Материалдар / Тәрбиелік сағаттың тақырыбы: «Қылықты қыз- құндыз, ұлықты ұл -жұлдыз.»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбиелік сағаттың тақырыбы: «Қылықты қыз- құндыз, ұлықты ұл -жұлдыз.»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиелік сағаттың тақырыбы: «Қылықты қыз- құндыз, ұлықты ұл -жұлдыз.»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2021
460
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М.Қашғари атындағы жаратылыстану бағытындағы мектеп-лицей



Тәрбиелік сағаттың тақырыбы:

«Қылықты қыз- құндыз,

ұлықты ұл -жұлдыз.»

Мұғалім:Асаева Бернара Валихановна









Тәрбие сағатының тақырыбы : «Қылықты қыз- құндыз,

ұлықты ұл -жұлдыз.»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: өз ойларын фактілерге сүйене отырып дәлелдеп айтуға, басқа пәндерден алған білімдерін адам және қоғам пәнімен байланыстыра отырып,өз бетінше ойлай білуге, оқушылардың бойында әдептілік, сыпайлық, инабаттылық, кішіге қамқор, үлкенге құрметпен қарап ізетті болу қасиетін қалыптастыру.

Дамытушылық: Өзіндік адамгершілік құндылықтарын оқушы бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру, адамгершілікке, жүйелі ойлауға дамыту.

Тәрбиелік: сыныптас құрбыларының қадірін білуге, өзара сыйластық орнатуға, ата – баба салтын қастерлеуге , жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ауызша журнал

Сабақтың әдісі: пікірсайыс

Көрнекілігі : слайд арқылы дайындалған материалдар. .

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қазіргі заман қыз тәрбиесі мен ұл тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. « Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз » - деп бекер айтылмаса керек.









Халқымыз ерте кезден – ақ адамгершілікті, әдепті бағалай білген. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы – әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі – өнеге көрген қыз бала қайда болса да, келін болғанда да көрегенділігін көрсетеді. Ал жақсы тәрбие алған ұлдар жау келгенде жайдақ атқа міне шабатын өжет, батыл, адал, жеріне, туған халқына ыстық ықыласты, үлкенге де, кішіге де қамқор бола білген ғой.

Ұлттық ізгі дәстүрімізді ескіліктің қалдығы деп мұрын шүйіре қарамай,

осы заманға лайықтысын таңдап алып, инабатты қыз, ұлағатты ұл тәрбиелеу– ата – ананың да, ұстаздар қауымының да міндеті.

II Атадан – ұлағат, анадан – ғибрат.

Озар елдің қызы мінезді, ұлы өнерлі келеді.

Халық мақалы

Фаррух

Әрбір қыз бойжетіп,әке – шешесінің ортасында бұлғақтаған дәуренін қалдырып, басқа бір үйге келін болып түседі. Өз шаңырағын көтеріп, үй мен шаруаға иелік етіп, түтін түтетеді, ана болып өмірге перзент әкеледі. Жар құшып, ана боу – қыз баланың мақтанышы әрі бақыты.

Шахзода

Қыз баланың сол күнге дайындық ретінде өз үйінде жүріп үйренетін өнегелері мен өтейтін міндеттері аз болмайды. Солардың барлығы қосыла келе келін болу әдебін құрайды.

Қыз бала той – томалақ, көп адам жиналған жерде көзге түседі, сыналады. Ондайда өзінің ұстамдылығымен, жарқын жүзді сыпайылығымен, жинақы, ширақ жүріс – тұрысымен, сергек – сезімталдық ептілігімен, сөзге ұстамдылығымен көзге түсіп, жұртты тамсандырады.Мұндай жақсы атақ қыз баланың болашағы үшін маңызы зор.



Гуляра: болашақ келіннің қолынан іс келуі – міндетті жағдай. Айналадағы адамдарды сыйлау, ата –ананы құрметтеуден басталады.

Әке – шешесін, бауыларын құрметтеп, қадірлей алмаған адам өзге ешкімді де сыйлап жарытпайды.

Еш уақытта ата – анаңа қарсы келме, ұстаздардың шапылдап бетінен алма, сөз қайтарма, бұл сенің отбасыңнан алған тәрбиеңді көрсететінін ұмытпа!













Гузал

Қазақ отбасында ер баланы тәрбиелеуде әкенің рөлі үлкен. Сондықтан өз ұлына бар өнерін, естіген – білгенін түгел үйретуге тырысқан. Ал әр ұл өз тарапынан ағаға, әкеге еліктеген.

Ирода

Парасатты әке балаларына, ата –бабаларының іс –әрекетінің үлгі боларлық өнерін айтып,ағайынның туыстық,жақындық қасиетін түсіндіріп, ата-тегі туралы айтып отыруды парыз санаған. Қазақ «Қызың өссе, қызы жақсымен, ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол»,- деп бекер айтпаған.

Бахром

Әркімде ерекше көзге түсетін бір қасиет болады. Сол қасиет қастерленсе, оның қолынан келмейтін нәрсе жоқ, өзінің көздеген мақсатына жетеді. Талантсыз адам жоқ, өз орнын таппайтын адам бар. Қабілеттіліктің көзге көрінуіне септігін тигізетін отбасы, мектеп, жолдастар, ұжым. Ал негізінде бәріне ізденімпаз адамның өзі түрткі болуы керек.

Ислом

Кемшіліксіз адам жоқ. Алдымен адам өзін жақсы білуі қажет. Ол үшін өзіңді – өзің мұқият тексер, толық зертте. Осыдан барып өзіңді – өзің тәрбиеле, өзіңді дамыт, өзіңді – өзің жетілдір.

Фазилат

Өзіңе – өзі баға беруге әркімнің батылы бара бермейді.Кейбіреу өзіне өте жоғары баға береді, ал өте төмен баға беру – санасының төмендігі,өзіне сенбейтіндігі. Өзіңдегі не нәрсені күшейтіп, нені басып отыру керектігі қолыңда екендігін ұмытпа.Өзін – өзі түсінген – дана, өзін жеңген – қаһарман.































Мұғалім:"Гүл өссе - жердің көркі, қыз өссе - елдің көркі" деген халқымыз. Табиғатынан нәзік, ибалы сұлу әрі көркем келетін, екнші жағынан, мықты төзімді шаңырақ киесі, адал жар, асыл ана бола білетін қазақ қыздарына не жетсін?! Жібек, Баян сынды арулардың жолын қуған қазіргі қыздарымыздың болмысы қандай? Тәрбие жеткілікті беріле ме? Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен болашақ аналар жайы әрбір ата-ананы толғандыруы тиіс. 

Меніңше, қыз - ақылды, тәрбиесі мол, жанашыр, қарапайым, ар-ұяты бар, инабатты, айналасынан мейірім мен махаббат күтетін сезімтал жан. Махаббат демекші, қазіргі жігіттер неліктен қыз жүрегін жиі жаралап, сезімдеріне немқұрайлы қарайды? Жігітке сезімін білдіріп, артынан "жүгіруі" жігіттің менмен болуына себепші. Сондай сәттерде қызға сәл шыдамдылық намыс жетіспей қалады. Осылайша жігіттерді жаман үйретеді. Нәзік жанды арулардың әлсіз, қорқақ жігіттерді ұнатпайтыны секілді, жігіттер де батыл, ермінезді қыздардан қашады. Сондықтын қыздарға биязы, жұмсақ мінез қалыптастыру қажет.                          

Ұлттың ізгі дәстүрін ескіліктің қалдығы деп мұрын шүйіре қарамай, осы заманға лайықтысын таңдап алып, инабатты қыз, ұлғатты ұл тәрбиелеу ата-ананың, ұстаздың міндеті.“Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер” деген мақалдың да мағынасына үңіле қарасақ. Әкемен шешенің тәрбиесінің маңызы өте зор.

Қорытынды:

Бүгінгі бозбала –ертеңгі қамқор әке, әулеттің тірегі, бүгінгі бойжеткен -ертеңгі аяулы ана, ақылшы әже, әулеттің ұйтқысы. Қыздарымыз қызғалдақтай құлпыра берсін, ұлдарымыз ізгі армандарымызды орындай берсін деген тілекпен тәрбиелік шарамызды аяқтаймыз. Назар қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!









Жігіттің түсін айтпа, ісін айт.

Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған.

Жігіттің құны – жүз жылқы,

Ары – мың жылқы.

Бойдақ жігіт — жұрт күйеуі.

Жігіт адамға жетпіс өнер де аз.

Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар,

Олақ жігіт оңай жұмысты күш қылар

Ағайынды жігіттің отарына малы бар,

Жалғыз – жарым жігіттің шығар –шықпас жаны бар.



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!