400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбиенің бастауы-тал бесік

Материал туралы қысқаша түсінік
Аудан көлемінде жүргізілген семинар нәтижесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәрбиенің бастауы -тал бесік»

Осы тақырыпта «Үржар ауданы әкімдігінің Балбөбек балабақшасында» аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие бөлімі әдіскері

Г.М. Рахимжанованың ұйымдастыруымен аудандық семинар өткізілді.

Тәрбиелік шарада сабақтан тыс балалармен жұмыстар жайлы «Балбөбек» балабақшасының тәрбиешілері көрсетті. Атап айтқанда, «Бұршақ жайлы» зерттеу жұмысын тәрбиеленуші Өсербаева Анеля тәрбиешісі Раимжанова Г.А., «Күнбағыс» туралы зерттеу жұмысын тәрбиеленуші Қойлыбаева Әсем тәрбиешісі Сағатпекова Ж.З., «Ақ бұзау» зерттеу жұмысымен тәрбиеленуші Құсаин Дарын тәрбиешісі Калиева Э.А., бұл зерттеу жұмыстары «бұршақты» не «күнбағысты» қандай топыраққа отырғызсса өседі, қай кезде топырақтан жарып шықты деген мәселелер қаралса, ал «ақ бұзауда» бірінші сиырдан алынатын өнімдер жайлы жалпы мағлұмат, бұзаудың туғанынан ары қарай қалай өсіп-өнетіндігі жайлы зерттеледі. Бұл зерттеу жұмыстары балалардың танымын кеңейтеді.

Балабақшадан бастап баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы, жас ерекшеліктеріне байланысты.
Түрлі математикалық ойындарды пайдаланып, қалай ыңғайлы өткізудің қажеттігін тәрбиеші Қ.Р. Құрмашева таныстырды.

Адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады.Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады. Театрланған ойындарды балалар қызықтап ойнайды. Балалардың тілін дамытумен қатар, әртүрлі дауысты салып, кейіпкерлерді ойната білген саусақ қуыршақ театрының жетекшісі Сейсембинова Н.С балалармен «Ақылды лақ» ертегісінің қойылымын өте тартымды көрсетті.

Балабақша тәрбиеленушісінің анасы Д.Нұрлановамен бірге тәрбиеші Салқымбаева Н.С. тығыз байланыста болып, «Аспан әлеміне саяхат» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізді. Бұл зерттеу жұмысында ата-анасы баласымен бірге табиғат құбылыстарын, аспандағы болып жатқан құбылыстарды зерттеп, оны дәптерге белгілеп бақылаған.

Балалармен ойнай отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерді дамытуда сенсорика бөлімінің жетекшісі Э.А. Калиева өз қолымен жасаған кітапшалар, қуыршақтар, дәнді-дақылдардан ойындар және т.б сенсорикалық ойындарды пайдалана отырып, баланың қызығушылығын оятып, қарапайым ойындарды ойната отырып баланың тілін дамытуға болатынын көрсетіп өтті.

Ал балабақша логопеді А.Р. Дангылбаева балалардың дұрыс айта алмайтын дыбыстарға арналған жаттығуларды көрсетіп өтті. Артикуляциялық дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар қолданылатынын және жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленетіні айтылды. Бұл ерін, тіл қимылдары қалпын дағдыландыруға бағытталады. Балаларды қызықтыру үшін және жаттығуды ойларына сақтап қалу үшін әр жаттығу әртүрлі атпен аталатынын таныстырып өтті. Семинарға келген тәрбиешілер балалардың жаттығуын қызыға тамашалап, тыңдады.

Әр көрсетілімге арналған слайдтарды балабақша тәрбиешісі А.Е. Жапарова рет-ретімен келген қонақтарға ұсынды.

Балабақша әдіскері Б.А. Джелбагаева:- балабақша жасында көрнекілік –бейнелік есте сақтау және есту, суретін көру арқылы баланың есінде нақты қалады. Соның бірі- мнемотехника. Мнемотехника –балалардың қоршаған орта, табиғат туралы білімін кеңейтуге, әңгіменің барысын тиімді есте сақтауға, әңгімені айтып беруге және тіл дамытудағы іс-әрекеттің жүйесі екенін айта келе, «Мнемотехнология» әдісін балабақшаға біртіндеп енгізетіні жайлы айтып өтті.

Семинар соңында семинарға келген тәрбиешілер балабақша ұжымына, балабақша меңгерушісі Л.Д. Жайсанбаеваға., әдіскері Б.А. Джелбагаеваға рахметтерін айтып, зор ықыластарын білдіріп, ұжымға творчестволық табыс тілеп, жақсы көңіл- күймен тарасты.



Науалы ауылы,

Қ.Төлеубеков атындағы мектебінің даярлық тобының мұғалімі,

Малдыбаева Ж.М.

.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.03.2019
367
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі