Тарих тағылымы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тарих тағылымы

Материал туралы қысқаша түсінік
сайыс сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ә.Молдағұлова атындағы шағын орталықты негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Бекітемін

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

_____ А. Исатаева «____»_______2017-2018ж









Тарих-тағылымы мол тарихи мұра













Дайындаған Д.Шынжарбекова













Сыныптан тыс іс-шара жоспары

"Тарих – тағылымы мол тарихи мұра"
Тарихи-танымдық сайысы

Сабақтың мақсаты Оқушыларды ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа оқушының жұмысын бағалауға үйрету.Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау.Ұйымшыл болуға, жаңа терминдерді өз аттарымен атауға тәрбиелеу.

Сайыс кезеңдері

1 Таныстыру

2.Сұрақ менен,жауап сізден

3.Стоп-кадр әдісі

4.Мықты болсаң,тауып көр

5. Он тұңғыш

1-кезең

Үш топ:

Жас археологтар

Жас тарихшылар

Жас зерттеушілер- Әр топ ұрандарын айтады

2-кезең Сұрақ менен,жауап сізден

«Жас археологтар» тобына

1. Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі?

Тас дәуірі

2. "Саналы адам" сүйегі алғаш рет табылған үңгір?

Кро-Маньон

3. Жаңа тас ғасыры қамтитын кезең?

б.з.б. 5-3 мың жылдықтар

4. Ежелгі адамдардың өз білімдерін суретті хат арқылы хабарлауы?

Пиктография

5. Сақтар туралы дерек қалдырған грек авторы?

Герадот

6. Бізге жазба деректерден белгілі сақ патшайымы?

Томирис

7. Жыртқыш құстарды қолға үйретіп,аң салу өнері

Саятшылық

8. Ежелгі егіншілердің жер жырту құралы?

Тесе

9. Ең ежелгі "епті адамның" мөлшермен өмір сүрген мерзімі.

1 млн. 750 мың жыл бұрын

10. Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесі?

Тобыр

Жас тарихшылар тобына

1 Қытай шежіресі бойынша "түрік" сөзі шыққан:

Теле сөзінен

2. Кытай билеуiшiлерi Түрiк қаганатының қай қағанына жiбек матамен салық толеп отыр

Мұқан қағанға

3.Турiк қағанатының екiге болiнген уақыты

603 ж

4 .Қарахан мемлекетінің негізің қалаушы

Садұқ боғра хан

5.Атабектер деген кімдер

Мұрагерді тәрбиелеуші

Түрік қағандығының негізін қалаушы

Бумын

7. Шегу қағанның мемлекет билеген жылы?

610-618жж

8. Жібек жолында "ҰЛЫ" аталуы?

Батыс пен Шығысты байланыстыруына

9. Ұйғыр қағанатын қарлұқтар қырғыздармен біріге отырып қиратты?

840 жылы

10. Қарлұқ тайпасына неше тайпа кіреді?

9 тайпа

Жас зерттеушілер тобына

1.Жоңғар шапқыншылығынан зардап шеккен аймақ:

Жетісу

2.1726 жылы қазақ жасақтарының жоңғарларды талқандауының басы болған оқиға:

«Қалмақ қырылған»

Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша:

Анна Иоанновна

4 Әбілқайырды 1748 жылы өлтірген:

Барақ сұлтан

5 1741-1743 ж. Абылай сұлтан тұтқында болды:

Жоңғарияның

6 С.Датұлы старшын болған ру

Байбақты

Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі болған жылдар:

1773-1775 жж.

8 Кіші жүз ханы Әбілқайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер

Құндағұлұлы, Қоштайұлы

9.Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы:

1731жылы

10.1731 жылы Әбілқайырды қолдап, Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші жүз старшындарының саны:

29 старшын

Мұғалім:

Ең қиыны жарыстың енді келді,

Мықтылары қалыпты, жеңсін енді.

Тез қимылда, ойланып тұрып қалмай,

Осы ойында жеңеді ең еренді.

3- кезең Стоп-кадр

Жас археологтар тобына

Б.з.д. І мыңжылдықта Қазақстан аумағында өмір сүрген тайпа. Герадот «Олар жаяу және ат үстінде де соғыса алады.Найза, қылышпен қаруланады, садақты жақсы атады. Бұл қай тайпа туралы айтылған –Сақ

Шанью деген атақ алады. Ол шексіз билікке – “Аспан ұлы” деген атаққа ие болды.Бұл қай билеуші қай тайпа туралы қатысты айтылған-Мөде ғұн мемлекетінің билеушісі

Б.з.д. ІІІ ғасыр мен б.з.Ү ғасыр аралығында Жетісу өңірінде, Ыстықкөл және Іле өзені алқабында мекендеген . Бұл қай тайпа туралы айтылған-Үйсін

Б.з.д. ІІІ-І ғғ. Аралығында қаңлылар Сырдария, Арыс, Талас өзендерінің алқаптарында, Қаратау аңғарында өмір сүрген. Бұл қай тайпа туралы айтылған-Қаңлылар

Жас тарихшылар тобына

Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб деген атауы бар. Ү-ХҮ ғасырларда маңызды сауда, ғылым –білім орталығы болған-Отырар

Ортағасырлық қала. ҮІ-ҮІІІ ғасырларда Ұлы Жібек жолындағы ірі сауда және қолөнер орталығы болған-Тараз

Ортағасырлық қала. ХІ-ХҮІ ғасырларда Түркістанның солтүстік батысына қарай 30 км жерде орналасқан-Сауран

ХІ-ХҮІ ғ. Атыраудан 40 км жерде, Жайық өзенінің оңжақ жағалауында орналасқан ХІІІ-ХІҮ ғасырларда Ноғай Ордасының, Қасым хан тұсында Қазақ хандығының астанасы болған-Сарайшық





Жас зерттеушілер тобына

1801 жылы дүниеге келіп 1845 жылы қайтыс болған. 1815 жылы мұрагерлікпен хан болады, алайда ол жас болғандықтан билікті Бөкейдің інісі Шығай жүргізді. 1823 жылға дейін Жәңгір Астрахань губернаторы Андреевскийдің үйінде тәрбиеленді. Еуропалық білім алып, орысша тәрбиеленеді, хандықты әкімшілік жағынан басқару тәсілдерін үйренеді. Ол орыс, татар, неміс тілдерін білген-Жәңгір хан

1791 жылы дүниеге келіп, 1838 жылы қаза болған. Бөкей ордасына көтерілісіне қатысқан тұлға-Исатай Тайманұлы

21 жасында өз руының жайық атасына старшын болып тағайындалды. Исатай Тайманұлының серігі-Махамбет Өтемісұлы

Қазақтардың патшалық Ресей мен Қоқан хандығына қарсы ұлт-азаттық қозғалысының басшысы-Кенесары Қасымұлы

Мықты болсаң-қарсыласты басып оз

Мықты болсаң-арттағыны жеткізбе

Мықты болсаң-тайғанама,құлама

Мықты болсаң-бөгеттерді бұзып өт

4 кезең

Мықты болсаң тауып көр

Жас археологтар тобына

Шығыс Қазақстанда мекендеген сақ тайпасының атауы,картадан көрсетіңіз -Аримаспылар

Батыс Қазақстанда мекендеген сақ тайпаларының атауы,картадан көрсетіңіз -Сарматтар

Сақ тайпаларына жататын Мұртты обалардың атауы.Қазақстанның қай аумағында орналасқан картадан көрсетіңіз-Тасмола

Сақ тайпаларына қатысты Оңтүстік Қазақстаннан табылған қорымның аты,картадан көрсетіңіз-Бесшатыр

Жас тарихшылар тобына

Қазақ хандығының негізін қалаған есімдерді ата. Қазақ хандығының аумағын көрсет-Керей мен Жәнібек

1128-1213 жж. ОРталық Азиядағы солтүстік Монғолия, Солтүстік Қытай, өлкесін мекендеген. ХІІ ғасырдың 40 –жылдардан бастап Қарахан мемлекетінің жерлерін басып алған. Осы мемлекетті аумағын картадан көрсет. Қарақытай мемлекеті

Ортағасырлық қала – VI-XVIII ғ.Сырдария бойында,Төменарық темір жол стансасынан 10 км жерде орналасқан қала-Сығанақ

Жібек жолы жоғарыда көрсетілгендей Жетісу арқылы шығыстан тартылған бағыттармен Таразда түйісіп, Оңтүстік Қазақстанда ИСПИДЖАБ, САЙРАМ қаласына жеткен. Осы қалалар қазіргі таңда қалай аталады. Картадан көрсет-Түркістан

Жас зерттеушілер тобына

ІХ ғасырдың соңында Сырдарияның орта және төменгі ағысында өмір сүрген мемлекет-Оғыз

Қағанаттың негізгі этникалық ұйытқысы «он тайпа», «он оқ бұдун Қаратаудың шығыс байрайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Бұлар қазақ халқының құрамына енген тайпалар. Қытай деректерінде дулулар дулаттар атаумен аталады. Осы тайпаны картадан көрсет-Батыс Түрік қағандығы

Тайпалардың ішінде ең беделдісі бөрілер болған-Қыпшақ

Кенесары Қасымұлы Ресейге, Қырғыздарға, Қоқандықтарға және кімдерге қарсы күрес жүргізді. Картадан көрсет-Хиуа хандығы

5-кезең

Он тұңғыш

1.Парсылар державасының негізін қалаған Камбистің ұлы Кир патшаны өлтірген қолбасшы, тұңғыш әйел патша: Томирис б.з.б. 570-520ж.

2.      ХІІ-ІХ ғғ (VIII) өмір сүрген, тұңғыш ажалмен арпалысқан  кім? Қорқыт VIII ғ.

3.      Музыка саласында «Музыканың ұлы кітабы» атты  тұңғыш ғылыми еңбек жазған, энцоклопедист ғалым. Әбу Насыр Әл-Фараби  870-950 ж.ж.

4.      Египетте жүріп құлдық дәрежеден ел билеуші дәрежесіне дейін жеткен қазақ бабасы: Бейбарыс сұлтан

5.      Ел басқарудың жаңа түрі «халық кеңесі» атты тұңғыш халықтық өкімет құрған қазақ батыры.  Сырым  Датұлы 1783-1797ж.ж.

6.      Қазақтың тұңғыш шығыстанушы ғалымы, қырғыздың «Манас» жырын тұңғыш қағазға түсіруші. Шоқан Уалиханов 1857 жыл

7.     Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» біріккен қазақ қолын тұңғыш басқарған, монғол қолын ойсырата жеңген. Әбілқайыр хан 1693-1748 ж.ж.

8.     Тұңғыш рет дауыс беру арқылы сайланған, қытай елімен тұңғыш сауда қатынасын жолға қойған қазақ ханы. Абылай хан 1771-1781 ж.ж.

9.     Қазақ тілінде тұңғыш  «Қазақ хрестоматиясы», «Қазақтарға қазақ тілін үйретудің құралы» атты оқулықтар жазған   ғалым-ағартушы. Ыбырай Алтынсарин 1841-1889 ж.ж.

10.   КСРО құрамындағы қазақ халқының мүддесін шетелде жүріп қорғаған тұңғыш қазақ. Мұстафа Шоқай 1890-1941 ж.ж.



Сайысты аяқтау

Бұл сайысты аяқтайық енді біз

Ең мықты топ енді тек сіз жеңдіңіз

Әділ қазы ортамызға келіңіз

Жеңген топқа өз бағаңды беріңіз





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2018
878
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі