Тәрбиеші болу-бақыт

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбиеші болу-бақыт

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиеші болу – бақыт


«Бала естігенін айтады, көргенін істейді» - деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Балабақша – білім мен тәрбиенің бастауы десек, ал тәрбиешісол ортадағы бүлдіршіндердің бағбаны, білім мен тәрбиені ұштастырып, жол сілтер бағдаршысы. Бұл мамандықтың қыры да, сыры да осы, күн сайын көз алдарында өсіп келе жатқан жас ұрпақпен жұмыс жасау.

Кішкентай сәбилеріміз ата - анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс - тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Балабақша – баланың жүйелі түрде білім – тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Балабақшаның балаға беретін тәлім – тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы, сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, ұстазға байланысты.

Ұстаз – киелі мамандық. Ол ертеңгі болашақты, болашақ иесін – ұлтын тәрбиелейді. Баланы тәрбиелеу, оған ғылым негіздерінен мағлұмат беру, баланы өмір сүруге икемдеу, адами құндылықтарды бойына дарыту – әрине ол оңай емес. Содықтан да өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай құрметтеуге міндеттіміз.

Бала бойына ата – анадан кейінгі ақыл - ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана – сезімді сіңіруші адам – педагог тәрбиешілер.

Тәрбиеші – бала жанын бағамдар психолог, суретші, әртіс, әдебиетші, ақылшы, дос. Бұл балабақшада балаларды тәрбиелеу мен дамыту үшін барлық жағдай жасалынған. Балабақшаға кіргенде, бүлдіршіндердің сыңғырлаған күлкілері жанымызды сергітіп, жаңаша бір сезім сыйлайды. Бүлдіршіндерді қуанышқа бөлеген, балалықтың мекеніне айналған балабақшаның болашағы да зор.

Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұрқұйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздарды тәрбиешілерді 8- Наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен «Алпамыс» бөбекжай – балабақшасының ұжымын ару қыздарын шын жүректен құттықтаймын!!!

«Алпамыс» бөбекжай-балабақшасының

тәрбиешісі Иманбаева Арай Бағжанқызы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.02.2025
119
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі