Эссе
Тәрбиеші – мейірімділік мекені
Бұл өмірде сан алуан мамандық бар. Әрқайсысының өз орны, өз міндеті бөлек. Бірақ солардың ішінде жүректің жылуын, жанның нәзіктігін, шексіз сабыр мен шынайы махаббатты талап ететін бір-ақ мамандық бар. Ол – тәрбиеші. Тәрбиеші – мейірімділіктің мекені, балалық әлемнің шамшырағы, кішкентай жүректерге бағыт-бағдар беретін ұстаздық жолдың бастау бұлағы.
Баламен жұмыс істеу – жай жұмыс емес, ол үлкен жауапкершілікті, ерекше сезімталдықты, төзімділікті қажет етеді. Баланың күлкісі, балалық қиялы, шынайы махаббаты – тәрбиешіге ең үлкен сый. Осы бір кіршіксіз әлемнің ортасында жүріп, әр баланың дамуын бақылау, жаңа дағды үйрету, мінез қалыптастыру – үлкен бақыт әрі мәртебе.
Мен, Қаратаева Ділназ Қайркелдіқызы, қазіргі таңда сүйікті мамандығым – тәрбиеші болып жұмыс жасап келемін. Бала кезімде мұғалім болуды армандайтынмын. Ақ тақтаға қарап, балаларға білім беруді елестететінмін. Бірақ дәл тәрбиеші боламын деп ешқашан ойламаппын. Уақыт өте келе жүрегімнің таңдауы өз жолын тапты.
Бүгінде «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығының қыр-сырын терең меңгеріп, оның қандай жауапты әрі қадірлі сала екенін түсініп келемін. Бұл мамандық – адамды шыңдайтын, бойыңа мейірімділік, шыдамдылық, түсіністік сияқты адамдық қасиеттерді толықтай дарытатын ерекше әлем. Әр күн – жаңа эмоция, жаңа әсер, балалардың шексіз қуанышы мен кішкентай табыстарынан туған үлкен бақыт.
Тәрбиеші үшін әр таң – жаңа мүмкіндік. Балалардың бал тілді былдыр әңгімесі, алақандай қолымен құшақтауы, «апай» деп жүгіріп келуі – бұл мамандықтың ең үлкен марапаты. Әр бала – өз алдына бір әлем, ал сол әлемді тану, түсіну, қолдау – жүректің кеңдігін талап ететін қасиет.
Біз тәрбиелеген балалар ертең үлкен өмірге қадам басады. Міне, сол сәтте олардың жүрегіндегі мейірім, ақыл, әдеп, мәдениет біз берген тәлімнен бастау алатынын сезіну – тәрбиеші үшін ең үлкен бақыт. Сондықтан да мен үшін бұл мамандық тек қызмет емес, бұл – өмірлік миссия, жүректің таңдауы.
Кей күндері шаршадым деп ойлаған сәттерде кішкентай бүлдіршіннің бір ғана күліп қарағаны, қолыңнан ұстап «апай, сіз жақсысыз» деген бір ауыз сөзі бар шаршауды ұмыттырады. Балалардың сенімі – тәрбиешінің ең үлкен күші.
Бүгінде осы нәзік те маңызды мамандықтың иесі атанып, өз білімімді жетілдіріп, әр баланың жүрегіне жол табуға талпынып келемін. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» саласындағы алған тәжірибем мен білімім – менің ертеңге деген сенімімді нығайтады. Себебі тәрбиеші болу – әр баланың болашағына шағын болса да өз сәулеңді қалдыру деген сөз.
Тәрбиеші – мейірімділік мекені. Ал мен үшін бұл мекен – жүрегімнің үйлесімі мен армандарымның ақиқатқа айналған орны. Мен таңдаған жол – мейірім жолы, болашаққа салынған ізгі көпір.
Балалардың көзіндегі үміт отын өшірмей, жүрегіндегі мейірім дәнін өсіре білсек – ең үлкен еңбегіміздің жемісі сол болмақ.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбиеші - мейірімділік мекені
Тәрбиеші - мейірімділік мекені
Эссе
Тәрбиеші – мейірімділік мекені
Бұл өмірде сан алуан мамандық бар. Әрқайсысының өз орны, өз міндеті бөлек. Бірақ солардың ішінде жүректің жылуын, жанның нәзіктігін, шексіз сабыр мен шынайы махаббатты талап ететін бір-ақ мамандық бар. Ол – тәрбиеші. Тәрбиеші – мейірімділіктің мекені, балалық әлемнің шамшырағы, кішкентай жүректерге бағыт-бағдар беретін ұстаздық жолдың бастау бұлағы.
Баламен жұмыс істеу – жай жұмыс емес, ол үлкен жауапкершілікті, ерекше сезімталдықты, төзімділікті қажет етеді. Баланың күлкісі, балалық қиялы, шынайы махаббаты – тәрбиешіге ең үлкен сый. Осы бір кіршіксіз әлемнің ортасында жүріп, әр баланың дамуын бақылау, жаңа дағды үйрету, мінез қалыптастыру – үлкен бақыт әрі мәртебе.
Мен, Қаратаева Ділназ Қайркелдіқызы, қазіргі таңда сүйікті мамандығым – тәрбиеші болып жұмыс жасап келемін. Бала кезімде мұғалім болуды армандайтынмын. Ақ тақтаға қарап, балаларға білім беруді елестететінмін. Бірақ дәл тәрбиеші боламын деп ешқашан ойламаппын. Уақыт өте келе жүрегімнің таңдауы өз жолын тапты.
Бүгінде «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығының қыр-сырын терең меңгеріп, оның қандай жауапты әрі қадірлі сала екенін түсініп келемін. Бұл мамандық – адамды шыңдайтын, бойыңа мейірімділік, шыдамдылық, түсіністік сияқты адамдық қасиеттерді толықтай дарытатын ерекше әлем. Әр күн – жаңа эмоция, жаңа әсер, балалардың шексіз қуанышы мен кішкентай табыстарынан туған үлкен бақыт.
Тәрбиеші үшін әр таң – жаңа мүмкіндік. Балалардың бал тілді былдыр әңгімесі, алақандай қолымен құшақтауы, «апай» деп жүгіріп келуі – бұл мамандықтың ең үлкен марапаты. Әр бала – өз алдына бір әлем, ал сол әлемді тану, түсіну, қолдау – жүректің кеңдігін талап ететін қасиет.
Біз тәрбиелеген балалар ертең үлкен өмірге қадам басады. Міне, сол сәтте олардың жүрегіндегі мейірім, ақыл, әдеп, мәдениет біз берген тәлімнен бастау алатынын сезіну – тәрбиеші үшін ең үлкен бақыт. Сондықтан да мен үшін бұл мамандық тек қызмет емес, бұл – өмірлік миссия, жүректің таңдауы.
Кей күндері шаршадым деп ойлаған сәттерде кішкентай бүлдіршіннің бір ғана күліп қарағаны, қолыңнан ұстап «апай, сіз жақсысыз» деген бір ауыз сөзі бар шаршауды ұмыттырады. Балалардың сенімі – тәрбиешінің ең үлкен күші.
Бүгінде осы нәзік те маңызды мамандықтың иесі атанып, өз білімімді жетілдіріп, әр баланың жүрегіне жол табуға талпынып келемін. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» саласындағы алған тәжірибем мен білімім – менің ертеңге деген сенімімді нығайтады. Себебі тәрбиеші болу – әр баланың болашағына шағын болса да өз сәулеңді қалдыру деген сөз.
Тәрбиеші – мейірімділік мекені. Ал мен үшін бұл мекен – жүрегімнің үйлесімі мен армандарымның ақиқатқа айналған орны. Мен таңдаған жол – мейірім жолы, болашаққа салынған ізгі көпір.
Балалардың көзіндегі үміт отын өшірмей, жүрегіндегі мейірім дәнін өсіре білсек – ең үлкен еңбегіміздің жемісі сол болмақ.
шағым қалдыра аласыз













