Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Тарихи Рашиди»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мәнжазба
М.Х.Дулати және оның «Тарихи Рашиди» еңбегі
Дулат Хұсайынұлы Мұхаммед
Хайдар (1499-1551) — әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған
іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи
Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі
ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы.
Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы
Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» — өз аты,
«Мұхаммед Хұсайын» — әкесінің аты, «мырза» — текті әулеттің тұқымы
екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны
секілді), «дулат» — шыққан тайпасының аты.
Мұхаммед Хайдардың ата-бабалары кезінде Моғолстан мемлекетінің
құрамына енген қазіргі Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан және
Шығыс Түркістан жерлерінде ұлысбегі, тархан қызметтерін тқарған,
өздерінің мұрагерлік иеліктері – Маңлай-Сүбені дербес басқарған. Өз
әкесі Мұхаммед Хұсайын Моғолстанның Жүніс ханының күйеу баласы,
Ташкентті билеген. Оны кейін Әмір Темірдің немересі Мұхаммед
Шайбани хан өлтірген. Анасы Хуб-Нигар ханым – Жүніс ханның қызы.
Бұл ретте Мұхаммед Хайдар Моғолстанның Сұлтан Саид ханмен және
Үндістандағы баласы Ұлы Моғолдар әулетінің негізін қалаушы
Захираддин Мұхаммед Бабырмен бөле. Әкесі өлгеннен кейін Мұхаммед
Хайдар біраз уақыт осы Бабырдың қолында тұрады. Содан кейін
Бабырдың рұқсатымен Сұлтан Саид ханға келіп, оның Қашқардағы
сарайында тұрып, сарай қызметін басқарады. Саид ханның Әбубәкірге
қарсы соғыстарына қатысады. Жан-жақты білімді, сарай қызметін жетік
білетін адам ретінде ханның мұрагер баласы Әбу ар-Рашид сұлтанның
тәрбиешісі болады.
Ол мұнда ұлы Моғолдар сарайында әскербасы болып, Кашмирді жаулап
алу соғысына қатысады. Жаулап алғаннан кейін Ұлы Моғолдар атынан
біраз уақыт Кашмирді билеп тұрады. Ол осында өзінің атақты еңбегі
«Тарихи Рашидиді» жазуға кіріседі.
Күншығыс әдебиетінің іргелі салаларын ақтарып отырсаңыз,
Мұхаммед-Хайдардың кім болғаны, оның адамшылық тұлғасы көз
алдыңызда суреттеліп, бұл кісіде сол кездегі Мір Әлішер Науаи,
Бабыр сияқты Орта Азия көлемінен шыққан атақты данышпан, ғалым
жазушылардың бірі екенін көресіз. Бұл кісінің сәулетті даңқын дүние
жүзіне әлпештеп таратқан, әсіресе, оның парсы тілінде жазылған
“Тарихи Рашиди” деген кітабы болды. Бұл кітап бүгінде барлық
мәдениетті елдердің тіліне аударылып, мәңгі өшпейтін дүние жүзілік
әдебиет мұрасының бірі болып отыр.
Мұхаммед-Хайдар туысы жағынан ұлы жүз дулаттардан тарайды. Академик
В.В. Вельяминов-Зерновтың анықтауынша: Мұхаммед-Хайдар дулат
руынан, текті атадан. Дулаттар тарихи заманнан келе жатқан түрік
нәсілдес көп тайпалардың бірі. XVI ғасырларда қазақ қауымына
қосылып, Алтын Емел тауынан Шымкентке дейін қоныстанып отыр дейді.
Шоқан Уәлихановтың жазуынша, Мұхаммед-Хайдар – дулат руы Болашы
бидің ұрпағы. Дулат руы ол кезде атақты рулардан болып, Қашқар
хандары әйелді осы рудан алатын болған. Мұхаммед-Хайдардың өз әкесі
– Мұхаммед Хұсайын Жетісу, Шу өзені, Талас бойын мекен еткен
дулаттар ортасында туып-өсіп, оның ел билеген атақты адамдарынан
саналған.
Қазақтың Қасым ханы мен өзбектің Шайбани ханы Алтын Ордадан қалған
мұра – Сырдария бойындағы қалалар үшін жауласып жүргенде, Хайдардың
әкесі – Хұсайын, оның ағасы – Мұхаммед Қайсар, дулат биі – Сұлтан
Ахмет – барлығы дулат руының тума бектері аталған қолбасылар. Олар
бір жағынан Ферғанадағы Бабырға күш берсе, екінші жағынан Қасым
ханды қолдап, өзбек Шайбани ханға қарсы тұрады. Хайдардың әкесі
Хұсайын көрген ол кезде өзінің қайын атаса Моғұлстан ханы Жүніс
ханның мезгіл-мезгіл Ташкент пен Ұратөбе қаласын басқарады. Осы
кезде келешектегі жазушы Мұхаммед Хадар келеді. Тегінде ұлы жүз
үйсін, дулаттардың не шанышқылының Ташкент қаласын басқаруға
қатынасуы тарихта аз болмаған. XVII-XVIII ғасырларда олардың беделі
бұл қалада аса зор болған, ең соңғысы Төле бидің өзі көп өмірін осы
қалада өткізіп, бірталай естелік қалдырған, өзі өлгеннен кейін
денесі де сол қалада жерленген.
Жетісудың ол кездегі саяси аты Моғұлстан болса, оны мекендеген
тайпаларды ресми тілде Моғұл деп атады. Бірақ бұл Моғұл деп отырған
көшпелі тайпалар-моңғол да, ұйғыр да, өзбек те емес, түрік тілінде
сөйлейтін сол жердің тарихи заманнан бері келе жатқан тұрғын халқы
болатын. Екінші түрде айтқанда моғұл деп атаған елдер кейін ұлы жүз
құрамына кірген үйсін мен дулаттар, қаңлы мен шанышқылы,
жалайырлар. Бұларды біріктіріп, саяси тіршілік ретінде не моғұл, не
дуғлат деп атағандығы байқалады.
Дұрысында бұл моғұлдарды шағатай ұлысынан бөлініп шыққан сол
кездегі қазақ тайпаларының (ұлы жүздің) бірінші саяси одағы
(бірлігі) деуге болады. Кейін Алтын орда үкіметі ыдыраған кезде
Керей мен Жәнібек (Әз-Жәнібек) соңына ерген қыр қазақтарымен
Моғұлстанға келіп, ұлы жүз тайпалары үйсін, дулаттан көп күш алып,
шу өзені бойында Қазақ хандығын құрады.
Осы кезде Моғұлстан үкіметі де кеңейіп, күшейеді. Өйткені, оның
құрамына енді қашқар уәләяты да қосылады. Моғұлстанның билігі
толғынан Қашқар жұртына ауысқанда, XVI ғасырдың 30 жылдары, Рашид
ханның заманындаұлы жүз тайпасы, оның ішінде дулаттар Моғұлстан
бөлініп, Қазақ хандығына қосылады.
Тарихи жазулардың бірде-бірінде Мұхаммед Хайдардың нақтылы қай
жерде туғаны көрсетілмеген. Бірақ бұл мәселені өзге мәліметтерімен
анықтауға болды: біріншіден, оның әкесі Хусайынның тіршілік жасаған
орындары арқылы, екінші, анасы Хуб Нигар-ханымның болған жерлері
арқылы. Бұлардың екеуінің де тұрғылықты орындары Ташкент қаласының
төңірегі болған. Әкесі Хусаин Қасым-ханмен бірге Шайбаниға қарсы
соғысқанда,осы Ташкент маңында қаза табды. Сондықтан Мұхаммед –
Хайдар осы Ташкент төңірегіндегі туған облуы керек.
Мұхаммед-Хайдардың анасы Хубнигар-ханым – Шагатай ұрпағы. Моғұлстан
ханы – Жүнісханның қызы. Ол Ташкент қаласын билеп, Алмалыққа дейін
басқарған. Хайдардың жазуынша Жүнісхан – көшпелі руларды
отаршылыққа айналдырып, қала салу ісімен шұғылданған кісі.
Дегенмен, Жүністің өзі де жаз күні жайлауға шығып, Арыс, Бөген,
Шаян, Қаратауға дейін жайлап, көшпелі тайпалармен аралас отырады.
Жүністің екі баласы – Ахмет-Алаша мен Мұхамед қазақ қауымның
бірігінуіне көп күш жұмсаған кісілер тобына кіреді.
Махмұд-Хайдардың шешесімен бірге туысқан Жүністің бірнеше парасатты
қыздары болған. Оның бірі – Құтлығ Нигар ханым – атақты жазушы
Бабырдың шешесі. Екіншісі – Сұлтан Нигар ханым – қазақ ханы Әдіктің
бәйбішесі. Демек, бұл қарым-қатынастың барлығы Мұхаммед-Хайдарға
бала күнінен таным болмаса, ол “Тарихи-Рашиди” кітабын да сондайлық
жылы, сондайлық ашық жаза алмас та еді.
Хайдардың жазуынша Сұлтан Нигар-Ханым өз күйеуі Әдік-сұлтан
өлгеннен кейін Сыр бойында соғыс жиі бола берген соң, қырда тұра
алмай, Қашқардағы туыстарына кеткісі келеді. Өзінің өгей баласы сол
кездегі қазақтың ханы Тайырға арыз етіп, “Мен болсам қартайдым,
Маураннахр мен рашид, қыпшақ арасы әлі түзелер емес. Қалған
өмірімді қалада өткізейін, мен қашқарға апарып,Сейітханның қолына
табыс ет” дейді. Бұл кезде Сұлтан Нигар – ханымның қалған төркіні
тегісімен Ташкент, Түркістан төңірегін қалдырып, Қашқарға барғаны
байқалады. Кейін олардың соңын ала жетім қалған Мұхаммед-Хайдар да
нағашысының қолына барады. Бұл жерде айтылып отырған Қашқар ханы
Сейіт жоғарыда көрсетілген Жүніс ханның немересі, сұлтан Нигар
ханымның ағасы Ахметтің баласы.
1526 жылы Сейіт пен қазақ ханы Тайыр араздаса бастағанда, сұлтан
Нигар-ханым бұл екеуінің арасына бітім айтады. Екі ханның екеуі де
(бірінің апасы, бірінің шешесі) бұл кісінің сөзіне бас иіп,
татулыққа келеді. Мұхаммед-Хайдар бұл туралы былай дейді: “Хан
Қашқардан щығып, Қошқар келеді. Бұл жерге мен де келдім. Маған
айтты: сен Қашқарға бар да апайды алып кел, Тайыр ханмен екеумізді
татулыққа келтірсін.” Әдік ұлы Тайыр ханның ол кезде аузынан жалын
шығып тұрған еді.
Бұрынғы Моғұлстан қырғызды, үйсін, дулатты өзіне қаратып, қырғыз
бен қазақты бірдей меңгеріп тұрған еді. Міне, осы уақиғаның ашық
суретін біз бір ғана Хайдардың “Тарихи Рашиди” кітабынан көреміз.
Бұл суреттер, біріншіден, Мұхаммед-Хайдардың туып-өскен ортасы кім
екенін білдірсе, екіншіден, оның ол ортаны сондай жақсы біліп, оны
кейінгі заманға мұра етіп қалдырғанын көреміз.
Мұхаммед Хайдар халық ортасында көбінесе Мырза Хайдар деген атпен
даңқты болған. Оған қосымша лақабы Көреген, Мырза Хайдар – Көреген.
“Көреген” – ескі моңғол – түрік тілдерінде күйеу деген сөз. Орта
ғасырларда хан қызын алып, ел басқарған би батырларға “көреген”
деген лақап беретін болған. Мағынасы ел басқартын ханның күйеуі.
Бірақ ханның өзі емес. Бұл лақапты Хайдардың өз әкесі Хұсайын да,
Әмір темірдің өзі де, тағы басқаларда тағынған. Лақап атынан басқа,
жазған кітаптарында Хайдар өзінің қай рудан екенін білдіру үшін
ресми атын Мұхаммед — Хайдар Дұғлати деп жазған. Демек, ол шыққан
руы дулат елі екенін көрсетеді.
Мұхаммед Хайдардың шыққан ортасы дұғлаттары екенін Хайдардың өзінен
бастап басқа жазушылар да келтіріледі. Мәселен, Орта Азияның атақты
тарихшыларының бірі Хафиз Таныш өзінің “Абдулла-нама” деген
кітабында Әбілхайыр ханның баласы Беріш-ұғланды Жәнібек пер керей
ханы қалай өлтіргенін, дұғлат Хайдар мырза осылай жазады дейді.
Осындай сәл ескертулердің өзі де Хайдардың қазақ қауымының жүйрік,
білгір, жеке дара адам екенін көрсетіп, оның қазақ қауымына аса
жақын болғандығын дәлелдейді. Мұхаммед-Хайдар шыққан дулат тайпасы
өз заманындағы ұлыстардың алдыңғы қатарында болып, Моғұлстан
кезіндегі саяси тіршіліктің ну ортасында болған.
Дұғлат тайпасынан XV – XVI ғасырладрда бірнеше атқты адамдар шықты.
Олар: Әмір Темірдің Моғұлстанды жаулауына қарсы тұрған белгілі
Қамаридтен, Болашы, Түлек, Жорас деген кісілер. XV-XVI ғасырларда
бұлардың аталары шағатай мемлекеттің үлкен астанасы Алмалық маңында
болып, оларға қызмет етті. Алмалаық – Жетісудағы ең үлкен қала.
Сауда мен мәдениеттің, саяси тіршіліктің қайнаған ортасы болды.
Хайдардың арғы аталры Дұғлат Бауырты, оның баласы Болашы Шағатай
ұрпағы Есенбұқа мен Тұғлық-Темірге қызмет істеп, моғұлстанның
атақты билерінен болған. Бұл екеуі де Тұғлық-Темір дәуірінде
Алмалық қаласы төңірегінде жасап, дәфенделген Тұғлық-Темірдің әдемі
күмбезі осы күнге дейін, сол ескі Алмалық қаласының өзінде, қазіргі
Коркос төңірегінде сақталғаны байқалады.
XIII – XIV ғасырларда Шағатай хандары мен Дұғлат билерінің жаз күні
жайлаған жері – Іле өзенінің бойы, Ақкент деген жер. Қазіргі
Жаркент (Панфилов) қаласына жақын тұрған. Хайдар атларының тұрақты
қонысы – осы Алмалық қаласының Жетісу өңірі. Өзге дулаттар
Алмалықтан Ташкентке дейін созылып отырған. Бұл ара – ұлы жүз
тайпаларының ескі дәуірлерден XIX ғасырларға дейін мекен еткен
жері. Тарихи жешілердің көрсетуінше Дұғлат Болашы би XIV
ғасырдыңбірінші жартысында жасаған кісі. Болашы би мен Хайдардың
арасында6-7 апта өткен. Хайдардың түп атасы – Болашы Шағатай ұрпағы
еенбұқа мен оның баласы Тұғлық темір заманында билік құрған
кісі.
Мұхаммед Хайдар Қашқар уәлаяты (Моғұлстан) мен Қазақстан туралы
жазған тарихи кітабын Шағатай ұрпағы (Моғұлстан) мен Қазақстан
туралы жазған тарихи кітабын Шағатай ұрпағы, Есенбұқа мен
Тұғлық-Темір тұқымы, Жүніс хан, Сұлтан Ахмет және Сейіт хан баласы
Рашит сұлтанға арнап, кітабының атын “Тарихи рашиди” деп
атайды.
Мұхаммед Хайдар 1499 жылы Ташкент қаласының төңірегінде туады. Оның
әкесі Мұхаммед Хұсайын – Дұғлат Бауырты мен Болашы бидің тұқымы. Ол
қазақ ханы Қасым мен бірігіп. Шайбани ханмен жауласып, жүргенде,
1508 жылы Шайбани әскерінің қолында өледі. Cегіз жасар Хайдар
әкесінен жетім қалып, үш-төрт жылдай өзінің бөлесі, атақты жазушы
Бабырдың қолынан тәрбие алады. 13 жасқа жеткенде, Хайдар өзінің
тума нағашысы Жүніс ханның немересі, атақты Сұлтан Ахмет-Алаша
ханның баласы Қашқар өлкесін билейтін Сейіт ханның қолына келіп,
рның қарамағында әрі би, әрі әскер басы болып болып қызмет
атқарады. Сейіт хан өлген соң, оның баласы Рашид сұлтанға уәзір
болып істейді, бірақ Мұхаммед – Хайдар рашид сұлтанмен келісе
алмай, қйыра Бабырдың балалары Қарман мен Ғұмайынның қасына барып,
олар арқылы Қашмир уәләятын басқаратын болады. Сөйтіп кашмир
өлкесін басқарып трғанда, 52 жасында сол жерде дүние салады.
Мұхаммед Хайдар – XV ғасырдың алғашқы жартысында жасаған Бабыр
сияқты Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан білгіш, майталман кісінің
бірі. Ол бөтен нәрсеге көңіл бөлмей, бір ғана кітап оқып, өлең
шығарып, сурет салу ісімен айналысады, зергерлік, шеберлік, ұсталық
өнерімен шұғылданады. Шемберлік ісінде ол бармағынан бал тамған
ісмер, сұлулық дүниесін жанымен сүйетін хас шебердің өзі болады.
Қырнау, безеу, ою өрнек өнерін тіпті асқарлы түріне жеткізіп, оның
шын мағынасында сұлулық қазынасы — өнерге айналдырған. Онымен бірге
Хайдар өзінің ойға жүйрік, майталман, сзге шебер, ерекеше саңлақ
болуымен халық ортасында даңқты болады. Өзінің айтуынша: “халқпен
кішіпейіл болып марқаласуды (кеңесуді), олардың алдыңғы әдепті,
мәйін болуды, соғыс үстінде қырағы болуды, атқыш мергендікті, тағы
басқа өнер түрлерін үйренуде мен нағашым Сейіт ханның Шәкірті ғана
едім” деп, өзінің қойдан қоңыр, кішіпейіл мінезін тағы да
сипаттайды. Хайдардан басқа біреу болса, әрине, буға пікісіп,
“мен-мен!” деп, кеудесін соғар еді. Оның жазған тарихи шығармалары,
көркемөнер, поэзия туралы жазғандары кейінгі жазушыларға зор әсер
етіп отырды.
Мұхаммед Хайдардың адамшылық қасиеті туралы бабыр былай дейді:
“Хайдардың әкесін өзбектер өлтіргеннен кейін ол менің қарамағыма
келіп, үш-төрт жыл тұрды. Кейін рұқсат сұрап, Қашқардағы Сейіт
ханға кетті. Не нәрсе болса да, өзінің шыққан тегіне (асылына)
тартатын әдеті ғой, мәселен, сап алтын да, күмісте, қорғасын да
тегіне тартпай ма! Жұрттың айтуынша ол бұрынғыдан көп есейіп, жақсы
жолға түскен. Өзінің қолы әр нәрсеге шебер, оның қолынан келмейтін
іс жоқ: ол әрі жазушы, әрі суретші, онымен бірге садаққа оқ жасап,
оның жебелерін өзі істейді. Бір жағынан дарынды (құйылма) ақын.
Маған бірер жазу келген еді, әлпеті еш жаман емес.”
Кейін есейіп ер жеткен шағында Мұхаммед Хайдар шын мағынасында
Кұншығыстағы даңқты адамның бірі болып, Орта Азия мен Қазақстан
халықтарының әдебиетіне, оның тарихына зор үлес қосады.
Күншығыс халқын зерттеуші ғалымдардың айтуынша Мұхаммед-Хайдардың
атын жоғары көтеріп, оны жұртқа танытқан, әсіресе, оның
“Тарихи-Рашиди” атты кітабы болды. Бұл шығарманың Күншығыс
жазушыларына берген әсері сонша еді, олар мұхаммед-Хайдардың тарихи
жазуларына ерекше баға беріп, оның кейбір жерлерін өзерінің жазған
кітаптарында пайдаланып отырады. XVI – XVII ғасырлардағы Үнді мен
Орта Азия тарихшыларынан Мұхаммед – Хайдардың “Тарихи-Рашиди”
кітабын пайдаланбағандары кем де кем-ақ. Оның ішінде Үндістанның
Европа әдебиетіне белгілі тарихшысы Мұхаммед-Қасым Ферште Бадахшан,
Қашмир уәләяти туралы жазғанында, оның мағлұматын бір ғана
“Тарихи-Рашиди” кітабынан алады, Мұхаммед-Қасымның айтуынша
“Тарихи-Рашиди” – Орта Азия тарихы туралы жазылған шығармалардың
ішінде ең мағыналысы және мағлұматтың ең дұрысы, ең толығы болып
санлған.
Мұхаммед Хайдарды оқыған күншығыс ғалымдарының ол туралы жылы сөз
айтпай қалған бірде бірі жоқ. Үндістанның атақты ғалымының бірі –
Ағзам. Ол Мұхаммед-Хайдардың Қашмир өлкесі туралы жазғанына зор
қуаныш көрсетіп, өзінің “кашмир тарихы” деген кітабында
Мұхаммед-Хайдардың әдебиеттегі орнына ерекше баға береді.
“Мұхаммед-Хайдар күншығыс ғылымның терең білген данышпан еді оның
үстіе ол қаламынан сөз құйылған талантты ақв болды. Оның “тарихи
Рашиди” кітабы болған оқиғаны төндіре айтуда ең инабатты шығарманың
бірі” дейді.
Ол сол кездегі саяси оқиғалар мен оған қатысқан қайраткерлерді,
сондай-ақ Моғолстан мемлекетінің, Қазақ хандығының өткен тарихын
жақсы білген. Оның тікелей өзі куә болған жайлары да көп еді. Содан
да болар ол орта ғасырдағы қазақтарға, әсіресе дулат тайпасының
тарихына қатысты өте құнды материалдар береді. Қазақ хандығының
құрылуы мен қалыптасуы, одан кейінгі кезеңдері, олардың
қырғыздармен, өзбектермен қарым-қатынасы, көрші елдермен жайында
кеңінен сөз болады. Әсіресе ғалымның өз заманы, соның ішінде Қазақ
хандығының құрылуы, бұл Орданың қалыптасуы кезеңіндегі ОА-дағы
саяси оқиғалар туралы егжейлі-тегжейлі мәліметтер берген деректері
аса құнды болып отыр. Оның тарих саласындағы құнды еңбектері арқылы
біз Ұлы ғалымды қазіргі Қазақ тарихы ғылымының бастау кеөздерінің
бірі және ұлттық тарихтың негізін салушы ретінде
танимыз.