Тәрбиешілерге арналған

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбиешілерге арналған

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

Тақырыбы: Қазіргі тәрбие мәселелері мен құндылықтары



Бала отбасының көз қуанышы. Өйткені қазақта сөз бар: «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деген. Сондықтан да, халқымыз баланы ерекше қадірлеген. Біреу бақытты байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, қызмет пен мансаптан іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. Олай болса адам өмірінің мәні-өз ұрпағы: «Адам ұрпағымен мың жасайды».

Ал, тәрбиеге келетін болсақ, қазақ халқы баланы жастан, жастан емес-ау бесіктен, тіпті ана құрсағынан бастап тәрбиелеу керек деп өсиет қалдырған. Баланың түп казығы, алтын ұясы-отбасы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке-шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел-отбасының ұйтқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу –ата-ана міндеті. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу-отбасы мен балабақша және мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі. 

Қазір баланың сана сезімін улайтын айғақтар телеарнадағы түрлі бағдарламалар. Бұлардың бала психологиясына кері әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан да, қазіргі таңда балаларға кітап оқытып, кітаптың берер тәрбиелік мәні өте зор екенін ұғындыру керек. Бала бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп өсіру қажет. 

Өскелең ұрпақты, ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Өйткені қазақ қоғамының діңгегі осы құндылықтарда жатыр. «Жас бала шыбық тәріздес, оны қалай иетін болсаң сол қалпы өсе береді», - деп айтпақшы, тәрбиенің берілетін балалық шақтағы маңызы зор. Расымен де балаға дұрыс тәлім-тәрбие беру ұлттық құндылықтардан бастау алады.Бабаларымыздың айтқан әрбір сөздерінің мәні терең мағыналы. «Балаң өзіңе тартса жұбан, қоғамға тартса қуан», - деп бекер айтпаған дана халқымыз. Мұндағы негізгі мән қоғаммен етене араласу, қоғамға пайдасын тигізу, қоғамда белгілі бір орын табу мақсатында айтылса, «Балаңа басқұр қалдырғанша, тозбайтын дәстүр қалдыр» деп, ұлттық құндылықтардан болған дәстүрдің үйретілуі, насихатталуы мен жаңғыруы бала тәрбиесіндегі орнын айшықтап тұрғандай.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.08.2024
165
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі