тарих пәнін ашылуы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

тарих пәнін ашылуы

Материал туралы қысқаша түсінік
тарих пәнін ашылуы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Гагарин атындағы орта мектеп»КММ

тарих пәні мұғалімі Ургушева С.К.
"Апталықты ашылуы
"!

«Тарих-өткенге сабақ, келешекке-өнеге»

Мақсаты: Оқушыларға өткен тарихы туралы мәлімет бере отырып, тарих сабағының маңыздылығын ұғындыра білу, оқушылардың салыстырмалы түрде ойлау, ой түйіндеу, өзіндік пікір қалыптастыру қабілеттерін дамыту, 
Өткеннен күннен өнеге ала отырып, болашаққа бағдар жасай білуге, тарихын құрметтеп, қадір тұтуға тәрбиелеу.
Мұғалім: Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар. Мектебімізде тарих апталығы басталып жатыр.
Бүгінгі жиынымыздың тақырыбы 
«Тарих-өткенге сабақ, келешекке-өнеге» деп аталуының өзінде көп мағына жатыр. 

Ақиық:  Тарих – дәуірлердің куәгері, шындықтың шырайы, есте қалар өмір, өткен күннің іздері деген екен -Цицерон 

Дарын:
Тарих ол-уақытқа ұқсас толмайтұғын,
Қадайды қасыңа әкеп шалғай туын, 
Тарих ол-бір ғаламат алтын көпір,
Ұрпақты ұрпақтарға жалғайтұғын.
Мерейхан:
Ей, жас ұрпақ,жауқазыным,көктемім!
Беймәлім бе,саған менің өткенім,
Білесің бе, халқын азап шеккенін,
Арпалысып өтті ме олар теп- тегін?
«Елім - айды» құлағыңа ілдің бе,
Сырым неге көтерілді,білдің бе?
Мәншүқ етіп еліктірген ермекті
Тарихыңның қойнауына кірдің бе?
Не жетпеді Кенесары тарланға,
Не үшін өлді ер Исатай арманда,
Алаш үшін жанын қиған боздақтар
Сатты ма олар Ұлт намысын арзанға?
Шаттанғанда туды ғой деп азат күн
Неткен аштық қырып салған қазақты.
Ел басына кімдер әкеп төңкерді.
Отызыншы жылдардағы азапты?
Тастатпауға бүкіл ұлтты күресуге,
Өз елінде жүрмеу үшін бүрсеңдеп,
Желтоқсанда көтерілген жас ұлан
Тәуелсіздік жаршысы олар.
Біл сен де!


Аяулым А.:
-Неткен ғажап сөздер ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздікке де 26 жыл толғалы жатыр.
Құралай:
Иә, біздің тарихымызда елі мен жері үшін жанын қиюға даяр ерлер мен батырлар көп болған. 
Өткенім бар-өкініш, жасыра алман,
Тарихым бар жазылған ғасырлардан.
Қазақ деген ел барын әйгіледім,
Жаңа ғасыр, сен енді бас ұр маған!
Орындалсын аңсаған асыл арман!
Мадина:
Өзіңе бүгін қызыға елім қарадым,
Шалқытып көңіл, шарықтап енді барамын.
Тарихты терең үңіліп еске аламыз,
Ғұлама жылдар судырлатқанда парағын.
Тәуелсіз жылдар сыйласын елге ғажабын,
Қалсыншы артта көрген бір ауыр азабың.
Саналы әрі ұлтжанды болып ұрпағың,
Шалқи бер мәңгі, шалқи бер мәңгі қазағым!


Ажар:
Тарихты білудің маңызы өте зор екен. Тіпті қазақтың ән мен жырының өзі тұнып тұрған тарих екен ғой. Бұрын қалай білмегем. Тарих деген қызық екен. Шіркін, жыл бойы тарих апталығы болып, осылай жырлардан тұратын сабақ өтсек, қандай керемет болар еді.
Аяулым С.:
Иә, қазақ халқының әні мен жырының өзі тұнып тұрған тарих! Тек оны терең ұғына білу керек.
Халқым менің! Саған қарап жұбанам,
Тарих беті қатпар-қатпар бұралаң.
Талай зардап қайғы-мұңның соңынан,
Егемендік алғаныма қуанам!
Риза:
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма,
Туған тілім шұбарланба, жарқыра!
Тарихымда таланттылар көбейсін,
Бас иемін ата-баба рухына!

Ән : «Қазақстан» -Адиль,Ержан





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1006
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі