15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбиелік шара "Ана -асыл жан"
Теміртау қаласы әкімдігі Теміртау қаласының білім беру бөлімінің
«Әлем» балалар –жасөпірімдер орталығы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
«Балдырған» тұлғаны дамыту клубы
«Ана –асыл жан» атты
тәрбиелік іс-шараның әзірлемесі
Әзірлеген: қосымша білім беру педагогі
Хамзина Жанна Хамзиновна
Теміртау қаласы
2019 жыл
«Ана –асыл жан» тәрбиелік іс-шарасы
Мақсаты:
-мерекелік
көңіл-күйін құру
-анасына,
әжесіне сыйластық тәрбиелеу;
-ән
және қозғалыс орындаушылық дағдыларын
қалыптастыру
-балалардың
бойында анаға деген мейірімділік,сүйіспеншілікті
арттыру,үлкенге ізет,кішіге үлгі болуға
үйрету;
-өзінің
жақын адамдарын қуанта білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: мерекеге сай безендірілген зал, шарлар, слайд фильм, би мен ойынға қажетті заттар.
Жүргізуші: Қайырлы күн қымбатты аналар, әжелер, балалар!
- Міне, көптен күткен шуақты жыл мезгілі - көктем де келді! Табиғат қысқы ұйқысынан оянып, күн нұрына бөленіп, көктемнің тамаша мерекелерінің бірі - Халықаралық әйелдер күні мерекесі де келіп қалды. Бүгін сіздерді мерекелеріңізбен Сіздердің балаларыңыз, немерелеріңіз құттықтап, Сіздерге арнап тақпақ айтып,ән шырқап өз өнерлерін көрсетеді. Кішкентай бүлдіршіндерге қол шапалақтап, қошемет көрсетуді ұмытпаңыздар.
Жүргізуші:
Күн ұзарып,
Қар еріп,
Су сайларға толады.
Айтыңдаршы, балалар бұл қай кезде болады? (балалардың жауабы)
- Ал көктемнің айларын кім атайды? ( Наурыз, сәуір, мамыр.)
- Табиғатта қандай өзгерістер болады? (күн жылынады, қар ериді, жылы жақтан құстар қайтып келеді, т.б.
- Ал, біздің балалар көктем мен табиғаттағы өзгеріс туралы тақпақ жолдары арқылы айтады:
(балалар тақпақ айтады)
Жыршы құстар көп келді
Гүлдер жапты бөктерді.
Кел балалар, әнменен
Қарсы алайық көктемді!
Бәйшешектен білеміз
Көктем келіп қалғанын.
Мәз боламыз, күлеміз,
Көрсек гүлін жарғанын.
Әлпештеген, аялаған,
Ақ сүт берген, апатайым
Сәлем жазып бүгін саған, Мейрамыңмен құттықтаймын
Аялаған баптаған,
Асыраған сақтаған.
Сақтандырып күнде еппен,
Айтып бәрін үйреткен
Анамызға мың алғыс!
Әлемдегі ақылды адам-
Бәрінен сол жақын маған!
Ол жанымда жүрсе мен де
Батырларша батылданам
Гүлдерді де суарып,
Еденді де жуайық.
Шаршап келген кезінде,
Қалсын апам қуанып.
Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді.
Көп ертегі біледі.
Маған айтып береді.
Ана -өмір шырағы
Ана -өмір бұлағы.
Бесігімнің жыр -әні
Жүрегімде тұрады
Анам мені: «Айым»- дейді,
Мен мұңайсым, уайым жейді,
Анам мені: «Күнім» -дейді
Мен қуансам күлімдейді!
Мейірімнен жаралған,
Күн нұрынан нәр алған
Шуақ болып таралған
Кім бар жақын анамнан.
Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып,
Мәпелеген ақ мамамды
Жүрсем деймін шаттандырып
Бұрынғыдай егесіп,
Ерегісіп тұрмайық
Үйдің ішін жинайық.
Апамызды сыйлайық
Ән: «Анашым» (балалардың орындауында)
Жүргізуші: Анамның дауысы. Әр бала өз анасының дауысын жақсы біледі, ал біздің балалар өз аналарының дауысын ажырата алады ма? Кім өз анасын жақсы біледі.
Ойын «Анамның дауысы» Балалар көзін жұмып отырады, ал аналар кезекпен балаларын « қошақаным, боташым, бөпешім, көжегім) деген сөздермен атайды. Балалар кімнің анасы екенін ажыратуы керек.
(ойынның соныңда )
1-бала: - Ана- жердің жүрегі,
2-бала: - Ана-елдің тірегі.
3-бала: - Ана біздің күніміз,
4-бала: - Ана біздің гүліміз.
Жүргізуші: Ана, әже - бұл ең қымбатты, жақын адамдар.Олардың өмірінде, қоршаған ортасында өте көп қызықты нәрселер бар. Үйдің ішін тазалап, тамақ әзірлеп, бар уақытын сендерге арнайды
Ал, енді аналарымыздың өміріндегі заттар туралы жұмбақтар шешейік:
1.Бір нәрсе өзі жансыз, іші томпақ,
Бір қолы шекесінде шынашақтап.
Бір мұрын, бір аузы бар, бір қалпағы
Өзінің аяғы жоқ, табаны жалпақ.
(Шәйнек)
2.Сыртын отқа қақтайды,
Одан басқа жақпайды.
(Қазан)
3.Өткір жүзді келеді,
Өте қажет құрал ол.
Тұтас затты бөледі,
Ұсақтап та тұрар ол.
(Пышақ)
4.Сабы бар,
Басы шатыр.
Табысын өлшеп әкеп,
Құдыққа тасып жатыр.
(Қасық)
5.Дәмді –дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды.
(Дастархан)
Ән: «Бүгін бізде мереке»
"Күн шуағы" ойыны.
- Балалар, бір
сәт айналамызға қарап, өзімізді таза
ауада тұрғандай сезінейік. Қарайықшы,
айналамыз қандай? Нелерді көріп
тұрсыңдар?
- Осындай гүлдердің,
талдардың көрікті болып өсуіне не қажет
деп ойлайсыңдар?
- Ендеше мен бір
жұмбақ жасырайын.
Таңмен көзін
ашады,
Әлемге нұрын шашады.
- Ол
не екен?
- Дұрыс айтасыңдар. Жұмбақтың
шешуі күн екен. (педагог күннің суретін
көрсетеді)
-Күн бізге қарап не істеп тұр?
-Күлімдеп тұр.
-Күнге не жетіспейді?
-Күннің шуағы жетіспейді.
-Ендеше балалар ортаға жиналып, күннің шуағын орналастырайық
-Міне, балалар, күн бізге өзінің шуағын шашып тұрғандай.
-Міне, қандай, тамаша! Әдемі күн шуағы болды! Жарайсыңдар!
Балалар, бүгінгі мереке тек қана аналарымыздың ғана емес және әжелеріміздің мерекесі. Әже деп кімді атаймыз? Әже деп біздің әке-шешеміздің аналарын атаймыз. Мен әжелер туралы:
Сөзімді дұрыстайтын әже,
Айғайлап, ұрыспайтын әже
Қыдырса ерте кететін әже
Алысқа кетпе дейтін әже - деп айтқым келеді.
Ал, әже туралы тақпақты кім біледі, ортаға шыға ғой
Әжем мені «Жаным «- дейді
Жан жүрегім балым дейді
«Сен үшін мен әлемдегі
Бар асылды алам» -дейді.
Еркелесем, күлімдейтін.
Ұрысқаны білінбейтін,
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым күнім»- дейтін,
Мен әжемді сүйемін,
Киімді өзім киемін
Ақылына көнемін
Өлең айтып беремін.
Апам ыдыс жуады,
Мінезі оның биязы.
Ол барында тұрады
Жайнап үйдің жиһазы.
Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзін тыңдаймын.
Анашымды сыйлаймын.
Құрметті аналар,әжелер. Енді балалардың сіздерге арнап жасаған кішкене сыйлықтары бар:
Асыға күтіп жүргенмін
Болар деп қашан мейрамың,
Суретін салдым гүлдердің
Келеді соны сыйлағым
Келеді соны сыйлағым.
Ер жетер әлі –ақ балаңыз
Әзірше сыйға арнаған
Гүліңнің, апа, ал гүлің
Балалар аналарына сыйға гүл тартады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген