Тәрбиелі жеке тұлға
қалыптастыруда
қолданылатын
әдіс-тәсілдер
ЖШС
Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің
оқытушысы Дүйсенова Гүлзира
Елемесқызы
Қазіргі таңда қарыштап дамып
келе жатқан технологиялық прогресс кезеңінде өскелең ұрпақтың білім
деңгейі замануи талапқа сай болу керек. Ұлы Абайдың
«Адамның қасиеті үш-ақ нәрсе:
нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы
жүрек» демекші, этикалық әрі
моральдік құндылықтарға да ерекше көңіл бөле отырып тәрбие беру –
жеке тұлға қалыптастырудың негізгі арнасы болып
табылады.
Жеке тұлға тәрбиелеу —
ұлы міндет. Қазір заман талабына сай, қабілетті ұрпақ тәрбиелеу -
оқытушыға да жаңаша талап қойып отыр.
Білім беру саласы – оқытудың
əдіс-тəсілдерін үздіксіз жетілдіріп отыруда және жаңа педагогикалық
технология әдіс-тәсілдері арқылы да қарқындап дамуда. Оқыту мен
тәрбиелеуге өзгерістер енгізу, олардың сапасын арттыру, жаңа
педагогикалық технологиялармен үрдіс қалыптастыру - оқушылардың
білімге деген қабілеттерін арттырудың жүйелі бағыты болып
табылады.
Қазақ халқы бала
тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Салт-дәстүріміздің тәрбиелік үлгісі - халқымыздың ең қымбат
қазынасы деп
білеміз.
Қазақтарға дәстүрлі
қонақжайлылық қасиет ежелден тән.
Олардың бұл қасиеті көптеген ғасырлар барысында қалыптасқан. Бұл
жөнінде XIX ғасырдың аяқ кезінде Ресей зерттеушісі Виктор фон
Герн былай деп жазған
болатын: «Жалпы алғанда, қазақтар
осы уақытқа дейін жылы
жүзділігімен, қайырымды ақкөңілділігімен және қонақжайяылық
қасиетімен таңғалдырады. Мұның өзі
олардың сүйегіне ежелден сіңіп
кеткен керемет асыл қасиет».
Жиналып тұрған топқа жақын
келген адам оларға бірінші болып сәлем беруге міндетті. Атты адам жаяу
кісіге, жасы кіші үлкендерге бірінші болып сәлем береді. Алға
келген астан алдымен жасы үлкен адам дәм татады. Тамақ ішіп отырған кезде көп сөйлеуге
болмайды. Балаларға жақсы тәрбие, үлгі-өнеге беруде мақал-мәтелдердің атқаратын рөлі
зор. Халық даналығы балаларды еңбексүйгіштікке,
алды-артын аңдап сөйлейтін сақтыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге баулиды. Мәселен, «Еңбек етсең
ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Бірлік бар жерде тірлік бар»,
«Жаздың бір күні жылға азық», «Жақсы жігітке жеті өнер де аз»
сияқты мақалдардың тәрбиелік маңызы
зор.[1]
Тәрбиенің әдістері
дегеніміз (грекше – methodos - жол) – тәрбиенің мақсатына жету
жолдары, тәсілдері, құралдары және
амалдары.
Қазіргі таңда жеке адамның
санасын қалыптастыру әдістерін дамыту керек.
Тәрбие туралы мәселелерді
оқушыларға талдау жасата отырып түсіндіру барысында, оқытушы
оқушылармен әңгімелескенде, олардың ойын тыңдап, онымен санасады,
ынтымақтаса жұмыс істейді. Оқушылармен әңгімелесуде көбіне әңгімені
бастауға себепші болатын балалардың теріс
қылықтары.
Сондықтан да оқушылармен
әңгіменің жақсы өтуіне әсер ететін жағдайларға көңіл бөлу
керек:
*әңгіме мазмұнының оқушылардың жас ерекшеліктері мен
әлеуметтік
тәжірибесіне сәйкес
болуы;
* әңгіменің қызықты, әсерлі болуы, жарқын мысалдар
келтірілуі;
*оқушыларды әңгімеге тарту,
олардың өз ойларын білдіре
алулары;
* әңгіме барысында көрнекіліктер
қолдану;
*әңгіменің дайын
жауаптарының болмауы;
*мазмұндау тілінің
әдеби сауатты болуы.
Сонымен қатар, оқушыларды
мадақтап отыру керек. Мадақтау барысында оқушылардың тәртібін, мінез-құлқын бағалап және көтермелеп
отырудың, педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы. Мадақтау әдісі
арқылы оқушы өзінің мінез-құлқы қандай болуы керектігін түсінеді,
жағымды мінез-құлықты дамытып, ісінің дұрыстығын көріп, өзіне
сенімділігі артады, жақсы істерді жалғастыруға тырысады.
Мадақтаудан алған әсері оқушыны теріс әрі келеңсіз істерден
сақтандырып отырады.
Оқытушының оқушының өрескел
қылықтарының дұрыс еместігін түсіндіріп отыруы –оқушының жақсы
дамуына , жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал
етеді.
Тәрбие сағаттарында оқушыларды
тыңдай білуге де үйрету керек. Оқушылардың оқыған әдеби
шығармаларын талдатып, спорт және өнер үйірмелеріне қатысуы,
шығармашылық жетістігіне жанұясының ықпалы туралы сұрау, жанұядағы
тәрбие барысына, достары туралы, табиғат, экология туралы әсерлі
тақырыптарда әңгімелесу барысында оқушының қабілетін танып білуге
болады. Сонымен қатар, эссе, мақала жаздыру - оқушының өмірге деген
көзқарасын өзгертіп, жақсы тәрбие алуына әсер
етеді.
Жаңа педагогикалық
технологиялар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға
көмектеседі. Сондықтан да тәрбиеге, білімге жаңалық енгізу - кез
келген білім беру мекемесінің дамуы мен жоғары жетістікке жетуінің
негізі болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР:
-
1. Абайдың
психологиялық-педагогикалық көзқарасы және қазіргі ауыл
мектебі. Қ.
Тәлімұлы.
-
Бұзаубақова К.Ж. Жаңа
педагогикалық технология. Оқулық Тараз ТарМУ
2003
-
Мектептің тәрбие үдерісін
басқарудағы тиімді әдіс-тәсілдер. әдістемелік нұсқаулық
/құраст.Н.Тайтанова. – Алматы, 2019. – 48
бет
Дереккөздер
-
↑ Қазақстан тарихы (XVIII
ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына
арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.Алматы: Атамұра,
2008. — 352 бет, суретті,
карталы. ISBN
9965-34-816-2