс іс-әрекетінің лейтмотиві ретінде қызмет ететін мақал-мәтелдер, халық даналығы, көрнекті тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, сынып тақталарында және т.б. орналастырылады. |
|
|
«Қауіпсіздік сабағы» – мемлекеттік құзырлы органдармен бірлескен жұмыс жоспарына, мақсатты тақырыптарға сәйкес, салауатты өмір салты, құқықтық сауаттылық, ақпараттық мәдениет, жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігін, қауіпсіз мінез-құлқын және т.б. сақтауы туралы сынып сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беру немесе әңгіме өткізу |
|
|
4.Цифрлық этика және инновациялық тәсілдер: медиа және цифрлық сауаттылықты дамыту
Цифрлық ғасырдағы жаңа қауіптер |
Жасанды интеллект пен жаңа технологияларды пайдалану |
Жауапты |
Вейп (электронды темекі), нашақорлық |
|
|
Вандализм |
|
|
Буллинг (кибербуллинг) |
|
|
Лудомания |
|
|
Зорлық - зомбылық |
|
|
Интернетке тәуелділік |
|
|
Жасанды интеллектпен өткізілген тәрбие сағаты үлгісі:
5.Әлеуметтік, зияткерлік және шығармашылық даму алаңы
Әлеуметтік жобалар мен мазмұнды іс-шаралар – оқушылардың бойында ұлттық және адами құндылықтарды қалыптастырудың, сондай-ақ отбасы, мектеп және қоғам арасындағы тиімді өзара іс-қимылды дамытудың пәрменді тетігі болып табылады. Мұндай жобалар білім беру мен тәрбие жұмысына жүйелілік енгізіп, балаларды нақты әрекетке баулиды. Төменде осы бағыттағы негізгі жобалар мен олардың мақсаты нақтыланып ұсынылған: 1. «Қамқор» әлеуметтік жобасы - волонтерлік қызмет, қарттарға, көпбалалы отбасыларға, мұқтаж жандарға көмек көрсету арқылы әлеуметтік жауапкершілік дағдыларын қалыптастыру. 2. «Ұшқыр ой алаңы» - пікірталас алаңдары, зияткерлік ойындар, дебаттар мен шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту. 3. «Smart bala» - ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект, робототехника, кодтау, мультимедиа жобалар арқылы оқушыларды заманауи біліммен қаруландыру. 4. «Шабыт» шығармашылық жобасы - өнер, музыка, театр, бейнелеу өнері бағытында өтетін байқаулар мен көрмелер арқылы балалардың өнерге деген қызығушылығын арттыру. 5. «Еңбегі адал – жас өрен» - еңбек дағдыларын меңгеру, мектеп ауласын абаттандыру, кәсіби бағдар беру, қолөнер мен тұрмыстық еңбек түрлерін насихаттау. 6. «Балалар кітапханасы» жобасы - оқырман клубтары, кітап марафондары, тақырыптық талқылаулар мен авторлармен кездесулер өткізу арқылы оқушыларды әдебиетке баулу. «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» жобасы
6.Бағдарламаның тиімділігі және нәтижелері

Қорытынды
Бағдарламаның үздіксіз және жүйелі тәрбие процесіндегі рөлі
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар
Сілтемелер:
[1] Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзі 15 наурыз 2024 жыл».
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбиедегі жаңа парадигма және цифрлық этика

шағым қалдыра аласыз