Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбиелік іс-шара《Жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайлар》

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: « Жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайлар»

Мақсаты: Төтенше жағдайлар, зілзала апаттары жөнінде білімдерін кеңейтіп, олардан сақтану жолдар, алғашқы көмек көрсету шараларымен таныстыру. Балалардың өй-өрісін тілін дамыту, қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу. Жер сілкінісі кезінде үйде, көшеде, дұрыс әрекет етуге үйрету.

Әдіс –тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойындар.

Көрнекіліктер: Тақырыпқа сай слайд.

Жүру барысы:

Жүргізуші: Табиғат егіз адаммен,

Ұқсастық табам содан мен

Мәңгілік болсын егіздер,

Жер-Ана, көл, теңіздер..

Әр адамның өз үйі бар, әр жануардың өз үйі бар. Жәндіктер, гүлдер, ағаштардыңда өз үйі бар. Балалар осылардың бәріне ортақ үйді қалай атаймыз?

Жер деп атаймыз.

Осы Жер-Ананың бізге берер байлығы өте мол. Сол табиғи байлықтарымызды дұрыс пайдалана білуіміз керек.

Қандай байлықтарымызды білесіңдер?

Өзен, көлдер, жер асты байлығы мұнай, газ, кен орындары.

Ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын, кәне ойланайықшы бәріміз.

Жұмбақ.

Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,

Дабылдатып дабылын ол қағып тұр.

От жағып, дабыл қағып тұрғаныңда

Сабалап төмен қарай су ағып тұр.

Бұл не болды екен балалар?


Жаңбыр, Найзағай.

Балалар жаңбыр, найзағай – олар табиғи құбылыстарға жатады. Табиғи құбылыстар әртүрлі болады. Бұл құбылыстардың пайдасы мен бірге зияны болады.

Мысалы: Жаңбыр-шаң мен тозаңды басып шөптер шығады. Алайда жаңбыр көп жауса келтірер зияны көп.

Бүгін сіздермен бірге төтенше жағдай дегеніміз не және оның салдары туралы білетін боламыз.

Слайд арқылы көрсету ,түсіндіру, толық мағұлмат беру.

lpZ4V-Fu0cs.jpg

Төтенше жағдай дегеніміз - адамдардың денелеріне, өміріне қауіпті қоршаған ортамен шаруашылыққа зиянын келтіретін жағдайды айтамыз.

Төтенше жағдай екі түрлі себептермен болуы мүмкін:

Табиғи сипаттағы немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар.


Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар - дүлей, зілзала, жер сілкінісі, сел –көшкін, су тасқыны және тағы басқа табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар - өнеркәсіп, көлік авариялары өрт жарылыс, үйлер мен ғимараттардың кенеттен құлауы т.б

Төтенше жағдайдың тағы бір түрі-жер сілкінісі.

Жер сілкінісін алдын-ала болжап хабарлайды, алдын-ала дайындап қою керек:

-рюзак немесе сөмкеңізді, құжаттарды.

-үш күнге жететін тамақ пен суды,

-жылжымалы электр фонары мен сөмкені;

-алғашқы медециналық дәріханасы мен медикаменттер,

-жылы киім мен аяқ киім.


MTyJa1nQnMM.jpg

Ес те сақтаңыз:

Жер сілсінісі басталған кезде үрейленбей және басқалардың үрейленуіне м жол бермеу керек;

-Газ, су, жарықты сөндіру керек,;

-Жер сілкіну төменгі баллмен жай болса , онда сол жерде тұрыңыз, қорықпаңыз, күтіңіз .

Егер күшті жер сілкінісі болған кезде;

-Ішкі қабырғаның қауіпсіз жеріне, бұрышқа, есіктің жақтауына, ваннаға жату керек;

-Екінші не одан жоғары қабатта болсаңыз ол жерден ешқайда кетуге болмайды.

-Керуеттің, столдың астына кіру керек, себебі бұлар құлайтын заттармен сынықтардан қорғайды;

-Ауыр жиһаздармен терезелерден аулақ ұстау керек;

-Лифтіні пайдалануға болмайды;

Жер сілкінісінен кейін;

-Қажет адамдарға алғашқы жәрдем көмегін көрсету керек;

-Зардап шеккендерді үйіндіден шығаруға көмектесу керек;

-Жол жүргенде, жәй уақыттың өзінде адамдар теледидармен радиодан берілген ақпараттарға құлақ түріп жүргені дұрыс.

Гидрометорталығы, бұқаралық ақпарат орталығы арқылы қар көшкіні, сел, су тасқыны, жер сілкіну қауіп-қатері туралы тұрақты алдын-ала ескертіп отырады.

Ондай жағдайларда алдын-алу шаралары жүргізіледі .

Жер сілкінісі кезінде болса электр бағандарына ,талдарға жақындамау керек.

Міне енді осыдан түсінгендерімізді ойын арқылы көрсетейік.

Тақпақ.

Ойын: «Жер сілкінісі кезінде өзіңе керекті заттарды тауып сал».

Ойын шарты: Үстел үстіне бірнеше заттар берілген ,осының ішінен өзімізге қажетті заттарды тауып, қол сөмкеге саламыз.

Балалардан бұл затты не үшін таңдағаны туралы сұрақ-жауап жүргізу.



(Фонар, тамақ, су, телефон, дәрі, дәрмек ) қажет құралдар.

Ойын: «Жасырынбақ». (Жер сілкінісінің дауысы)

Сілкініс.Үй қозғалып, ыдыс-аяқтар құлай бастады. Кенеттен болған дүмпуден қорықты .Бізге қорғану керек,бұл жер сілкінісі ғой. Не істейміз? Ойын шарты: Жер сілкінісі болып жатыр деп есептейік, қауіпсіз жерді табайық.

Енді көзімізді жұмып ,құлақтарымызбен тыңдап отырамыз.




Жарайсыңдар сендер көргендеріңді ,есте сақтағандарыңды дұрыс қолдана білдіңдер,

(үстелдің астына тізерлеп отыру ,үйдің бұрышына ,есіктің жақтауына).

Тамаша балалар!

Ойын: «Қажетті затты белгіле»

Мақсаты: төтенше жағдайда керек заттарымызды белгілейік.

Ешқандай төтенше жағдай болмасын. Табиғаттың мол байлығын дұрыс пайдалана отырып, қорғай білейік. Төтенше жағдай кезінде, өз өмір қауіпсіздігімізді сақтай білейік.аспанымыз ашық болсын деп

«Әрқашан күн сөнбесін» әнінін орындайық.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.10.2020
10360
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12