Тәрбиелік іс-шара: "Жол ережесі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбиелік іс-шара: "Жол ережесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға жол ережесін түсіндіру, сақтық белгілерімен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:Жол ережелерін байланысты жүргізілетін жұмыстар.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Ойын, тренинг

Мақсаты: Көшедегі қауіпсіздік ережелері туралы алған білімдерін пысықтау , балаларды өмірлік қауіпсіздік ережелеріне уйрету.Жол белгілерін білу мен олардың атқаратын қызметін , қоғамдық және көліктердегі тәртіп сақтау заңдылықтары туралы түсініктерін ойын арқылы ойлау қабілетін, тақпақ арқылы тіл байлықтарын дамыту.

Керекті көрнекіліктер: Бағдаршам, жол белгілері.видео жазба.

Әдіс –тәсілі: Әңгімелесу. Түсіндіру,ойын, тақпақ жатқа айту, сергіту сәті, шаттық шеңбер, сұрақ-жауап.

Тәрбиеші: - Сәламетсіздер ма балалар! Сәламетсіздер ме қонақтар! Бүгінгі ұйымдастырылған тәрбиелік іс-шарамыздың тақырыбы: «Жол ережелерін байланысты жүргізілетін жұмыстар.
Балалар қане жылы лебізімізді білдірейікші.
Шаттық шеңбері.
Күндей, жадырап Айдай арайлап,Жұлдыздай жарқырап, судай таза көңілмен бүгінгі күнімізді бастайық.

Біздің тобымыз: «Балауса!»

Ұранымыз:

Ережені білеміз. Көшеде еркін жүреміз. Біздің ұран осындай, Сендерге айтып береміз. Біз балабақшаға барамыз, Оқу білім аламыз. Тәрбиешінің айтқанын, Есте сақтап аламыз.

Балалар біз бүгін жол ережесімен танысамыз. Жолда жүрудің, адамдардың да көліктердің де өз тәртібі бар. Балалар таңертең балабақшаға келгенде немесе ата-аналарымен қыдырып жүргенде . Арнайы жаяу жүргіншілерге арналған жол жиегімен жүреміз. Себебі машиналар бір-бірімен соқтығысып қалмау үшін.Ал енді балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Сөйлеуді ол білмейді, Бірақ тоқта жүр дейді. Бұл не екен балалар? (Бағдаршам )


Тәрбиеші: Балалар көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады. Бағдаршам өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілің алу баршамызға ортақ. Олай болса балалар бізге «Бағдаршам» қонаққа келіпті.
Бағдаршам: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мені барлық елдердің балалары жақсы біледі. Бүгін сендерге арнайы қонаққа келдім. Күндіз түні жанамын
Дабыл беріп бәріне.
Үш түрлі түсім бар
Белгілі жаспен кәріге
Мен бағдаршам боламын .

Тәрбиеші: Қош келдің Бағдаршам! Бүгінгі айтар әңгімеміз саған қатысты болмақ. Сондықтан да бізбен бірге бол.
Бағдаршам:

Мен жалғыз келген жоқпын . Мен сендерге жол белгілерін таныстыру үшін өзімен бірге белгілерімді ала келдім .

Видео жазба көрсетіледі


Тәрбиеші: Бағдаршам біздің балалар өте ақылды! Бағдаршам туралы көп тақпақ біледі. Тыңдап көріңізші!
Кәусар:
Сапар шексек сізбен біз,
Сан көлікке мінеміз
Троллейбус, трамвай
Автобусбен жүреміз

Шаттық:
Көлік, көлік, көлік
Көліктерге мінеміз
Көшелермен, көшелерімен
Күнде тынбай жүреміз
Арсен: Тәртіп бұзсақ абайсыз
Жағдай туар қолайсыз
Май қызметкерлерінен
Сан кешірім сұраймыз
Ақмаржан:
Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз
Сақтағанда қатерден
Сау саламат жүреміз
Бағдаршам: - Иә, расында да балалар өте ақылды екен. Балалардың тапқырлығын тексеріп көрейінші! Балалар мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр. Бағдаршамның неше көзі бар?
Балалар: - үш көзі бар.
Бағдаршам: - бағдаршамның көздерінің түсі қандай?
Балалар: - қызыл, сары, жасыл
Бағдаршам: - Оның түстері нені білдіреді?
Балалардың жауабы. Қызыл тоқта, сары сақ бол, жасыл жүр дейді Бағдаршам: Жарайсыздар балалар, мен туралы өте жақсы біледі екенсіндер. Тәрбиеші: Ия, бағдаршам біздің балалар өте ақылды.Біздің балалардың ,сіздің әр көзіңізге арналған арнайы тақпақтары да бар .

Бағдаршам болып киінген үш бала тақпақтарын айтып береді.
Қызыл – Ізбасар
Қызыл көзі жанғанда
Қалт тоқтай қал табанда

Сары – Аяжан
Сары көзі жанғанда
Сақ абай бол барынша

Жасыл – Ақберен
Жасыл жарық жол ашық,
Жүгіре бер бел асып

Үшеуі бірге: Бас аяқты ойлап,
Бол ұқыпты жолда

Сергіту сәті:
1) Бағдаршамның қызыл түсін көрсету.
Балалар орындарынан тұрады.
2) Бағдаршамның сары түсін көрсету.
Балалар екі жаққа кезек - кезек дайындалады.
3) Бағдаршамның жасыл түсін көрсету.
Аяқтарын топ - топ басады.

Тәрбиеші:
-Балалар бағдаршамның неше түсі бар? Үш: қызыл ,сары, жасыл.
-Қай түсі жанғанда машиналар жүреді? – жасыл.
-Көлік күтетін жерді қалай атайды?-аялдама.
-Бағдаршам қызыл көзі не дейді?» Тоқта»-дейді


Өте тамаша балалар сұрақтарға керемет жақсы жауап бердіңдер.
Қорытынды:
Тәрбиеші: Рахмет балалар бүгін сендер өздерінің жол ережесін білетіндеріңді көрсеттіңдер. Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар дегім келед




Күтілетін нәтеже: Орындайды: Көше қауіпсіздік ережелерін үнемі есте сақтауды. Түсінеді: Көшеде қауіпсіздік ережелерін сақтап, оларды дұрыс орындау дағдыларын. Қолданады: Қоғамдық жерлерде өзін – өзі ұстау дағдыларын.



«Боранқұл» бөбекжайы МКҚК











Жол ережелеріне байланысты жүргізілетін жұмыстар.

( тәрбиелік іс- шара)









Дайындаган: тәрбиеші Ж. Мереева .











2018 жыл.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
1334
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі