А. Байтұрсынов атындағы №50
мектеп-гимназиясы коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
“Тарих сабағында жаңа
әдіс -
тәсілдерді пайдаланудың
тиімділігі” тақырыбында тарих пәні
мұғалімі Тилеубаева Гульжан
Пердебековна педагог-
зерттеуші, гуманитарлық ғылымдар
магистрі тренинг
өтіп,
тәжірибесімен
бөлісті.
«Халықтың
кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім
қажет» деп
қазақтын
этнограф-
ғалымы
Шоқан
Уалиханов айтқандай
еліміздің
өркендеуінде
білім мен
ғылым
саласының орны
ерекше.
Білім
алушыларға
жаһандық даму жолы
әлемдік білім
кеңістігінен орын
алудың мәні зор екені баршамызға
аян.
Тарих – өткеннің куәсі,
бүгінгі
күннің
үлгісі
ертеңгі
күннің
өнегесі
мен
асыл
қазынамыз.
Тарихи білім
берудің
мәні
-
ғасырлар
бойы тоғысқан оқиғалар
арқылы
болашақ ұрпаққа тарихи деректерді ұғындыру,
болашаққа
бағыт
-
бағдар
беру.
Оқытудадың
тиімділігін
арттыру
тек білімді немесе оқу бағдарламасын
меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық
процестерін (есту, көру), өзін-өзі дамыту, шығармашылық
қабілеттерін
қалыптастыру,
зерттеушілік
қабілетті
дамыту, білім алуға, ізденуге деген ықыласы
мен іскерлігін, оқу-танымдық ынтасын жетілдіру, әрі жеке тұлғаны
жан-жақты дамытуға
жетелейді.
Еліміздің
болашағы жақсы тәрбиемен
ұштасқан
тәрбиелі,
білімді ұрпақтың
қолында.
Ендеше
бүгінгі
“Тарих сабағында жаңа
әдіс -
тәсілдерді пайдаланудың
тиімділігі” тақырыбында
тренингте
тарих сабағындағы тиімді қадамдарды атап
өтсек.
-
Миға шабуыл немесе
қызығушылығын ояту
сәтінің жаңа сабаққа үлкен бастама қадам
екені қарастырылды;
-
Тапсырма бойынша топтық талқылаудың ойлау
деңгейінің жоғарғы көрсеткіші
екенітапсырманың, оның мақсаты мен орындалуының
қолжетімділігі;
-
Терминдермен жұмыс арқылы білім алушылардың
сабақты толық меңгеру мүмкіндігінің жоғары
болуы;
-
Мағынаны таныту бойынша Кілт сөздермен жұмыс және жаңа сабақты
меңгеруде оның үлесінің ерекше
екені;
-
Суреттермен
жұмыс арқылы кинестетик, визуал білім
алушылар үшін орны айтарлықтай
екені;
-
Сергілту сәтінің бала денсаулығына оң
ықпалының мол екендігі;
-
Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдалану Бейне материалдың мәнін, құндылығын ашу
арқылы оқу мақсатына қол жеткізу
ерекшелігі;
-
Зиялы қауым, тұлғатану сәті бойынша “Жақсының
аты өшпейді” яғни жақсылықтың жаршысы бола білген тарихи
тұлғалардың әр ісі үлгі
боларлықтай;
-
Картамен жұмыс арқылы территориялық өзгерісті
талдау ерекшелігі;
«SMART» әдісі арқылы “НАҚТЫ, ӨЛШЕМДІ, ҚОЛ
ЖЕТІМДІ, МӘНДІ, УАҚЫТПЕН ШЕКТЕУЛІ” қадамдарына
жеке-
жеке тоқталып, тиімділігін атап
өтті.

-
Тарихи құжатпен жұмыс жасау, оның тарихи
құндылығының мәні ашу,
өзіндік пікір, тұжырым, түсінік
келтіру,
пікірін, тұжырымын дәлелдей және қорғай білуге
дағдыландыру ерекшелігін ерекше атап
өтті;
-
Әр тапсырма бойынша дескрипторлар және оның
мәні жайлы түсіндірме
берілді;
-
Сабақты бекіту сәтіндегі тесттік тапсырмалар
мен “Дұрыс”, “Бұрыс” тапсырмалар арқылы сабақтың мақсатына толық
қол жеткізу мүмкіндіктері
қарастырылды;
-
Рефлексия сәті және оның мәніне тоқталып
келесі сабақты жоспарлауда ерекше қадам
екені;
-
Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту
ерекшелігі;
-
Білім алушыларды құндылыққа
баулу және оның мәнін талдау;
-
Саралау (difference) латын тілінен аударғанда
бүтінді түрлі формаға, элементке, бөлшекке мүшелеп
бөлу, немесе үлгерімі төмен білім
алушыларға қолдау көрсету..Бaрлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне
белсенді араласуға мүмкіндік жасау
қажеттігі;
-
Сабақты жоспарлау, оқу мақсатына қол
жеткізуде әр-бір қадам сапалы жоспарланғаны жайлы Ұлжалғас
Нәбиқызы өз кері байланысын беріп
өтті.