Материалдар / Тарих апталығы жоспары

Тарих апталығы жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Апталық жүргізуге жоспар
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



«Мукарама атындағы орта мектебі» КММ























«Тарих әлеміне саяхат»





Қоғамдық-гуманитарлық апталығы























Тарих пәні мұғалімі

М. Е. Еркебұланов



















2018-19 оқу жылы



Тарих әлеміне саяхат

Мақсаты:

Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін, логикалық ойлау жылдамдықтарын, дүниетанымдарын, ой-өрістерін дамыту, тарих пәніне қимыл –қозғалыс ойындары арқылы қызығушылықтарын арттыру.

Жүргізуші:

Ұлы дал – біз үшін құнды алтыннан,

Именбейді әлемде кім даңқымнан?

Жеті қыры жарасқан бұл далада

Сегіз қырлы, бір сырлы ұлдар туған.

Қолымыздыжорықта тізін қажап,

Үзген жоқпыз дәстүрді біз бұл ғажап.

Атқа мінсе, атойлап, рухтанып,

Жердің жүзін жаулаған біздің қазақ.

1 жүргізуші: иә, мектебімізде қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша апталық өтуде. Олай болса «Ертіс», «Дайыр», «Сауыр-Сайқан» шаңырақтары арасында «Тарих әлеміне саяхат» атты қимыл –қозғалыс ойындары арқылы тарих пәнінен білімімізді көрсетіп сайысқа түсеміз.

Асыл тастан, өнер жастан шығады,

Ақылды адам бір айтқаннан ұғады.

Халық айтса, қалт айтпайды дегендей,

Баға берер әділқазы құрамы.

2 жүргізуші:

Шеберлікті, білімді,

Сараптап сіздер көріңіздер

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңіздер.

Бүгінгі сайысқа төрелік ететін қоғамдық пәндер бірлестігінің мүшелері және 11 сынып оқушылары.

Сайыстың 1 шарты бойынша топтың аты, ұраны және әні бағаланады. Қалған шарттары содан кейін таныстырылады.

Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәсекеге түскен сайыскерлер кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе деймін.

«Ертіс» шаңырағы, «Дайыр» шаңырағы, «Сауыр-Сайқан» шаңырағы.

Сайысымызды келесі шарттарын және ойнау ережесімен таныстыру үшін тарих пәні мұғалімі Медет Еркебұланұлын шақырамыз.

І. «Бәйге» кезеңі

ІІ. «Терминдер» кезеңі

ІІІ. «Ойлан тап» кезеңі

ІV. «Кім жылдам» кезеңі

V. «Өнеріңді көрсет» кезеңі

1 жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену жалықпау

2 жүргізуші:

Сәт сапар тілеп бәріңізге

Сайысты біз бастайық

Көрсетіп терең білімді

Қалмайық біз жасқанып

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер – деп, барлықтарыңызға сәттілік тілейміз.

І. «Бәйге» кезеңі

1. Құлап қалған Арыстан баб кесенесін XIV ғасырда қайта салғызған: Әмір Темір

2. Қола дәуірін жоспарлы зерттеу басталды. 1946 ж.

3. Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің биіктігі: 37,5 м.

4. Кепкенде түсі ағарып кететін мүк. Шымтезек мүгі

5. Сақтар туралы декрек қалдырған рим тарихшысы: Помпей Трог

6. Жетісу жеріндегі сақ ескерткіштері: Бесшатыр, Есік

7. Ежелгі адамдардың өз білімдерін суретті хат арқылы хабарлауы: Пиктография

8. Ежелгі адамдардың алғашқы кәсібі: Терімшілік

9. 1837-1847 жж. болған ұлт-азаттық көтеріліс басшысы: К. Қасымұлы

10. Әмір Темір қай рудан шыққан: Барлас

11. 1125-1212 жж. Жетісуда билік жүргізген: Қарақытай

12. Қарахан мемлекетінің астанасы: Баласағұн қаласы

13. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер: Қойдағұлұлы, Қоштайұлы

14. Қостанай аймағын Қазақстан құрамына қосу қажет екенін жан-жақты дәлелдеген тұлғалар: А. Байтұрсынов, М. Сералин

15. Қазақ халқының бес арысы (А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев, Ж. Аймауытов) ақталған жыл: 1988 ж.

16. Алғашқы бүкілхалықтық Президент сайлауы болды: 1991 ж. 1 желтоқсан

17. 1992 жылы маусым айының 4-де бекітілді: Ту мен Елтаңба

18. «Қазақстан – 2030» бағдарламасындағы бағыт саны: 7

19. Астана қаласының 1998 жылғы дейінгі атауы: Ақмола

20. Қазіргі қолданыстағы жаңа Әнұран қабылданды: 2006 жылы 6 қаңтар

ІІ. «Терминдер» кезеңі

Ақсүйек – хан, сұлтан, Шыңғыс ұрпақтары

Гуньмо – ежелгі үйсіндер басшысының, мемлекет басшысының лауазымы

Динар – Шығыс елдерінің ежелгі алтын ақшасы

Көкілташ – хан мұрагерін тәрбиелеуші ұстаз

Миграция – халықтың өз елінің ішінде немесе бір елден екінші елге қоныс аударуы, тұрғылықты орындарын ауыстыру

Миссионерлер – халық арасына жат дінді насихаттау үшін жіберілетін адамдар.

Алаш – ежелгі қазақ тайпаларының алғаш қауым болып біріккен одағы. «Қазақ» атауының көне баламасы.

Вакф – мешіттер мен медреселердің жер иелігі.

Минарет – мінажат етушілерді намазға шақыратын, мешіт жанынан салынған биік мұнара.

Элита – қоғамның қандай да бір бөлігінің, топтарының неғұрлым көрнекті өкілдері.

ІІІ. «Ойлан тап» кезеңі

  1. Жиынға жиналыпты бүгін бәрі
    Сұрақты қояйық біз сөздің нәрі
    Ежелде түрік бабам жазған жазу
    Атауын қалай екен білсең кәні
    (руна)

  2. Оқушы болсаң жақсы, жылдам зерек
    Ондайлар Отаныма өте керек
    Тәуке хан жазған екен заң жинағын
    Тапсаңдар болғандарың асқан зерек
    (Жеті жарғы)

  3. Кең байтақ жеріміз бар құшақ жетпес
    Қаптаған елді - мекен саны жетпес
    Облыстың санын айтшы елімдегі
    Егер де білмей қалсаң дымың кетпес
    (15)

  4. Орынбор болған екен астанамыз
    Кейіннен Қызылорда бас қаламыз
    Үшінші астананы ел көркейткен
    Аташы көп ойланбай қалт қаламыз
    (Алматы)

  5. Байқоңыр бар деп бізде мақтанамыз
    Көп жылдар ұша алмадық ғарышқа біз
    Ғарышқа тұңғыш ұшқан қазақ ұлын
    Білмесең ұят болар, болмас негіз
    (Т. Әубәкіров)

  6. Дұрыс ел ойлайды екен бесігінен
    Зұлымдық аттамағын кет әрі есігімнен
    Студентке білім ал деп шетелдерден
    Жол ашқан бағдарлама қандай екен?
    (Болашақ)

  7. Мерекең құтты болсын ұстаздарым
    Оқушы келім - кетті бар достарым
    Ата заңның қабылданған жылын тап

Мықты болсаң дәлелде біз тосалық
(1995 жыл)

  1. БААНОЖАБҰ ______________________ ________

ОЖТЫЖ ___________________________ ________

ЫОМЛМЫҰТШ ____________________ ________

ИДЕАБ ____________________________ ________

ЛҰВРАҚНОМ ______________________ ________

РОВАЧБАГЕ _______________________ ________

ІV. «Кім жылдам» кезеңі

Join.quizizz.com сайтына кіріп, тест тапсырмасын шешу.

V. «Өнеріңді көрсет» кезеңі

Шарты. Әр топтың бір мүшесіне мақал көрсетіледі. Мақалды тақтаға еш дыбыс шығармай суретпен бейнелейді, топ мүшелері мақалды табу керек.

/Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай/

«Ертіс»

  1. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл

  2. Жігітке жеті өнер де аз

  3. Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді.

«Дайыр»

  1. Аң патшасы арыстан

  2. Отан – оттан да ыстық

  3. Қолда барды алтынның қадірі жоқ

«Сауыр-Сайқан»

  1. Бір тал кессең он тал ек

  2. Қыз өссе –елдің көркі

Гүл өссе –жердің көркі

  1. Арпа, бидай ас екен,

Алтын, күміс тас екен.

Көрермендермен «Кім өнерлі» кезеңі.

Әділ қазылар алқасы қорытынды шығарғанша әр сыныптан екі оқушыдан келіп, берілген тапсырманы қимылмен көрсету керек.

1. Гүлдің солуы

2 Судан шығып қалған балық

3. Таңертең ерте тұрған қораз даусын салу

4 Мысықтан қорқып қашқан тышқан

5 Гүлдерді тозаңдандырып жүрген ара болу

6 Банан жеген маймыл болу

7 Қорыққан қоян

8 Бүршік жарған ағаштар

Қорытындылау. Міне біздің ойынымызда өз мәресіне жетті. Ойын - бұл әрқашан толғаныс, күрес, бірақ бұл- мейрам. Мейрам – ақылдылықпен және жеңістің үйлесімділігі.

1 жүргізуші:

Қайсысы білгір білімді

Талабына қарайық

Кімдер зерек, кім жылдам

Таланттарды табайық

2 жүргізуші:

Әділ қазы алқасы

Сараласын бағалап

Кім жеңеді сайыста

Анықтайық даралап – деп әділ қазылар сөз кезегі сіздерде.

Бүгін апталықтың тағы бір күні өз мәресіне жетті. Ойнаған қимыл қозғалыс ойындары арқылы білімімізді жетілдіріп, бой сергіттік. Қоштасардың алдында сендерге мықты денсаулық, өмірде іс – әрекетіріңізге әділ болуыңызға тілектеспіз.

Қорытынды, марапаттау.





































І. «Бәйге» кезеңі. Әр дұрыс жауапқа бір ұпайдан.

1. Құлап қалған Арыстан баб кесенесін XIV ғасырда қайта салғызған: Әмір Темір

2. Қола дәуірін жоспарлы зерттеу басталды. 1946 ж.

3. Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің биіктігі: 37,5 м.

4. Кепкенде түсі ағарып кететін мүк. Шымтезек мүгі

5. Сақтар туралы декрек қалдырған рим тарихшысы: Помпей Трог

6. Жетісу жеріндегі сақ ескерткіштері: Бесшатыр, Есік

7. Ежелгі адамдардың өз білімдерін суретті хат арқылы хабарлауы: Пиктография

8. Ежелгі адамдардың алғашқы кәсібі: Терімшілік

9. 1837-1847 жж. болған ұлт-азаттық көтеріліс басшысы: К. Қасымұлы

10. Әмір Темір қай рудан шыққан: Барлас

11. 1125-1212 жж. Жетісуда билік жүргізген: Қарақытай

12. Қарахан мемлекетінің астанасы: Баласағұн қаласы

13. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер: Қойдағұлұлы, Қоштайұлы

14. Қостанай аймағын Қазақстан құрамына қосу қажет екенін жан-жақты дәлелдеген тұлғалар: А. Байтұрсынов, М. Сералин

15. Қазақ халқының бес арысы (А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев, Ж. Аймауытов) ақталған жыл: 1988 ж.

16. Алғашқы бүкілхалықтық Президент сайлауы болды: 1991 ж. 1 желтоқсан

17. 1992 жылы маусым айының 4-де бекітілді: Ту мен Елтаңба

18. «Қазақстан – 2030» бағдарламасындағы бағыт саны: 7

19. Астана қаласының 1998 жылғы дейінгі атауы: Ақмола

20. Қазіргі қолданыстағы жаңа Әнұран қабылданды: 2006 жылы 6 қаңтар



ІІ. «Терминдер» кезеңі. Әр дұрыс жауапқа бір ұпайдан.

Ақсүйек – хан, сұлтан, Шыңғыс ұрпақтары

Гуньмо – ежелгі үйсіндер басшысының, мемлекет басшысының лауазымы

Динар – Шығыс елдерінің ежелгі алтын ақшасы

Көкілташ – хан мұрагерін тәрбиелеуші ұстаз

Миграция – халықтың өз елінің ішінде немесе бір елден екінші елге қоныс аударуы, тұрғылықты орындарын ауыстыру

Миссионерлер – халық арасына жат дінді насихаттау үшін жіберілетін адамдар.

Алаш – ежелгі қазақ тайпаларының алғаш қауым болып біріккен одағы. «Қазақ» атауының көне баламасы.

Вакф – мешіттер мен медреселердің жер иелігі.

Минарет – мінажат етушілерді намазға шақыратын, мешіт жанынан салынған биік мұнара.

Элита – қоғамның қандай да бір бөлігінің, топтарының неғұрлым көрнекті өкілдері.

ІІІ. «Ойлан тап» кезеңі. Әр дұрыс жауапқа бір ұпайдан.

  1. Жиынға жиналыпты бүгін бәрі
    Сұрақты қояйық біз сөздің нәрі
    Ежелде түрік бабам жазған жазу
    Атауын қалай екен білсең кәні
    (руна)

  2. Оқушы болсаң жақсы, жылдам зерек
    Ондайлар Отаныма өте керек
    Тәуке хан жазған екен заң жинағын
    Тапсаңдар болғандарың асқан зерек
    (Жеті жарғы)

  3. Кең байтақ жеріміз бар құшақ жетпес
    Қаптаған елді - мекен саны жетпес
    Облыстың санын айтшы елімдегі
    Егер де білмей қалсаң дымың кетпес
    (15)

  4. Орынбор болған екен астанамыз
    Кейіннен Қызылорда бас қаламыз
    Үшінші астананы ел көркейткен
    Аташы көп ойланбай қалт қаламыз
    (Алматы)

  5. Байқоңыр бар деп бізде мақтанамыз
    Көп жылдар ұша алмадық ғарышқа біз
    Ғарышқа тұңғыш ұшқан қазақ ұлын
    Білмесең ұят болар, болмас негіз
    (Т. Әубәкіров)

  6. Дұрыс ел ойлайды екен бесігінен
    Зұлымдық аттамағын кет әрі есігімнен
    Студентке білім ал деп шетелдерден
    Жол ашқан бағдарлама қандай екен?
    (Болашақ)

  7. Мерекең құтты болсын ұстаздарым
    Оқушы келім - кетті бар достарым
    Ата заңның қабылданған жылын тап

Мықты болсаң дәлелде біз тосалық
(1995 жыл)

  1. БААНОЖАБҰ ___Жұбанов___________ ____А___

ОЖТЫЖ ________Жошы_____________ _ ____Т___

ЫОМЛМЫҰТШ __Момышұлы________ _____Т__

ИДЕАБ __________Беда_______________ _____И___

ЛҰВРАҚНОМ ____Нұрмақов_________ _____Л__

РОВАЧБАГЕ _____Горбачев_________ _____А___

ІV. «Кім жылдам» кезеңі.

Join.quizizz.com сайтына кіріп, тест тапсырмасын шешу. (Кім жылдам екенін компьютер шығарады).

V. «Өнеріңді көрсет» кезеңі. Әр дұрыс жауапқа бір ұпайдан.

Шарты. Әр топтың бір мүшесіне мақал көрсетіледі. Мақалды тақтаға еш дыбыс шығармай суретпен бейнелейді, топ мүшелері мақалды табу керек.

«Ертіс»

  1. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл

  2. Жігітке жеті өнер де аз

  3. Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді.

«Дайыр»

  1. Аң патшасы арыстан

  2. Отан – оттан да ыстық

  3. Қолда барды алтынның қадірі жоқ

«Сауыр-Сайқан»

  1. Бір тал кессең он тал ек

  2. Қыз өссе –елдің көркі

Гүл өссе –жердің көркі

  1. Арпа, бидай ас екен,

Алтын, күміс тас екен.



ЖИ арқылы жасау
25 Желтоқсан 2018
19289
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі