Тәрбиелеу мен білім беруді ұйымдастыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбиелеу мен білім беруді ұйымдастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік нұсқаулық
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ БАЛАЛАРДЫ ЕРТЕ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ











МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНА НҰСҚАУЛЫҚ

















Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына нұсқаулық, – Астана, 2022 - 258 бет.

Пікір жазғандар: С. Н. Жиенбаева п.ғ.д.,

профессор Ф.К. Омарбекова,

меңгеруші Ж. Муханбеткалиева, меңгеруші

Бұл Нұсқаулықта Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асыруда педагогтің атқаратын міндеттері, заттық-дамытушы ортаны құру оны қызығушылық орталықтарына бөлу, тәрбиелеу білім беру процесін, күн тәртібін, ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар мен педагогке қажетті материалдар (ұлттық, қимылды ойындар, ертегілер, мобильді кітапхананы құруға қажетті материалдар, балалардың түрлі әрекеттерін ұйымдастыру бойынша бейнероликтер сілтемелері, бейнероликтер және аудиоматериалдар сілтемелері және басқалар) берілген. Нұсқаулық мектепке дейінгі ұйымдар меңгерушілеріне, әдіскерлеріне, педагогтері мен мектепалды даярлық сынып педагогтеріне, ЖОО мен колледж студенттеріне арналған. Нұсқаулық «Балаларды ерте дамыту институтының» Ғылыми-әдістемелік кеңесінде қаралып, 2022 жылғы 23 қарашадағы №11 хаттамалық шешіміне сәйкес ұсынылған. «Балаларды ерте дамыту институты», 2022 ж.





























Мазмұны

1. Түсіндірме жазба 4

2. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту саласы педагогтерінің басты міндеттері 8

3. Заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру 9

4. Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру 17

5. Мектепке дейінгі ұйымның отбасымен өзара ынтымақтастығы 31

6. 1-қосымша Қазақ халқының ұлттық ойындары. Қимылды ойындар 32

7. 2-қосымша «Адалдық әліппесі» мектеп жасына дейінгі балаларда құнды қасиеттер мен адалдықты қалыптастыруға бағытталған дидактикалық ойындар жинағы 56

8. 3-қосымша Мектеп жасына дейінгі балалармен театрландырылған әрекетті ұйымдастыру 72

9. 4-қосымша Балаларды ойын арқылы дамыту 72

10. 5-қосымша Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған аудиоертегілер жинағы 73

11. 6-қосымша Мобильді кітапхананы құруға аудио жазбасын жылдам жауап беру кодымен (QR) қажетті материалдар 74

12. 7-қосымша Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен балалар әдебиеті жылына арнайы ұйымдастырылған «Балапаным биік ұш» мүшайра материалдары 83

13. 8-қосымша Балаларға арналған өлеңдер мен шығармалар жинағы 107

14. 9-қосымша Музыкалық репертуарлар 183

15. 10-қосымша Мектепке дейінгі ұйым музыканттарымен әзірлеген балалар әндері ноталарымен, музыкалық сүйемелдеуімен аудиоматериалдар сілтемелері 191











Мектепалды даярлық: Тәрбиелеу мен білім беруді ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында 2021-2022 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хат Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, сонымен қатар  Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі  негізінде әзірленген.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін жайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау болып табылады. Әдістемелік нұсқау хатта 2021-2022 оқу жылындағы негізгі міндеттер белгіленген,  ол мынадай бағыттарды қамтиды: әр баланың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жайлы дамытушы қауіпсіз білім беру ортасын, оның ішінде инклюзивті орта құруды; балаларды қызықты ойын түрінде (шаршауды болдырмау үшін) тәрбиелеу, оқыту және дамытуды; баланы білім беру процесіне толыққанды қатысушы (субъект) деп тану; ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға қоғамның оң көзқарасын қалыптастыруды; мектепте оқуға қажетті дағдыларды жетілдіруді (қауіпті немесе қауіпсіз әрекеттерді бағалай білу; эмоцияларын басқару; баланың жалпы когнитивтік дамуы); әртүрлі әлеуметтік топтардан шыққан балалардың сапалы мектепке дейінгі білім алуы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.

Тәрбиелеу – білім беру процесін ұйымдастыруда педагогтерге келесі негізгі қағидаларды назарда ұстау ұсынылады: ойын арқылы оқыту; білім беру салаларын кіріктіру арқылы тәрбиелеу, оқыту, дамыту. Мектепке дейінгі жас баланың жеке тұлғасын қалыптастыру өте маңызды. Бұл жаста балалардың сөйлеу, сенсорлық дағдылары қалыптасады, сондай-ақ ақыл-ой, дене, эстетикалық, патриоттық тәрбие беру көзделеді. Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиелеу-білім беру қызметін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырады.

Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар өз қызметін мынадай кезеңдер бойынша ұйымдастырады: 1 қыркүйек пен 31 мамыр аралығында – оқу жылы (Үлгілік бағдарламаның мазмұнын меңгеру кезеңі); 1 маусым мен 31 тамыз аралығында – жазғы сауықтыру кезеңі; мектеп жасына жеткен тәрбиеленушілерді мектепке дейінгі ұйымнан босату жыл сайын 1 тамызға дейін жүзеге асырылады; тәрбиеленушілерді бір жас тобынан басқасына ауыстыру ағымдағы жылғы 1-31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

Тәрбиелеу – білім беру процесі: өтпелі тақырыптар негізінде перспективалық жоспарға; циклограммаға; тәрбиеленушілер жетістіктерінің мониторингіне (бастапқы, аралық, қорытынды) сәйкес жүзеге асырылады. Перспективалық жоспарды оқу жылына арналған өтпелі тақырыптардың негізінде тәрбиешілер және басқа да педагогтер  құрастырады. Жоспарланатын өтпелі тақырыптар, олардың бірізділігі мен саны Педагогикалық кеңесте қаралады және бекітіледі. Перспективалық жоспарда ұйымдастырылған оқу қызметінің  тақырыптары айқындалады.

Перспективалық жоспар балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, оларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту бойынша білім беру міндеттерін міндетті түрде орындауды қарастырады. Циклограмма перспективалық жоспарға сәйкес әр аптаға құрылады, ол балаларды қабылдаудан бастап, ұйымдастырылған оқу қызметін, серуенді өткізуді, күндізгі ұйқыны ұйымдастыруды, яғни балалардың үйге қайтуына дейін күн тәртібіндегі барлық процестердің орындалуын қамтамасыз етеді. Циклограмманың құрылымы күн тәртібіне сәйкес құрылады. Педагогтің міндеті – ұйымдастырылған оқу қызметі барысында балалардың қызығушылықтарын ескеру, әр баламен сөйлесу.

Баланы өзінің әлем туралы түсінігін құру құқығы мен мүмкіндігі бар және өз бетінше үйренуге белсенді қатысушы ретінде қабылдау қажет. «Ойын – баланың негізгі  әрекеті және дамытудың негізгі құралы» екені моделден көрініс тапқан. Сондықтан, баланың даралығы мен субъективтілігін қолдауға бағытталған трансформацияланатын ойын және тақырыптық аймақтар, инклюзивті дамытушы орта құру қажет. Ойын барысында педагогтер балалардың өз тәжірибелерін оң және теріс деп талдауға, өз эмоцияларын басқаруға үйретеді, сондай-ақ өмірлік маңызды дағдыларды дамытады.

Мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру процесінің тиімділігін анықтау, Үлгілік бағдарламаның мазмұнын меңгеру бойынша, сондай-ақ баланың даму динамикасы туралы ақпарат алу үшін мониторинг жүргізіледі. Педагогикалық диагностиканы тәрбиеші басқа да педагог мамандармен  тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырады. Педагог ұйымдастырылған оқу қызметі мен режимдік сәттердің білім беру міндеттерін  айқындауда  тәсілдерді өзгертуі қажет: балаларға үйрету емес, дербес  шешім қабылдау үшін жағдай жасау, балаларға ойлануға, зерттеуге, салыстыруға және осы әрекеттерін бағдарлауға мүмкіндік беру ұсынылады.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда баланың өмірі мен дамуына ықпал ететін барлық факторларды ескеру қажет. Демек, баламен жұмысты ата-аналарымен, қоршаған ортамен өзара ынтымақтастықта құру аса маңызды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің “Мектепке дейінгі балалық шақ”
республикалық орталығы, www.rc-dd.kz



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.02.2025
102
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі