Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру.Образдық бейнелерді орындай білуге үйрету,хормен және жеке ән айту шеберлектірін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен ырғақты сақтай орындауға үйрету.
Жүргізуші: Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де, көрмеген де арманда.
Жаңа жылың құтты болсын, ағайын!
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын, ағайын!
Құрметті бүлдіршіндер, ата –аналар, ұжымдастар сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз.Әр шаңыраққа берекелі, мерекелі, табысты жыл болсын. Дендеріңізге мықты денсаулық болсын, жақсылықты қызықтайтын әр күндеріңіз сәттілікке тол болсын.
Бүгінгі «Балдәурен» тобының ұйымдастырумен өткізілген жаңа жылдық мерекемізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Мерекемізді әдемі әнмен бастаймыз.
Ән: «Кел жаңа жыл,жаңа жыл»
Жүргізуші: Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші, сен оны.
(Музыка әуенімен Аққала кіреді)
Жүргізуші: Бұл не өзі? Неткен ғажап? Өзің шықтың қайдан?
Аққала: Менің атым Аққала,
Үйренген суық, қарға да.
Мұрным менің сәбізден,
Міне, міне қараңдар!
Ал мерекенің құрметіне,
Шелегімді ауыстырдым қалпаққа!
Емеспін мен қарапайым Аққала.
Балалар, сіздер билегенді ұнатасыңдар ма? Ендеше кім маған билеп береді?
Би: «Көңілді балақан» бір топ қыздар.
Аққала: Жарайсыңдар, балалар! Өте көңілді биледіңдер! Ой, мүлдем ұмытып кетіппін! Мені сіздерге Аяз ата жіберді ғой. Сіздердің шыршаларыңа әдемі ойыншық беріп жіберген.
(Аққала қалтасынан ойыншықтарды іздейді)
Аққала: Мен асығып жүріп ойыншықтарды түсіріп алыппын, сіздерден ұялып тұрмын.
(Аққала жылайды)
Жүргізуші: Уайымдама, Аққала. Біз балалармен бірге саған ойыншықтарды іздеуге көмектесеміз.Тек сен қай жолмен келгеніңді көрсетші.
Аққала: Рас па, балалар? Сендер маған көмектесіздер ғой? Онда тездетіп жолға шығайық. Менің көңілді паравозыммен шығайық.
(Музыка әуенімен балалар паравоздың жүрісін салады, Аққаламен шыршаны айналып жүреді)
Аққала: Мынау түлкінің ізі мана жолдан көрген болатынмен.
(Музыка әуенімен Түлкі шығады)
Түлкі: Кім бұл, неткен шу? Ах, Аққала, сен бе бұл,жалғыз келмепсің, кімдер қасыңда жүргендер?
Аққала: Сәлем, Түлкі! Бұл балалар менің достарым. Мен Аяз атаның берген ойыншықтарын түсіріп алдым, соны іздеп жүрміз, сен көрмедің бе?
Түлкі: Мен көрдім, оны менің балаларым ойнап жүр.
Аққала: Түлкішек, қымбаттым, ойыншықты қайтаршы, онсыз балалар мереклерін тойлай алмайды.
Түлкі: Мен көмектесер едім, бірақ асығыс едім.Маған тиін моншақ сыйлаған еді, Мен онымен өз балаларымның шыршасын безендіруім керек еді, бірақ моншақтарым ағаш бұтағына ілініп, шашылып қалды. Мен оны қардың арасынан тауып алып, қайта жіпке тізуім керек.
Жүргізуші: Түлкішек, бізде моншақ бар.Қарашы олар сенікі емеспе?
Түлкі: Моншақтарың әдемі екен. Бірақ олар менікі емес.
Жүргізуші: Түлкішек, ендеше біз балалардан моншақты іздеуге көмек сұрайық.
(Балалар шыршаның қасында жатқан түрлі түсті ұсақ доптарды жинайды себетке салады Түлкіге береді)
Түлкі: Рахмет, балалар менің моншақтарымды жинауға көмектестіңдер.Ал мен ініме барып сендердің ойыншықтарыңды әкеліп берейін. (Ойыншықтарды Аққалаға береді)
Түлкі: Ал енді мен кетейін.Балаларымның шыршасын безендіруім керек. Мерекелеріңізді жақсы өткізіңіздер, сау болыңыздар.
Аққала: Ойыншықтарды санайды. Енді қалғаны жоқ. Қап, енді қайдан табамын.
Жүргізуші: Аққала, неге ашулысың?
Аққала: Таптық қой ойыншықты, бірақ тағы қалғаны жоқ.
Жүргізуші: Уайымдама, табамыз, біздің көңілді паравозымызға отыр.
(Паравоз қимылын салып әуенмен шыршаны айналады)
Тышқан: Пи-пи-пи, кім шулап жүрген? Кім сөйлеген қатты-қатты?
Аққала: Сәлем, сүйкімді Тышқан, бұл менің достарым! Аяз ата маған ойыншықтар берген, мен жоғалтып алдым, соны іздеп жүрміз. Сен көрмедің бе?
Тышқан: Көрдім сенің ойыншығыңды.Қардың арасында жатыр екен.
Аққала: Тышқан сен бізге жол көрсетесің бе?
Тышқан: Қолым тимейді, балаларым тоңып жатыр. Жылыту үшін көп қар жинап алуым керек.
Жүргізуші: Тышқан, балалар саған қар жинауға көмектеседі. Ал сен бізге жолды көрсетші?
Тышқан: Жақсы, келісемін.
(Балалар қар мүсіндерін жинап себетке салады)
Тышқан: Рахмет сіздерге.Ойыншықтарыңды ала қойыңыздар. Ал мен ініме тез барайын.
Аққала: Күрсінеді! Ойыншығымыз әлі жетпейді, оны қайдан іздейміз.
(Әуенмен би билеп Ақшақар келеді)
Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен Аяз атамен бірге тұрамын. Мен Ақшақармын. Қыстың сіңілісі Аққала сен қайдан жүрсің?
Аққала: Аяз ата маған ойыншықтар беріп жіберген. Мен оларды жоғалтып алдым.Балалар маған ойыншықтарды табуға көмектесті. Енді бір ойыншығым жетпей тұр.Оны қайдан іздерімді білмей тұрмын.
Ақшақар: Аққала уайымдама, ойыншығыңды мен тауып алдым.
Аққала: Ой, көп рахмет,соңғы ойыншығымды тауып бердің.Шыршамызды бірге безендіріп шамдарын жағайық.(Ойыншықтарды шыршаға іледі)
Аққала: Міне, шыршамыз әдемі болды.
Ақшақар: Аққала шыршамыздың шамдары жарқырап жану үшін не істеу керектігін білесің бе?
Аққала: Жоқ, мүмкін үрлеу керек шығар.(Үрлейді, аяқты топылтады, қолдарын шапалақтайды) Ештеңе түсінер емеспін, неге шамдары жанбайды?
Ақшақар: Ал бізге шамдарды жағуға кім көмектесетінін білемін. Әрине ол Аяз ата. Ендеше, балалар Аяз атаны шақырамыз ба?
(Бәрі бірге Аяз атаны шақырады)
Аяз ата: Жаңа жылдарыңмен!
Балаларым, балғыным,
Өмір гүлім шалғыным.
Тілегенім жыл бойы,
Сендердің денсаулығың.
Амансың ба, ұлдарым!
Амансың ба, қыздарым!
Аққала: Аяз ата, мен сіздің өтінішіңізді орындадым. Балаларға ойыншықтарды әкеліп бердім. Бәрін шыршаға іліп қойдық, ал ол бірақ жанбай тұр. Аяз ата бізге көмектесіңізші?
Аяз ата: Әрине, сіздерге көмектесемін. Кәне, біріміз бірге айтайық.
Топ-топ, хлоп-хлоп, ай-ай-ай( аяқтарымен топылтатып, шапалақтайды, саусақпен қорқытады)
Жүргізуші: Шыршамыз жарқырады, жан-жағына сәуле шашып!
Аяз ата: Жаңа жылды қарсы алып, би билейік, ән салып.
Би: «Микимоус» қыздар тобы.
Ән: «Шыршаға бардық» Айзере,Данабек, Ханшайым,Ізбасар,Арсен
Аяз ата: Билерің де, әндерің де неткен ғажап тамаша.
Аз ата: Ал балалар сендер ойын ойнағанды ұнатасыңдар ма? Ендеше, ойнайық.
Ойын: «Қатырып тастаймын»
(Аяз ата балалардың мұрнын іздеймін, қатырып тастаймын деп мұрындарын ұстайды, балалар мұрындарын алақанымен жабады, әрі қарай басқа сөзге ауыстырып айтады қолдарыңды, бастарыңды т.б)
Аяз ата: Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан.
Аталарың сендерге,
Шаршап келді алыстан.
Жүргізуші: Аяз ата сіз отырып демалыңыз, ал біздің балаларымыз сізге тақпақтарын айтып берсін.
1. Ізбасар: Ақ сақалды, таяқты
Қалын қырау қабатты
Аяз ата біздерге
Базарлығын таратты
2. Исламбек: Жаңа жылды қарсы алып
Барлық бала ән салып
Ақшақар жүр, би билеп
Қол соғады барша жұрт.
3. Назым: Жаңа жыл мереке
Бақшамызға келді.
Аяз ата бірге
Сыйлықтар әкелді.
4. Жанар: Аппақ тонға оранып
Базарлыкты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
5. Арсен: Бізбен бірге ойнайды
Жаңа жылжды тойлайды.
Барлық бала бақытты.
Болса екен деп ойлайды.
Ән: «Келді бізге жаңа жыл»
Би: «Аспазшы»
6. Зейнеп: Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
7.Ханшайым: Тамаша.тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
8. Ақмаржан: Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп, сағынған
.9. Ақберен: Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле Төрле Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын
10. Айсұлтан: Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, әке - шеше
Құтты болсын Жаңа жыл
Ән: «Шырша жыры»
Би: «Қазақ биі»
11. Қоблан: Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
12. Ерасыл: Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
13. Кәусар: Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
14. Бақдәулет: Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
Би: «Жалқаубек»
Ән: «Бақытты балалық»
Аяз ата: Өнерлі екенсіздер балаларым. Жүздерің жарқын, гүлдей жайнап өсе беріңдер.
(Аяз ата қаптан кішкене қорапша шығарады)
Аққала: Сыйлығыңыз кішкентай ғой?
Аяз ата: Аққала сен асықпа, алдымен сиқырды үйреніп ал.Бұл дән сыйға беріледі. Оларды отырғызу керек қыста.Көмекші боран үрле омбы қарды.
(Боран даусымен Аққала қар қылып жасаған үлкен сиқырлы қарды әкеледі, сиқырлы музыка ойналып қардың ішінен сыйлықтарды алады)
Аққала: Сыйлықтар өскенін омбы қарда көрмеппін? (Таңырқай қарайды)
Жүргізуші: Бұл жерде сыйлықтар өте көп екен, рахмет аяз ата сиқырыңызға!
Аяз ата: Ақ көрпемді жамылып,
Мұздан алқа тағынып.
Әр жыл сайын сендерге,
Келіп тұрмын сағынып.
Ақшақар: Жаңа жылмен, достарым! Жыл сайын келіп тұрамын!
Жүргізуші: Аяз ата мен Ақшақарға рахметімізді айтып ән салып берейік.
Ән: «Аяз ата»
Аяз ата: Рахмет сіздерге балалар, бізді басқа балаларда күтіп отыр.Біз енді жол жүреміз аман болыңыздар,сау болыңдар!
(Аяз ата мен Ақшақарды әуенмен шығарып салу)
Аққала: Балалар менде сіздермен қоштасатын уақытта келді.Паравозым тұр тосып, ертегіме мен де кетейін.Сау болыңыздар, достарым! (Аққаланы шығарып салу)
Жүргізуші: Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақыт болып бастады жыл дастаны
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.
Сөз кезегі беріледі:
Бөбекжай әдіскері: Ақгүл Бекесқызына
Ата-аналарға.
«Боранқұл» бөбекжайы МКҚК
«Шырша сыйы»
(ертеңгілік)
Өткізген: «Балдәурен» тобы
Тәрбиешілер: Куракбаева А.
2018-2019 оқу жылы.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбиелік іс-шара: Тақырыбы "Шырша жыры"

шағым қалдыра аласыз