400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Тәрбиешілік мамандығым

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз әріптестеріме ,істеп жатқан жұмыстарына көмегі болады деген ойдамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы №166

"Арман" бөбекжай балабақшасы "Ботақан" тобының тәрбиешісі:

Азимова Бақытгүл Абылайқызы.

Тәрбиешілік-мамандығым.

Күнде таңертең балабақшаға келе жатқан жолда,өзімнің балалық шағым есіме түседі де балалық бал күндерге деген сағыныш бойымды билейді. Жылылық,нәзіктік,мейірімге толы балалық шақ әр адам үшін қайталанбас үлкен бір әлем.Міне сол күндер бойыма жылылық қалдырғандай болып, басқа балаларға деген сүйіспеншілігімді оятты.Қазір мен Алматы облысындағы №166 "Арман"балабақшасында "Ботақан" І сәбилер тобының тәрбиешісімін. Мен жас өспірімдерге арнаған осы уақыттарды өмірімдегі ең бір бағалы да бақытты күндерім деп айта аламын. Балабақшаға кіргенде жас бүлдіршіндердің жағымды үндері, сыңғырлаған күлкілері «Сәлеметсіздер ме, балалар?» деген сөзіме берген балалардың «Саламатсыз ба апай?» деген жауабы бір сергітіп, серпілдіріп тастайды. Сондықтанда, бұл сөз мен үшін қадірлі де құдыретті сөз. Күнде ертеңгісін жұмысқа келгенде, балалармен бірге болған әрбір уақытым мені жаңа әлемге жетелегендей болады. Алдымда жүрген жас бүлдіршіндерімнің сүйкімді де, әдемі, байсалды да, ақылды жүздерін көрсем, әрбір үйдің ерке баласының жүздерінен не нәрсені де білуге құштар шабытты, сұраулы жанарларын байқаймын. Олардың менен күтетіндері өте көп...

Балабақшада берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан- жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Ата-аналар бізге өздерінің ең қымбаттысын,үміті мен болашағын сеніп тапсырады.Бұл сенім зор жауапкершілікті талап етеді. "Қыран түлегіне қайырылмас қанат сыйлайды,ұстаз түлегіне алға бастар талап сыйлайды" деп халық даналығында да бекер айтылмаған..

Шынайы оқу іс-әрекеті – бұл бала мен тәрбиешінің арасындағы бірлескен ізденіс нәтижесі, тәрбиешінің шығармашылық жұмысының жемісі.
Әрбір оқу іс-әрекеттері жас бүлдіршіндер үшін өз құпиясын ашқан сыр сандықтай болса, тәрбиеші сол тылсымы мол жұмбақ әлемнің сиқыршысындай. Әр оқу іс-әрекетінің сәтті шығуы, әрине өзімізге байланысты.Шынымен де, ұстаздық жол – қызығы мен қиындығы қатар жүретін өте қасиетті жол. Осынау қасиетті жолмен білім әлемінің тылсымына бойлай отырып, бала жүрегінен жол табу тәрбиеші үшін үлкен бақыт.

"Бала жүрегі – кішкентай күй сандық.

Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады.

Тәрбиешінің қолында әр кезде сол кілт жүруі керек".М.Шаханов

Тәрбиеші өмірдегі барлық материалдың және рухани байлық үлкен адамдардың еңбегімен жасалғанын, оны өздері күнделікті өмірде пайдаланып жүргендерін нақты мысалдар келтіріп түсіндіреді. Үлкендердің білімі, еңбегі біздің шаттық өмірімізді ңамтамасыз етіп отырға-нын, әсіресе өзін қоршаған адамдардың: тәрбиешінің, дәрігердің, күтушінің, аспазшының, даяшылардың еңбегін айтып, оларды бағалауды және үлкендерді қалай қүрметтеу, сыйлау керектігін үйретеді.

Сонымен қатар,  Ф.Оңғарсынованың «Тәрбиеші» атты өлең жолдарына үңілсек:

Ән салғызып,билетіп,                   Қызық-қызық ертектер,
Ылғи бізбен жүреді.                      Біздерге айтып береді.
Тақпақты да үйретіп,                    Жылауық та,тентек те,
Ойнатады,күледі.                          Сол апайға көнеді.


Бастап бізді далаға,                       Естіп кейде қаламын-
Серуенге де шығады.                   Тәрбиеші апайды
Біз шомылсақ жағада,                  «Қамқоршысы баланың»,-
Байқап өзі тұрады.                        Деп ауылда атайды.

Егеменді еліміздің ертеңі оқу-біліммен өлшенеді.Ол үшін жан-жақты ізденіс шығармашылдықпен жұмыс істеу біздерден қатаң талап етіледі
Қымбатты әріптестер!  Міне ,осылайша мойнымыздағы жүк күннен-күнге ауырлай түседі.Оны жеңілдету, келешек ұрпақтың қамын ойлау өз қолымызда. Біздердің ата-бабамыз алмаған қамал жоқ, ендеше сіздер мен біздер бұл тұғырда да жетер биігіміз алда деп ойлаймын.Ендеше осынау қиындығы мен қызығы мол еңбекте талапқа сай істерімізбен көрінейік демекпін.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
290
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі