Тарих сабағында жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың білімін арттыру

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тарих сабағында жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың білімін арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңа технологияларды пайдаланып, оқушылардың білімін арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыздыков М.О

15 мектептің

Тарих пәні мұғалімі.

Қарқаралы ауданы,

Матақ ауылы,

Қарағанды облысы



Тарих сабағында жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың білімін арттыру



Жаңа технологияларды пайдаланудағы менің мақсатым, білім алып жатқан әр баланы білікті, азамат болуға, қазақ тарихын танып білуге,отанын сүюге тәрбиелеу.Тарих пәні ерекше . Пәнді оқытуда оқытушы оқушымен өте көп жұмыс жүргізуі керек. Жаңа технологиялардың түрлерін тарих сабағында пайдалану-оқушылардың еркін сөйлеуін, логикалық ойлауын, тіл байлығын жетілдіреді. Пікір-сайыс, сұхбат және т.б әдіс-тәсілдер араласқан сабақ барысы оқушыларға әсерлі болып, ізденуге шабыт береді. Жаңа технологияны жүзеге асыруда оқытушы белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Жаңа технологияның өзі әр түрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін. Әр сабақтың сапалы болып, оның тиімділігін арттыру-ізденімпаз, шығармашылығы шыңдалған ұстаздың қолында. Осындай оқытудың жаңа технологияларының біріне-сабақты, дәрісті өткізуді «Сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасы» бойынша ұйымдастыру жатқызылады. Бұл әдісте талданып отырған мәселе бойынша әр бір оқушы өз топшылауын, өз пайымдауын білдіреді, өзіндік дәлелдер келтіреді, басқалардың ой түйінділерін сынайды, олардың мәнді, мағыналыжақтары жөнінде өз пікірін, өз тоқтамын жасайды. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші болады, ал оқытушы осы әрекетке бағыттауда, оқуды ұйымдастыруда жетекші рөл атқарады. Бұл стратегия сабақ жүйесінде іштей үш кезеңге бөлінеді. Қызығушылықты ояту. Бұл кезеңде оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын арттырудың әртүрлі әдіс амалдарды қарастырылады. Сондай-ақ оқушыларды қалай қызықтыру керек деген сұраққа жауап деп қарауға болады.

оқушының бұрынғы тәжірбиесімен байланыс орнату

-жаңа идеяны түсінуге дайындау

Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Бұл кезеңде «Ассоциация», «Топтау», «Түртіп алу», «Болжау», «Әлемді шарлау» әдістерін пайдалануға болады. Мағынаны тани білу-жаңа білімді игеру кезеңі:

бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады. Тақырыпты мұғалім түсіндіріп оқып бермейді. Тақырып бойынша оқушылар өздері жұмыс істейді және топпен жұмыс жасап белсенділік көрсетуге жағдай жасалады. Оқушының білімін қалыптастыру деңгейінде, оны зерттеу, талдау, жауап табу үшін жеткілікті материал болу керек, ол үшін:

-материалды меңгеру

-сұраққою
-барлық мүмкін байланыстарды өткізу, «Өзара оқыту әдісі», «Кең ауқымды лекция» әдісі, «Инсерт» әдісі, «Білемін, білгім келеді,үйренемін», т.б әдіс-тәсілдерді қолдану оқушының өздігінен білім алу, шығармашылық іс-әрекеттерінің оянуы, бір сөзбен айтқанда , өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады. 3.Ой толғаныс. Жаңа алынған білімдіайқындайтын және ұштайтын деңгейде оқушыда шешім қабылдай алатын мүмкіндік болу керек -болжау жасай білу және олардың дұрыстығын тестілеу -жаңадан пайда болған жағдайларды тез түсінуге осы білімді қолдану Толғануды тиімді етуге лайықталған: «Кейіпкерге хат», «Кубизм», «Ткестесі» т.б әдіс-тәсілдер әр сабақтың ерекшелігіне ауыр-жеңілдігіне қарай лайықты қолданылады. Бұл әдістің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды.Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды орындауы қажет: Оқушыларды өз ойын ашық, еркін айуға рұқсат беру. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау. Сондай жаңа технологиялардың бірі интерактивті оқыту психолог-ғалымдардың айтуынша, бала білімді төрт түрлі жағдайда алады екен: дайын білімді қабылдап алу, зерттеу барысында жаңалық ашу, әр түрлі жағдайда әсерді сезіну және синтез арқылы бұйым құрастыру немесе өнім жасау. Интерактивті оқыту әдістері оқушыларға рольдік ойындар арқылы әр түрлі жағдайда әсерді сезінуге жол ашады, әр түрлі білімдерді синтездеу кезінде шығармашалық өнім жасауға жағдай жасайды, дегенмен түрлі ситуациялар мен мәліметтерді талдап, сараптап, зерттеу барысында жаңалық ашуға көбірек мүмкіндік береді. Әрбір интеративті оқыту технологияның әдістерін пайдалағанда тарих сабақтарынан белгілі бір тақырыптар қамтылады. Мысалы, «Қазақ хандығының құрылуы» тақырыбы бойынша «Екі жақты күнделік», «Ой шақыру», «Венн диаграммасы», «Топтастыру», т.с.с. әдіс-тәсілдер пайдаланылады.

Тарих сабақтарының халқымыздың өткені, бүгінгі, келешегі туралы оқушыда жүйелі білім беруде тәрбие-танымдық мүмкіншіліктері мол десек, Қазақстан тарихын үйрену барысында оқушылардың өздік, жұымысын мынадай тұпнұсқалармен: а)Оқулық

ә) Тарихи көздер мен материалдар: деректер, құжаттар, фотоқұжаттар статистика, көркем әдебиет және басқалар

б) Анықтамалық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік әдебиеттер в) Бұқаралық ақпарат құралдары және баспасөз материалдары

г) Комьютермен, электронды оқулықпен және ұштастыруға болады. Тарихты оқып-үйренуге мұғалім басшылығымен оқушылар шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренеді. Оқулық мәтінін түсінуге, оны оқуға, оқығанын есінде сақтап қайта әңгімелеп беруге, түрлі құжаттардың жай және күрделі жоспарын жасауға, тезис, конспект, реферат жазуға үйренеді, оқыған материалдысаналы әрі берік меңгеруге тырысады. Мысалы: Сабақта «Қазақ хандығының құрылуы» тақырыбын өткенде «ой шфқыру» әдісін тиімді қолданамын. Оқушылардың «Хандық, хан, мемлекет» сөздерінің мағынасын қалай түсінетіндіктері бойынша өз ойларын ортаға салуға ұсынылады. Оқушылардың өз ойларын ортаға салу арқылы тақырыпты меңгертіледі. Тағы «даталар сөйлейді» әдісі бойынша қазақ хандығының құрылуы туралы жазылған тарихи деректерді талдау жұмысы жасалады. 1445, 1456, 1465, т.б хан сөзіне «топтастыру» стратегиясы бойынша ортақ жауап шығарылып, талдау жасалады.

«Портреттер сөйлейді»(көрсетілген фотосуреттегі адамның аты-жөнін атап, өмірбаянына тоқталу)

«бұл кімнің сөзі?»( берілген жырдың қай ханның сөзі екенін анықтау) «Венн диаграммасы» арқылы оқушылар хандар арасындағы байланыстарды айқындай білуге дағдыланады. «Тарих дөңгелегі» ойыны Бұл ойын тарауды, тақырыпты қорытындылау үшін тиімді. (Тұлғалар, жылдарды сөйлету, термин сөздер, қанатты сөздер)

Тұлғалар бөлігінде –тарихи тұлғаны табуға арналаған сұрақ Жылдарды сөйлету бөлігінде-дата, уақыт, санға сәйкес сұрақ жасырылған.

Сабақ соңында оқушылар өзара кері байланыс арқылы қорытынды жасаймын.

Кері әсері парағы:

Білемін .

Білгім келеді. Сұрағым.

Қорыта келгенде, өз тәжірбиемде оқыту мен оқу үдерісінде жаңа технологиялардың тиімділігі пайдалануды түрлі әдістерін пайдалануды арқылы, оқушы ынтасының артқандығын, бір-біріне сыни көзбен қарауға үйренгенін, өзіндік көзқарастарын білдіріп, ашық пікірталасқа түсе алғандықтарын, ой-өрісінің кеңейгендігі байқалады. Ел болашағын өркендетер талабы таудай қабілеті мол, өз бетімен жұмыс жасай алатын ізденімпаз оқушыларды тәрбиелеуде қажырлы еңбек пен күш қуатымызды аямайық.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі