«Алтын-Ай»
балабақшасының тәрбиешілері
мен күтушілері
арасында өткізілетін өнер байқауының
бағдарламасы
Тақырыбы:
«Өнерлі өрге
жүзер»
Мақсаты:
Өнерлі, таланттарды халық арасында насихаттау, олардың орындау
шеберлік деңгейінің артуына ықпал жасау; Мерекелік көңіл - күй
сыйлау, марапаттау.
Өткізілетін
орын: Балабақшаның музыка залы, безендірілген
сахна
Көрнекілігі:
Нақыл сөздер, музыкалық аспаптар
Өту
барысы:
1) Кіріспе
(музыка ойналып тұрады.)
Шақырылған
қонақтар орындарына
жайғасады.
ЖҮРГІЗУШІ:
Құрметті қонақтар! Бүгін, көктем мерекесін өздеріңізбен бірге өнер
мерекесі ретінде өткізгелі отырмыз. Мерекелеріңіз құтты
болсын.
Бүгінгі
өткізілгелі отырған өнер сайысымыз
«Өнерлі өрге
жүзер» деп аталады,
яғни өнерлі, талантты, жан - жақты өнерпаздар біздің ұжымымызда
көптеп саналады. Апайлар мен қыздарымыздың өнерлерін таныту,
насихаттау, олардың орындау шеберлік деңгейінің артуына ықпал жасау
- біздің мақсатымыз болып табылады. Сол себепті балабақшадағы үш
топ аралығында өнер сайысын ұйымдастырып
отырмыз.
сайысымыздың ашылу құрметінің алғы сөзін Өмірзақ ауылы Алтын-Ай бақшасының меңгерушісі Сейтова Бибігүл Бурабайқызына сөз беріледі.
Жүргізуші сөзі:
Тәрбиешілер өнерін салыстырып,
Жеңіс үшін өнерін шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейін қазыларды таныстырып.
Бүгінгі сайысымыздың қазылар алқасымен таныс болыңыздар. (таныстыру).
1. Балабақшаның әдіскері-Сейтова Жанара Көнебайқызы
2.Балабақша жұмыскері, 5 минутта бүкіл балабақшаның еденін жуып тастайтын сұлуы – Бекаева Сауле Еңсегенқызы
3.Балабақшамыздың тағамды дәмді әрі тез әзірлейтін мощный аспазы – Байназарова Марина Мектепқызы
Жүргізуші сөзі:
Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,
Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға,
Қошеметтеп, халайық қол соғыңдар,
Сайысқа қатысушы тұлғаларға.
Бүгінгі сайысымызға қатысушыларды ортаға шақырамыз.Қол
соғып, қошемет көрсетейік! (Музыка әуенімен залға қатысушылар кіреді).
1.тәрбиеші, ағылшын тілі пәні мұғалімі күн десе көзі бар - Асқарова Мөлдір Гусмановна
2.Тәрбиеші, өзін-өзі танып қоймай басқаларға да өзін таныстыратын – Қозыбаева Сүйген Құттыбайқызы
3.Тәрбиеші, мың бұралған биші қыз, бұрымды қыз – Утегулова Алия Бақбергенқызы Бекмұратқызы
4.Тәрбиеші көмекшісі, балаларды тазалыққа баулыған – Гузаль
5.Тісің ауырса, ішің ауырса дәрісін беретін сүйкімді медбикеміз – Ғазиза Маратқызы
Сіздерді сайыс шартымен таныстырып өтуге
рұқсат етіңіздер!
1.Ал, қанекей танысайық!
(таныстыру).
2.Салт дәстүрді құрметтейік
3.«Өнерлі өрге жүзеді» (өнерлерін көрсету).
4.«Кім тапқыр» (сұрақ - жауап, педагогикалық жағдаяттар).
5.Ас мәзірі.
6.Сән үлгісі – 2018
Байқаудың шарты
бойынша қатысушылар
жеребе
арқылы өздерінің шығу ретін анықтайды. Мына ноталардың кез - келген
біреуін аласыз. Оның сыртында сіздің шығу ретіңіз
жазылған.
(Жеребе
алынады)
Ал, енді жеребе
бойынша нешінші болып шығатындарыңыз анықталды. Енді өз
орындарыңызға баруға болады. Сіздерге сәт - сапар тілей отырып,
ортаға балабақшамыздың тәрбиеленушісі
Сәбит
Әминаны шақырамыз.
Сіздерге ізгі тілегін білдіріп, мерекелік өзінің ән шашуын
ұсынады.
Ақыл, көрік бойларына жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршңызға
Тәрбиешілер өздерін таныстырып өтеді.
1.Ал, қанекей танысайық! 1-ші бөлімінде тәрбиешілер өздерін таныстырады.
Жүргізуші: Ортаға 1-нөмірлі қатысушымызды шақырамыз
2,3,4,5
Қазылар алқасының бағасы. Өз ойын айтады.
Сайысымыздың 2 - ші шарты бойынша «Салт дәстүрді құрметтейік».
Ортаға қатысушыларымызды шақырып салт дәстүрге қатысты сұрақтар қойылады.
Қазылар алқасынығ бағасы. Өз ойын айтады.
Жүргізуші: Рахмет қатысушылар, Келесі бөлімге дайындала берсеңіздер болады.
Жүргізуші: Көрерменге қызықты ғой би
деген,
Мың бұрала бишілері
билеген
Талай өнер тамсандырар бұл
сәтте
Енді бір сәт тыныстайық бименен – деп ортаға
балабақша тәрбиеленушілерінің өзбек биін қарсы
алыңыздар.
Жүргізуші
сөзі:
Қашаннан қазыналы халқым менің,
Өнердің өнегелі алтын кені
Даралап дарынымен шықсын озып,
Танытып көпшілікке өз өнерін, - дей отыра, 3-ші бөлімі бойынша «Өнерлі өрге жүзеді» сайысын бастаймыз.
2.«Өнерлі өрге жүзеді»
бөлімінде қатысушылар өз өнерлерін
көрсетеді.
Ортаға 1-нөмірлі қатысушымызды
шақырамыз.2,3,4,5...
Қазылар алқасының бағасы: Өз ойыңызды білдірсеңіз....
Көріп
отырсыздар, құрметті көрермен қауым! Біздің ұжым апайларының
өнерден кенде емес екенін. Жалпы балабақшада баламен жұмыс істеген
соң, кейде әртіс болуға тура келеді
Қазылар алқасының
бағасы:
(қазылар алқасының мүшесі өз ойын
білдіреді.)
Жүргізуші сөзі:
Ал, ұстаздар сайысқа қалайсыздар,
Сіздер өтер әліде көп сын бар.
Асығыңды ал қоржыннан қымсынбай кеп,
Жауап айтсаң сұраққа жарайсыздар, - дей отырып сайысымыздың 4 бөлімі бойынша «Кім тапқыр» (сұрақ-жауап және педагогикалық жағдаяттар) сайысын бастаймыз.
1.«Кім тапқыр» (сұрақ - жауап, педагогикалық ситуация). Сайысымызды бастамас бұрын бүгінгі сайысымызға қатысушыларды ортаға шақырамыз. Қол соғып, қошемет көрсетейік! (Музыка әуенімен залға қатысушылар кіреді).
-
Асқарова Мөлдір Гусмановна
-
Қозыбаева Сүйген Құттыбайқызы
-
Утегулова Алия Бақбергенқызы
-
Гузаль
-
Ғазиза Маратқызы
Құрметті қатысушылар сіздерге арнайы дайындалған педагогикалық жағдаяттар беріледі. Сіздер нақты әрі нұсқа жауап берулеріңіз керек.
Педагогикалық жағдаяттарды шешудің мақсаты:
Тәрбиеші мен ата-аналар, балалар арасында туындаған жағдаятарды шешу кезінде педагогтың әрекетінің түрлеріне ойын тұрғысынан қарау.
1. Кезекті серуенге дайындалып жатқанда бір тәрбиеленушінің қалтасынан хат шығады. Бұл хатта баланың анасы тәрбиешіге баласын түскі ұйқыдан кейін шынықтыру шараларына қатыстырмауын өтініпті. Себебі көрсетілмеген. Сіз ата-ананың өтінішін орындайсыз ба? Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болады?
2.Тәрбиеші топқа хабарландыру ілу арқылы барлық ата-аналарды сенбілікке шақырады. Екі ата-ана ғана келеді. Тәрбиешінің көңілі толмайды. Сенбілікті басқа күнге ауыстыруға тура келеді. Осы істі қалай түсіндіруге болады? Алдағы уақытта қалай әрекет етер едіңіз?
3. Күндіз балабақшаға құм таситын көлік құм әкеледі. Құмды қақпаның алдына түсіреді. Меңгеруші: «Ата-аналарға кешкісін құмды тасытып алыңыздар» деген ұсыныс айтады. Сіз ата-анадан қалай көмек сұрар едіңіз? Егер олар келісім бермесе сіз не істер едіңіз?
4.Балаңыз танертен жылап, мазаланып балабақшаға барғысы келмейді. Ал балабақшада мерекелік ертенгілік болады. Сіздің әрекетіңіз.
5. Бала тәрбиешінің кітапты желімдейміз деген тапсырмасын орындауда желім төгіп алды. Топ балалары қуана секіріп айқайлап «біз сені айтамыз» деп жүгіре жөнелді. Сасып қалған балаға ешкім көмектеспегендіктен бала жылап қалды. Сіздің шешіміңіз.
Ас адамның арқауы, - демекші келесі сайысымызды бастаймыз.
4. Ас мәзірі. Бұл сайыста қатысушылар өздерінің алдын ала дайындалып әкелген ас мәзірлерін қорғап, әділ-қазы мүшелеріне береді.
Сайысымыздың 5 бөлімі бойынша 1-ші нөмерлі қатысушыны ортаға шақырамыз.(кезекпен шығып өздерінің ас мәзірлерін көрсетеді).
-
Асқарова Мөлдір Гусмановна
-
Қозыбаева Сүйген Құттыбайқызы
-
Утегулова Алия Бақбергенқызы
-
Гузаль
-
Ғазиза Маратқызы
Рахмет қатысушылар! Енді келесі сайысқа дайындала берулеріңізге болады.
Өлшем, тәсіл, іс – қимыл бейнесі. Сән – белгілі бір талғамның уақытша үстем болуы. Сән – әлеуметтік құбылыс, - демекші келесі сайысымызды бастаймыз.
5. Сән үлгісі – 20187. Бұл сайыста қатысушылар киім үлгілерін көрсетеді. Ал, енді барлық қатысушыларды қошеметтеп қарсы алайық.
Рахмет қатысушылар
қатысушыларға жанкүйер болып келіп отырғандарға сөз кезегін берейік.
Тамамдайтын сәтіміз де таяп қалды.
Кімдер жүйрік, Өнерпаз
білейкшіі,
Таныстырып өтсін деп
жеңімпазды.
Әділ - қазы алқасына сөз берелік те
Ал, тәрбиешілерге сәттілік тілейікші, - деп келесі сөз кезегі әділ-қазылар алқасына беріледі. Қорытынды бағаны әділқазылар алқасы ақылдасып шешеді. Жеңімпаздарды анықтап, құттықтап , сыйлықтар табыстайды.
Тәрбиешілерді мадақтау грамотасы беріледі.
Қорытынды: Тәрбиеші ақыл-ойы мен күш-қуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек етеді. Өйткені ол, оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қияға қанат қақтырады.
Сондықтан болар кейбір дарынды ойшылдар да, тіпті арман қуған балалар да тәрбиешіні ерекше пір тұтып қадірлейді. Сондықтан тәрбиешіні қадірлейік, ренжітпейік деген қорытынды жасай келе бүгінгі мерекелік сайысымызды тәмәмдаймыз.
Жүргізуші сөзі:
Барлығына риза болсын көрермендер,
Ой бөлісті, бақ сынасты үміткерлер.
Осыменен бұл сайысты тәмамдасақ,
Тағыда жүздесерміз сіздерменен белестерде! – дей келе баршаңызды төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз!
Қош! Сау болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбиешілер сайысы "Өнерлі-өрге жүзер"

шағым қалдыра аласыз