Тәрбиешілер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбиешілер

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиелеуші
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиеші: Рахмет, ата- аналар, қазақтың ұлттық ойындарымен қатар, ұлттық өнермен де

бізді бір марқайтып тастадыңдар.

Арқан тарту пердесі қазағымның,

Күшті болу егесі таңба- тақым.

Сайысқа кел шығайық, шабыттанып,

Тартайықшы арқанды, арқа асып- дегендей, сайысымыздың келесі шарты бойынша

ата-аналардың «арқан тарту» ойынының шартымен танысайық. Бұл екі топқа бөлінген

адамдармен немесе екі адаммен ойналады. Арқанның екі жағынан екі адам немесе

екі топқа бөлініп адамдар арқан тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып алса,

сол топ жеңіске жетеді. Ал екі адам тартысқанда, қай адам өзіне қарай арқанды тартып

баланы құлатса, құламаған бала жеңіске жетеді. Ендеше ортаға арқан тартуға мықты,

епті ата- аналарды шақырайық. Ортада «арқан тартыс» ойыны.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, ата-аналар, мерейлеріңіз үстем болсын! Денеміздің шымыр,

денсаулығымыздың мықты болуына өзіндік үлесін қосатын би: «Қара жорға».

Тәрбиеші: Тай құлағында бала ойнар,

Ат тоқымында ер ойнар.

Ат жарысқа келдіңдер,

Аламан бәйге бақ сынар

Ата- аналар атқа қонар-деп бүгінгі сайысымыздың соңғы айналым- ойыны «Ат жарысқа»

тіреліп тұр.Ойын шарты: бұл ойын екі командаға бөлініп ойналады. Сайыскерлерге

«алға» деген белгі бойынша ат үстіндегі қимылын салып жарысады. Қай команда мәреге

тез жетсе, сол команда жеңімпаз болады. Ат кескін бет пердесін тақымға қысып, мәреге

шауып жету. Олай болса, атышулы аламан бәйгеге атымызды қосып, ат жарысқа бет

бұрайық. Ұлттық ойын: «Ат жарыс». Ортада ата- аналар ат жарысқа қатысуда.

Тәрбиеші: Неткен, керемет, ғажап ойын десеңші! Ат жарысты да сайыскерлер сәтті аяқтады.

Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Сайыскерлердің әділ бағасы – халықтың

еншісінде,көрермен қоржынында десек артық айтпаған болар едік.

Салауатты өмір салтын қолдаймыз,

Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.

Денсаулықты жанымызға серік ғып,

Болашаққа аманат қып жолдаймыз.

Құрметті ата- аналар! Сіздер сайысқа өте жақсы қатыстыңдар. Бүгінгі сайыстан осы

отырған куәгерлер қазақтың ұлттық ойынының түп тамырына қазық қақты.

Салауатты өмір салтын сақтай отырып, дені сау, саналы, білімді, тәрбиелі ұрпақ

өсіріп, болашағы мол қазыналы, ұлттық үрдісті алтынның сынығындай, көзіміздің

қарашығындай сақтай білетін әрбір қазақ азаматының маңдайалды борышы екенін

ұмытпайық, ағайын! Құрметті топ жарған екпінді, ынталы, жігерлі ата- аналар!

Сіздер бүгін қазақтың ұлттық ойындарын нақышына келтіре ойнап, өз санаңызға да,

бізге де үлгі боларлықтай естелік қалдырдыңыз. Отбасыларыңызға амандық, мықты

денсаулық, толағай табыс тілейміз.Биік белестерден көріне беріңіздер! Еліміз гүлденіп

балабақшамыз өсіп- өніп, шарықтай берсін!

Хор: «Атамекен»!



«Саусақпен сурет салу әдісі»: Саусақпен сурет салу-алақанмен, саусақпен, табанмен бейнелеудің тағы бір тамаша әдісі. Бұл әдіс гуашь, майлы бояудың қасиетін (қанықтық, жұмсақтық) сезінуге көмектеседі.  Балаларға алақан немесе саусаққа  әр түсті бояу жағу арқылы заттың суретін салу ұсынылады, сондай-ақ таяқша, мақта, мата, поролонды қолдануға болады.

Қолдану ережесі:

- бояуды жайпақ табаққа, суды кішкентай құмыраларға құю, ал алақанмен сурет салғанда бояуды табаққа құйған жөн;

- әр саусақты бір түсті бояуға батыру,қағазға түсіріп болған соң құмырадағы суға жуып, қағаз сүлгімен  немесе ылғал шүберекпен сүрту керек.

Ағаштың суретін салғанда саусақпен діңі мен бұтақтарын бейнелейді, содан кейін алақанға сары, жасыл және қызыл сары бояуды жағып, жапырақтардың суретін салады. Үлкен ақ қағазда  (ұжымдық жұмысқа ыңғайлы) күннің суретін үлкен етіп салып, ал шуақтарды шеңбер бойымен  балалар өз алақандарын бастыру арқылы  түсірсе өте әдемі сурет шығады.

«Далаппен сурет салу»: Дәстүрден тыс әдістер жинағына ескі далаппен, лакпен, көз бояйтын теньмен сурет салуды  жатқызуға болады.Бірақ педагог өте мұқият, сақ болып, бұл заттарды  бала қолы жетпейтін орынға қою керек. Бала анасының косметика қолданғанын  бақылағанды ұнатады. Әдетте косметика қолдануға тыйым салынатындқтан, баланың өз анасының  далабымен ойнауға деген құмары арта түседі. Сондықтан косметикалық құралдармен  сурет салуды  ұйымдастыру  бала тілегінің  орындалуына  мүмкіндік тудырады  және ол пайдалы іс болып саналады.

«Нүктелер арқылы сурет салу»: Нүктелер арқылы сурет салу (нүктелі сурет)  дәстүрден тыс әдіске жатады. Сурет көптеген жекеленген нүктелер арқылы бейнеленсе, онда бұл сурет салу техникасы пуантилизм деп аталады. Нүктелер саусақ немесе қылқалам  ұшымен тықылдату  әдісі арқылы  түсіріледі, нүктелердің көлемдері  ір түрлі болуы мүмкін. Нүктелер арқылы  салынған сурет мозаика сияқты болады. Педагог контур нүктелерді қойып суреттің сызбасын даярлайды. Балаға нүктелерді сызықтармен қосу ұсынылады. Пайда болған бейнені аяқтауға, бояуға, сюжет ойластыруға және ат қоюға болады. Жұмысты аяқтаған соң балалар ашық түстерді немесе суық және жылы түстерді көп қолданған суреттерді топтастырады.

«Құммен сурет салу әдісі»: Балаларға құммен сурет салу өте қызықты болмақ, өйткені олар құммен ойнағанды қатты ұнататыны сөзсіз.

Қолдану ережесі: - ақ қағаз бетіне суреттің пішіні сызылып алынады;

- Пва желімін сызылған сызық бойымен қылқаламмен жағып шығамыз;

- Жағылған желімнің үстіне ыдыстағы құмды себелеп шығамыз.

Тәрбиешілерге бейнелеу сабақтарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар:

-балаларға айнала қоршаған ортадан алған әсерлерін, қабылдағандарын   бейнелеу іс-әрекетінде бере білу дағдыларын меңгерту;

- бейнелеу өнері түрлері жайында жалпы түсініктері мен көркем өнер туындыларын ажырата білу;

- өнер туындыларынан әсер алу, сипаттап әңгімелей білу дағдысын меңгерту;

- бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдары  жайында (түс, сызықтар, көлем, кеңістік, композиция) қарапайым түсініктерді меңгерту;



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
445
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі