жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Тарих пәнін қашықтан оқыту»
Қызылорда көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжінің тарих пәнінің
оқытушысы Мырхиев Әбдікамал Мұқамбетқалиұлы
Карантин жағдайы біздерге көптеген мүмкіншіліктерді үйретті. Білім саласы жаңа белеске қадам басты. Қашықтан оқыту жүйесін меңгеріп, ұстаздар, оқушылар, ата-аналар білім алудың жаңа деңгейін игерді.
Қашықтан оқыту – ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Қашықтан оқытуда екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен білім алу.
Қашықтықтан оқыту – бұл қашықтықта оқыту нысаны, оқытушы мен студенттің жеке бір кездесулерін талап етпейтін, көбінесе Интернет желісінде пайдаланатын коммуникация– аудио, видеотехника және спутниктік байланыс арналары арқылы ұйымдасқан заманауи тәсілдері болып табылады.
Қашықтықтан оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – жеке адамды интеллектуалды дамыту, ақпаратпен жұмыс жасай білуге үйрету және оның ерекшелігі – ол өзіндік оқыту жүйесіне жатады. Себебі мұғалімнің мұнда сабаққа қатысуы міндетті емес. Яғни оқушы бейнекассеталармен, компакт дискілермен жұмыс жасайтын бағдарламалармен сабақ өтеді. Бұдан педагогикалық жүйенің ешбір мәні өзгермейді. Тек айырмашылық – оқытушымен оқушының арасындағы алшақтық. Бұл жүйеде басқа білім беру жүйесіндегі сияқты барлық компоненттер қарастырылады (мақсат, тапсырмалар, мазмұны, әдісі, оқыту құралдары), бірақ олар арнайы интернет – технология құралдары арқылы жүзеге асады.
Тарих пәнін қашықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір ара қашықтықта оқыту.
Тарих пәнін қашықтан оқыту мен ұйымдастырудың үш түрлі формасы бар:
-
Онлайн (синхрондық)
-
Оффлайн (асинхрондық)
-
Вебинар.
Тарих пәнін онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.
Тарих пәнін оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.
Тарих пәнін тағыда вебинар арқылы оқыту дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы.
Тарих сабақтарын қашықтық оқытуда әдістер көп, бірақ сол әдіс-тәсілдерді пайдалану мақсатында мәселеге ойшыл және жауапты көтеру немесе мәселенің алдын алу үшін оқушыларды жауап беруден, реакциясын қашықтықтан қалай көруге болады,немесе өзара әрекеттесуден бұрын өздері көрген және естігенін бақылау үшін жан-жағына қарауды тоқтатуға төмендегі әдістер нәтиже береді.
Тарих пәнін қашықтан оқытуда ұстаз мықты стратегияларды дұрыс қолдана білу және онлайн оқытуда әдіс-тәсілдерді дұрыс қолдану–оқушының ойлау көпірін, үй тапсырмасын қалай шешетіндігін және табысты сабақ болып жалғасуын ұстаздың сабақты алдын-ала жоспарлауымен, идеясымен байланыстырады.
«Төңкерілген сабақ» әдісін тарих пәнінде қолдануға болады. Бұл білім алушының үйде мұғалімнің алдын-ала жасалған видеосы арқылы жаңа материалды өз бетімен оқып-үйреніп, қашықтан мұғалімнің көмегімен тарих пәні бойынша зерттеу жұмыстарын, тапсырмаларын ұйымдастыру процесін жасауға болады. Яғни, үйде – білу түсіну, қашықтан – білімді қолдану көрсету. Мұғалім бұл әдісінде балаларға теориялық материалдан тұратын бейне материалдарды жасайды және оларды электрондық пошта, әлеуметтік желілер, whatsаap арқылы оқушыға жібереді. Оқушылардың үй тапсырмасы – бейнежазбаны көріп, жаңа материалмен таныс болу, ұғыну. Шәкірттер сабаққа келгенде, олар теориялық материалмен танысып, практикалық тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен шешуге дайын болады.
Дәстүрлі сабақта мұғалім теориялық материалды түсіндіруге сабақтың басым бөлігін жұмсап, қалған уақытты тарих пәнінен оқушыға түсінгенін мазмұндауға уақыт қалдыратын. Ал «Төңкерілген сабақ» әдісін қолдану арқылы мұғалім оқушыларға өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландырумен қатар, әрқашан да оқып-білім алуға ұмтылуға бағыт-бағдар беріп отырады. Бір сарынды дәстүрлі сабақтарды өткізе бергеннен, арасында осындай видео үзінділерді қолдану керек.
Видео сабақтар – қазіргі заманғы педагогикалық әдістердің заманауи түрі. Бұл әдістің оқушылардың да, ұстаздардың да білім алу жолында алатын орны ерекше. Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерінің арқасында мұғалімдер арасында онлайн-сабақ, бейне-конференция, жаңашыл сабақтар қолданысқа ие болып тұр. Бүгінде интернет желісіне қосылу үшін көп уақытымызды алмайтын жағдайға жеттік. Интернет желісіне жылдам қосылып, уақытын тиімді қолданып, белсенді жұмыс істеп жүрген заманауи мұғалімдеріміз бар екені белгілі. Қазіргі таңда оқушы тек білім тұтынушы емес, білімді өз бетімен оқып, меңгере алатындай жаңа инновациялық технологиялар мен әдістерді қолдануы қажет.
Күрделі материал оқушыларға есте сақтауға қиындық туғызады. Осындай жағдайда мұғалімнің де, баланың да осы тақырыпқа қосымша уақыт бөлуіне тура келеді. Видео сабақтың білім алушыға тигізер көмегі – тақырыпты меңгере алмай қалғандығы жайлы мұғалімге айтып отырмай-ақ өз бетімен жұмыс істеп, өзіне ыңғайлы уақытта видео сабақты қосып көре алады. Ал, мұғалім – осы видео сабақты бір рет қана дайындап қойып, қайта-қайта түсіндіріп отыруға кететін уақытын үнемдейді. «Төңкерілген сабақ» әдісінің ерекшеліктері: қашықтан оқушыларға, өткен материалды ноутбук немесе ұялы телефон арқылы жетік меңгеруге септігін тигізеді; қабылдау қабілеті баяу оқушыларға осы бейнежазбаны бірнеше рет қарап, қайталап, өз білімін керекті деңгейге жеткізіп алуға көп әсерін тигізеді; қашықтан сабақ өту үрдісінде материалды толық түсінбей қалған жағдайда үйде, көлікте, жалпы интернет желісіне қосылу мүмкіндігі бар жердің барлығында өз қалауынша қосып көре алады.
Видео сабақтардың тек оқушыға ғана емес, мұғалімге де тигізер көмегі бар. Түсірілген видео сабақтардан тақырыпты түсіндіру мен сабақ өту процесін көріп, мұғалім өзінің сабақ жүргізу әдістемесіне және оқу процесінде қалай әрекет ететініне талдау жасайды. Өз-өзіне сырттай қарап баға береді, ұсыныс ұсынады, сыншыл дос бола алады. Осы бейне дәрістерді Youtube каналына салады. Youtube каналындағы сілтемені оқушыларға әлеуметтік желілер арқылы жібереді.
Оқушылар келген сілтемемен керекті ақпаратты алып, келесі сабақта сұрақтары болса, қойып немесе тақырыпты меңгереді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші (негізгі) деңгей. 2012ж
-
ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2010.
-
https://bilimdinews.kz/?p=115901 Дамир Асқарұлы ҚҰСАЙЫНОВ, Жаңартылған білім мазмұны: Тарих пәнін қашықтан оқытуда қолданылатын тиімді технологиялар
-
https://alashainasy.kz/ustazdar_ustahanasy/janartyilgan-bagdarlama--blm-berudeg-jana-mazmun-103589/ Қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып,студенттердің ойлау қабілетін дамыту. Қайнарбаева Г. А

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген