жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбиенің ең тамаша мектебі- отбасы.
Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы
Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы – сөз.
О. Сулейменов
Тәрбие отбасынан басталады,жас ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен жанұяда, ата-ананың ықпалымен қалыптасады. Отбасынының , жанұяның екі тірегі –алпештеген әкеміз бен аялаған анамыз. Ата-анаға , үлкенге қызмет етіп, әкенің еңбегін ананың ақ сүтін өтеу біздің борышымыз. Отбасының , жанұяның қос шынары алатаудай атамыз және аналардың анасы әжеміз- береке мен мейірімнің ұйытқасы. Ата-бабаны , елді сыйлау , әжені құрметтеу-өмірді құрметтеу «Дәулет-есіктен,ақыл-бесіктен кіреді » дегендей ,білім бесігі мектеппен, ал, тәрбие бесігі отбасынан бастау алатындығын ата-анаға ұйындыру біздің басты парызымыз болмақ. Отбасы –адам баласының тұп қазығы , алтын ұясы. Себебі, адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап, сол ортаның ыстық – суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке- шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Ана- отбасының ұйытқысы. Әке мен ана – отбасында баланы әлеуметтендіретін басты тұлғалар екені белгілі .
Отбасы – мемлекеттің негізгі буыны. Отбасы- болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтырды және ұлттық рухани байлықты сіңіретін тәрбие ошағы . Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ой-өрісі, әдептілігі мен мәдениеттілігі отбасынан бастау алады. Сондықтан, отбасы тәрбиесі бірінші орында тұруы тиіс. Адам баласының ой-санасы өсіп, ақыл-ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді, отбасында көрген жақсы- жаман қылықтардың бәрі бала сезіміне әсер етеді деп айта аламыз. Демек, отбасының тәлімі- ерекше дәстүр екенін ұмытпағанымыз жөн. Отбасында негізгі қаланған тәрбие өсе келе өмірлік ұстанымға айналуы мүмкін. Бала ата-анаға , өскен ортасына қарап өседі, үлкендердің үлгі өнегесіне қарап тәлім- тәрбие алады.
«Бала- адамның бауыр еті » деген нақыл сөз бекер айтылмаса керек. Адам баласы өз ұрпағы үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, олардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыруға бар күшін салады, сол үшін күреседі. Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын , тегін, салт-дәстүрін , тілін, білімін, адамзаттық мәдениетті , адам қасиеті мол , өмірді терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу- өмір талабы , қоғам қажеттілігі.
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырып , өмірде өз жолын адаспай тауып, тұлға болып қалыптасып , білімін жетілдіруге тікелей ықпал ететін ұлы тұлға бұл- Ұстаз. «Ұстаз- мектептің жүрегі » деген қағыданы ұстанатын болсақ , сол «жүректің » дұрыс соғып, дұрыс жұмыс істеуі , балаға бағыт- бағдар беруі бала тәрбиесәнің оң әсерін тигізеді. Білім алудың негізгі қағыдасы тәлім – тәрбие болмақ.
«Ел болам десең бесігіңді түзе»- деп М. Әуезов айтқандай , ұрпақ тәрбиесін бесіктен бастаған дұрыс-ақ . Жарық дүниеге жаңа келген бала көңілі ақ парақ секілді кіршіксіз таза болады. Сол таза параққа не жазу, оны қалай жазу үлкендердің қолында. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлінің зор екеніндігін осыдан-ақ байқаймыз . Екінші бір жауапты тұлға-Ұстаз. Сондықтан да ата-ана мен ұстаз бала тәрбиесін бірге отырып қолға алса, ол айтарлықтай жетістікке жеткізер еді.
Бастауыш сынып мұғалімі
Торакулова Карамат Рустемовна
«Шаш-төбе» жалпы орта мектебі
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген