жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбиеші болу бір бақыт
Өтенай ауылы
«Амандық» балабақшасы әр жастағы»
ЖШС жекеменшік балабақшасы
Тәрбиеші болу бір бақыт
«Ел есінде бір жыл қалғың келсе –ас бер,он жыл қалғың келсе –ағаш отырғыз,ал мәңгі қалғың келсе –бала тәрбиеле» халық даналығын келтіре кетуге болады. Өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие сіңіру,болашаққа бағыт-бағдар беру,келешекке кемел боларлық ақыл парасат меңгерту аса жауапты іс екені белгілі. Сондықтан да жауапкершілік жүгі өте ауыр,осынау қажырлы іске бой ұрған әрбір маман қоғам арасында үлкен құрметке ие болатындай дәрежеге иек артуы тиіс. Мен үшін де осынау өмірімдегі ең қастерлі,әрі қасиетті мамандық – ол педагог. Мен еңбек жолымды балабақшада тәрбиеші болудан бастадым,міне содан бері көп жыл өтсе де болашақ ұрпақты тәрбиелеп келемін. «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан» демекші еңбек етуден, «баланы жастан» деп бала тәрбиелеуден жалықпаған маманмын. Өз мамандығым өзіме қатты ұнайды. Тәрбиеші жай ғана мамандық емес. Ол адам бағдарын жасаушы,келешек ұрпақтың сәулетшісі. Бұл сөздің астарында тәрбиеші мамандығының үлкен жауапкершілік иесі екендігін айқындап тұр. Мен үшін балабақша жұмысы жауапты әрі қызықты. Жауаптылығы сол –Отанның лайықты тұлғаларын қалыптастыруда ең алғаш темірқазық болатын –мектепке дейінгі мекеме. Қызықтылығы ол жас бүлдіршіндермен олардың тәтті қиялынан әр сөзді,олардың балаң көңілімен ұштасып шығатын әр іс-қимылын күнделікті көзбен көрудің өзі бір қызық. «Жол таңдауда жалтаңдауға болмайды» дегендей, әу баста ұлтымыздың, тәуелсіз еліміздің ертеңі боларлық бүлдіршіндерді тәрбиелеу жолын таңдағаныма еш өкінбеймін. Керісінше ,ауыртпалығы мен жауаптылығы мол осы кәсіпті таңдау арқылы қоғамдық дамуға өлшеусіз үлес қосып келе жатқанымды мақтан етемін. Адам баласының өмірінде болуға тиіс бақыттың бірі не десек, ол өз қалауыңмен таңдаған кәсіп мамандығыңа деген қызығушылық,ынтызарлық,әрі ыстық ықылас дер едім. Өз еңбегіне жан-тәнімен берілген адам,қоғамдық ортадағы жауапкершілікті тереңнен салмақтай алған , бір сөзбен айтқанда, өмірдің мәні адал,әрі мағыналы ,әрі жемісті,әрі нәтижелі еңбекте жатқандығын түбегейлі түсіне алған әр адам биікке бастар жолдың қадірін салмақтай біледі. Қалаған ісіңе ғашықтық пейілмен қарай білсең,өмірден өз орныңды тапқаның болып табылады.
Осы жерде бір халық даналығының сөзін келтіре кетейін: «Кәсібің-ол сенің нәсібің» деген екен.
Шын жүрекпен қалаған кәсіп арқылы ғана және жемісті еңбек арқылы ғана өмірлік несібеңді ,абырой – беделіңді,қоғам алдындағы құрметіңді еселей аласың . Ал тәрбиеші болу –айтуға ғана оңай шаруа болғанымен бұл мамандықтың қоғам үшін қаншалықты маңызы барлығын сол кәсіпті таңдағандар,осы жолда еңбек етіп жүрген жандар ғана түсіне алады. Атақты көрнекті тұлға Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам дейтін ел болмаса,елім дейтін бала қайдан болсын» деген екен.
Балабақша тәрбиешілері қай кезеңде болсын ертеңгі елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде. Бұл жолда үлкен ізденіс, парасат қажет. Ендеше, тәрбиешінің әр күні ізденіспен ертеңгі азаматты қалыптастыру жауапкершілігімен ұштасып жатады. Қиындығы мен қызығы,ауыртпалығы мен жауапкершілігі қатар жүретін осы еңбектің жолындағы педагогикалық ұстанымым –үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну,бұлақ көрсең көзін аш демекші,бұлақтың көзін ашу,биікке жетелеу,сондай ізденістер арқылы биік мақсаттарға жету. Тәрбиеші болу –әр балаға екінші ана болуға парапар еңбек. Анадай мейірім мен қамқорлық таныту,аялы сөздермен ілтипат білдіріп,ізгіліктерге бағыттау біздің күнделікті еңбегіміз-де өріліп жатыр.
Сондықтан да бұл іс екінің бірінің қолынан келе бермейді. Өйткені, бұл –бала жанын тереңнен сезінетін,өз ісін жан-жақты білетін нағыз маманның қолынан ғана келетін іс деп білемін. Баланы жастайынан сүйіспеншілікке, шыдамдылыққа,ұқыптылыққа, белсенділікке тәрбиелеу үшін балаларға бар жағдайды жасай отырып,олармен жүргізілетін барлық іс-шаралардың дұрыс ұйымдастырылуына көмек беріп,қол ұшын созатын әрине тәрбиеші деп білемін. Менің алға қойған ең басты қағидам «Жас келсе-іске» халқымызда керемет бір сөз бар. Демек біз бар бойымыздағы жастық жігерімізді ,күш қуатымызды, жаңашылдығымызды, талапты әрі талантты бүлдіршін тәрбиелеуге жұмсауымыз керек.
Болашақта өз тәрбиеленушілерімізді биік белестерден көріп жатсақ, сол үшін өзіміздің аз да болса үлесіміз тиіп жатса,біз өзімізді бақытты жандармыз деп түсіне білеміз.
Батыр Бауыржан Момышұлы: «Ешкім іштен батыр болып тумайды,батырлық та мінез секілді өскен орта,көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады» деп ұлы ой айтқан болатын. Біз балабақшадағы бүлдіршіндерді жақсылық атаулыға тәрбиелеуге ,тамаша ортада тәлім-тәрбие беруге жауапты әрі міндеттіміз. Білімділік пен тәрбиенің нәрі мектепке дейінгі ұйымнан яғни балабақшадан басталады. Қазіргі кезде қоғамда жүріп жатқан өзгеріс-тер,жаңару, балабақшадағы балалардың білім сапасын жақсартуды талап етеді.
Тәрбиеші қай кезеңде болсын ертеңгі күннің үміттері — жас ұрпақ үшін жандары ашитын,сол ұрпақты тәрбиелеуге тер төгіп жүрген адамдардың бірі. Бұл жолда көп ізденіс парасат қажет. Ендеше, тәрбиешінің әр күні ізденіс-пен, ертеңгі азаматты қалыптастыру жауапкершілігімен ұштасып жатады. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын лайықты түрде тәрбиелеу – біздерге артылған аса жоғары міндет. Осы міндетті орындау үшін әрбір тәрбиеші жанын салады. Ендеше олардың әрқайсысының еңбегі қашанда құрметке лайық деп білемін. Тәрбиеші бұл әрдайым үлкен әріптермен жазылуға тиіс мазмұнды да, мағыналы сөз деп білемін. Өйткені, біз елдің ертеңгі азаматтарын тәрбиелеудеміз.
Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты. Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге келгенде қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күндерімді ой елегінен өткізе отырып, балаларымның ыстық ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарымен, сәбилік шын жүректерімен айтқан сөздері есіме түскенде шаршағанымды ұмытып кетемін. Осы бір «Балалар әлемінің теңізіне” бір бойласам, ешқашан өз мамандығымды өзгерткім келмейді. Өйткені, бала-пәк, бала тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы сияқты. Көзін ашып, тұнығына қану үшін тәрбиешіде жылы жүрек, аялы алақан және тәрбиешіге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу сезімі болу керек екенін түсіндім.
Бүгінгі өмірдің «Жас буынның рухани дүниесінің сәулеткері, қоғам өзінің ең қымбаттысын, ең құндысын ,өзінің өмірі мен болашағын тапсырған сенімді өкілі» деп аса жоғары бағалап отырғаны мәлім.
Сапалы білім берудің күн сайын тиімді жолдарын ойластырып отыруды ерекше талап етіп отырған жаңа кезеңде,әрине балабақшадан бастап жас жеткінщектің дұрыс сөйлеу дағдысын жетілдіру, дамыту үшін келешек тәрбиешілік жұмысымызда өз шеберлігімізді шыңдай түсуге міндетті екенімізді есімізде сақтауымыз керек. Тәрбиешінің шеберлілігі-талантты қажет ететін ерекше өнер емес,өз білімін үнемі жетілдіріп жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолданып отырса ғана,өзінің кәсіби шеберлігін арттырады. Тәрбиеші жігері оның бала санасына «мол суымен сабырлы аққан кең арналы өзендей» таси құйылған білімі мен дана тәрбиесінен көрінеді. Балалар – өмір гүлі. Ал гүлдер ешқандай жасандылық-сыз, шынайылықпен баптағанда ғана өседі.
Өз мамандығына жан - жүрегімен берілген тәрбиеші этиканы да,техника-ны да, шеберлікті де жақсы меңгереді. Балалармен жұмыс жасау - үлкен бақыт. Себебі, бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді,кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып,маған сенім артады. Пәк көңіл балаларыммен арақатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды, себебі мен оларға,олар маған керектігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы –әр тәрбиешінің бақыты деп ойлаймын. Балабақшадағы әрбір ісімізді еліміздің ертеңі,болашағы үшін арнау өзіміздің басты парызымыз деп санаймын. Осы шеберлік пен шыдамдылықты қажет ететін күрделі үрдісте дер кезінде алынған мектепке дейінгі білімнің әрбір бала үшін, сонымен қатар еліміздің болашағы үшін өмірлік маңызы зор.
Сондықтан, біздің бүгінгі басты міндетіміз-әлемге танылып отырған Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашақ бастауы болатын бүлдіршіндерімізді саналы азамат етіп тәрбиелеу.
Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмысымды одан әрі жалғастырып, елімнің ертеңі болар жас бүлдіршіндердің саналық тұрғыдан өсіп-өнуіне үлесімді қоса беремін деп ойлаймын. Бүгінде балаларға мейірім төге отырып, биік белестерге жетуіне жауапты екенімізді еш уақытта естен шығармауымыз керек.
Ел ертеңі де, болашақтың базары да, келешектің кеменгерлері де – бүлдір-шіндер емес пе?!
Олай болса,келешегіміз келісті болашағымыз жарқын болсын! Балаларды тәрбиелеу,еңбек,әрі борыш деп санаймын.
Сондықтан да өз мамандығымды қатты ұнатамын. Менің алдыма қойған мақсатым: дені сау,ұлттық сана-сезімі оянған,рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол,еңбекқор,іскер,бойында игі қасиеттер қалыптасқан патриот ұрпақ тәрбиелеу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген