Тарихты білу ұрпақ парызы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тарихты білу ұрпақ парызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырып: «Тарихты білу –ұрпақ парызы..»

Мақсаты: ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы көрнекті ақын, халықтың арман – тілегін жоқтаған, Истаймен бірлесіп, халықты отарлау саясатына, хан - сұлтандарға қарсы көтеріліс бастаған Махамбет Өтемісұлы жайлы оқушылардың білімдерін кеңейту. Оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге және тәуелсіздігімізді нық ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Махамбет туралы слайдтар, Махамбеттің күйлері, қанатты сөздер.

1-ж:

Алатау өспейді екен, өшпейді екен,

Ауыздан алып аты түспейді екен.

Кәрілер: «Киелі ер-ай!» - деп күрсініп,

Жастары: «Ер ұрпағы – біз», - дейді екен.

2-ж: Иә, дүниені дүр сілкіндіре қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған 1936-1938 жылғы шаруалар көтерілісі болса, сол дүр сілкіністе қол бастап, халыққа жол көрсеткен Исатайдың серігі,

1-ж: Ақын – сері

2-ж: Батыр – алғыр

1-ж: Махамбет Өтемісұлының туғанына – 220 жыл.

2-ж: Ендеше, бүгінгі «Тарихты білу –ұрпақ парызы..» атты салтанатты кешімізді Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына арнаймыз.

1-ж: Махамбет – таңғаларлықтай табиғи үйлесім тапқан ақындығы мен батырлығын бір ғана мақсат жолына – туған халқының бостандығы мен еркіндігі жолындағы жанкешті күреске арнаған данқты тұлға.

2-ж: Махамабет халқын сүйген, халық мұңын жырлаған патриоттық ақын. Оның өлеңдері – шаруалар көтерілісінің айнасы. Ол өз шығармаларында әлеуметтік өмірдің шындығына көз жібере білді. Сол кездегі қанаушылыққа қарсы наразылық білдірген, айналысына риза болмай, алға ұмтылған, алдағы күннен жақсылық күткен, сол жақсылыққа күреспен ғана жетпек болған. Махамбет ел үшін еңіреген ,ерді аңсаған, соған бар ақындық жүрегін арнаған.

1-ж: Махамбет туралы айтқанда, оны Исатайдан бөліп – жарып қарауға болмайды. 1836-1838 жылы халық «ереуіл атқа ер салғанда», Махамбетттің өзі айтқандай, «Исатай – басшы, мен – қосшы» деп, екеуі де отаршыл озбырлыққа қарсы халық наразылығын ұйымдастырды.

2-ж: Сірә, Махамбеттің орны ең алдымен әдебиетте емес, тарихта сияқты. Өйткені ол елді еркіндікке, тәуелсіздікке талпынтқан ұлт – азаттық қозғалыс басшыларының бірі. Махамбет тұрғызған дауыл Жайықтан басталып, Сарыарқадан Кенесары қозғалысымен аяқталады. Оның ақындық қасиетін де ашқан сол тарихи кезең сияқты.

1-ж: Иә, Махамбет біріншіден, ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы, екіншіден, арқалы ақын. Оның отты жырларының өзегі де азаттық тақырыбы болды. Олай болса ендігі сөзді сыныптастарымызға берейік.

(Өмірбаянымен таныстырады Көркемай,Айша)

2-жүргізуші: Махамбет ең алдымен халқын,Отанын сүйген патриот ақын.Қалың көпшілікті езіп,жаншып отырған хан,сұлтан,би-төрелерге қарсы шықты.Найзасына асыл сөз, өткір тілін қоса жұмсады.Көпшілікті ханға қарсы күреске шақырды. «Соғыс» «Ереулі атқа ер мінбей» Қызғыш құс өлендерімен ортаға Біржан,Мирас Азалияны шақырамыз

1-жүргізуші: Жәңгір хан мен Махамбет ылғи да сөзге келіспейтін еді.

Ендеше кезекті көрініске берейік

Көрініс қояды

2-жүргізуші: 1838 жылы көтерілісте апатқа ұшырап,Исатайдың өлімінен кейін елді қайта ұйымдастыру мүмкін болмады. Бір кездері жанына ерген халқы жауласудан шаршаған,жүрегі шайылған еді.Сол кезде Махамбет әскері азайып жалғыздық зардабын шекті. Жалғыздық,Тар қамау,Исатай деген ағам бар өлендерімен ортаға Диана,Айсұлтан Азизаны шақырамыз.

1-ж: Махамбеттің Жұмыр қылыш,Қайран нарын,Жауға шапқан,Жорық,Өкініш деген күйлері бар .Ендеше кезекті күйге берейік Каусар Жаннұр

2-жүргізуші: Ақын өлеңінде «Мен» сөзі жиі қолданылады .Махамбеттің «Мені»- қазақ халқының мені. Ортаға Мен едім,Ақ жүрегін тербетіп өлендерімен Айсұлтан мен Аяулымды шақырамыз.

1 жүргізуші: Махамбеттің Жұмыр қылыш күйіне дайындаған қыздарымыздын биін тамашаланыздар.( Би билейді)

2-жүргізуші: Махамбет –халықтың азаттығы үшін алысқан,теңдігі үшін тартысқан ақын. Елмен қоштасу,Аймақ көл өлендерімен Сезіммен лязатты ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші: Махамбет-әрқашан халықты қолдады.Ал халық ,бүгінгі ұрпақ Махамбет Өтемісұлының шығармашылығына қандай баға берді.



2-жүргізуші: Мәселен,Әнуар Әлімжанов ағамыз «Махамбеттің жебесі»атты тарихи роман жазды.Қалған ғалым зерттеуші буын өкілдері де өздерінің ғылыми зерттеулерін қалын көпшілікке жариялады.



1-жүргізуші: Әрі ақын,әрі батыр Махамбет!

Ұрпаққа ұран есімің ,бұл бүгінде,

Сендей ер жоқ мынау жердің жүзінде.

Ерлігіңді қайталаған Қайраттай

Жас ұрпағың көбейеді түбінде!

Елің үшін самға әнімен ортаға Аружанды шақырамыз!

Тарихты білу –ұрпақ парызы » атты Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына арналған тарихи – танымдық кешімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.04.2024
195
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі