Материалдар / Тәрбиесі қиын оқушыларға арналған жұмыс жоспары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбиесі қиын оқушыларға арналған жұмыс жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп психологтарына керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Мамыр 2019
591
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбиесі қиын оқушыларға арналған жұмыс жоспары



Жұмыстың мақсаты:

Тәрбиесі бойынша оқушылардың тәртібін дұрыстау, сабақ үлгерімін жақсарту.

 Қиын оқушылармен ақыл – кеңес, әңгімелесу, сырласу жұмыстарын жүргізу;

Мектептің, сыныптың қоғамдық жұмыстарына белсенді түрде араластыру;

Сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып, шығармашылықпен ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Жеткіншек  дамуындағы  дағдарысты түсінуүшін  жеткіншектің  агрессиялық  әрекетіне  қарсы  тұру.

Оқушыларға жауапты жұмыстар тапсыру;

 Балаға ілтипатпен қарап, оның жағымды жақтарын ашуға тырысу;

 Сабаққа қатысуын жүйелі бақылау;

Ата – анасымен үнемі тығыз байланыста болып, ақыл – кеңес беру.



Жұмыс жоспары

Қыркүйек

Сынып жетекші

2

Қиын оқушыға арнап күнделік жүргізіп отыру.

Ай сайын

Сынып жетекші

3

Ата-анасымен пікірлесу

Ай сайын

Сынып жетекші

4

Үйірмелерге тарту

Ай сайын

Сынып жетекші

5

Жеке тапсырмалар беру, орындалуын қадағалау, нәтижесін саралау.

Ай сайын

Сынып жетекші

6

Сынып белсенділерінің қатарына қосу

Ай сайын

Сынып жетекші

7

Бос уақытында немен шұғылданатынын бақылау

Ай сайын

Сынып жетекші

8

Бірге жүрген достарының пікірін тыңдау

Ай сайын

Сынып жетекші

9

Қай пәнге ықыласты,ықылассыз екенін бақылау

Ай сайын

Сынып жетекші

10

Оқушыны кітапханамен байланыс жасауға бейімдеу

Ай сайын

Сынып жетекші





Тәрбиесі қиын оқушылар туралы мәлімет



Мінезі құбылмалы, ауыр. Оқу үлгерімі төмен. Қызығушылығы аз.

Мұғалімдермен, оқушылармен, ата-анасымен қарым-қатынасында көптеген кикілжіңге келіп қалады. Суицидтің жеңіл түрі анықталды.



Сынып жетекші

Сынып белсенділері

Пән мұғалімдері

Оқушылар





Диагностикалық зерттеу түрлері



      Медициналық тексеру:

Барлық дәрігерлік бөлмелерден өткізілді. Медициналық анықтама бойынша, оқушының денсаулығы жақсы. Невропатолог ауытқушылық жоқ деп белгіледі.

Оқушымен жеке жұмыс: Оқушымен жеке әңгіме өткізілді, одан сұрақтар алынды, қызығушылығы анықталды. Мақтау – мадақтау жұмыстары жүргізілді. Ақыл – кеңес берілді.

Ата – анасымен жүргізілген жұмыс: Оқушының ата – анасымен бірнеше рет кездесілді. Әлеуметтік жағдайлары анықталды. Сыныптағы «Отбасы-алтын діңгек» атты ата – аналар сайысына шақырылды. Ақыл – кеңес берілді.

Психологпен жұмыс: Оқушы психологпен кездесті, даму ерекшелігін , оқушыға қандай көмек керектігін анықтады. Темпераменті анықталды (меланхолик) . Оқушыға көп көңіл бөлуді, белсендірек болу үшін адамдармен араластыру ұсынылды. Психологиялық тесттер алынғанда да жеке кеңес керектігін айтты.

 





 

Ата – аналары туралы мәлімет



Деректер

Анасы

Әкесі

Ата – анасының аты – жөні

 

 

Жұмыс орны

 

 

Қызметі

 

 

Байланыс телефоны

 

 

Жанұядағы басқа мүшелер туралы мәліметтер: (аты, жасы, жұмыс орны, оқу орны)

Бауырлары __________________________________________________________________



Жанұяға қысқаша мінездеме, бір – бірімен қарым – қатынасы _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жасөспірімге жанұяның әсері

____________________________________________________________________________________________________________________________________

Жанұяның әлеуметтік – тұрмыстық жағдайы, табысы ______________________________________________________________________________________________________________

Осы мектепте қай кезден бастап оқиды __________________________________________

Сыныптастарымен қарым – қатынасы __________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

Мектепке, оқу үлгеріміне, сабаққа қатынасы __________________________________________________________________________________________________________________________

Мектеп өміріндегі, сыныптағы белсенділігі _________________________________________________________________________________________________________________________

 

Өзара қарым – қатынас беті.



Оқушының ұжымдағы беделі?

Басшы, беделді, елеусіз, бөлектенген, енжар.



Ұжымның ескертпелеріне, сындарына, талаптарына қатысы?

Жағымды, ынтамен, қинала, бей – берекет, өштесе, селқос.



Достары бар ма?

Тек өзінің сыныбында, сыныптан тыс, сыныпта да, сыныптан тыс та, өзімен шамаластармен, өзінен үлкендермен, өзінен кішілермен, ешкімі жоқ.



Мектеп шараларына қалай және кім болып қатысады?

Басшы бола алады, ұйымдастырушы, белсенді мүше, енжар орындаушы, қарсы ұйымдастырушы, қатыспайды.



Кімдермен кикілжіңге түседі?

Сыныптастарымен, басқа сыныптағылармен, мұғалімдермен, ата – аналармен, туысқандарымен.



Қандай еңбек түрін қалайды?

Ақыл – ой, дене, екеуін де, еңбек етуді ұнатпайды.



Өзіне деген қатынасы?

Өзіне - өзі сенімді, өзіне - өзі сенімсіз, өзіне сынай қарайды, өзін - өзі бақылайды, жетістікке ұмтылады.



Мәдениет дағдыларын меңгерген бе?

Қоғамда мәдениетті, шектен шығып кететін кезі болады, мәдениетсіз.





Оқу әрекеті.

Оқушының аты –жөні:

Оқушы мұғалімнің талаптарын қабылдайды ма? Пәнге қызығушылық танытады ма? __________________________________________________________________

Сабақта белсенді ме? ____________________________________________________________

Мұғалімнің сабақ түсіндіргенін тыңдайды ма? ______________________________________

Талаптанады ма, Сынып жұмыстарына үлгереді ме? _________________________________

Берілген уақытта жұмыс істей алады ма, әлде тез ауытқып кетеді ме? ___________________

Тынымсыз немесе селқос болады ма? ______________________________________________

Жиі шаршайды ма? _____________________________________________________________

Берілген тапсырманы орындауды жоспарлап, ойланып жасайды ма, әлде бірден кіріседі ме? __________________________________________________________________

Өздігінен жұмыс істей алады ма, әлде үнемі көмек керек пе? __________________________

Өз жұмысын бақылай алады ма? __________________________________________________

Жіберген қатесін өз бетімен таба алады ма? _________________________________________

Қиындықты жеңе білуде қайраттылық танытады ма, әлде білім алуды тез қажетсінбейді ме? __________________________________________________________________

Материалдаға негізгі ойды таба алады ма? Жалпылай, қорытындылай алады ма? __________________________________________________________________

Бірнеше рет қайталап, жаттап еске сақтай алады ма? _________________________________

Еске сақтауы қалай? _____________________________________________________________

Оқылған ережелерді қолдана алады ма? ____________________________________________

Тіл дамуындағы ерекшелік (сөз қоры, сұраққа жауап беруі, мәтінді айтып беруі, тілдік кемшілігі, тілдің грамматикалық құрылымы). _______________________________________

Дағды мен білім жағдайы. ________________________________________________________

Оқу жағдайы (саналы, дұрыс, тез, мәнерлі жазу техникасы, грамматика, сауатты жазу, арифметикалық дағды). __________________________________________________________

Қай пәннен қиналады? ___________________________________________________________

Себептері? __________________________________________________________________

Қандай көмек берілді? Қорытындысы қандай? Қандай уақытта? _______________________

Мұғалімнің ескертпесіне, бағалауына, мадақтауына қандай көңіл – күй (келіседі, жоқ, эмоциясын ашық көрсетеді: қуаныш, күлкі, жылау, үндемей келіседі) білдіреді?

__________

Мұғалімнің, сыныптастарының көмегіне қалай қарайды? _____________________________

Қандай тапсырмалар балаға керексіз, орындағысы келмейді? __________________________

Мұғалімге жиі сұрақ қояды ма? ___________________________________________________

Мектептегі жалпы мінез – құлқы? _________________________________________________

Мектеп тәртібінің кестесін орындайды ма? ____________________________________

Қиындық туғызатын оқушының тәрбиелік деңгейінің диагностикасы.

Оқушының аты –жөні:  __________________________

 

Бағалау өлшемдері

Тәрбиелік белгілері

Баға

Эрудициясы

Білімі қанағаттанарлық, қосымша білім көздерін пайдаланбайды, сөйлеу мәдениеті, зеректілігі, тапқырлығы қанағаттанарлық.

 

Ынтасы

Ұмтылыс жоқ, жауапкершілігі төмен, өзіндік әрекеттері жоқ, бірақ өзара көмекке келуге даяр, зейіні төмен.

 

Еңбек сүйгіштігі

Жалпы жинақы, еңбекті жақсы көреді, еңбек қауіпсіздігін сақтайды, еңбегі өнімді, еңбек тәртібін сақтайды.

 

Адамгершілілігі, саналылығы

Адамгершілігі бар, адамдық қарым – қатынасы дұрыс, мейірімді, мәдени мерекелерге баруды ұнатады, мінез – құлық ережелерін орындайды, бірақ мектеп жарғысын орындамайды.

 

Табиғатқа қатынасы

Жерге, табиғатқа, өсімдікке, жануарға аялы көзқараспен қарайды.

 

Эстетикалық талғамы

Сырт пішіні жинақы, таза, ұқыпты киініп жүреді, жазуы таза, әдемі.

 

Өзін - өзі жетілдіру дағдылары

Өзінің мінез – құлқын реттей алмайды, уақытын тиімді пайдаланбайды, денсаулығын күтпейді, жеке бас тазалығы орташа, өзін - өзі жетілдірмейді.

 

Экономикалық санасы

Экономикалық сауаттылығы төмен, қоғамдық істерге белсенді болғанымен саналы әрекет жасай алмайды.

 

Азаматтық санасы

Пікірталасқа түсе аламайды, мақсат қоймайды, өз әрекетіне өзі баға бермейді.

 

Құқықтық санасы

Құқықтық білімі өте төмен



Бақылау картасы

Оқушының аты-жөні      ___________________                  сыныбы    ________

Оқу – іс-әрекеті

       Немқұрайлылық;

       Оқығысы келмейді;

       Оқу үлгерімі төмен;

       Оқу бағдарламасын меңгеруде қиналады;

       Бір немесе бірнеше пәндерден үнемі үлгерімі төмен;

 

 

 

2

Құрдастарымен қарым – қатынасы

Сыныптағы жағдайы

       Бөлек жүреді;

       Өзін сыныпқа қарсы қояды;

       Мінезі қиын балаларды басқарушы ретінде өзін сезінеді;

Басқа балаларға қатынасы

       Өзінен әлсіз және кіші балаларға күш көрсетеді;

       Құрдастарын ұнатпайды;

       Әр түрлі жастар тобына кіреді;

 

 

 

3

Бос уақытын өткізуі

       Үйірмелер мен секцияларға қатыспайды;

       Сабақтан бос уақытын үйден тыс (ауладағы достарымен) өткізеді;

Әлеуметтік желіде отырады

 

 

 

4

Еңбекке қатынасы, кәсіптік бағыттылығы

Мамандық таңдау

       Өз мүмкіндігі мен қабілетін білмейді;

       Кәсіптік айқындалмаған;

       Өзі таңдаған мамандығына қатысты қасиеттері дамыған;

Еңбекке қатынасы

       Еңбек етуге қарсы;

       Мектепте және үйде еңбек міндеттерін орындамайды;

Жауапсыз қарайды;

 

 

 

 

5

Үлкендермен қарым – қатынасы

Ұстаздарымен

       Бір немесе бірнеше мұғаліммен қайшылықты сипаттағы қарым – қатынаста;

       Дөрекі;

       Өтірік айтады;

Ата – анасымен

       Қайшылықты мінез – құлықта;

       Өтірік айтады;

       Дөрекі;

 

 

 

6

Мінез – құлық және әрекеттер

Мектепте

       Сабақтан қалу;

       Мектеп тәртібін бұзу;

       Дөрекі сөйлеу;

       Мектеп мүлкін бүлдіру;

       Сабақты бөлу,

       Төбелесу;

Үйде

       Үйден қашу;

       Үй міндеттерін орындамау,

       Ешкімді тыңдамау;

       Өтірік айту;

Құқыққа қарсы әрекеттер

       Ұрлық жасау;

       Алаяқтық алдау;

       Мүлікті бүлдіру;

       Дене жарақатын салу (төбелесу)

 

Қиындық туғызатын оқушылардың сабақтан

тыс уақытта пайдалы іске қамтылуы.

 

 

 

Оқушының фамилиясы, аты – жөні

Сыныбы

 

Үйірменің, клубтың, секцияның аты. Орналасқан мекені.

 

Аптаның қай күндері барады

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

жексенбі

Себепсіз қатыспаған сабақтар.

 

 

 

Оқушының фамилиясы, аты – жөні

Сыныбы

 

 

Босатылған сабақтар саны

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуір

Мамыр



Мен оқушыны гүлге теңедім. Оның тамырларын қиын оқушы деп алатын болсақ, ол гүлге ешкімде қарамаса, ата-ана, мектеп те, сынып жетекші де жұмыс жасамайтын болса, үй тапсырмаларын, сынып жұмысын орындай алмаса, ата-анасымен, мұғалімдермен, достарымен көп сөзге келе беретін болса, онда ол қурап қалған гүл сияқты немесе тамырынан үзіліп қалған гүл сияқты болады.

Ал егер осы гүлге ата-анасы да, сынып жетекшісі де, мектеп те, пән мұғалімдері де гүлді баптап қарап, өсірсе онда батыр гүл ертегідегідей жерді тесіп шыққан батыр гүлдей немесе әдемі роза, раушан гүлдеріндей құлпырып, түзу өсер еді. Қиын баланы үнемі жақсы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі,оқуы, өсуі қажет.

Балада жағымды “МЕН” бейнесін қалыптастыруы қажет.
Ұстаз бен шәкірт арасында тартыс тумауы қажет.
Оқушының әрбір тәртіпсіз әрекетінің себебін анықтап,к өз жеткізіп,шара мен жазаны соған лайықты қолдану керек.
Мұғалім сабағын қызықты өткізіп,оқушылар зейінің оқу ға аударуы қажет.
Мұғалім шыншыл,әділетті,кешірімді,мейірімді,сабырлы, ұстамды бол ғаны жөн.



Қорыта айтқанда Қоғамда «қиын бала» болмауы үшін әрбір бала бойына адами құндылық қасиеттерді қалыптастыра отырып, заман ағымынан қалыс қалмайтын, білімді, тәрбиелі ұрпақ ұлттымыздың болашағы екендігін ұмытпағанымыз абзал.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!