ТӘРБИЕШІ БОЛУ БІР БАҚЫТ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ТӘРБИЕШІ БОЛУ БІР БАҚЫТ

Материал туралы қысқаша түсінік
ТӘРБИЕШІ МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАҒАН ЖАС МАМАНДАРҒА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ МӘНІН ТҮСІНДІРЕТІН ЭССЕ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиеші болу бір бақыт. (Эссе)

«Адамзаттың жас ұрпағын тәрбиелеуде , тәрбиеші - ұстаздардың орны айрықша . «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек , тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауы , ол келешекте оның өміріне зиян әкеледі» - деп ғұлама ғалым Әбу Насыр –Әл Фараби айтқандай , білім негізі тәрбиеден бастау алып , қаланады. Ананың ұлықтығын , әке риза болмай , «Алла» риза болмайтынын біліп өскен ұрпақ қана ертеңгі күннің аманат жүгін көтере алады. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - деп данышпан ақын Абай атамыз айтқандай тәрбиеші ұстаздың саналы ғұмыры түгел дерліктей жас ұрпақтың болашағына арналады. Тәрбиеші болып бала тәрбиелеген адам , әрбір сәбидің жүрегінің кілтін таба білсе, зор қуанышқа , үлкен бақытқа кенеледі . Өйткені , сол тәрбиеші жан , күнәдан пәк періште сәбилердің , ата- анасынан кейінгі, екінші ата – анасы .

«Тәрбиешінің өзі тәрбиелі болу керек» - деп атақты ұстаз Макаренко айтқандай, тәрбиешіге қарап болашақ тұлға қалыптасады . Тәрбиеші мамандығын таңдаған адамның жүрегі кең , бауырмал , мейрімді де , иманды , сабырлы өмірге құштар жан – жақты білімді , өнерлі нағыз өз ісінің маманы болуы керек. «Тәрбие жақсы тәлімнен басталады» - дегендей әрбір тәрбиеші білікті тәлімгер, тәрбиелі де тәртіпті ,ұқыпты өз мамандығына құлай сүйе берілген жан болуы тиісті .

Сәби жаны мөлдіреген шарайна ,

Сол айнаны еппен ұста абайла?

Ақ бетіне ешбір сызат түспесін,

Осы айтқанды көңілге түй жарайма ?!

Деп өзіме сұрақ қойып толқимын

Сәби жүзін көрген сәтте қалайда .

Сәби бейне пәк періште тазалық ,

Ей , жараңдар! жаныңменен тазаны ұқ.

Дегім келіп тұрады ылғи тұрады ,

Жан дүнием сәби жандай тазарып.

Сыңғырлаған күлкісіне не жетер,

Айналасын кететұғын базарғып – деп, жергілікті ақын

Сайлаухан Сағдолдин жырлағандай , керемет көтеріңкі көңіл күймен , сүйікті бала - бақшамның есігінен қуана аттап , сүйкімді кішкентай сәби бөбектерімнің жүзін көргенде, үлкен қуанышқа кенеліп , еріксіз бақытты күй кешемін . Өйткені олар мені шын көңілдерімен қуана қарсы алады. Қуаныштарын жасыра алмай, аналарындай еркелеп алдыма келеді . Бір үйдің үміті , шырағы , аяулысы, ардағы , еркесі , тәтті тентегі , сүйкімді бұзығы , қуаныш қызығы . Мен олармен бірге жүрсем , балаша қуанып , мына нұрлы өмірге бала көзіммен қарағым келеді. Осынау тәрбиеші мамандығының қызығы мен қиындығын , өзі балалардың ортасында жүрген адам ғана түсіне алады. Мен тәрбиешімін, жер бетінде тәрбиеші алдын көрмеген адам кемде – кемін ойласам , бұл мамандықтың өте киелі мамандық екенін ұғамын . Жаңа өсетін жас шыбықты , бағбанның аялы қолы қалай күтіп баптаса , жас сәбиге де сондай аялы алақан мен жан мейірімі , айналайын күнім, жаным қарағым деген жылы сөздердің сондай әсері мол .

Тәрбиешінің мінезі, сөйлеген сөзі жүріс тұрысы өзін өзі қоршаған ортада ұстауы, бала үшін тұнып тұрған үлгі өнеге . Мен оларды жанымдай жақсы көремін , өйткені әрбір сәби бүлдүршін мен үшін тазалық пен туралықтың, мөп- мөлдір айнасы. Олар қуанса шын қуанып , ренжісе шын ренжи біледі. Сәбилердің жаны жалғандықты жасампаздықты , қаламайды , сүймейді , не айтсада әділ, шындықты айтады. Көздері мөлдіреген, жүздерінде қуаныш күлкі ойнаған балаларға қарасаңыз өз жаныңызда сондай тазалыққа кенеліп , өзіңізді бұл дүниедегі ең бақытты жандай , сезінетінің анық Әр балам өзінше бір әлем... Жаны жақсылыққа құмар, арманшыл . Адам баласы балалық шақта қандай сұлу, қандай нәзік , қандай аңғал, таза еді. Тәрбиеші мамандығыныңң қызығы да, қиындығы да осы пәк-періштелерді бұралаңы көп үлкен өмірге , даярлап қанаты қайрылмайтындай ету емеспе. ?!

Мен тәрбиешімін , жасыратыны жоқ осы мамандықты таңдаған жандардың кәсібіне көңілі толмай , қиындығын айтатындары көп , ал мамандығын өзгертетіндер сирек ... Оның себебі, сүйкімді балалардың киелі ортасы тәрби ешіні нәзік жіппен өзіне байлап байланыстырып қоятындай. Мен балабақшада он жыл еңбек етіп келемін , бұл еңбектен ешбір жалыққан емеспін. Өйткені менің жас бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым , бақытты кездерім деп айталамын .

Күнде ертеңгісін балабақшада жас бүлдіршіндерді қарсы алып , олардың құлаққа жағымды үндерін , сыңғырлаған тәтті күлкілерін ,

« Сәлеметсізбе ?» , «Қайырлы таң !» деген сөздерін естігенде бойым бір сергіп қалғандай болады . Балалармен болған әрбір уақытым мені жаңа бір әлемге жетелегендей , әрдайым балалардың маған деген ықыласын , маған ұмтылған толы көздерін , не нәрсені білуге құштар шабытты , сұраулы жанарларын көргенде олардың менен күтетіндері өте көп екенін сеземін ...

Әрине әрбір оқу іс әрекетіме жауапкершілікпен қарап , дайындалуды еш жадымнан шығарған емеспін . Әрбір оқу іс әрекеттерім жас бүлдүршіндер үшін өз құпиясын ашқан сыр сандықтай болса , өзім сол тылсымды мол жұмбақ әлемнің сиқыршысындай жанға енмін .

Әр күннің сәтті шығуы, әрине өзіме байланысты . Көбінесе жұмысымның негізгі бөлімдеріне ғана назар аударылып , ұйымдастыру бөлімінде өткізілетін психологиялық тренигтер сергіту сәттері , дидактикалық ойында , қимылды ойындарда, тәрбиеленушілерім ерекше көңіл күйге бөленеді . Мерекелік ертеңгіліктерде балалар ән айтып , би билеп , өнерлерін көрсеткенде , осы ғажайып тылсым әлемнің тылсымына ендіру маған үлкен бақыт сыйлайды . Педагогикалық шеберліктің мәні алдымен қызықтыру сонан соң үйрету деген тұжырымдамасын негізге аламын . Менің негізгі мақсатым балаларға жақсы көңіл күй сыйлай отырып , саналы тәрбие, сапалы білім бере отырып өзімді жұмыс барысында балаларға бағыт беруші , жол сілтеуші сезінемін. Бұл балалардың өзіне деген сенімін арттырып , оқу іс әрекеттеріне деген тұрақты зейінін қалыптастыруға қызығушылықтарын оятуға жағдай туғызады .

Тәрбие - отбасынан басталатындықтан қашанда тәрбиеленушінің ата-анасы , жан ұясымен жете танысып , үнемі қарым қатынаста болуды өзіме мақсат етемін . Ол біздің ортақ борышымыз екенін сезінуге , үйретуге тырысамын . Кез келген бала дарынды, дарынсыз,

Жылдам немесе ақырын қимылдасын , бәрібір өзіне деген сүйіспеншілікпен құрметті қалайды. Сондықтанда әр баланың жанын түсініп , мақтап қолпаштап , көмек көрсету арқылы қызыметімде тек қана жақсы жетістіктерге қол жеткізетініме сенемін.

Адамның жаны мен тәні қашанда тәрбиеге мұқтаж екендігін ескерсек , тәрбиешіге артылар жүк жеңіл еместігіне көзіміз жетеді .

«Ел есінде бір жыл қалғың келсе – ас бер , он жыл қалғың келсе – ағаш отырғыз , ал мәңгі қалғың келсе – бала тәрбиеле» дейді дана халқымыз .

Осы халық даналығынан ой түйіндей отырып, сөз соңында айтарым

адамзаттың жас ұрпағын тәрбиелейтін әрбір тәрбиеші жанның ең басты міндеті , сәби жанның жан әлеміне ене білу екнін баса айтқым келеді.

Бала – өмір, бала ғұмыр болашақ

Бала - ғұмыр, болашаққа жол ашат

Бала ұрпақ тіршілік қан тамыры

Бала көңіл еш алаңсыз болсын шат. - деп, ақын жырларымен осы эссемді аяқтаймын.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
361
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі