Материалдар / Тарих пен тіл тамырлас
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тарих пен тіл тамырлас

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуына байланысты, оқушылардың тіл туралы танымдық деңгейін көтере отырып, тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы, ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра екендігін түсіндіру. Тілдің қадір-қасиетін түсіне білуге баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2024
53
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:

Тақырыбы: Тарих пен тіл тамырлас

Сабақтың мақсаты:   

Білімділік:  Қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуына байланысты, оқушылардың тіл туралы танымдық деңгейін көтере отырып, тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы, ол атадан балаға мирас болып  қалып отыратын баға жетпес мұра екендігін түсіндіру. Тілдің қадір-қасиетін түсіне білуге баулу.

Құндылықтарды дарыту – Ең бастысы-ана тілін, төл әдебиет мұраларын сүйіп оқуға ,өз халқының тарихын білуге, бала бойына  жалпы адам баласына ортақ жақсы қасиеттерді дарыту . Үлкенді сыйлау , кішілерге ізет, ешкімге қиянат жасамау, өтірік айтпау, адам болу, арды сақтау, кішіпейілділік, әділеттілік, әдептілік, еңбек сүйгіштікке,  сәбиді және әйел баласын құрметтеу, ата-анаға деген құрмет, мейірім, т.б. сияқты қасиеттерді жас ұрпаққа үйретіп, қалыптастыру .

Дамытушылық:  Ойлау, есте сақтау шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерін халықтың салт-дәстүрлерімен сабақтастығын көрсете үйрету.

Тәрбиелік:  Оқушылардың халқына деген, еліне деген махаббатын, сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі:  плакаттар

Сабақтың барысы:

1.  Ұйымдастыру: Армысыздар, қымбатты қонақтар! Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар! «Тарих пен тіл тамырлас» атты сайысымыға

Тіл халық тарихы, тіл ұлттық қазына, тіл біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.

Ана тілі – бұл атаңның  тілі, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден  қастерлеп, құрметтеп үйрене бастаймыз.  Әр халықтың жер бетінде жасағаннан бергі басынан кешкен  өмірі, ерлік істері, аңыз ертегілері, шығарған өлең-жырлары, жазған кітаптары, табиғат пен қоғам құбылыс атаулары, көрген-білген жалпы дүние жайындағы ұғымдары ойы, сезімі бәрі-бәрі де ана тілінде сақталады, ана тілі арқылы атадан балаға ауысып отырады.

Ана тілім – ерлігім

Aна тілім – елдігім

Ана тілім — болмаса,

Бүтінделмес кемдігім – деп Қадір Мырза Әли жырлағандай сайысымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін.

1-байқау:     «Таныстыру»

Беташарын сайысымыздың бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Таныстырсын әр топ өздерін,

Өнеріне ду қол соғып қостайық.

Әр топ өздерін таныстырады.

 1.    «Бірлік»  тобы

Ұраны:   Пайда ойлама, ар ойла,

             Талап қыл артық білуге. 

2. «Ынтымақ» тобы

Ұраны:  Білекті бірді,  білімді мыңды жығар.

2-байқау:  «Ана тілі- жүрек үні».

Шарты: Екі топ ана тілі туралы ақын өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

3-байқау: «Ойлан тап»

«Мақал айтсаң жол көрсетесің,

Мәтел айтсаң –жанымды жайландырады»

 Шарты: Мына үзік-үзік сөздерден мақал-мәтел құрастырыңдар.

4-байқау: «Сен білесің бе?» 

1.Тіл мерекесі қай күні аталып өтіледі?(22-қыркүйек)

2. Әдеби тіл түрлерін атаңыз?(ауызша-жазбаша)

3. ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды?(1992)

4. Тіл саясаты туралы  тұжырымдаманы қай жылы қабылдады? (1996)

5. ҚР Тіл туралы Заңы қай жылы қабылданды? (1992)

6. Тіл туралы Заң қанша баптан, қанша тараудан тұрады? (6-тарау,  27баптан)

7. Сүйемін туған тілді- анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. /Өлеңнің авторы кім?   (С. Торайғыров.)

8. Қазақ тілі  қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес)

9.Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасы туралы өлеңдерін ата және бір шумағын айт?

10.Абайдың бес асыл ісін ата?

5-байқау   «Мақал- сөз атасы»            

Шарты: Берілген сұрақтарға мақалмен жауап беру.

  1. Қар жана ма?  (Қалауын тапсаң қар жанар.)

  2. Инемен құдық қазуға бола ма? (Білім инемен құдық қазғандай)

  3. Қой мен қасқыр ойлана ма? (Қойдың ойлағаны- амандық, қасқырдың ойлағаны арамдық.)

  4. Қарғыстың жаманы не? (Өзің білме , білгеннің тілін алма.)

  5. Етікті қонышынан басып киюге бола ма? (қолыңнан келсе қонышынан бас.)

  6. Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне тары кіреді.)

  7. Үй жылы ма, дала ма? (Күннің шуағы жылы, Ананың құшағы жылы.)

Қуан халқым, күшіне енді «Тіл заңы»

«Сүйінші» деп ақын ұлың жырлады.

Ел елдігі бағаланар тілімен,

Сол арқылы құлпырады гүл бағы.

Сайысымыздың келесі 4 — ші бөлімі мимика сайысы.

6-сайыс Үстелден тапсырма карточканы ала отырып, берілген сөзді мимикамен түсіндіру қажет.

1. Домбыра

2. Дәптер

3. Стакан

4. Тиын

5. Ноутбук

6. Арыстан

7. Ағаш

8. Теледидар

9. Доп

10. Маймыл

7-байқау.   «Тапқыр достар»

Шарты: Жұмбақ қойылады, шешуін тауып, шешуіне мақал құрайды.

1 Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. қой

2 Келгенше шамасы

Аямайды көмегін.

Бар адамзат баласы

Содан алар көмегін Кітап

3Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы. мектеп

4 Үсті тас,асты тас,

Ортасында піскен ас. нан

8-байқау.    « Дәстүрді сыйлаған озар

 Шарты:      Сұрақтарға жауап беру»  

1 Сырға салу деген қандай дәстүр.

2 Беташар деген не

3 Бастаңғы" деген дәстүрдің мағынасын түсіндір!"Бастаңғы" жастардың ата-анасы үйде жоқ кезінде өзінің қатарын шақырып, жегізетін тамағы. Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде, ауыл жастары сол үйге жиылып, "жолаушыларды" жолда басы ауырмасын деп, бастаңғы жасататын болған. Ән айтылып, ойын сауық құрған

4 Сыбаға дегеніміз не? Сыбаға (дәстүр). Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын-туыстарына арнап сақтаған кәделі ет мүшелері «Сыбаға» деп аталады.

Сергіту сәті:  «Тіл туралы тақпақтар»

9-байқау. «Жаңылма» 

Берілген тақырып бойынша мақал айту.

«Білім»  «Кітап»   «Сөз»   «Дос»  «Ата»  «Тіл»  «Тазалық»  «Еңбек»  «Жеті»

Туған тілде сыры терең жаным  бар,

Туған тілде мың-мың ыстық қаным бар.

Туған тілде әнім менен сәнім бар,

Туған тілім- жүрек үнім наныңдар.

Нанбасаң дар жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

Жүргізуші: Міне сайысымызда өз мәресіне таяп қалды. Терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» жинақтап, сайысымызды қорытындылап жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз кезегін береміз.(Әділқазы алқалары жеңімпазды анықтайды, сайысқа қатынасқан топтарды марапаттайды

























  1. Домбыра



  1. Дәптер





  1. Стакан



  1. Тиын



5 Ноутбук





6. Арыстан



  1. Ағаш



  1. Теледидар



  1. Доп



  1. Маймыл







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!