400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тарих сабақтарында интербелсенді әдістерді қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепте тарих пәнін оқытуда интербелсенді әдістерді қолданудың тиімді әдістемелік жолдарын көрсету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тарих сабақтарында интербелсенді әдістерді қолдану


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде қашықтан оқыту, ақпараттық коммуникациялық технологияларды енгізу және интербелсенді әдістерді тиімді пайдалану міндеті қойылған.

Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Бүгінде мектептерді компьютерлендіру толықтай аяқталды. Орта білім берудің 12 жылдық моделі енгізілуде. «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» делінген.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада «E-learning» электронды оқыту жүйесі бойынша білім беру сапасын және басқару тиімділігін арттыру үшін оқу процесін автоматтандыру, педагогтар мен оқушыларды ең жақсы білім беру ресурстарына және технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты атап көрсетілді.[1]

Тарих пәнінде интербелсенді әдістерді қолдану пәнді оқытуда оқушыға тарихи термин, даталарды терең меңгертіп қоймай, оқушының ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Өзіне қажетті мазмұны мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады. Сондай-ақ сабақ өтуде интербелсенді әдісті қолдану сабақ тиімділігін арттырады.

Білім беру саласында қазіргі таңда түрлі-түрлі әдіс тәсілдер баршылық. Олардың бірі интербелсенді әдіс. Интербелсенді әдіс қазіргі таңда кең дәрежеде пайдаланылып келеді. Интербелсенді әдіс жүзеге асыру үшін жаңа технологиялардың маңызы жоғары.

Интербелсенді оқыту – білім беру үдерісіне қатысушылардың өзара әрекетінің диалогтық формасына негізделген таным тәсілі. Оның барысында білім алушылардың бірлескен әрекет дағдылары қалыптасады. Интербелсенді оқыту – білім беру үдерісінің соңғы мақсаты мен негізгі мақсаты мен негізгі мазмұнын сақтайды.

Интербелсенді оқытуды жұптық жұмыстан бастаған жөн. Жұптық жұмыс - ынтымақтастық пен өзара көмек үшін таптырмас форма. Жұпта оқушылар бірін- бірі тексере алады, жаңа материалды бекіте, өтілген материалды қайталай алады. Қазақ тілі сабақтарында төмендегі тапсырмалардың түрлерін пайдалануға болады: Ауызша жұмыс. 1. «Интервью-таныстық» ойынын 3-сыныптағы алғашқы сабақтардың бірінде өткізген дұрыс.Әр оқушы өзінің парта бойынша көршісімен әңгімелеседі, содан соң ол жайлы бүкіл сыныпқа айтып береді (немен айналысқанды жақсы көреді, нені оқығанды жақсы көреді). Ойын сыныптың портретін жасауға, оқушылардың коммуникативтік біліктерінің қалыптасқандық деңгейінің бастапқы диагностикасын өткізуге көмектеседі. 2. Ережені өзара тексеруді жүзеге асыру (ауызша сұрау). Оқушы парта бойынша көршісіне ережені айтып береді, мысал келтіреді, оларды түсіндіреді. Содан соң оқушылар рөлдерін алмастырады, бірін-бірі бағалайды. Мұғалім кез келген жұптан сұрай алады. Жазбаша жұмыс 1. «Көршіге арналған сөздік диктант». Үйде балалар өткен ережеге сәйкес сөздік диктант құрастырады (жекелеген карточкаға). Жоғарғы жағына «Құрастырған…» деп жазады. Содан соң оқушылар сабақта карточка алмасады, тапсырманы орындайды, төменге «Орындаған…» деп жазады. Күні бұрын мұғалім қанша сөз болуы керек екенін айтады. 2. Балаларға үйде орындау үшін шығармашылық сипаттағы тапсырма беріледі (эссе, шығарма, ертегі жазу). 3. Сабақтың басында немесе аяғында сөздік диктанттарды, үйге берілген жаттығуларды өзара тексеруді ұйымдастыруға болады. Сабақтың алғашқы бес минутында дәптерде жіберілген қателердің ізімен өзара диктант өткізген дұрыс.Балаларға жұппен жұмыс істеген қатты ұнайтынын атап өткен жөн.[2]

Мектептің өз дәстүрі, салты болады. Оны айқайлау, жазалау түрінде жасауға болмайды, балалардың өздерін ұйымшылдыққа үйрете отырып, әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, жасауға болады. Сонда ғана тентек балалар сыныптағы жолдастарынан өнеге алып, солардың қалпына түсіп, жат қылықтардан біртіндеп безіне бастайды. Адам болатын бала аз сөйлеп, көп тындайды, жолдастарын, ұстаздарын сүйе біледі. Баланы шеттету, жек көру, ызғар көрсету, бағаны әдейі төмен қою өте зиянды.

Сабақтың мақсаты - баланы оқуға қызықтыра білу. Сабақты тыңдамай отырған оқушыны орнынан тұрғызып, жылы пішінде сұрақ берсең айта алмай қалса, ақыл берсең, екінші сұрақты ол айта алатын болады.

Сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып өткізу келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.


Қатапова Інкәр Бауыржанқызы

Атырау қаласы,

№38 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Г.Кертаев. Оқытудың кейбір әдістері. Алматы, 1991.

2.Жайлауова М. К. Мектепте интербелсенді оқытудың формалары мен әдістері // Молодой ученый. — 2015.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
660
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі