Тәрбиеші – баланың алғашқы ұстазы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбиеші – баланың алғашқы ұстазы

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің негізгі мақсатым – балаларға жақсы көңіл – күй сыйлай отырып, саналы тәрбие, сапалы білім беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиеші – баланың алғашқы ұстазы

Мен бүгін ерекше сезіммен ояндым,
Сәулелі ақ таңның шуағына боялдым.
Жүректе қуаныш, бойда күш тасыған,
Тағы да бақшама аяңдап келемін,
Бүлдіршін үнімен жұмыста қиялым.

Мынау менің балабақшам… Мынау менің кішкентай бөбектерім… Әр күні олардың сүйкімді жүзін көргенде еріксіз күлімсіреймін. Өйткені олар мені қуана қарсы алады. Қуанышын жасыра алмай еркелей алдыма келеді. Бір үйдің үміті, шырағы, аяулысы, ардағы, еркесі, бұзығы, қызығы. Мен олармен бірге жүрсем, балаша қуанып, мына өмірге балаша қарағым келеді.
Мен тәрбиешімін… Осы мамандықтың қызығы мен қиындығын бала ортасында жүрген менен артық ешкім сезе алмайды.
Біз, тәрбиешілер үшін балаға ненің дұрыс-бұрыстығын, не ыстық, не суық екенін, не жаман, не жақсы екенін сары ауыз балапандарға үйретуден қиын іс жоқ.

Көздері мөлдіреген, жүздерінде күлкі ойнаған балаларға қарасаңызшы…
Күнде ертеңгісін балабақшада жас бүлдіршіндерді қарсы алып, олардың жағымды үндерін, сыңғырлаған тәтті күлкілерін, «Сәлеметсіз бе?», «Қайырлы таң!» деген сөздерін естігенде, бойым бір серпіліп қалғандай болады. Балалармен болған әрбір уақытым мені жаңа бір әлемге жетелегендей. Әрдайым балалардың маған деген ықыласын, маған ұмтылған үмітке толы көздерін, не нәрсені білуге құштар шабытты, сұраулы жанарларын байқаймын. Олардың менен күтетіндері өте көп екенін сеземін.
Балабақшаның у-шуынсыз өмірімді елестете алмаймын. Әр бала өзінше бір әлем… Тым жақсы, тап-таза, сезімдері пәк, аңғал, сүйкімді жандар. Ендеше оларды қалай ғана, жақсы көрмейсің. Мені өздеріне асқар таудай сүйеніш деп біліп тұрғанын сезе тұра, мен оларға жан-тәніммен берілмесем кім болғаным…

Менің негізгі мақсатым – балаларға жақсы көңіл – күй сыйлай отырып, саналы тәрбие, сапалы білім беру. Өзімді әр оқу қызметі үстінде балаларға бағыт беруші, жол сілтеуші рөліне қоямын. Бұл балалардың өзіне де¬ген сенімін арттырып, оқу қызметіне деген тұрақты зейін қалыптастыруға, қызығушылығын оятуға жағдай туғызады.

Бала жүрегі – кішкентай күй сандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Тәрбиешінің қолында әр кезде сол кілт жүруі керек. Мен өзгенің балалары болса да, өз балаларымнан да артық көремін. Бала тәрбиесінің жолында талмай қызмет етіп келемін. Қызмет етуді азаматтық, ұстаздық борышым деп санаймын. Әлі де қызмет етемін, баламен жұмыс жасау мен үшін өте қызықты.

Міне, осындай кербез, кішіпейіл, мейірімді, шуақты тәрбиеші атансам — адами парызымның орындалғаны болар.
Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мен мамандығымды мақтан тұтамын.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі