Тарих пәнінен білімді меңгертудегі іс-тәжірибем.
Ұстаз болу-жүректің батырлығы
Ұстаз болу-сезімнің ақындығы
Ұстаз болу-мінездің күншуағы
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Ғафу Қайырбеков.
Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға,-деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз болуды мен бала кезімнен бастап армандап едім. Жылдар өтті... Арманыма жетіп, ұстаздық еңбек жолымды бастап та кеттім.Тарих пәнінен сабақ беру, әрине, өте жауапты, қиындығы мен қызығы, қуанышы қоса жүретін жұмыс.
Бүгінгі таңдағы ұстаздар қауымының жан-жақты дамыған, жеке тұлға қалыптастыруда атқарып жатқан еңбектері ұшан – теңіз.Жаңашыл ұстаз болмысы, біріншіден, мұғалім – үздіксіз ізденуші.Қазақстан Республикасының ұстаздарының негізгі мақсаты – қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл, өз мамандығын дұрыс таңдаған, ой-өрісі жоғары жеке тұлға дайындау.Ұстаздың тағы бір ерекше қасиетінің бірі – жетелеуші, алға ұмтылдырушы.
Менің де мұғалім ретінде алдыма қойған мақсатым – оқушыларға ұлттық педагогикалық тәрбие мен білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Менің өмірлік ұстанымым –әрқашан ізденісте, ой қозғалысында болу. Қазіргі таңда мұғалім болудың жүгі ауыр. Себебі, болашақ ұрпаққа Отансүйгіштікпен қатар келешекте біздің еліміз әлемдегі дамыған елдермен терезесі тең болып өмір сүру үшін, қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай, мектеп қабырғасынан-ақ жан-жақты білімді тәрбиелі етіп шығару- тарих пәні мамандарының міндеті деп білемін.Бұл міндетті жемісті орындау үшін, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін оқытудың көптеген әдіс-тәсілдерін алып, өз тәжірибемде ұтымды пайдалана білуге тырысамын. Кейінгі жылдары «Тарих сабағында оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру» шығармашылық тақырып бойынша жұмыс жасап жүрмін. Шығармашылық –жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.
Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі- шығармашылық. Мұғалім шығармашылығы арқылы оқушының шығармашылығы жетіледі.Тарих пәнін оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдарын үшке бөліп қарастырдым:
-
Жаңа технологиялар
-
Сыныптан тыс жұмыстар
-
Жүйелі жүргізілетін жұмыстар.
Мемлекет мәртебесін анықтауда қазіргі заманғы білім беру жүйесі негізгі фактор болып отыр. Сондықтан елімізде мектептердің жаңа құралдармен жабдықталуына үлкен мән беріліп отыр. Бұл өзгерістер бізге жаңаша жол ашты. Ақпараттық коммуникация технология әдістерін пайдалана отырып сабақ өткізе бастағанымда өзім де, оқушыларым да пәнге деген қызығушылықтың жаңа бір белесіне шыққандай болдым. Біріншіден, электрондық оқулықтағы тақырыптарды оқушы тыңдайды, қайталайды, тыңдап отырып өз бетінше тапсырмалар орындайды. Екіншіден, проблемалық сұрақтар қою, оның жауабын жеке өзі, соңынан жұппен, топта талқылау арқылы шешімін тапса, бұл оқушы білімін дамытудың, қабілетін әрі шығармашылығын дамытудың басты бір жолы деп білемін. Үшіншіден, мұғалім көрнекілік жасап жатпайды. Оқушы өзі де көрнекілікті презентация түрінде дайындап әкеліп, сол тақырып бойынша қорғайды.
Оқушыларға оқу-тәрбие жұмысын жүргізу барысының басты міндеті-жаңа технологиямен сапалы сабақ беру.
Оқушылардың қызығушылық қабілеттерін арттыру үшін қосымша әдебиеттерді, қызықты ребустар, сөзжұмбақтарды, т.б. пайдаланып отырған жөн.
Қазақта «Қалауын тапсаң, қар жанады» деген қанатты сөз бар, меніңше басты идеясы «Тұлға жетістігі болып табылатыны 12-жылдық мектептің мән-мағынасы мен философиясы осы сөздермен үндеседі. Өйткені оның мақсаты-әрбір балаға терең білім мен тәрбие беріп қана қоймай, әр баланың бойындағы табиғи қасиетін ашып, жеке тұлға қалыптастыру.
Алдымызда отырған әр бала –жеке тұлға. Шығармашылық –осы тұлғаны дамытудың ең тиімді тәсілі. Шығармашылық іс-әрекет шығармашылық ойлаудан басталады.
Ал шығармашылық ойлау деген не?
Ол кез-келген жағдаятты шешу үшін барлық әдіс –тәсілді ойдан өткізу арқылы жаңа нәтижеге қол жеткізу болып табылады.
Әр бала жас кезінен бастап «Сен мынаны дұрыс істемедің», «Бұның қате» тағы да басқа сынау сөздері көп естиді. Сол себептен бала өз бойындағы шығармашылығына қорқа қарайды және сенімсіздік туады.
Мен өз сабақтарымда көбіне топпен оқыту әдісін қолданамын. Өйткені топқа бөлініп оқу сынып ішінде ынтымақтаса отырып жұмыс істеуді қалыптастырады, оқушылар бірлесіп топ ережесін құрады,соған бағынады, оқушылардың әр тақырыпты меңгеруі әр түрлі деңгейде болады. Сол себепті жұптық, топтық жұмыс тарих пәніне сай келеді. Сабақта тақырыптың мәнін ашып, тарихи фактілерді дәлелдеу үшін әр түрлі тәсілдерін пайдаланғанда жақсы нәтижеге қол жеткізуге, оқушының пәнге деген қызығушылығын артыруға болады.
Тарих пәнінің сапасын арттыруда топпен оқытудың бірқатар тиімді жақтары бар:
Біріншіден, топтағы барлық оқушыларды жұмыспен қамтамасыз етеді, әрбір оқушының белсенді түрде қатысуын қадағалайды, белсенділігін оятуға түрткі болады.
Екіншіден, әр оқушы өзіне тән қарқынмен өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізеді, қойылған мақсатқа жету үшін қажетті төзімділікті қалыптастырады.
Үшіншіден, сыныпта оқушылар назардан тыс қалмайды, әр оқушы өз үлесін қосады.
Төртіншіден, оқушылар өз еңбектерінің нәтижесін көріп, өзін-өзі бағалайды. Өз бетімен жұмыс істеу оқушылардың біліміне ғана әсер етпей, сонымен қатар мінез-құлқы мен ой-өрісіне де тигізер ықпалы зор.
Сондықтан да балалардың шығармашылық қабілетін дамытуды ұйымдастырудың әр түріне байланысты бағдарлама төмендегі бөлімнен тұрады:
-баланың қиял елес белсенділігін арттыру арқылы;
-баланың сөйлеу шеберлігін арттыру арқылы;
-заттың схемалық бейнесін арттыру арқылы;
Бейнелеу мен саз өнері тәсілдерін үйлестіру арқылы;
-ұлы өнер адамдарына қызықтыру арқылы;
-табиғи материалдарды пайдалану арқылы т.б.
Ал осы бөлімдерді біздің салада іске асыру үшін қосымша білім беру педогогтары қандай тәрбие жұмысын жүргізуіміз керек?
Ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе –жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Негізгі тұлғаның өз өміріндегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниесінің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі тану арқылы дара тұлға ретінде өзін үздіксіз бірқалыпты қалыптастыруға баулу.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз