15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбиелік шара. "Біз мектепке барамыз...."
Жүргізуші:
Қайырлы күн ! Құрметті ата-аналар, әжелер және балалар! Біз бүгін «Балдырған» үйірмесінде оқу – білім, тәрбие алып, мектепалды дайындықтан өткен балаларды мектепке шығарып салу мерекесіне жиналып отырмыз.
Оқу,білім, әліппе не үшін қажет? Бұл маңызды сұраққа жауапты балалар тақпақ арқылы айтып бере алады.
Ойыншықты
жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз.
Өнер
білім үйреткен.
«Балдырғанды»
қимаймыз.
Біз кішкентай баламыз
Ана тілін аламыз
Қош айтысып «Балдырғанмен»
Мектепке біз барамыз
Әліппені дұрыстап
Түгел танып аламын
Қыркүйекте гүл ұстап
Мен мектепке барамын.
Отанның ел ананың
Мақтанышы боламын
Туған елдің көгінде
Жұлдыз болып жанамын.
Ел сенімін ақтайды
Деп,ұстазым мақтайды
Ұстазымның әр сөзін
Көкейімде сақтаймын
Алты
жасқа толдым мен
Мектепке толық
дайынмын.
Өсті талап талғамым,
Оқып
білім алғаммын.
Саған білім жемісін
Оқулығың береді.
Оқулықты құрметте,
Күтіп ұста, кірлетпе!
Оқысаңыз,балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей- ақ табылар.
Ән: «Рахмет саған, әліппе»
Алфавиттің
«А»тұрады басында.
Әрқашанда «Ә»
тұрады қасында,
Байқадың ба «Б»
тұрады үшінші.
Бастаушы: Ал осының сыры неде, балалар?
«А»деген
ол аналар ғой ардақты.
«Ә»деген ол
әкелер ғой салмақты.
«Б»деген ол
балалар ғой әдемі.
Алшақ
кетпей сондықтан да,
Тұрады олар
алфавиттің басында
Ән: «Ата –ананы тыңдаймыз»
(балалар орындарына отырады)
Бәрекелді, балалар! Көп нәрсенің қыр –сырын түсініп білген екенсіңдер.Қыркүйек айында басталған оқу жылымыз да өз мәресіне жетті. Осы уақыт ішінде алған білімдеріңді көрсетіп, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсету үшін « Білім еліне саяхат жасайық»
Сауат ашу және жазу сабақтары бізге оңай түскен жоқ, бұл сабақтарда біз қазақ әліппесіндегі барлық әріптермен танысып, оларды дұрыс жазуға үйрендік. Солай ма, балалар. Қазір тексеріп көрейік. Мен сендерге әріптер туралы жұмбақтар оқимын,сендер шешімін тауып көріңдер.
Менің үшін жақсы адам,
Артық көрем басқадан,
Апа,ата сөздері
Қайсы әріптен басталған (А)
Әр үйде бір қақпа бар
Бұл әріп аумаған тап солар (П)
Бұл әріпте –екі тіреу,
Ортасында басқыш біреу (Н)
Ас біткеннің анасы-
Қасиетті «нан» осы
Қайсы әріптен басталған,
Соңғы әрпін де қарашы. (Н)
Сақинаға қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп? (О)
Кәдімгі дөңгелек.
Кетпесін ол дөңгелеп. (О)
Білезікке қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп? (С)
Қос бүйірін таянып
Тұратұғын қай әріп (Ф)
«Е» әрпінің үстіне
Екі нүкте қойғанда,
Қандай әріп шығады?
Жауабын айт,ойлан да. (Ё)
Әріптерді жақсы танып алыпсыңдар, ал енді сөздік қорымызды тексеріп көрейік, ол үшін келесі ойынды ойнаймыз.
Ойын: «Сөз ойлап табамыз»
(ортада 5 орындық шеңбер болып қойылған, олардың үстінде әріптер жатыр, музыка ойнағанда балалар орындықтарды айналып жүреді, музыка біткенде орындықтардың үстінде тұрған әріпті қолдарына алып , орындыққа отырады. Сосын кезекпен осы әріптен басталатын сөздерді айтады.
Музыка сабақтарында тек өлең айтып қана емес, біздің балалар би билеп те үйренеді. Казір сіздердің назарларыңызға
«Айгөлек» биін ұсынамыз
Ал математика сабақтары ше? Сандар, цифрлар, қосу, алу, тең болады, есеп шығарып, жауабын табу оңай жұмыс емес.
Мысалы:
Үш қоянда неше құлақ бар? ( 6)
Екі сиырда неше аяқ бар? ( 8)
Бес қоян бар,ал сәбіз үшеу,бәріне жетеді ме?
Мектепке 3 ұл бала, 2 қыз бала келді. Барлығы қанша бала келді?
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Егер қоссам екеуін
Болады екен ..... (он) саусақ
Енді келесі ойынға кезек берейік, кім математиканы жақсы оқыды екен, соны білейік.
Ойын: «Бұршақ»
(ортада сандар жатады, балалардың қолдарында бұршақтардың суреті, орындарында отырып санайды, музыка ойнағанда жүгіріп барып, қанша бұршақ болса сондай цифрдың жанына барып тұрады.
Ж: Керемет, балақайлар, сендер барлық тапсырмаларды дұрыс орындай алдыңдар. Келесі кезекті әнге берейік.
Ән : «Балақан» әні
Ж: Казір ортаға орта топтың балаларын шақырамыз.Олар сендерге өз тілектерін білдіріп, ойларымен бөлісуге келіпті.
(ортаға орта топтың балалары шығады)
Өтті қызық көп күндер
Алты жасқа жеттіңдер,
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер!
Енді міне ер жетіп
Өсті ақыл ойларын.
Қуанышты бүгінгі
Құтты болсын тойларын!
Оқып білім алу үшін
Сен мектепке барасын.
Кітапты да оқисын,
Суретті де саласын.
Мектепке енді барасын,
Сен оқушы боласын.
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аласын.
Жақсы оқушы болыңдар,
Болашақ жолын салыңдар!
Ұқыпты,әрі ынталы
Тәрбиелі болыңдар!
Саған білім жемісін
Оқулығың береді,
Оқулықты құрметте
Күтіп ұста, кірлетпе!
Ойын маған ұнайды,
Көп ойнауға болмайды.
Күні бойы доп қусаң,
Ақыл-білім қонбайды.
Ж: Көп рахмет, сендерге кішкентай бүлдіршіндер, біздің сабаққа баратын балаларға ата-аналарының көмегі де өте қажет.Сондықтан біз казір ата-аналармен келесі ойынымызды ойнаймыз.
Ойын: «Иә,иә, жоқ, жоқ» (ата-аналармен)
(менің айтқан сөзіме келіссеңіздер, екі рет «иә,иә» деп, келіспесеңіздер екі рет «жоқ, жоқ» деп жауап бересіздер)
1.
Балаңызға әрқашан тірек боласыз ба
?
2. Үй тапсырмасын өзіңіз істей
саласыз ба?
3. Тамағын уақытылы бересіз
бе?
4. Телевизор көріп жатасыз ба?
5.
Ұрып,нұқып үйретуге барасыз ба?
6.
Жақсы баға алса, балаңызды мақтайсыз
ба ?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген
кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8. Сен
оқыт, мен оқыт, шаршадым деп ұрысуға
дайынсыз ба?
9. Балаңыз үшін бар
жағдайды жасайсыз ба?
10. Бала үшін
асулардан асасыз ба?
Ж: Өте керемет! балаға көмекші болам деп сөзіңізді бердіңіз, енді тек қана осыны естен шығармаңыз.
Ал, балақайлар, енді сендерді бүгінгі мерекелеріңмен құттықтау үшін «Мирас» вокалды –аспаптық ансамблі балалары келіп отыр. Қазір солардың өнерін тамашалайық.
Ж: Ал казір біз сендермен балалар жазғы демалысқа шығамыз. Жазғы демалысымызды дұрыс өткізіп, ауылдағы ата-әжелерімізге барып, құрт-май жеп, демалып , күш жинап қайтсақ, әрине біз сабақты жақсы оқитын боламыз.
Ән: «Сағындым әжемді»
Ойын: «Иә,иә, жоқ, жоқ» (балалармен)
(менің айтқан сөзіме келіссеңдер, екі рет «иә,иә» деп, келіспесеңдер екі рет «жоқ, жоқ» деп жауап бересіңдер)
Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Сабаққа кешігіп келеміз бе?
4. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
5. Ақылды бала боламыз ба?
6. Ертеңгісін тұрамыз ба?
7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
8. Сабақта ойыншықтармен ойнаймыз ба? 9. Кітаптарды таза ұстаймыз ба?
10. Тентек, сотқар бала боламыз ба?
11. Оқушы біз боламыз ба?
(балалар орындарына отырады)
Диплом, алғыс хаттар тапсыру.
Құттықтау сөздер.
Оқуға зейінді болыңдар,
Еңбекке бейімді болыңдар.
Оқығандарың есте болсын
Күнделіктерің беске толсын
Ақ жол болсын балалар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген